red_hot_chili_peppers_be_admin | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

EXPO көрмесі аясында ШЫҰ күні өтеді

Дереккөз: www.24.kz

0caadd11edc111addeee789d7a6c5013_l

Шанхай ынтымақтастық ұйымының алдағы саммиті – тарихи сәт болмақ. Бұл туралы аталмыш ұйымның бас хатшысы Рашид Әлімов «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесуінде айтты.

Тараптар маусым айында елордада ашылатын Халықаралық мамандандырылған көрменің дайындығын талқылады. Көрме шеңберінде өткізілетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің саммитін де сөз етті. Астанаға келген мейман көрме кезінде ұйымға арнайы павильон ұсынылып, онда экологиялық бағдарламаны таныстыруға мүмкіндік жасалғаны үшін Ахметжан Есімовке алғысын білдірді. Еске сала кетейік, EXPO көрмесі аясында 27 тамызда Шанхай ынтымақтастық ұйымының күні өтеді.

Рашид Алимов, ШЫҰ Бас хатшысы:

– EXPO көрмесі тек ғылым мен техника жетістіктерімен шектелмейді. Көрменің көздегені адамзаттың болашақта қандай экологиялық ортада өмір сүретіндігін көрсету. Сондықтан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер үшін EXPO көрмесінде өз павильоны болғаны аса маңызды. Әлбетте осы мақсатта ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атқарып жатқан еңбегі ерен. Әсіресе Астанада өтетін EXPO-2017 көрмесі арқылы Шанхай ынтымақтастық ұйымының беделі асқақтай түсетіні сөзсіз.

Бурабай ЮНЕСКО геопарктерінің тізіміне енуі мүмкін

Дереккөз: www.24.kz

671946bb32dd20559509f9454bc09758_l

«Щучье-Бурабай курортты аймағы ЮНЕСКО-ның ғаламдық геопарктер тізіміне енуі мүмкін.

Бұл әлем халқын Бурабайдың көркем табиғатына назар аудартып қана қоймай, киелі өлке жайлы шетелдіктердің көп мағлұмат алуына жағдай жасайды»,- дейді мамандар.

Мәселен, қазір ғаламтордан Бурабай жайлы ақпарат табу қиынға соғады екен. Ал курортты аймақ ЮНЕСКО-ның геопарктер тізіміне енсе, халықаралық ұйым аңыз өлке жайлы мәліметтерді жинақтап, оның қолжетімді болуын қамтамасыз етпек. Одан бөлек бұл мұндағы туризмді де дамытуға сеп болады.

Бурабайға келген ЮНЕСКО-ның өкілдері, ғаламдық геопарктер тізіміне қалай енуге болатынын түсіндірді. Ол үшін Қазақстан тарапы биыл қазан айында ұйымның Франциядағы бас штаб-пәтеріне өтініш хат жолдауы қажет. Ол өтініштің өзі 3 айдай қаралады.  Қазір аталған ұйымның қарамағында 119 геопарк бар. Олар әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан.

Патрик Маккивер, ЮНЕСКО-ның халықаралық геопарктер бағдарламасының директоры:

– Мен Бурабайға бүгін келе сіздердің өте қонақжай екендеріңізге көзім жетіп, соған тәнті болдым. Бұл әлбетте туризмді дамытудың бірден-бір маңызды тетігі. Мұндай қошемет пен құрметті көрген турист келесі жолы осы өлкеге тағы келері анық. Менің мұнда келгендегі мақсат-міндетім – бүгінгі талқыланған мәселелерді басшылыққа жеткізу. Әрі осы жақтағы мамандарға кеңес беру.

Шынарбек Батырханов, облыстық туризм басқармасының жетекшісі:

– ТМД кеңістігінде, Қазақстанда бірінші рет мынау Орталық Азия елдерін қарайтын болсақ, біздің Қазақстанға ЮНЕСКО көңіл бөліп отыр. Бұл беріліп отырған үлкен статус. Біздің табиғатымыз үлкен халықаралық деңгейде қорғау мәселесіне кіріп жатыр.

2017 жылдың 29-31 наурыз аралығында «Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау» тақырыбына өткізілген семинар туралы баспасөз хабарламасы

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылдың 29-31 наурыз аралығында Астана қаласында «Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау» тақырыбына қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін оқыту семинарын өткізді.

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері:

– ҚР ЭМ «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК «Байкал» филиалы;

– ҚР ЭМ «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты»  филиалы;

– «Сагиз Интер 1937» ЖШС;

– «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғам;

– «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ.

Семинарда мына мәселелер қарастырылды:

  • Инспекторлық тексеруді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі;
  • Мемлекеттік экологиялық бақылау, шаруашылық және өзге қызметтерді жүзеге асырудағы экологиялық талаптар;
  • Экологиялық реттеу салаларындағы экологиялық заңнамаларды іске асырудағы соңғы өзгертулер мен келешегі;
  • Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік  және т.б.

Дәріс оқығандар:

Тастамбекова Зинагул СагидулловнаҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Абилова Ляйа Толегеновна ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы маманы;

Асербаева Гаухар Ризабековна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы маманы.

Семинар соңында білімді бағалауды өткізгеннен кейін куәліктер табыс етілді.

 

Алматыда «Қоршаған орта және денсаулық» атты аймақтық кездесу басталды

Дереккөз: www.24.kz

c944ae28ffbad536edf04c349cee4509_l

Орталық Азия елдері денсаулық сақтау және экология саласындағы түйіткілді мәселелерді бірлесе шешпек.

Осыған орай Алматыда «Қоршаған орта және денсаулық» атты аймақтық кездесу басталды. Жиынға дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері, Орталық Азия елдеріндегі экология саласының мамандары және отандық ғалымдар қатысып жатыр.

Сарапшылардың мәліметінше, Орталық Азиядағы экологияға табиғи ресурстардың сарқылуы, зиянды заттардың көбеюі және ауызсу сапасының төмендігі әсер етуде. Еліміздегі экологиялық жағдайды бақылау үшін арнайы атлас жасалған. Нәтижесінде, қазақ жерінің 70 пайызы жарамсыз екені анықталды. Ендігі мәселе – құнары азайып бара жатқан жерлерді қайта қалпына келтіру. «Экологиясы нашар аймақтардағы тұрғындардың денсаулығына көңіл аудару керек», – дейді сарапшылар.

Құралай Кәрібаева, Экология және орнықты даму институтының директоры:

– Жерді тозудың 70 пайызға жеткеніне экологиялық атлас жасады. Соның бүгінгі күні қай сатыда екеніне ауыл шаруашылығы үкіметтен қаржы бөліп, биылдан бастап осы Қазақстанның бүкіл жер ресурсын қайтадан картаға түсірейін деп жатыр.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері экономикасы дамыған Еуропа елдерінің өзінде ауызсудың нашарлығынан және қоршаған ортаның ластануынан жыл сайын 600 мың адам көз жұмады дейді. Сондықтан көптеген ел баламалы энергияны қолға алып жатыр.

Элизабет Паунович, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының өкілі:

– Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бүгінгі күні 1,4 млн ауру қоршаған ортаның ластануынан туындап отыр. Мұнымен қоса ауызсу мәселесі де көптеген елде шешілмей отыр.

Ғалымдар бас қосқан жиында қоршаған ортаны қорғау арқылы адамдардың өмір сүру көрсеткішін арттыру жолдары талқыланбақ.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Сержан Жұмабаев

EXPO халықаралық көрмесіне өтініш қабылдау аяқталды

Дереккөз: www.24.kz

448e6d9073dd38e0c1b038a8d9e2cd9d_l

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне өтініш қабылдау аяқталды.

Бүгінге дейін 115 мемлекет пен 20 халықаралық ұйым қатысатынын ресми түрде растады. Бұл туралы «ЭКСПО» көрмесінің халықаралық қатысушылармен жұмыс департаменті директоры Илья Оразақов мәлімдеді. Оның айтуынша, көпшілігі қазірден павильонға заттарын қойып жатыр.

Айта кетейік, халықаралық көрменің басталуына 73 күн қалды.

Илья Оразақов, «ЭКСПО-2017» ҰК Халықаралық қатысушыларымен жұмыс департаментінің директоры:

– Қытай күннен қуат алуға қатысты қызықты жобаларын ұсынбақ. Оған қоса Жапония адамнан жылу алу жұмысын таныстыратын болады. Израиль өз кезегінде жерден қуат алу жобасын қатысушыларға көрсетеді. Осы секілді қызықты жобалар көп.

Жасыл экономика. Жастардың «жасыл» технологиялары

Дереккөз: www.24.kz

Бүгінгі жастардың инновацияға қызығушылығы мықты. Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары бір-бірінен асып түсетін идеяларды жүзеге асыруға тырысып жатады. Қазіргі балаларға қарап елімізде «жасыл» экономиканың негізін құрайтын ұрпақтың өсіп келе жатқанын байқауға болады. Олар «жасыл» жобалардың өз құнын ұзақ мерзімге ақтайтынын да біледі.

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылдың 15-17 наурыз аралығында Атырау қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін оқыту семинарын өткізді.

Семинарда табиғатты пайдаланушы кәсіпорындардың 17 маманы оқытылды.

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Консолидейтед Контрактинг Инжиниринг & Прокьюрмент  С.А.Л. – Офшор» компаниясының филиалы; «ДорВестСтрой» ЖШС; «Светланд Ойл» ЖШС; «Атырау жылу электр орталығы» АҚ; «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ; «ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС; Атырауский филиал ТОО «СИНОПЭК Қазақстан Халықаралық Мұнай Сервис Компаниясы»; ЖШС Атырау филиалы; «Промэкология» ЖШС; «Теңізшевройл» ЖШС.

Дәріс оқығандар:

Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Булатова Зарина Исмагуловна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД БАҚБ басшысы.

Семинар соңында білімді бағалауды өткізгеннен кейін куәліктер табыс етілді.

Жаңару күні мерекесінде Оралда жүздеген көшет отырғызылды

Дереккөз: www.24.kz

69405663d274b25274b4185f7f2994e7_l

Оралда Жаңару күні мерекесінде жүздеген тал-терек отырғызылды.

Бұл іске билік өкілдері мен белсенді жастар бірдей атсалысып, шаһардың бірнеше ықшамауданында 300-дей терек егілді.

Қарағай мен шырша және қайың ағашының көшеттерін сатып алуға жергілікті бюджеттен 2 миллион теңге қаржы бөлінген. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Ал егілген көшеттерді күтіп ұстау – тұрғындардың міндеті. Сарапшылардың пікірінше, Орал ең жасыл әрі таза қалалардың санатында. «Біз оны мақтан тұтамыз әрі өзіміз де бұл іске өз үлесімізді қоса береміз», – дейді белсенді жастар.

Әлфия Жақсығалиева, М.Өтемісов атындағы БҚМУ тәрбие бөлімінің жетекшісі:

– Тек қана көшет егу емес, сонымен қатар ұрпақтар сабақтастығын көрсететін ардагерлер қауымы, қазіргі таңдағы еңбек демалысындағылар ұрпаққа өзінің тәрбиесін беру арқылы бірге жастармен осындай үлкен акцияны ұйымдастырып жатыр. Бұл акция жалғасын таба бермек.

Жасыл экономика. ҚазАТУ: Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы

Дереккөз: www.24.kz

Тамақ өндірісін экологиялық таза ету жасыл экономикаға көшу жолындағы маңызды қадам. Тұтынушыларға табиғи сапалы өнімді жеткізу үшін «Қазақстанда жасалған» брендін әлемге танымал ету қажет. Бұл бағытта біраз жұмыстар да атқарылып жатыр. Соның бірі жоғарғы оқу орындарының магистранттарына жасалған мүмкіндік. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің жанынан Тәжірибелік азық-түлік зертханасы ашылды. Онда заманауи технологиямен жасалған экологиялық таза отандық жартылай фабрикаттар дайындалады.

Финляндия ЕХРО-2017 көрмесіне дайындық жүргізіп жатыр

Дереккөз: www.24.kz

996feab4f490601ef342f83d03ab03a0_l

Финляндия Астанада өтетін ЕХРО көрмесіне ерекше дайындалып жатыр.

Өйткені бұл ел инновациялық жетістіктер бойынша әлемде үшінші тұр. Сондықтан «ақылды» технология бағытында көпшілікті таңдандыруға барын салмақ. Бұған қоса биыл Финляндияның Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 25 жыл толды.

Астана өтетін ЕХРО көрмесі финляндиялық өнертапқыштар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ. Өйткені, осы елдің 50-ден астам компаниясының «жасыл» технологиялары 400 шаршы метрлік павильонға орналасады.

Паула Лехтомяки, Финляндияның мемлекеттік хатшысы:

– Бұл шараның біз үшін маңызы зор. Өйткені, «жасыл» энергетика саласында үлкен жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Енді оны бүкіл әлемге паш етіп, тәжірибемізбен бөліссек дейміз.

Расымен де, Финляндияда жасыл технология бағытында ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер көп. Мәселен, елдегі қоқыстың 90%-ы қайта өңделеді. Сонымен қатар, бензин орнына биоотын, ал көмір орнына биомасса қолданылады. Баламалы қуат көздерінен алынған энергия жалпы қажеттіліктің 38%-ын жабады. Жоспар бойынша бұндай көрсеткішке Еуроодақ елдері 2030 жылға қарай жетуі керек. Ал, Финляндия ол межені қазірден-ақ бағындырып тастады.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

– Финляндия елінің суды тазалау технологиясы ерекше. Біз оны өзіміздің мемлекетте қолдануға тырысамыз. Бұған қоса, энергетика, логистика, IT технология саласындағы озық жобалармен тәжірибе алмасу көзделіп отыр.

Аталған технологияларды көретін күн алыс емес. Экспо қарсаңында Астана-Хельсинки арасында әуе рейсін ашу жоспарланып отыр. Билет құны 350 еуро тұратын болады.

Авторлары: Аслан Қаженов, Наталья Воробьёва, Омирбек Изимов

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика