red_hot_chili_peppers_be_admin | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Баламалы энергия көздерінен өндірілетін қуат құны қашан төмендейтіні белгілі болды

Дереккөз: lenta.inform.kz

АСТАНА. ҚазАқпарат – 2020-2025 жылдардан кейін жаңаратын көздерден өндірілетін электр энергиясының өзіндік құны дәстүрлі энергия көздерімен теңеседі. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Париж келісімін ратификациялау туралы» заң жобасын талқылау барысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі кезде Қазақстанның жалпы генерациясында жаңаратын энергия көздерінің үлесі 0,9 пайызды ғана құрап отыр. Осы ретте алғашында жарты пайыздан бастағанымызды еске салған жөн. Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша жаңаратын көздермен энергия өндірудің өсімі 177 пайызды құрады. Бүгінде Қазақстанда жалпы қуаты 258 мегаваттық жаңаратын энергия көздерінің 48 нысаны жұмыс істеуде. 2015 жылы жиынтық қуаты 120 мегаваттық 14 жоба іске асырылған еді. Биыл Алматы, Ақтөбе және басқада өңірлерде тоғыздан астам нысан іске қосылады. Бүгінде 57 энергия өндіретін ұйымдарымен және КЕГОК компаниясының есептік-қаржылық орталығымен келісімдер бекітіліп, осы нысандар қазіргі кезде түрлі даярлық кезеңінде тұр. Егер де бұл нысандар пайдалануға берілген жағдайда, 1 606 мегаватт қамтылады. Осы ретте біз 2020 жылға қарай қойылған мақсатты ерте орындаймыз»,-дедіҚ. Бозымбаев.

Министр жаңаратын энергия көздері елімізге қажет екенін, алайда қазіргі кезеңде оның құны қымбат екенін атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңмен іске асырылатын болады.

«2020-2025 жылдардан кейін жаңаратын энергия көздері нысандарында электр энергиясын өндіру айтарлықтай арзандайды деп күтілуде. Сонымен қатар оның өзіндік құны дәстүрлі энергия көздерімен теңесуі ықтимал»,-деді министр.

Жасыл экономика. Ауылдағы «жасыл» технология

Дереккөз: www.24.kz

Халықаралық ұйымдардың грант бағдарламасы арқылы «жасыл» технологиялардың өңірлерде таралуы қалай? Күн қуатынан қандай энергия алуға болады? Одан түсетін пайда қандай? Энергия көздерін үнемдеп, қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін баламалы қуат көздері жайлы толығырақ бүгінгі бағдарламада тарқатамыз.

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2016 жылдың 26-28 қазаны аралығында Астана қаласында «Экологиялық сараптама және табиғатты пайдалануды реттеу» тақырыбына қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін оқыту семинарын өткізді.

Семинарда 3 маман оқытылды, соның ішінде:

  • табиғатты пайдаланушы кәсіпорындардың мамандары – 2 адам;
  • ҮЕҰ өкілдері – 1 адам.

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Мұнайтелеком» ЖШС;  «АЗПМ» ЖШС; «Теміртау жастар клубы» Қоғамдық бірлестігі.

Дәріс оқығандар:

Суворова Ольга НиколаевнаҚР ЭМ «Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті директорының орынбасары;

Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Маденова Айгуль Есеркегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Журынова Сауле КонысхановнаҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқармасының басшысы;

Абилова Ляйа Толегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Абдульманов Нургазы Сеильбекович – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК АТД директоры;

Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД жетекші маманы.

Семинар соңында білімді бағалауды өткізгеннен кейін ҚР Энергетика вице-министрі Ғ.Қ. Сәдібеков пен «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК бас директоры М.А. Ануаров қол қойған куәліктер табыс етілді.

Жасыл экономика. «Талдыкөл» су қоймасын қалпына келтіру жобасы

Дереккөз: www.24.kz

Астана халқы санының артуы кәріз сулары көлемінің ұлғайып, Талдыкөлдің толуына әкеп соқты. Осы орайда тұрғындарды мазалаған ең басты сұрақ қала маңындағы жағымсыз иістің пайда болуы. Айта кетейік, кәріз сулары тасталатын бұл су қоймасы 1970 жылы пайдалануға берілген. Оның көлемі 65,6 млн текше метр. Мұндай көлем көл дамбыларының жұмысына кедергі келтіріп, жерасты сулары деңгейінің артуына әкеп соғуы мүмкін дейді мамандар. Салдарынан 7500 гектар жерді су басып, жағымсыз иіс қала тіршілігіне залалын тигізеді. Соны ескерген Астана қаласының коммуналдық шаруашылық басқармасы мен түрік құрылыс компаниясы кәріз сулары жиналатын «Талдыкөл» сарқынды су қоймасын қалпына келтіруді қолға алды. Толығырақ бүгінгі шығарылымнан көре аласыздар.

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2016 жылдың 19-21 қазаны аралығында Қызылорда қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін оқыту семинарын өткізді.

Семинарда 34 маман оқытылды, соның ішінде:

  • табиғатты пайдаланушы кәсіпорындардың мамандары – 22 адам;
  • мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері – 7 адам;
  • жеке тұлғалар – 4 адам;
  • ҮЕҰ өкілдері – 1 адам.

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Жоғарғы технологиялар институты» ЖШС «Қазақстанның ядролық университеті» филиалы; «РУ-6» ЖШС; «ПетроКазахстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ; «КОР» мұнай компаниясы» АҚ; «Галаз және Компания» ЖШС; «Құмкөл Транс Сервис» ЖШС; «KazPetrolGroup» ЖШС; «Сыр-Арал сараптама» ЖШС; «Байкен-U» ЖШС;  «Ақ-жол» ЖШС; «KazFrac» ЖШС; «Effect Group» ЖШС; «СКЗ-U» ЖШС; «ҚазЭкожүйе» ЖШС; «Цитрин» ЖШС; «Компания-Даулет Азия» ЖШС; «Саутс-Ойл» ЖШС; «Zhanros Drilling» ЖШС; «Семізбай – U» ЖШС; «СНПС-Ай Дан Мұнай» АҚ; «ҚЫРАН» ЖШС; ҚР ЭМ ЭРБК Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті; «Сыр Табиғаты» Заңды тұлғалар ассоциациясы.

Семинар соңында білімді бағалауды өткізгеннен кейін ҚР Энергетика вице-министрі Ғ.Қ. Сәдібековпен және «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК бас директоры М.А. Ануаровпен қол қойылған куәліктер табыс етілді.

Сауд Арабиясының энергетика министрі мұнай нарығын тұрақтандырғысы келеді

Дереккөз: lenta.inform.kz

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бұл пікірін ол жексенбі күні Ресейдің энергетика министрі Александр Новакпен болған кездесуі барысында мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат lenta.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның сөзінше, келіссөздер қазіргі таңда ОПЕК пен өзге де мұнай өндіруші елдер арасындағы өзара келісімді үйлестірудегі маңызды шара болып отыр.

«Бүгінгі кездесу Сауд Арабиясының мұнай нарығын реттеуге деген ұмтылысын анық байқатты»,-деді ол.

Аль-Фалих Мәскеу мен Эр-Риядтың мұнай нарығы үшін серпіліс тудыратын ұстаным білдіретіндігіне сенім артады.

Аль-Фалих 10 қазанда мұнай баррелінің 2016 жылдың соңында 60 долларға жететіні туралы болжамын айтқан болатын.

Сауд Арабиясы энергиятасымалдаушыны өндіру ісін тұрақтандыру ісінде ресейліктерге үлкен үміт артып отырған көрінеді.

ОПЕК елдері мұнайды артық өндіруді тоқтатуды 28 қыркүйекке жоспарлаған болатын. Картель қатысушылары өндіріс көлемін күніне 32,5 млн баррельден асырмаймыз деген шектеу қойды. Соңғы шешім қарашада өтетін басқосуда қабылданады.

Жасыл экономика. Тұрмыстық шыны қалдықтарын қайта өңдеу

Дүкеннен су немесе шырын сатып аларда біз оның сыртына емес, ішіндегі құрамына мән береміз. Бұл дұрыс әрине. Бірақ кейбір статистикаға сүйенсек, Қазақстанда жылына 1 млрд шөлмек жиналып, оның тек 6 пайызы ғана қайта өңдеуге жіберіледі екен. Еуропалықтар бұл мәселені әлдеқашан тиімді бизнес көзіне айналдырған. Ал біздегі жағдай қандай? Осы бағытта елімізде пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылып жатқан жобалар бар ма?

Электромобильдерді қуаттандыруға арналған 100 станция салынады

Халықаралық «ЭКСПО» көрмесіне дейін елімізде электромобильдерді қуаттандыруға арналған 100 станса салынады. Оның қырығы Астанада, тағы қырығы Алматы қаласында орналасады. Ал жиырма станса екі шаһарды жалғап тұрған тасжолдың бойына тұрғызылады. Бұл туралы Алматы әкімдігі мен еліміздегі электромобиль шығаратын компанияның өзара меморандумды бекіту барысында белгілі болды. Құжатқа қол қойған соң қала басшысы Бауыржан Байбек отандық электромобильді сынап көрді. Темір тұлпардың дыбыссыз әрі жылдам жүретінін байқаған ол болашақта қалалық әкімдіктің осындай көліктерді алуы мүмкін екенін атап өтті. Бауыржан Байбек, қала әкімі: – Дизайны әдемі, жайлы машина екен. Экологиялық жағынан таза. Менің пікірімше, джиптердің дәурені бірте-бірте өтіп барады. Адамдар ақшаларын үнемдей бастады. Жалпы көлік сән емес, қозғалыс құралы болуы тиіс.

Жасыл экономика. Энерготиімділікке жетудегі үздік тәжірибе

Дереккөз: www.24.kz

Армения ТМД аумағындағы «Жасыл климат» қоры тарапынан қаржыландыруға ие болған алғашқы мемлекеттердің бірі. Климаттың өзгеруімен күреске $20 млн қаржы бөлінді. Онда сол қаражаттың есебінен энерготиімділікке бағытталған жобалар жүзеге асырылды. Арменияның энерготиімділікке жетудегі үздік тәжірибесін толығырақ бүгінгі шығарылымнан көре аласыздар. Пікір қалдырыңыз

Ватикан «ЭКСПО» көрмесіндегі ұлттық павильонының тақырыптық тұжырымдамасын ұсынбақ

«Астана «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесу барысында Ватикан елшісі алдағы «Астана-ЭКСПО-2017» көрмесі тақырыбының маңыздылығын жоғары бағалап, одан даму келешегін көретіндігін айтты. Сонымен қатар архиепископ «ЭКСПО» халықаралық көрмесіндегі Ватиканның ұлттық павильонының тақырыптық тұжырымдамасын жақын арада ұсынатындығын хабарлады. А.Есімов өз кезегінде нунцийды көрмеге дайындық барысымен таныстырды. Ол бүгінгі таңда 104 мемлекет пен 17 халықаралық ұйымның қатысатындығын растағандығын және көп ұзамай барлық қатысушы мемлекеттерге павильондарының өткізілетіндігін айтты. Сондай-ақ екі жақ павильонның техникалық дайындығын талқылады.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика