Дереккөз: www.khazah-tv.kz
Отандық автоөндірісте тағы бір тың жоба. Қостанай зауытында электромобильдер құрастыру желісі іске қосылмақ. Бұған дейін елімізде экологиялық таза көлік түрінің бір-екі данасы шығарылған. Енді өндірістік негізге қойылмақ.
Жеңіл, үнемді және арзан. Әдеттегі машиналардан айырмашылығы – құрылымы қарапайым және тартымы жақсы. Электр қозғалтқышының қуаты 85 киловатт, 115 ат күшіне тең. Аккумуляторы сағатына 33 кВт тоқ өндіреді. Әзірге электромобильдердің 12 данасы жиналған.
ОЛЕГ КОМИССАРОВ, ЖЕҢІЛ АВТОКӨЛІКТЕР ҚҰРАСТЫРУ ЦЕХЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Батареялары күміс түсті металдан құйылған. Тексеріс нәтижесі көрсеткендей қуаты орташа есеппен 200 шақырымға жетеді. Ол енді жол жағдайына, қалай жүретіндігіне байланысты. Артықшылығы неде, біріншіден қоршаған ортаға зиян келтірмейді, сосын басқа көліктерге қарағанда көп үнемдейді. Мысалы 1 шақырымға кететін бензин құнынан электр қуаты 50 пайыз арзанға түседі.
Өндірісті кең жолға қоюға тежеу болып тұрған бір жәйт – тоқ қуатын алатын нүктелердің жоқтығы. Үй жағдайында тұрмыстық электр желісіне қоссаңыз, кем дегенде сегіз сағат. Ресми ақпарға сүйенсек, «Экспо-2017» көрмесіне дейін Қазақстанда электрмен қуаттандырғыш жүз станция салу жоспарда бар. Қырық Астанада, қырық станция Алматыда болады. Қалғаны екі аралықтағы жол бойында орналасады.
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz
Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Тәжікстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Шариф Саидпен 17 қазанда кездесу өткізді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұрлан Сейтімов ЭКСПО-2017 Мамандандырылған халықаралық көрмеде Тәжікстан Республикасының экспозициясының Бас комиссары ретінде тағайындалғаны үшін төрағаны құттықтады.
Өз кезегінде Шариф Саид Елшіге ризашылығын білдіріп, өз елінің болашақтың энергиясы саласындағы жетістіктерін ЭКСПО-2017 көрмесінің қонақтарына таныстыру мақсатында тәжік тарапы барлық күш-жігерін салатынын атап өтті. Шариф Саид жақын уақытта Астана қаласына ЭКСПО-2017 Комиссары Р.С.Жошыбаевпен “Астана ЭКСПО-2017″ ҰК” АҚ басшылығымен тәжірибелік-ұйымдастырушылық мәселелерді талқылау және нақты жұмысқа кірісу мақсатында сапармен баратынын хабарлады.
Сонымен қатар, кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастар мәселелері қарастырылды. Осы орайда, 20 қазанда Душанбе қаласында өтетін “Қазақстан-Тәжікстан” бизнес-форумының маңыздылығын атап өтті.
Дерек көзі: www.24.kz
Бұлақ жер астынан шығып жатқан табиғи таза су көзі. Олар таулы-қыратты аймақтарда жиі кездеседі. Суы мол бұлақтар Ерейментау, Шыңғыстау, Жайық пен Үстіртте. Алайда қазақ жерінде әлі де болса зерттелмеген бұлақтар көзі өте көп. Мәселен Қарағанды облысынан соңғы жылдары бірнеше бұлақ көзі табылған. Бүгінде оларды жөндеу мен қалпына келтіру жұмыстары қалай жүзеге асырылып жатыр?
Дерек көзі: www.inform.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Үлбі металлургиялық зауыты қоймасында МАГАТЭ-нің 90 тонна төмен байытылған ураны сақталанатын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «ҚР Үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агентік арасындағы Қазақстан Респубилкасында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР заңының жобасын талқылау барысында депутаттардың сауалына жауап берген еліміздің Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Тәуелсіздік жылдары орташа есеппен бізде бірнеше жылдық тапсырыс болып тұр. Ол уақытта біз ресейлік кәсіпорындар үшін шамамен 300 тонна таблетка өндіретінбіз. Яғни, бір мезетте 200 және одан көп тонна сақталып отырды. Қазіргі уақытта шамамен 40 тонна бар», – деді ол.
Осы ретте ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев вице-министрден аталған көлемге қосымша 90 тонна МАГАТЭ уранын сақтау жоспарланып отыр ма, деп сұрады.
«Иә, бірақ ол жеке қоймада сақталады. Бұған қоса, бізге материалдар қайта өңдеу үшін үнемі жеткізіліп тұратын болады. Таяу болашақта 200 тоннаға дейінгі көлемдегі материал бізге қайта өңдеуге жеткізіледі. Ал одан қытайлық атом электр стансалары үшін отын таблеткаларын жасайтын боламыз», – деп жауап берді Жақсалиев.
Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан Үкіметі өз қаулысымен елімізде МАГАТЭ-нің Төмен байытылған уран банкін «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-ында орналастыру туралы келісімге қол қоюды мақұлдаған болатын. Сол жылдың 27 тамызында келісімге Қазақстан тарабынан Ерлан Ыыдырсов пен МАГАТЭ-нің бас директоры Юкия Амано қол қойған еді.
Дереккөз: www.24.kz
Қазақстан ең үздік стартап-жобаларға байқау жариялады.
Жеңімпаз EXPO-2017 көрмесіне қатысады. Бүгінге дейін 50 елден түскен өтінімдер арасынан 100 стартап белгілі болды. Олар баламалы қуат және «жасыл экономика» салаларында үздік деп танылды. Араларында қазақстандық өнертапқыштар да жоқ емес. Енді үміткерлердің ішінен үздік 30 жоба 27 қазан күні Астанада өтетін жиында таңдалады. Кейін стартап авторлары халықаралық көрмеге шақырылады. Байқауды ұйымдастырушылар, таңдаулы жобалар Қазақстанның павильонына қойылуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.
Асқар Мұнара, «Мұнай және газ, ақпараттық талдау орталығы» АҚ бас директорының міндетін атқарушы:
– Сол 30 жобаға Қазақстанның шетелдегі инвесторлары инвестиция құяды. Сол компаниялардың 30%-ын ба, 50%-ын ба сатып алады. Бұл дүниежүзінде бір компанияны бір компанияның сатып алу практикалары бар.
Бүгін 2016 жылғы 12 қазанда ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Париж келісімін ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасы бекітілді.
Бұл ағымдағы жылдың 5 қазанында Париж келісімінің күшіне енуі үшін қажет шарттарға қол жеткізілгенін білдіреді: парниктік газдардың жалпы жахандық шығарындылары жиынтығының кемінде 55 (елу бес) пайызы үлесіне тиетін Конвенция Тараптарының кемінде 55-і (елу бесі) Біріккен Ұлттар Ұйымының Депозитарийіне ратификациялау туралы құжаттарын тапсырды. Яғни, Париж келісімі отызыншы күні, немесе 2016 жылғы 4 қарашада күшіне енеді.
Қазіргі уақытта Келісімді 76 мемлекет ратификациялады.
Париж келісімінің ережелеріне сәйкес Келісім Тараптарының 1-ші кеңесі Марракеш қаласында (Марокко), Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы Негіздемелік Конвенциясының 22-ші Тараптар Конференциясының шеңберінде ағымдағы жылдың 7-18 қарашасы аралығында өтеді.
Париж келісімі климаттың өзгеруімен күресте әлемдік қауымдастығының күшін біріктіреді, ол бүкіл ғаламшар бойынша ауаның орташа температурасын 2 градусқа арттыруды болдырмауға жәрдемдеседі.
Осы мақсатқа жету үшін Париж келісімінің тараптары, дамыған елдер мен дамушы елдер, парниктік газдардың шығарындыларын шектеу бойынша өзінің үлесін қосу қажет. Бұл ретте, Келісімге сәйкес мемлекеттердің үлестері әр бес жыл сайын қайта қарастырылуы қажет.
Және Париж келісімі шеңберінде ең маңызды жетістіктің бірі, ол үлестерді жүзеге асыру үшін Мемелкеттерге халықаралық қаржылық ұйымдардың қаржылық ресурстары, технологияларды әзірлеу және беру, потенциалды арттыру түрінде қолдау көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Келісімді ратификациялауы шығарындыларды қысқарту және климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша жобаларды іске асыру үшін қаржылық көмек пен инновациялық технологияларды алуға жәрдемдеседі.
Бұл ретте, ҚР қолданыстағы заңнама шеңберінде төменкөміртекті дамуға көшуге бағытталған тетіктер мен инфрақұрылым Париж келісімінің қағидаларымен келісетінін атап өту керек.
Қазақстан Республикасының «Париж келісімін ратификациялау туралы» заң жобасымен танысу
ҚР ЭМ Баспасөз қызметі
Дереккөз: www.24.kz
Депутаттар бүгін «Париж келісімін ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
Құжат парникті газдың ауаға таралуын төмендетуге бағытталған. Келісімге қол қойған мемлекеттер осы салаға өз үлесін қосу үшін зиянды шығарындылар көлемін қысқартуға міндеттеледі. Бұл орайда халықаралық қаржы ұйымдары жаңа технологияны қолдану үшін қаржылай көмек қолын созады. Бүгінге дейін келісімді 76 ел ратификациялады. Алғашқы жиын Марракеш қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.
Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:
– 2030 жылға дейін баламалы энергетиканың көздерінен энергия шығаратын 10%-ы тиесілі болады. 2050 жылға дейін 50% түгелімен баламалы энергетика көздерінен шығарылатын болады. Біз оларға нақты механизмдер жасадық. Қазірдің өзінде 48 жасыл энергетика стансалары жұмыс істеп жатыр.
Дереккөз: www.24.kz
Заманауи ауыл шаруашылығын сусыз елестету мүмкін емес. Әлем бойынша тұтынылатын судың 60 пайызы ауыл шаруашылығының үлесінде екен. Егіс алқабын дер кезінде суарып тұрмаса халық сұранысын жабатын көкөніс пен дәнді-дақылдарды жинай алмаймыз. Өзен, көл, қойма тоғандар су көздері есебінде, ал жауын-шашын аз түсетін аймақтарда су тапшы десек те болады. Еліміздегі су шаруашылығының қарқыны қандай? 1982 жылы Алматы облысындағы Шелек өзенінің бойынан салынған Барторғай су қоймасы не үшін қажет?
Семинарда 9 маман оқытылды, соның ішінде:
• табиғатты пайдаланушы кәсіпорындардың мамандары – 5 адам;
• ҮЕҰ өкілдері – 4 адам.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері:
«ҚуатАмлонМұнай» ЖШС; «Көлжан» ЖШС; «Альфа Консалтанст» ЖШС; «Құмкөл Транс Сервис» ЖШС; «Қарағанды облыстық Экологиялық мұражайы» ҚҚ; Қазақ технология және бизнес университеті; «Экосфера» ҮЕҰ мекемесі. Дәріс оқығандар:
Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары;
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Макажанова Аида Жанаталаповна – ҚР ЭМ Климаттың өзгеруі жөніндегі департаментті басқармасының басшысы;
Абдульманов Нургазы Сеильбекович – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК АТД директоры;
Журынова Сауле Конысхановна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқармасының басшысы;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқармасының жетекші маманы.
Семинар соңында білімді бағалауды өткізгеннен кейін ҚР Энергетика вице-министрі Ғ.Қ. Сәдібековпен және «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК бас директоры М.А. Ануаровпен қол қойылған куәліктер табыс етілді
Семинарда 9 маман оқытылды, соның ішінде:
• табиғатты пайдаланушы кәсіпорындардың мамандары – 5 адам;
• ҮЕҰ өкілдері – 4 адам.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері:
«ҚуатАмлонМұнай» ЖШС; «Көлжан» ЖШС; «Альфа Консалтанст» ЖШС; «Құмкөл Транс Сервис» ЖШС; «Қарағанды облыстық Экологиялық мұражайы» ҚҚ; Қазақ технология және бизнес университеті; «Экосфера» ҮЕҰ мекемесі. Дәріс оқығандар:
Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары;
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Макажанова Аида Жанаталаповна – ҚР ЭМ Климаттың өзгеруі жөніндегі департаментті басқармасының басшысы;
Абдульманов Нургазы Сеильбекович – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК АТД директоры;
Журынова Сауле Конысхановна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқармасының басшысы;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқармасының жетекші маманы.
Семинар соңында білімді бағалауды өткізгеннен кейін ҚР Энергетика вице-министрі Ғ.Қ. Сәдібековпен және «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК бас директоры М.А. Ануаровпен қол қойылған куәліктер табыс етілді.