Дереккөз: www.24.kz
Қазақстанда жылына 5-6 млн тонна қатты тұрмыстық қалдық жиналады. Оның тек 1,8 пайызы өңделеді екен. 2030 жылға қарай өңделетін қоқыс үлесі 40 пайыздан кем болмауы керек. Негізі бұл сала ауқымды инвестициялар мен заманауи технологияларды қажет етеді. Елімізде бүгінде бұл салада қандай жобалар мен шаралар атқарылып жатыр? Толығырақ осы шығарылымда.
Дереккөз: energo.gov.kz
Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» елдер рейтингісінде «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторы бойынша бірден Қазақстан 27 сатыға секіріс жасады және ТМД-да ең үздіктердің бірі болды.
Дүниежүзілік Банктің Doing Business – 2017 жарияланған рейтингісінде Қазақстан өткен жылғы 41-ші орыннан көтеріліп, әлемнің 190 елінің арасынан 35-ші орын алды. Бұл туралы ақпарат Дүниежүзілік Банктің ресми сайтында орналастырылды. Бұдан басқа, Қазақстан саны ең көп реформаларды жүзеге асырған елдердің қатарына енді.
Дүниежүзілік Банктің баяндамасында елдердің рейтингі ұлттық компаниялар үшін кәсіпкерлік қызметті нормативтік құқықтық реттеудің маңызды аспектісі бойынша жүргізіледі. Doing Business елдер рейтингісін қалыптастыруда негізге 10 индикатор алынған.
Индикаторларының бірі «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» болып табылады, осы индикатор бойынша Қазақстан өткен жылғы 102-ші орыннан осы жылы рейтингте 75-ші орынға секіріс жасады, яғни бірден 27 сатыға көтерілді. Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан Әзірбайжан – 105-ші орын, Қырғызстан – 163-ші орын, Украина – 130-шы орын сияқты ТМД елдерін басып озды. Ресей мен Белорусь бұл рейтингте тиісінше 30-шы және 24-ші орын алды.
Баяндамада 2015 жылғы 2 маусымнан бастап 2016 жылғы 1 маусымға дейінгі кезеңде жүргізілген реформалар есепке алынған. Осы уақыт аралығында электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу бойынша Қазақстандық бизнес үшін жағдайды жақсартатын маңызды реформаларды жүзеге асырды. Осы кезеңде Қазақстанның заңдарына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар күшіне енді. Атап айтқанда, белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғылары бар тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды беру мерзімі 14 күннен 5 күнге дейін қысқартылды. Энергия беруші ұйымдармен тұтынушылардың жобалық шешімдерін келісу мерзімі 20 күннен 3 күнге дейін азайтылды. Құрылыс-монтаж жұмыстарына рұқсат алу қажеттігі алынып тасталды. Енді жобалаушыға мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармасына жұмыстың басталуы туралы хабарламаны электрондық түрде жіберу жеткілікті. бұдан басқа, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органынан электр желілеріне қосылуға рұқсат алудың қажеттілігі жойылды. Электрмен жабдықтаушы ұйыммен электр жабдықтауға шарт жасасудың бір апталық мерзімі үш күнге дейін қысқартылды.
Электрмен жабдықтаудың сенімділік көрсеткішінің бекітілген мәнін сақтамағаны үшін энергия беруші ұйымдардың басшыларына әкімшілік айыппұлды енгізу де тағы бір жаңалық болды. Doing Business халықаралық рейтингісінде Қазақстан Ресей, Бельгия, Италия, Грекия және Люксембург сияқты мемлекеттердің алдына шығып, Жапония мен Румынияның арасына орналасты. Жаңа Зеландия осы жылы бизнесті жүргізу үшін ең қолайлы шарттары бар ел болды, екінші орынды Сингапур алды, Дания үшінші орынды сақтап қалды.
Дереккөз: www.24.kz
2020 жылға дейін су ресурстарын тиімді пайдаланып, инфрақұрылымдарды жаңартудың арқасында оған деген тапшылықты төмендету көзделген. Еуропалық экономикалық комиссияның трансшекаралық су ресурстары бойынша жасалған арнайы конвенциясы бар. Онда суды басқару мен көлемін бақылау бойынша Орта Азия мемлекеттері үшін нақты шешімдер көрсетілген. Халықаралық құжат Қазақстанның да көршілермен су ресурстарын басқаруда орын алған мәселелерін шешуге ықпал етуі тиіс. Қазіргі таңда елімізде 8 өзен байссені бар. Олардың ішінде Ертіс, Балқаш-Алакөл, Арал-Сырдария, Жайық-Каспий бассейндері ең ірілері болып саналады. Ол су ресурстарының 90 пайызын құрайды. Қазақстан 2000-2014 жылдар аралығында осы бағытта өзге елдермен келісім жасасты. Қазір Қытаймен су ресурстарын басқару бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.
Дереккөз:lenta.inform.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Алдағы жеті жылда Қазақстанда атом электр стансасының құрылысы қарастырылып отырған жоқ. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісіндегі жалпы отырыстан кейін ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өздеріңіз білесіздер, бүгінде Қазақстанда электр энергиясының профициті қалыптасып отыр. Осы ретте жазда 5 мың мегават, ал қысқы жүктемеде шамамен 3,5 мың мегаватқа жетеді»,-деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, ұзақ мерзімді баланс ғылыми институтпен, КЕГОК-пен әзірленіп, ҚР Энергетика министрлігімен бекітілген және ол жеті жылдық болжамға негізделген.
«Жеті жылдық кезеңде біз тапшылық байқалмайды деген тұжырымдамыз. Сондықтан да аталған кезеңде атом стансасы секілді қандай да бір жаңа қуаттарды көріп отырғамыз жоқ»,-деп атап өтті Қ. Бозымбаев.
Айта кетейік, соңғы бірнеше жылдан бері Қазақстан атом электр стансасын салу тақырыбы қызу талқыланып келеді. Алайда, бұл станса қай уақытта салынатындығы туралы нақты шешім жасалған жоқ.
Дереккөз:www.24.kz
Болашақтың таза технологиялары бір алаңға жиналды. Астанада өткен «New energy global startup fest» байқауы әлемнің 45 елінен 800 стартап-жобаның басын біріктірді. Өнертапқыштардың көздегені келер жылы елімізде өтетін ЕXPO көрмесіне қатысу болса, инвесторлар әлеуметтік жобаларды іздеп келгенін жасырмады. Озық технологияларды таныстырған жобалардан ақтық сынға 100-і өтті. Үміткерлер арасында 5 қазақстандық стартап-жоба да бар. Байқау жайлы толығырақ осы шығарылымнан көре аласыздар.
Дереккөз: energo.gov.kz
Бүгін энергетика министрі Қанат Бозымбаев атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік өкілдерімен кездесіп, тиісті мәміле жасасты. Мәртебелі миссияны атқаруға халықаралық сарапшылар шақырылды. Олар атом саласының қазіргі аяқ алысын бағамдап, жүйелі жоспарды жүзеге асыруға көмектеседі. Бұл ретте, мамандар өңірлерді аралап, өндіріс орындарына бармайды. Тек тиісті өлшемдер бойынша жауапты министрлік пен жергілікті компаниялар ұсынған бағалау есебін талдайды.
Бақытжан Жақсалиев, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:
– Миссия 7 қарашаға дейін жалғасады. Біз жергілікті инфрақұрылымға шынайы баға беріп, жүзеге асырылып жатқан ядролық бағдарламаларды сараптап алғымыз келеді. Әсіресе, медициналық бағытта және өндірісте бейбіт мақсатта қолданылатын технологияларды жан-жақты зерделеуге міндеттіміз.
Дохи Хан, АЭХА атом энергетикасы департаменті бөлімінің директоры:
– Бағалау ұлттық ұстаным, ядролық қауіпсіздік, қаржыландыру сынды 19 өлшем бойынша жүргізіледі. Біз өңірлерде орналасқан нысандарға бармаймыз. Дегенмен, Қазақстанның бағалау есебіне басты назар аударамыз. Біздің бұл сапарымызды толығымен МАГАТЭ қаржыландырады.
Дереккөз: www.24.kz
Қазақстан климат өзгеруінің алдын-алу, салдарын жою секілді халықаралық аренада көтеріліп жатқан әрбір бастаманың басы-қасында жүр. Еліміз CO2 шығарындылар көлемін қысқарту бойынша өзіне бір белгілі міндеттемелер алған. Бүгінгі шығарылым климаттың өзгеруіне бейімделу жайына арналмақ. Жалпы климаттың өзгеруі әсіресе экономиканы құраушы салаларға қатты әсер етеді. Олар ауыл шаруашылығы, жайылым не суармалы жерлер, егін шаруашылығын ұйымдастыру мәселелері. Бұл жағдайға қарапайым шаруалар қалай бейімделмек? Елімізде бұл салада атқарылып жатқан жобалар бар ма? Олардың бағыты қандай?
Семинарда 3 маман оқытылды, соның ішінде:
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Мұнайтелеком» ЖШС; «АЗПМ» ЖШС; «Теміртау жастар клубы» Қоғамдық бірлестігі.
Дәріс оқығандар:
Суворова Ольга Николаевна – ҚР ЭМ «Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті директорының орынбасары;
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Маденова Айгуль Есеркегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Журынова Сауле Конысхановна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқармасының басшысы;
Абилова Ляйа Толегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Абдульманов Нургазы Сеильбекович – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК АТД директоры;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД жетекші маманы.
Семинар соңында білімді бағалауды өткізгеннен кейін ҚР Энергетика вице-министрі Ғ.Қ. Сәдібеков пен «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК бас директоры М.А. Ануаров қол қойған куәліктер табыс етілді.
Дереккөз: energo.gov.kz
2016 жылдың 27 қазанында Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Қ.Бозымбаев АҚШ Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің бірінші орынбасары Мэри Берс Уорликпен кездесу өткізген болатын.
Кездесу барысында бірталай Қазақстанның энергетика саласындағы актуалды сұрақтары және ҚР-АҚШ арасындағы ынтымақтастық бойынша мәселелер талқыланды, атап өтсек:
– Жалғасып келген төменгі бағалар кезеңіндегі Қазақстан.
– Мұнай-газ саласындағы шетелдік инвестициялар.
– Қашағанның қайта қосылуы. Теңіздегі болашақ жобалар. Қарашығанақ.
– Иранмен мұнай swap-операцияларын жүргізу мүмкіндігі.
– Қазақстандағы үш қайта өндеу зауыттарының модернизациясы.
– СASA-1000.
– Жаңартылатын энергия саласындағы жоспарлар.
– Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ҚР заңнамасын жаңарту.
Дереккөз: www.24.kz
Әлеуметтік бизнес «жасылданып» келеді. Бұрын бұл сала мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жайын ойласа, қазір оның ауқымы кең. Сөзімізге дәлел елордалық мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдайтын «Балам-ай» қоғамдық қорының «Көңілді фермер» жобасы. Оның мақсаты қандай? Бүгінгі шығарылым осы және өзге де «жасыл» экономика құралдары арқылы жүзеге асқан әлеуметтік бизнес жайына арналмақ.