red_hot_chili_peppers_be_admin | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

ШҚО-да шырша кесуге тыйым салынды

Дереккөз: 24.kz

Шығыс Қазақстан облысында осы айдың басынан бастап қылқан жапырақты орманды қорғау шаралары күшейтілді.

Өйткені келе жатқан жаңа жыл мерекесі қарсаңында жасыл желекті отаушылар қатарының артатыны жасырын емес. Шыршаларды табиғат қаскүнемдерінен сақтау үшін орманнан шығатын жолдарға арнайы бекеттер қойылды. Рұқсатсыз орман сұлуын отаған азаматтар әкімшілік жауакершілікке тартылмақ. Олар заңсыз әрекеттері үшін 10 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлеуі мүмкін. Бұнымен қатар келтірілген шығын көлемін де өтейді. Әзірге өңірде браконьерлік іс тіркелген жоқ. Ал мерекелік шаралар үшін белгілі бір шырша мөлшері қарастырылған.

Арман Есентаев, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты қолдануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары:

– 18 желтоқсан күнгі жағдайға 880 шырша берілген, оның ішінде 344 шырша берілді, дайындалды, ол шыршалар мәдени іс-шараларды өткізу үшін мектептерге, балабақшаларға оқыту мекемелерге берілген.

2019 жылғы қарашаның 11-нен бастап 13-не дейінгі мерзім аралығында «Экологиялық кодекс. Құқық қолдану» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарлама

ҚР ЭГТРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2019 жылдың 11-13 желтоқсан  аралығында Нұр-Сұлтан  қаласында «Экологиялық кодекс. Құқық қолдану» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарда келесі мәселелер қарастырылды:

  • Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі. Қалдықтармен жұмыс істеуді құқықтық реттеу.
  • Парниктік газдарды реттеу саласындағы есептілік пен парниктік газдар шығарындыларына қосымша квоталар беру.
  • Қалдықтарды қайта өңдеу технологиялары.
  • Қазақстан Республикасында өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері шеңберінде қайта өңделетін қалдықтар.
  • Қоршаған ортаны қорғау саласындағы тәуекелдерді бағалау жүйесі.
  • Сарқынды сулар. Сарқынды сулардың төгінділеріне қойылатын негізгі талаптар.
  • Профилактикалық бақылау.
  • Мемлекеттік экологиялық бақылау және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптар.
  • Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар және оларға қойылатын талаптар.
  • Қазақстанда табиғатты ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін енгізу.
  • Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінде ақпараттық технологияларды қолдану.
  • Экологиялық ақпарат беру.
  • Өндіріс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрының кіші жүйесін сүйемелдеу.
  • Экологиялық аудит.

Іс-шараға «Timal Consulting Group» ЖШС, «Batys Petroleum» ЖШС,                      «Емир-Ойл» ЖШС, «Ақ жол құрылыс» ЖШС, «Семізбай-U» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС, «Эврика Олеум» ЖШС, «Human Health Institute» ҚБ, «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ ағротехникалық университеті» КЕАҚ, «Эко Қамқор Болашақ» ҚБ өкілдері қатысты.

Семинар барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Экологиялық кодекстің жаңа редакциясының соңғы өзгерістерімен және толықтыруларымен таныстырылды және қоршаған ортаны қорғау саласындағы «ЭкоИнфоПраво» нормативтік-құқықтық актілердің локальды базасымен қамтылды.

Семинар соңында қатысушыларға куәлік берілді.

Тақырыптың өзектілігін және табиғат пайдаланушылар мен басқа да мемлекеттік органдардың үнемі өсіп келе жатқан қызығушылығын ескере отырып, ҚР ЭГТРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК оқыту семинарларын өткізуді жалғастыруды жоспарлауда.

 

 

Біліктілікті арттыру бойынша басқарма

Мағзұм Мырзағалиев Бішкекте Аралды құтқару қорының жұмысын жандандыруды ұсынды

Дереккөз: inform.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Экология геология және табиғи ресурстарды қорғау министрлігі қырғыз əріптестермен су ынтымақтастығы мəселесін талқылап, сондай-ақ Бішкекке ХАҚҚ жұмысын қайта жаңғыртуды ұсынды.

Бұл туралы бүгін министрлік өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жазбадағы мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев дүйсенбі, 16 желтоқсанда Қырғыз Республикасына жұмыс сапарымен барып, оның барысында бірқатар су-энергетикалық саладағы ынтымақтастық мəселесін талқылады.

Министрдің сапары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға жуырдағы мемлекеттік сапарынан кейін өтті. Ол Қазақстан Президентінің Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесуінде көтерілген су саласындағы бірқатар мəселелерді шешу қажеттілігінен туындады.

Бішкекке сапары барысында М. Мырзағалиев Қырғызстан Республикасының бірінші премьер-министрі Кубатбек Бороновпен, Жогорку Кенеш төрағасы Дастанбек Джумабековпен, сондай-ақ Қырғыз Республикасы үкіметі жанындағы мемлекеттік Су ресурстары агенттігінің директоры Кокумбек Таштаналиевпен кездесті.

Келіссөздер барысында Экология министрлігінің басшысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Орталық-Азиялық су-энергетикалық консорциум құру туралы бастамасын бішкектік əріптестердің есіне салып, оған қайта оралуды, бірлесе күш салуды іске асыру мүмкіндігін ұсынды.

Сондай-ақ М. Мырзағалиев Қырғыз Республикасының Халықаралық Аралды құтқару қорындағы (ХАҚҚ) ынтымақтастығын қайта жаңғырту мəселесін көтерді. Бішкек 2015 жылдан бастап, өзінің ХАҚҚ пен оның органдарына қатысуын шектей тұрған болатын.

«Біз тек бірлесе күш салудың арқасында ғана Арал су алабының трансшекаралық өзендерінің су-энергетикалық ресурстарын ортақ пайдалану мəселесі секілді күрделі проблеманы оң шеше алатынымызды жекіздік. Тиімділікті күшейту мақсатында оның қызметін жетілдіру бойынша іс-шаралар белгіленген. Қазақстан қырғы тарапының бұл мəселе жөніндегі ұсыныстарын талқылап, кеңестер беруге дайын»,- деді Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі.

Министр сондай-ақ Шу өзені су алабына қырғыз тарапының су беру кестесі туралы мəселе көтерді.

Оның айтуынша, бұл мəселені шешу мақсатында онлайн-режімде гидрологиялық деректерді алмасу жүйесін енгізу қажет.

«Бұл мəселенің айқын жүргізілуі су шаруашылығы саласындағы өзара сенімді арттырып, ынтымақтастықты күшейтеді», – деді М. Мырзағалиев.

Тараптар сондай-ақ Сырдария өзені су алабының су-энергетикалық ресурстарын пайдалану мен Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы су қатынастарының басқа да мəселелері жөніндегі екіжақты ынтымақтастықты кеңейту ұсыныстарын əзірлеу бойынша жұмыс тобының қызметін талқылады.

Қазақстан тарапынан бұл жұмыс тобын Экология, геология жəне табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Николаевич Громов басқарды.

Экология министрі қырғызстандық əріптестеріне тиісті мемлекеттік органның осы жұмыс тобындағы лауазымды тұлғасын белгілеуді, сондай-ақ таяу уақытта оның бірінші отырысын өткізуді ұсынды.

Кездесуге қатысушылар сондай-ақ Сырдария өзенінің су алабындағы су шаруашылығының жағдайын да қозғады.

Шымкентте қала тазалығына үлес қосқан тұрғындар марапатталды

Дереккөз: inform.kz

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте тазалықты дәріптейтін дәстүрлі «Таза қала» акциясының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімі Ерлан Айтаханов мерекелік шарада қаланың тазалығын сақтауға үлес қосқан тұрғындарға алғысын айта отырып, шаһар тұрғындарын ТМД елдерінің мәдени астанасы атануымен және алдағы келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

Акция аясында «Үздік көше», «Үздік аула» номинациялары бойынша Абай, әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының тұрғындары жүлделі орындарды иеленіп, ынталандыру сыйлығымен марапатталды. Ал Еңбекші ауданы – жылдың үздік ауданы атанды. Сонымен қатар, қала тазалығына белсене атсалысқан құқық қорғау органдарының өкілдері бағалы сыйлықтарға ие болды.

Айта кетейік, үш айға созылған акцияны Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының тапсырысы бойынша қалалық «Азаматтық альянс» қауымдастығы ұйымдастырған.

Алматы зообағындағы Алькор атты ақ аю 30-ға толды

Дереккөз: inform.kz

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Алматы зообағының байырғы тұрғыны, танымал Алькор есімді ақ аю 30 жасқа толды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алькор немесе Коля есімді ақ аю бүгін 30 жасқа толды. Адам өмірімен өлшейтін болсақ, 100-ге келді. Зерттеулерге сәйкес, табиғат аясында ақ аюлар 20 жасқа дейін, ұрғашылары 25-30 жасқа дейін өмір сүреді.

Алькор 1989 жылы Калининград зообағында туған. 1990 жылдан бері Алматы зообағында өмір сүріп келеді.

«Бұған дейін Алькордың ұрғашы «құрбысы» Кристина бар болатын. Бұл жануар да ұзақ өмір сүрді. Екеуінен Умка есімді қонжық бар. Қазір Умка чех зообағында тұрып жатыр»,- дейді Алматы зообағының өкілі Михаил Сорокоумов.

Хайуанаттар бағының бас ветеринар міндетін атқарушы Алина Чимирук ақ аюдың азығы туралы айтты.

«Алькордың жасын ескеріп оған арнайы ас мәзірін дайындаймыз. Көбіне түрлі ботқалар, балық, балық майын береміз. Ол етті өте жақсы көреді. Сонымен қатар, көкөніс пен жеміс-жидек жейді. Үнемі ветеринар дәрігердің бақылауында»,-деді ол.

Алькор туралы ҚазАқпарат бұған дейін де жазған.

Назарбаева: Мәслихаттар мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге белсенді қатысуы тиіс

Дереккөз: inform.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәслихаттар табиғатты қорғауға арналған жергілікті бюджет қаражатының мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылауға алуы тиіс.

Бұл туралы бүгін Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығына арналған республикалық конференцияда ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәслихат депутаттары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары өз аумақтарындағы проблемалардың барлығын да жақсы білетіндігі сөзсіз. Соған сәйкес олар мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге, тірек және спутниктің елді мекендердің тізбесін түзуге барынша белсенді қатысуы тиіс», – деді Сенат спикері.

Осы ретте ол қазіргі уақытта Қазақстан Үкіметі 2025 жылға дейін өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеп жатқанын және оған мәслихат депутаттары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары араласуы тиістігін баса айтты.

«Таяуда, Сенатта біз су мен су үнемдеу, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау және қайта өңдеу проблемалары туралы айттық. Қоршаған ортаның ластануы, су сапасының нашарлығы адамдардың денсаулығына әсер етіп, өмірлерін қысқартады. Экологиямызды, туған жерімізді сауықтыру бойынша жедел нақты шаралар қажет. Олай болмаған жағдайда жеріміз үлкен қоқыс алаңына айналады», – деді Дариға Назарбаева.

Сенат спикерінің дерегінше, кәсіпорындар ағын сулардың шамамен 50 пайыздан астамын тазартпастан ағызып жібереді. Қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыруға арналған 3 500-ден астам полигонның 17 пайызы ғана санитарлық нормаларға сай келеді. 8 608 санкцияланбаған қоқыс алаңы анықталған. 2018 жылы қайта өңделген және жойылған тұрмыстық қалдық үлесі небәрі 11,5 пайызды құраған. Бұған қоса, 30 мрлд тоннадан астам өнеркәсіп қалдығы жиналып қалған. 2018 жылы оның небәрі 32 пайызы ғана өңделген.

«Жергілікті атқарушы органдар бюджетте табиғатты қорғау шараларына арналған қаражаттың жоқтығын айтып шағымданады. Бұл орайда қоршаған ортаны ластау эмиссиясы үшін барлық төлемдер жергілікті бюджетке түскенімен басқа мақсаттарға жұмсалады. Барлық деңгейдегі мәслихаттар табиғатты қорғауға арналған жергілікті бюджет қаражатының мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылауға алуы тиіс», – деді Дариға Нұрсұлтанқызы.

Жоңғар-Алатау ұлттық саябағында ілбіс камераға ілікті

Источник: inform.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында ғалымдар ілбісті (қар барысы) фототұзаққа түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook-тегі парақшасында жазды

«Қазақстанда 130-150-ге жуық ілбіс (қар барысы) мекендейді.Ұлттық парктің мамандары жабайы жануарлардың саны мен қорғалуын бақылауды ескере отырып фототұзақтар орнатуда. Биыл Жоңғар-Алатау ұлттық саябағында ілбіс камера объективіне 5 рет ілікті. Соңғы кадрлар 2019 жылдың қарашасында түсірілген», – деді Сәкен Ділдахмет.

Оның айтуынша, бұл суреттердің бәрі жануарларды сақтауға бағытталған шаралардың нәтижесі.

2019 жылғы қарашаның 27-нен бастап 29-не дейінгі мерзім аралығында «Экологиялық кодекс. Құқық қолдану» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарлама

 

ҚР ЭГТРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2019 жылдың 27-29 қараша аралығында Қызылорда  қаласында «Экологиялық кодекс. Құқық қолдану» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарда келесі мәселелер қарастырылды:

  • Техникалық-экономикалық негіздемеге (ТЭН) және жобалық-сметалық құжаттамаға (ЖСҚ) ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында мемлекеттік экологиялық сараптама және жобалардың экологиялық сараптамасын жүргізу тәртібі.
  • Жобалардың санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық сараптама бөлігінде ұсынылатын құжаттардың жиынтығы мен құрамы.
  • I, II, III және IV санаттағы объектілерге ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу схемасы.
  • I, II, III және IV санаттағы объектілерге ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу мерзімі.
  • II, III және IV санаттағы шаруашылық қызмет объектілерінің құрылыс жобалары бойынша қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру тәртібі, оның ішінде шаруашылық қызметінің I санатты қолданыстағы объектілерінің аумағында жоспарланып отыр.
  • Жобалардың экологиялық сараптамасын жүргізу және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру кезіндегі негізгі ескертпелер.
  • Мемлекеттік экологиялық бақылау және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептілікке қойылатын талаптар.
  • Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының және есеп берудің нысаны.
  • Аналитикалық мемлекеттік экологиялық бақылау саласындағы заңнамалық талаптарды орындау бойынша практикалық ұсыныстар.
  • Автоматтандырылған мониторинг жүйесі.
  • Тұрақты органикалық ластауыштар туралы Стокгольм конвенциясында көзделген ҚР міндеттемелері.

Іс-шараға «Kazpetrol Group (Казпетрол Груп)» ЖШС, «Сыр Табиғаты» ЗТА,            «ҚР БҒМ «Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК, «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС, «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша экология департаменті» РММ өкілдері, сонымен қатар жеке тұлға есебінде Есина Анастасия Сергеевна қатысты.

Семинар барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Экологиялық кодекстің жаңа редакциясының соңғы өзгерістерімен және толықтыруларымен таныстырылды және қоршаған ортаны қорғау саласындағы «ЭкоИнфоПраво» нормативтік-құқықтық актілердің локальды базасымен қамтылды.

Семинар соңында қатысушыларға куәлік берілді.

Тақырыптың өзектілігін және табиғат пайдаланушылар мен басқа да мемлекеттік органдардың үнемі өсіп келе жатқан қызығушылығын ескере отырып, ҚР ЭГТБРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК оқыту семинарларын өткізуді жалғастыруды жоспарлауда.

 

Біліктілікті арттыру бойынша басқарма

 

Ителгі жыл құсы атанды

Дереккөз: inform.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығы (ҚБСҚ) Қазақстанның Құстарды қорғау одағымен бірлесіп 2020 жылдың нышаны болатын құсты таңдап алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қауымдастықтың сайтына сілтеме жасап.

Қауымдастық мүшелерінің дауыс беруіне күшіген, қоқиқаз және ителгі ұсынылды. Ителгі басқа үміткерлерден көп дауысқа ие болды.

Ителгі – жыртқыш сұңқар құстарының тобына жатады. Ол Қазақстанда сілемді таулар мен ормансыз ашық далалардан басқа жердің бәрінде кездеседі. Әсіресе, Маңғыстау мен Үстіртте, Сарыарқаның жатаған таулы өңірлерінде көп ұшырасады. Еліміздің солтүстігінде ұя салады, Алтай, Тянь-Шань тауларының етегінде қыстайды. Ителгінің қатары 90-шы жылдары қатты сиреп кетті. Оны сол кезде браконьер аулап, араб елдеріне сатқан еді. Ол жақта ителгі саятшылыққа пайдаланылады. Қазір сарапшылар елімізде бірнеше жүз ителгі жұбы ұя салады деп санайды.

Ителгіні шетелге шекарада заңсыз асырып алып кетуге тырысқандар жыл сайын тіркеледі. 2015 жылы ҚБСҚ ителгіні заңсыз трафикке тыйым салу үшін белсенді жұмыс жүргізілетін құстар тізіміне қосты. ҚР ҚМ Кинологиялық орталығымен серіктесіп бірнеше иісшіл ит ителгінің иісін тануды үйретілді.

Айта кетерлігі, Жыл құсы әр жыл сайын таңдалады. Еске сала кетсек, 2019 жылдың символы ретінде дауадақ таңдалған.

Шараның мақсаты – табиғатты қорғау және осны насихатту үшін әртүрлі шара ұйымдастыра отырып тұрғындар назарын құстарға аудару.

Нұр-Сұлтанда жасыл жобалар бойынша ғылыми-техникалық кеңестің алғашқы отырысы өтті

Дереккөз: inform.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығы (IGTIC) жасыл жобалар бойынша ғылыми-техникалық кеңестің (ҒТК) алғашқы отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төмен көміртекті экономиканы дамыту жөніндегі ауқымды міндеттерге сүйене отырып, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы «Қалдықтарды басқару», «Тұрақты энергоресурстар», «Орнықты қала (жасыл инфрақұрылым)», «Тұрақты ауыл шаруашылығы», «Экология, қоршаған ортаны қорғау» бағыттары бойынша жұмыс жүргізетін Ғылыми-техникалық кеңес (ҒТК) құрып отыр. ҒТК қолданыстағы технологиялардың қаншалықты тиімді екенін, олардың жергілікті жағдайларға бейімделуін бағалайды.

Осылайша, инвесторлар мен жобаларға өтініш берушілер (бастамашылар) үшін бірыңғай терезе құрылады.

«Бұл тиімді әрі пайдалы алаң болатынына сенгіміз келеді. Іс жүзінде жұмыстың қалай өрбитінін көреміз, себебі ҒТК-да Үкіметке тікелей шыға алатын адамдар бар. Олар арқылы мемлекеттің жоғарғы шенеуніктерімен диалог жүргізуге болады. Демек, олардың мүмкіндіктері бар, сондықтан біз осы адамдар арқылы эфирге шығып, сұрақтар қоя аламыз. Кеңестің екі міндеті болуы керек. Біріншісі – бар проблемаларды анықтау және оларды шешудің жолдарын ұсыну. Екіншісі – ең тиімді жобаларды таңдап, оларды іс жүзіне асыру. Сонда бұл кеңес пайдалы болары анық», – дейді Халықаралық баламалы энергия сарапшысы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Инновациялық паркінің директоры Владимир Ким.

Қазіргі уақытта IGTIC-ға жасыл экономика саласында, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату (ҚТҚ), ЖЭК, геотермалдық және гидроэнергетика, биогаз сияқты 300 жоба қабылданып отыр.

ҒТК-ны құру қажеттілігінің бірі – экология әлі де ғылыми басым бағыттың бірі ретінде ұсынылмаған. Мәселен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің байқауларын талдау нәтижелері бойынша, соңғы 5 жылда ауаның ластануын азайту үшін тек 16 жоба қаржыландырылған.

Тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамына машина жасау саласындағы жетекші ғалымдар, «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен жас мамандар, ірі өндіріс мамандары, «Атамекен» ҰКП бизнес өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, ҚР Парламент Мәжілісі мен Сенатының өкілдері кірді.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика