red_hot_chili_peppers_be_admin | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

2018 жылдың 18-20 шілде аралығында Астана қаласында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері:
«Вагонсервис» АҚ;
«Ертыс Сервис» ЖШС;
«Тасбулат Ойл Корпорэйшн» ЖШС;
«RecyclingCompany» ЖШС;
«Қарағанды Жарық» ЖШС;
«Казпочта» АҚ;
«Медная компания Коунрад» ЖШС;
«Атырауинжстрой» ЖШС;
«Таукент-Энергосервис» ЖШС.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінде ақпараттық технологияларды қолдану;
  • Қалдықтар саласындағы шаруашылық қызмет;
  • Тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс;
  • Экологиялық ақпарат беру;
  • Қазақстандағы ластаушы заттардың шығарылуын және аудару тізілімін енгізу;
  • Қазақстанның ШСЖ парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлу;
  • Парниктік газдар шығарындылары мен шығарындыларын жою саласындағы мемлекеттік реттеу (ҚР Экологиялық кодексі);
  • Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік экологиялық бақылау және есеп беру талаптары.

Дәріс оқығандар:
Сергазина Гульмира Халеловна – АҚ «Жасыл Даму» бас директордың орынбасары;
Досмакова Бизара ЖакиевнаҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының м.а;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Балабаева Алтын Ибрагимовна –  ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚ департаменті директоры;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ бас сарапшысы;
Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры;
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

Бес мемлекеттің басшылары Каспий саммитіне қатысады

20180717133818

Дерекөз: ҚазАқпарат

2018 жылы 12 тамызда Ақтау қаласында Бесінші Каспий саммиті өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған Каспий жағалауы мемлекеттерінің Қазақстан Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы және Түрікменстанның басшылары қатысады.

Саммит барысында тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін, экономика, көлік, қоршаған орта, қауіпсіздік салалары бойынша Каспийдегі ынтымақтастықты және басқа да мәселелерді талқылайды.

Саммиттің негізгі қорытынды құжаты Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция болуы тиіс. Оның жобасы Мәскеуде 2017 жылы 4-5 желтоқсанда Сыртқы істер министрлерінің жиналысы аясында келісілген еді.

Саммит барысында Конвенциядан басқа бірқатар бес жақты үкіметаралық құжаттарға қол қойылуы мүмкін.

Алдағы тәуліктерде Астанада ауа райы қандай болады?

6cda2b0b76edb55a9c67cc082cc648da_l

Дерекөз: www.24.kz

«Қазгидромет» алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің болжауынша, 20 шілдеде Астанада көшпелі бұлт шыққанымен, жауын жаумайды. Оңтүстік-шығыс, шығыстан соғатын желдің екпіні 5-10 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде +17…+19°С, күндіз +30…+32°С.

21 шілде күні де ауа райы құбылмалы болады. Күндіз қысқа мерзімді жауын жауып, найзағай жарқылдауы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с құрамақ. Сынап бағанасы түнде +17…+19°С, күндіз +27…+29°С көрсетеді.

Ал жексенбіде, яғни 22 шілдеде ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 5-10 м/с, кейде 15 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +11…+13°С, күндіз +18…+20°С.

Баспасөз релизі. «Экологиялық мәселе шешудегі азаматтық қоғамның рөлі» тақырыбына сұхбат алаңы

2018 жылдың 17 шілдесінде « ҚР Астана қ. Ұлттық акамедиялық кітапхана», «Экологиялық мәселе шешудегі азаматтық қоғамның рөлі» тақырыбына сұхбат алаңы өтті. 

Қоғамдық даму Министрлігінің Азаматтық қоғам істері Комитетінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Азаматтық қоғам институттарымен диалог ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу» сұхбат алаңы жүргізілді.

Сұхбат алаңы «Бурабай Орхусс орталығы» Қоғамдық қорымен ұйымдастырылды.

Сұхбат алаңының мақсаты – азаматтық қоғамның дамуы, ҮЕҰ-мен өзара қатынасты жақсарту. Сұхбат алаңы барысында үш тақырыптық сессия өткізілді: «Қазақстанның мемлекетаралық бастамасын жүзеге асырудағы азаматтық қоғам»; «Жасыл» технологияларды ілгерілетудегі ҮЕҰ-мен бизнестің өзара әрекеті»; «Экологиялық ақпаратқа қоғамның қол жетімділігі».

Бірінші сессия барысында, жасыл экономикаға көшу бастамасын іске асырудағы азаматтық қоғамның рөлін күшейту бойынша,  Париж келісімінің міндеттемелерін орындау және ҚР Экологиялық кодексінің жаңа редакциясын белсенді талқылау болды.

Екінші сессияда, аудитория мониторинг процесін цифровизациалау және табиғи ресурстарды басқару бойынша, заманауи Финдық технологиялар ерекше назарын аударды (Су, орман, энергетика және т.б.). Қазақстандық кәсіпкерлердің цифровизацияны коммуналдық шаруашылық қызметі және жеке үй салу деңгейіне еңгізу, тұрғындардың өмірлік сапасын әлдеқайда жақсартуға және қамтамасыз ету шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Ақмола технопаркі қызметінің үлгісі кең спекторлы мәселелер бойынша интеллектуалды карта арқылы халықтың ақпаратқа қол жетімділік мүмкіндігін көрсетті. Қатысушылар сондай-ақ жастар мен оқушыларға экологиялық тәрбие берудің және оларды «жасыл» жобаларға тарту өзектілігін атап өтті.

Үшінші сессияда, экологиялық ақпаратқа шешім қабылдау мен әділеттілікке қоғамның қол жетімділігі бойынша Орхус конвенциясының ережесі түсіндірілді. Қазақстанның барлық өңірлерінің 14 Орхус орталықтарының тәжірибелері талқыланды. «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығының», Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорының интернет-порталы бойынша, ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі мен экоинфоправоны қоса алғанда мәліметтер базасы ұсынылды.

Сұхбат алаңының қатысушылары мемлекеттік органдардың өкілдері, ҮЕҰ, бизнес, ғылым, БАҚ өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар болды.

Талқылау қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелеріне сәйкес қолайлы қоршаған ортаға құқығын қамтамасыз ету үшін экологиялық мәселелер шешу бойынша азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара әрекеттесуін күшейту үшін ұсынымдар жобасы қабылданды.

«Бурабай Орхусс орталығы» Қоғамдық қоры

Жасыл экономика. Экотуризм

Источник: www.24.kz

2016 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер 17 жаһандық тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға кірісті. Жалпы күн тәртібі экономикалық, әлеуметтік өсімді жеделдетуді, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жұмыстарды күшейтуді көздейді. Жоспар Қазақстанда да жүзеге асырылып жатыр. Ақылға қонымды тұтыну, климат өзгерісімен күрес, құрлықтағы су ресурстарын және экожүйелерді сақтау сынды төрт экологиялық мәселені шешу үшін мемлекеттік және халықаралық ұйымдар бірігіп осы салада жұмыс істеп жатыр. Экотуризм мен осы жаһандық мақсаттарды насихаттау үшін түрлі сарапшылар Катонқарағай ұлттық паркіне экспедицияға аттанды.

Ақтөбе облысының 7 мыңнан астам тұрғыны 2019 жылы газбен қамтылады

Дерекөз: ҚазАқпарат

20180718082933

Ақтөбе облысында ауылдық елді мекендерді газбен қамтамасыз ету бойынша 19 жоба іске қосылды. Ол үшін бюджеттен 6,4 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің сайтына сілтеме жасап.

2019 жылы жоспарланған 19 жоба аяқталған соң Ақтөбе облысындағы 11 ауылдың 7 мыңнан астам тұрғыны көгілдір отын желісіне қосылады. Бұл халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ауылдардағы шағын және орта бизнестің дамуына ықпалын тигізеді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының басшысы Дастан Амановтың айтуынша, қазіргі уақытта облыс халқының 88% немесе 752 мың адам газбен қамтылған. 2018 жылдың соңына дейін Әйтеке би ауданына қарасты Аралтөбе ауылы мен Хромтау ауданының Жазық ауылын газбен жабдықтау ісі аяқталады.

Елді түгелдей газдандыру ісі 2018 жылдың наурыз айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған бес әлеуметтік бастамасының бірі екені белгелі. Бүгінде республиканың 9 облысына газ тартылған. Олардың басым көпшілігі – оңтүстік және батыс өлкелер. Орталық және солтүстік өңірлер әзірге газбен жабдықталмаған.

Аталмыш мәселені шешу үшін Президент Н. Назарбаев Қараөзек (Қызылорда облысы) – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана бағыты бойынша магистральдік газ құбырын салу туралы ұсыныс білдірді.

Қарағанды зообағы толықтай қайта жасалады

Дерекөз: ҚазАқпарат

Қарағандының жануарлар бағында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Болашақта тәлімбақ аумағында заманауи ғимарат, қаумалдар, қашалар, жасанды шығанақтар мен көлдер пайда болады. Жануарларды ұстау шарттары мен оларды көрсету қағидалары да толығымен өзгеретіні күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қайта құру жобасын «Гражданпроект» институтының қызметкерлері зоолог мамандардың қатысуымен жасады. Зоопарктің аумағында жөндеуге жатпайтын ескі, апаттық ғимараттарға демонтаж жасау басталды. Оның орнына жануарларды қыста ұстайтын жаңа нысан тұрғызылады. Барлығы заманауи, инновациялық талаптарға сай жасалады», – деп атап өтті баспасөз қызметінен.

Жоспар бойынша жаңа ғимарат холының орталығында үш қабаттан тұратын атриум болады. Келушілер бірінші қабаттан қолтырауын мен тасбақаларды көре алады. Екінші қабатта аквариумдардағы балықтар, рептилиялар мен құстар болады. Үшінші қабатта 46 адамға арналған көрме залы мен конференц-зал орналасады.

Құрылыстың мерзімі – 16 ай.

Қарағанды зообағы – Қазақстандағы ең ескі хайуанаттар бағының бірі, мемлекеттік маңызы бар парк. Оның іргесі 1938 жылы қаланған.

Елордалықтар қоқыс жәшіктерінің түсін өздері таңдай алады

Дерекөз: ҚазАқпарат

Елорданың Сарыарқа ауданының әкімдігі қала тұрғындарына қоқыс жәшіктерінің түсін таңдауға қатысты сауалнама жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мамыр айында Қосшығұлұлы 25 мекенжайына контейнерлер алаңының жаңа дизайнын жасап, орнатқан болатынбыз. Оның сырты ағаш түсте қапталып, ақпараттық тақтайша қойылған. Оның түсі мен тиімділігі бойынша тұрғындардың пікірлерін білу мақсатында тестілеуден өткіздік. Жақында тұрғындардың жауаптарын алып, нәтижесінде «ағаш түсі» қалалық форматқа келмейтінін, ашық металдың кіршең болатынын, жалпы аяда оның айқын көрініп тұратынын және «қоқыс жәшіктері» көзге байқалмайтындай болу керектігін білдік. Сонда да менің жеке өзіме осы нұсқа ұнайды», – деп жазды Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек өзінің Фейсбук парақшасында.

Арман Тұрлыбек жақын уақытта аулаларға қойылатын жәшіктердің дизайнын, оның алаңының түсін таңдау, сондай-ақ анықтама тақтайшаларына не жазу керектігін білу үшін тұрғындармен пікір алмасқысы келетіндігін атап өтті.

«Пікірлерге Сізге ұнаған түстің нөмірін белгілеуіңізді немесе өз нұсқаңызды жазуыңызды сұраймыз. Көп дауыс санымен таңдалған нұсқаны дайындауға жібереміз. Сонымен бірге бүгінгі күні біз дәстүрлі контейнерлік алаңдарды ауданның 68 мекенжайына қосымша қойдық. Көктал 1, Агроқалашықтағы алаңдарды жөндеуді аяқтадық. Енді Көктал 2-ге 40 жаңа алаң орнатуға кірісеміз», – дейді ол.

Атырау облысында төрт түліктің жұқпалы ауруларына қарсы міндетті екпе жасалады

Дереккөз: www.24.kz

522d184e2015267aa8378ee6144731cb_l

Ол алдағы ақпан айында басталмақ.

Себебі өткен екі жыл қатарынан мұнайлы өңірде мүйізді ірі қара мен жылқы малында түрлі жұқпалы аурулар шығып, орасан зор шығын келген болатын. Осыған орай бюджеттен қаржы қарастырылып, 1 млн вакцина сатып алынды. Қазір дәрілердің алды келе бастады. Аталған шараны жүзеге асыруға 200-ге тарта маман 70 бригадаға бөлініп, іске асыруға дайын. Екпе ірі шаруашылықтармен қатар жекенің меншігіндегі малға да жасалады.

Мақсот Мұқанов, облыстық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы:

– Малдың төрт түлігіне қолданатын екі түрлі вакцинация бар.Бұл барлық жануардың сібір жарасына байланысты, екінші құтыру ауруына қарсы. Мүйізді ірі қараның 2016 жылы өңірден шыққан нодулярлы дерматит ауруына байланысты. Құс тұмауына байланысты және түйенің оба ауруына қарсы дәрілер келеді.

Алдағы тәуліктерде еліміздің басым бөлігінде күн суытады

Дерекөз: www.24.kz

9be2ca73ae3fbacdf1818061de688df9_l

Алдағы уақытта еліміздің көп бөлігінде күн суытады. Оған Скандинавия түбегінде пайда болған антициклон себеп.

Жалпы алдағы үш тәулікте еліміздің біраз өңірінде қар жауып, қатты жел тұрады. Солтүстік, Орталық және Шығыс облыстарда бұрқасын болуы мүмкін. Ал «еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймағында көктайғақ болады» деп ескертеді синоптиктер.

Гүлдәурен Есбосынова, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:

– Астана қаласы бойынша 11 қантарда қар жауатын болады. Бұлтты. Ауа температурасы 6,8 градус аяз және одан ары төмендеуі күтілуде. 12 қаңтарда ауа температурасы бізде минус 11,13 градус. Күндіз де, түнде де аяз күтілуде. 13 қаңтарда минус 18, 20 түнде де, күндіз де күтіліп, секундына 15-20 метрге желдің күшеюі күтілуде.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика