red_hot_chili_peppers_be_admin | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Теміртауда жауған қар қара түске боялды

Дереккөз: www.24.kz

4a7e0c1941a3486675cbb357f32ba626_l

Теміртауды қара қар басты. Оның нақты себебін әзірге ешкім айта алмай отыр. Тұрғындардың талабынан соң қала әкімі тексеріс жүргізуді сұрап, экология департаментіне хат жолдаған. Бірақ әлі жауап келмепті.

Қаланың байырғы тұрғыны Серік Теміров бұл көріністің жылда қайталанатынын айтады.

«Бірақ биылғы жағдай тіптен ушығып тұр», – дейді ол. Соңғы күндері әппақ қардың беті қара күйеге айналған.

Серік Теміров, Теміртау қаласының тұрғыны:

– Кейінгі күндері көбейіп кетті бұл жағдай. Қазір бүкіл қала тұрғынын осы мәселе алаңдатып отыр. Қазір мына алаңға балаларды шығарып ойнатудың өзі қиын. Себебі үйге балалар кіргенде үсті-басы лас болып кіреді. Бұл мен ойлаймын қазір күн суық, қыс, аяз, онша білінбей тұр. Ертең жазда ерігенде шаң болып көтеріледі. Бұның зияны сол кезде екі есе көп болады деп ойлаймын.

Денсаулығына алаңдаған тұрғындар дабыл қағып, жергілікті әкімге хат жазған. Ал қала билігі болса, экология департаментінен жоспардан тыс тексеріс жүргізуді сұрап отыр. Бірақ әзірге ешқандай жауап жоқ. Сондықтан оның себебін дөп басып айту әзірге мүмкін емес. Шенділер осылай дейді.

Владислав Цай, Теміртау қаласы әкімінің орынбасары:

– Қара күйенің қайдан пайда болғанын сараптама қорытындысынан кейін ғана айта аламыз. Соңғы екі апта бойы жел терісінен соғып тұр. Бәлкім содан болар. Құбырдан шыққан түтін қалаға келіп жатыр. Себебі комбинат жақтағы қаланың батыс аудандарында қар мүлдем қап-қара.

Әкім орынбасарының айтуынша, өндіріс ошақтары экология талаптарын үнемі сақтай бермейді екен. Тек өткен жылдың маусым айында ғана комбинат қожайындары қоршаған ортаны ластағаны үшін қомақты айыппұл төлеген.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Василий Савкин, Әсет Асайынов

Ақмола облысында жылу үнемдеуге мүмкіндік беретін жоба жүзеге асырылуда

Дереккөз: www.24.kz

6217cdc99a0b04fef69977ddb531d6b1_l

Бурабай ауданындағы бірнеше жылу қазандығына алдағы кезде отынды 30 пайызға үнемдеуге мүмкіндік беретін жаңа жүйе орнатылуы мүмкін.

Мұндай тың жобаны астаналық ғалым Владимир Ким ойлап тапқан. Алғашқы қондырғы Щучинск қаласындағы №3 қазандыққа қойылыпты. Нәтижесі жаман емес. Су-мазут эмульсиясымен жұмыс істейтін жүйе бір айдан астам уақыттың ішінде өзінің тиімділігін дәлелдеген.

Жаңа жүйенің жаңа отыны, ол – су-мазут эмульсиясы. Жанғанда, ешқандай түтін шықпайды. Осылайша қоршаған ортаны да ластамайды. Атмосфераға таралатын зиянды заттар жоқтың қасы. Әрі мұржалар да бітелмей, таза болып тұрады. «Енді жылда жағатын 18 мың тонна мазуттың көлемі 14-15 мың тоннаға дейін азаяды», – деп отыр коммуналдық мекеме.

Қазақстан Ыдырысов, коммуналдық мекеме директоры:

– Мазутты алыстан алып жатырмыз. 18 мың тоннадай мазут Атыраудан келеді. Соны түсіріп, 90 градусқа дейін қыздырамыз. Көбіне ол қатып, сапасы нашар болады. Осы жүйені қосқаннан кейін жағуы да сапасы да жақсарды. Сосын жылуды да молынан береді. Ауаға зияны жоқ.

Жаңа жүйені ойлап тауып, оны қолданысқа шығаруға басында 20 млн теңгеге жуық қаражат жұмсалыпты. Өнертапқыш ғалымды инвесторлар да қолдап отыр. Қандай да бір елді мекендегі атқарушы билік өкілдері осы жүйені орнатуға келісім берсе болғаны. Жаңа қондырғыны қойып беруге қаржыны қалталы азаматтар құймақшы.

Владимир Ким, жоба авторы:

– Егер біз су-мазут эмульсиясын жағып, осы арқылы мазут үнемдесек, үнемделген отынның әр тоннасы ауаға 3 тоннаға жуық парник газдарын тарататын еді. Яғни экологиялық тиімділігі өте зор. Бұл жүйеге бюджет немесе жеке тапсырыс берушілер шығын шығармайды. Барлығын инвесторлар көтеруге әзір.

Игорь Ляшенко, инвестициялық компанияның басшысы:

– Біздің нысан көптеген қаржы институтымен іскерлік байланыста. Сондықтан біз Қазақстандағы осындай жобаларға 2 млрд доллар шамасында қаражат дайындап отырмыз. Ал инвесторлар өздерінің құйған қаржысын үнемделген отынның есебінен алып отырады.

Енді ғалым осы жобасын жер-жерде таныстырып жүр. Айтуынша, жаңа жүйеге қызығушылық танытып жатқандар көп. Бурабай ауданынан кейін Қарағанды және Көкшетау қалаларының қазандықтарына да осындай үнемді қондырғы орнатылуы мүмкін.

Авторлары: Д.Берікұлы, А.Полянный

Жаңа жыл қарсаңында елорданың жасыл белдеуінен ешбір ағаштың кесілуіне жол берілмеді

Дереккөз: www.24.kz

a6dc54ec36eab535830fe61a5583896e_l

Жаңа жыл қарсаңында елорданың жасыл белдеуінен бір де бір қылқан жапырақты ағаш кесілмеген. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы хабарлап отыр.

Бұл мақсатта 4 тұрақты және 2 жылжымалы күзет бекеті желтоқсан айынан бастап, үздіксіз жұмыс істеген. Жалпы бүгінде қалада заңсыз ағаш кесу деректері едәуір азайған.

Орманшылардың айтуынша, мұндай олқылық соңғы рет 2015 жылы тіркеліп, табиғатқа залал келтіргендер бірден қамалыпты.

Еске салайық, Астана қаласының жасыл белдеуін кұру Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен 1997 жылы қолға алынды.

Жасыл экономика. Инновация және қаржы

Дереккөз: www.24.kz

Бүгін өзекті болып отырған тақырып инновация және қаржы. Жасыл ғылыми жобаларды қалай коммерцияландыруға болады? Бағдарламамыздың бүгінгі санында жауап беруге тырысамыз.

Семейдің бұрынғы ядролық полигоны аумағында жабайы жануарлар көбейіп келеді

Дереккөз: www.24.kz

10ef051362f987c4ecf3f5e5e36845c9_l

Семейдің бұрынғы ядролық сынақ алаңы аумағында жануарлар көбейіп келеді.

Бұған дейін Дегелең тауында 60 жыл бұрын жоғалып кеткен арқарлардың пайда болғаны жөнінде хабарлағанбыз. Енді міне киіктер мен еліктер де еркін жайылып жүр. Бұл туралы Ұлттық ядролық орталық мамандары мәлімдеп отыр. Жануарларды полигон аумағына орнатылған «фототұзақ» түсіріп алған. Олардың нақты саны әзірге белгісіз.

Сергей Лукашенко, ҚР ҰЯО радиациялық қауіпсіздік және экология институтының жетекшісі: 

– Біз бұрынғы полигон аумағында түлкі, борсық, бұғы сияқты аңдарды жиі көріп тұрамыз. Арқарлар негізінен тауда жайылса, қалғандары кең даланы кезіп жүре береді. Қалай болғанда да кешегі жойқын жарылыстар мекеніне жануарлар келіп жатқаны – жақсылықтың нышаны.

Атырау облысында арпа дәнінен мал азығын дайындайтын кешен іске қосылды

Дереккөз: www.24.kz

cbd560ede41245bd536b413d100370b5_l

Атырау облысында тәулігіне 10 тонна құнарлы көк балауса өсіретін гидропоникалық кешен іске қосылды.

Арпа дәнінен мал азығын дайындайтын кешен испандық технологияның көмегімен күніне 720 бас ірі қараға азық дайындай алады.

Экологиялық тұрғыдан таза өнімнің арқасында шаруашылық сүттің шығымдылығын 28 пайызға дейін арттырады. Мұнайлы өңірдің сүт өнімдеріне деген сұранысын толық қанағаттандырып отырған тауарлы-сүт фермасы еуропалық технологияны шаруашылыққа енгізген болатын. Қазір игілігін көріп отыр. «Мал азығының 70 пайызын сырттан тасымалдайтын мұнайлы өңір үшін жаңа кешеннің пайдасы мол», – дейді мамандар.

Есболат Есқариев, шаруашылық жетекшісі:

– Шығыны өте аз. Мұның азықтық құнары жоғары, сосын аз кісі жұмыс жасайды. Біздің Атырау облысына өте керек зат. Егілу технологиясы  бір күн суға саламыз. Екінші күні бөрткенін күтеміз де, үшінші күннен бастап егеміз. 6 күнде өсіп шығады. Бір тақтаның салмағы – 14 келі.  Сол 14 келінің әр сауын сиырға бір-бірден беріп отырамыз.

2017 жылдың 7-9 маусым аралығында «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару» тақырыбына өткізілген семинар туралы баспасөз хабарламасы

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылдың 07-09 маусым мерзімі аралығында Астана қаласында «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару» тақырыбына қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін оқыту семинарын өткізді.

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Монтажарнаулықұрылыс» компаниясы» АҚ, «Торғай-Петролеум» АҚ,  «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша экология департаменті» РММ, «Экосфера» ҮЕҰ мекемесі,  «Павлодар облысының Қазақстан жастарының конгресі» ҚҚ, «Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті» ШЖҚ РМК, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, «Катко» БК» ЖШС, «Тұлпар-Тальго» ЖШС, «Kazakhmys Smelting (Казахмыс Смэлтинг)» ЖШС, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС.

 Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • ҚОӘБ және жобалық құжат құрамындағы қалдықтарды басқару бағдарламасы жобаларын әзірлеу;
  • Қалдықтарды басқару бойынша өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы;
  • Қауіпті қалдықтар бойынша сақтандыру;
  • Қалдықтарды орналастыру бөлігінде эмиссияларға рұқсат алу қажеттілігі;
  • Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі негізгі экологиялық талаптар;
  • Қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясат және т.б.

Дәріс оқығандар:

Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті  директорының орынбасары;

Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Журынова Сауле КонысхановнаҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД директоры;

Абилова Ляйа Толегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы маманы.

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді

Жасыл экономика. Технологиялық инкубаторлар

Дереккөз: www.24.kz

Технологиялық инкубаторлар дегеніміз не? Олардың акселераттан айырмашылығы қандай? Бизнес періште  деген ұғымды қалай түсінесіз? Олардың жасыл экономикаға қатысы ше? АҚШ пен Казақстанның технологиялық инкубаторлары ұқсас па?

2017 жылдың 24-26 мамыр аралығында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына өткізілген семинар туралы баспасөз хабарламасы

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылдың 24-26 мамыр аралығында Астана қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін оқыту семинарын өткізді.

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Алматы электр станциялары» АҚ, «АВ Petroleum Capital» ЖШС, «Nova Цинк» ЖШС, «Институт Карагандинский Промстройпроект» ЖШС, «Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті» ШЖҚ РМК, «Экосфера» ҮЕҰ мекемесі.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • ҚОӘБ. ҚОӘБ ұйымдастыру және өткізу рәсімі;
  • Мемлекеттік экологиялық сараптама. Экологиялық сараптама саласындағы экологиялық заңнамадағы жаңашылдық;
  • Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу саласындағы даму перспективасы;
  • Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптарды сақтау;
  • Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензиялау және т.б.

Дәріс оқығандар:

Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті  директорының орынбасары;

Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Журынова Сауле КонысхановнаҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД директоры;

Абилова Ляйа Толегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы маманы;

Асербаева Гаухар Ризабековна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы.

Семинар соңында куәліктер табыс етілді.

Астанада өтетін EXPO көрмесіне Израильдің 15 компаниясы қатысады

Дереккөз: www.24.kz

cf43aa6c6dc60a3d9f547a567d9aeab9_l

«Астана ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне Израильден 15 компания қатысады.

Бәрі де жаңартылатын энергия көздерін пайдаланумен айналысады. Бұл туралы «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі Израиль секциясының комиссары Элазар Коэн мәлімдеді. Бұл елде 200 компания жасыл технологияны дамытумен шұғылданатын болса, оның үштен бірі – стартап жобалар. Көрмеге келіп өз өнімдерін көрсететін компанияның бірі күн батареясынан алынатын электр тогын өңдегіш құрал жасайды. Бұл қондырғы жер үйлер мен шағын мекемелерге арналған.

Элазар Коэн, «ЭКСПО-2017» көрмесінің израильдік секциясының комиссары:

– Осыдан бірнеше жыл бұрын біз энергетикаға мұқтаж елдердің қатарында болатынбыз. IT-технологиялар мен стартап жобалардың арқасында қазір баламалы қуат көздерін пайдалануда алдыңғы қатардамыз. «ЭКСПО-2017» көрмесі әлем алдында осы уақытқа дейін баламалы энергетиканы пайдалану саласында қол жеткізген жетістіктерімізді көрсету алаңына айналады. Қазақстаннан да әріптестер тауып, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жұмыстарын бірлесе жүргізсек деген ойдамын.

Ал Димона қаласындағы бұл компания шөл даладағы өндіріс орнын күн қуатымен қамтамасыз етіп отыр. Олар күн энергиясы арқылы және қоқыс қалдықтарын жағып, суды қыздыру жолымен электр қуатын жинақтайды. Бұл тәсіл электр жарығы, ыстық және суық суға үздіксіз қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жинақтағышта өндірілген электр қуатын ұзақ мерзім сақтауға болады. Ірі өндіріс ошақтарын жарықпен қамтитын бұл компаниялар «ЭКСПО» барысында қазақстандық кәсіпорындармен әріптестік орнатуды көздейді. Енді бір айдан кейін басталатын ұлық шарада осындай жаңа технологиялар таныстырылады.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика