Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) бастамасы бойынша 2016 жылғы 15 сәуір – 5 маусым аралығында Астана қаласында Технодом, Алсер сауда желілерінің, жабдықтарды кәдеге жарату жөніндегі «КазЭкоТехАстана» ЖШС және «ПромТехноРесурс» ЖШС кәсіпорындарының, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті мен «PosadiDerevo.kz» республикалық қоғамдық ұйымының, сондай-ақ ӨКМ Операторының қатысуымен электрондық және электр жабдықтарын жинау бойынша акция өтті, қорытындысы жасалды.
«PosadiDerevo.kz» РҚҰ филиалы Астана қаласында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетімен бірігіп іс-шаралар өткізді:
– С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде экологиялық бағыттағы екінші курс студенттері арасында оқыту семинарлары, 14 мектепте (№23, №37, №15, №5, №32, №65, №35, №51, №76, №3, №25, №52, №56, №18) 8 сынып арасында оқыту сабақтары өткізілді.
Акцияға 40 студент қатысып, 4000-ға жуық кітапша таратылды.
Астана қаласындағы TECHNODOM дүкенінің басшылығы арнайы тағайындалған орындарда (Нұр Тұлпар БО – Республика, 34А; «Азия Тау» СО – Абылай хан даңғылы, 27/3; «GREEN» – Ш. Уалиханов көшесі, 20; КЕРУЕН ОСО – Достық көшесі, 9; Бөгенбай Батыр даңғылы, 62 – «Алем» СО; «ЖАЙЛЫ» СО – Сатпаев көшесі, 14) электр жабдықтарын жинауға арналған экобокстарды орналастыру үшін сауда желілерінің 6 жинау орнын ұсынды.
Астана қаласындағы «Алсер» дүкенінің басшылығы сауда желілерінде орналастыруға арналған 3 жинау орнын (Бейбітшілік көшесі, 33; Жирентаев көшесі, 10; «Тұлпар» СО – Ш. Уалиханов көшесі, 24) ұсынды.
«НТП КазэкотехАстана» ЖШС ақысыз негізде 6 381 кг электрондық қалдықтарын қабылдады.
Оның ішінде:
«Евразиялық топ» ЖШС – 3 275 кг;
«Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ – 918 кг;
«Technodom Operator» АҚ (Астана қ. сауда желісі) ) – 736 кг;
Халықтан-1 452 кг.
«ПромТехноРесурс» ЖШС ақысыз негізде 3 048 кг электрондық қалдықтарын қабылдады.
Министрлік акцияға қатысқан 10 қатысушыны алғыс хаттармен марапаттады, оның ішінде 5 студент.
Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, өткізілген акцияның қорытындысы бойынша «КазЭкоТехАстана» ЖШС және «ПромТехноРесурс» ЖШС жабдықтарды кәдеге жарату кәсіпорындарымен 9,4 тонна (9400 кг) электрондық және электр жабдықтар жиналды.
Дерек көзі: www.energo.gov.kz
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде қалдық өңдеп, сұрыптайтын зауыт салынады. «Янб Хэ» компаниясы қала билігімен бірлесіп, өз қаражаты есебінен экологиялық жағдайды жақсартуды қолға алды.
Зауыт құрылысы Өскемен әкімдігі мен «Янь Хэ» компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумның аясында өтеді. Бұл кәсіпорын өз қаражатына қалдықтарды қайта өңдеу, сұрыптау зауытын салады. Алдын ала деректер бойынша ол Шмелова жырасы ауданында 3,5 гектар алаңда салынады.
Бұл туралы қала әкімі ретінде өзінің алғашқы баспасөз конференциясында ӨКҚ-да Ерлан Аймұқашев мәлімдеді.
«Өскемен қоқыс өңдеу зауытымен меморандумға қол қойылған, алайда ол өз міндеттемесін орындамайды. Бүгін біз шартты бұзу туралы сотқа өтініш бердік. Бөлінген учаскеде қытайлық компания жұмыс істейді. Бұл жұмыс Ұлт жоспарын практикалық іске асыруға кіреді», – деді әкім.
Облыс орталығының басшысы Өскемен әкімдігімен 2020 жылға дейін көлікті газға ауыстыру арқылы атмосфераға шығарындыларды азайтудың кешенді жоспары қаралып жатқандығын мәлімдеді. Газ құю бекеттерін құру үшін инвестиция құятын кәсіпкерлер жеткілікті тартылмауда.
Дерек көзі: www.inform.kz
Ресейге жасаған жұмыс сапары барысында Нұрсұлтан Назарбаев Гвинея Республикасының Президенті Альфа Кондамен кездесті. Форум аясында өткен кездесу барысында қос мемлекеттің басшылары саяси сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты байланыстарды жолға қою перспективаларын қарастырды. Нұрсұлтан Назарбаев мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында Гвинея Президентімен кездесуінің символдық мәні бар екенін айтты. Альфа Конда өз кезегінде Қазақ елінің басшысына кездесу үшін алғыс айтып, екіжақты серіктестіктің түрлі салаларындағы қарым-қатынастардың одан әрі дами беретініне сенім білдірді.
Дерек көзі: Kazakh-tv.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазіргі кезде қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі оны жинау, тасымалдау, сұрыптау, өңдеу және көмуден тұрады. Қалдықтарды басқару бағдарламасына сәйкес, алдағы бес жылда Астанада жаңа технологиялар енгізіледі, оның ішінде метан алу мен «жасыл» энергия өндіру. Сонымен қатар, қоқысты қайта өңдеу мен өртеуді ұлғайту мүмкіндіктері қаралуда, деп хабарлайды елорданың ресмисайты.
«Біз алдағы бес жылда пайдаланатын технологияларды белгіледік. Атап айтқанда, полигондағы қоқыстан газ шығару және сағатына 5 МВт дейін «жасыл» энергия өндіру. Ал 2020 жылға дейін қол жеткізуді мақсат етіп отырған басты көрсеткіш – қайта өңдеу тереңдігін 50% дейін ұлғайту болмақ», – деді «Астана қаласында қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны талқылау» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында қалалық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әділбек Сәрсембаев.
2020 жылға дейін елордада қалдықтарды жинаудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану үшін контейнерлерді жаңарту және қоқыс таситын машиналар паркін әлдеқайда үнемді және экологиялық тұрғыдан тиімді көліктермен алмастыру жоспарланып отыр.
«Қазақстандық МЖС орталығы» АҚ вице-президенті Айдос Көбетовтың атап өтуінше, әлемдік тәжірибеде қоқысты жартылай өңдеу және өртеу қолданылады, тек 10-15% ғана көміледі.
«Біз ұсынысымызды ҚР Энергетика министрлігіне жолдадық. Бұл жерде экология жағынан мәселелер бар, бірақ қазіргі кездегі технологиялар оның салдарын барынша азайтуға мүмкіндік береді», – дейді Айдос Көбетов.
Шара барысында 2019 жылға қарай елімізде құрамында сынап бар шамды, құралдарды, түсті және қара металлды, өңделген автомобиль майы мен сұйықтықтарды, батареяларды және т.б. полигондарда көмуге тыйым салынатыны белгілі болды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі Қалдықтарды басқару департаментінің директоры Жан Нұрбеков мәлім етті.
Айта кетейік, қазіргі кезде елордада қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару көлемі тәулігіне 1000 тоннаны құрайды. Елордалық қоқыс өңдеу зауыты тәулігіне 200 тоннаға жуық қоқыс қабылдайды, өткен жылы жалпы 73 мың тонна қоқыс жиналды. Оның 93% полигонда көміледі. 2015 жылы бұл көрсеткіш 360 мың тоннаға жуық болды.
Источник:www.inform.kz
Қарағанды облысында туризмді дамытуға мүмкіндік зор. Соған, әттең, Арқа төсінде жылы маусымның қысқа болатыны, сосын тағы ойдым-ойдым жолдар, қымбатшылық пен керекті инфрақұрылымның жетіспеушілігі ғана қолбайлау. Десек те, мұның бәрі – амалын тауып шешуге болатын мәселелер.
Айта-айта жауыр болған дүниелер көп. Шетелден қонақ шақырмақ түгіл, әзірге өзімізге жарайды дейтіндей де демалыс жағдайына қол жеткізе алмай келеміз. Әрине, мәселенің бәрі бағаға, яки ақшаға келіп тіреледі. Туристік маусым біздің өңірде небәрі үш-төрт ай ғана болатындықтан, санаторийлер мен демалыс үйлері осы бір қысқа ғана мерзім ішінде өздерін жыл бойы асырайтын нәпақасын қарпып қалуға тырысады. Нәтижесінде демалыс орнына жолдаманың құны шарықтай аспандап, екінің бірінің қолы жетпес арманға айналып жүре береді. Көпшілік, тіпті, одан едәуір арзан бағаға әлдебір шетелге барып демалып қайтқанды жөн көреді. Әйтсе де, бағасының қымбаттығына да қарамай, туған жердің табиғатын хош көрген жандар табылып жатса, ондай отаншыл ағайынның алдына жеткенше соғып тастайтын жол мәселесі шығады. Одан қалды, біздің шипажайлардағы жағдай, қызметкерлерінің қонақ күту мәдениеті мақтанып айтарлықтай емес. Бірақ, осындай кемшіліктерге көз жұма қарайтын шетелдіктер де болады екен. Ондай саяхатшыларды «экотурист» дейді. Енді, еш қиындықтан қорықпай, тәуекелге бел буып келетін ондай қонақтар әлдебір келеңсіздікке тап болуды өзі тілеп жүретін экстремальды туристерге жақын болса керек.
Бұл заманда тойып секіруден жалыққан еуропалықтар дүниенің адам аяғы аз басқан бір бұрышына барып, өз жүйкесін өзі қытықтағанды өмірдің қызығы көреді-мыс. Қазақстанға келу үшін барын салып, амалын тауып жеткен соң, байтақ даламыздың бір қиянын бетке алады. Осындай туризмнің мысалы Қарағанды облысында да бар. Қазір Арқа өңірінде шетелдіктерді магниттей тартып тұрған бір тұс – Ақтоғай ауданына қарасты Шабанбай би ауылы. Бұл ауыл Қызыларай тауларының ең биік нүктесі Ақсораңның бауырында жатыр. Ғайыптан тайып келе қалған еуропалық қонақты өзіміздің ауылдағы ағайын құда күткендей ақтарылып, шабылып, шашылып емес, ауыл арасында жүрген әлдекім құсатып қана күтеді екен. Еуроқонақ өзі түскен үйдің іші не жесе соны жеп, не ішсе соны ішеді. Әлбетте, ауылдағы қазекемнің шаңырағы ет жеп, ағарған ішпей отыра алмайды. Бауырсақ пен құрт-майы дастарқанда шашулы жатады. Шетелдік соған бек разы. Ол өзін ешкім де асты-үстіне түсіп күтпейтінін алдын ала біліп келеді. Оның бар ойы, есіл дерті – жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысу. Сиыр мен биенің, қой-ешкінің қалай сауылатынын, қалай бағылатынын, Қаратал өзеніне апарып суарылатынын, қора-жайдың қалай тазаланатынын көру қызық. Қора-қопсы мен күлтөбені айналып жүре бермейді, әрине. Қонақ қой, дегенмен. Арнайы бағдарлама бойынша, бұл «жамағайынға» Қызыларай таулары мен орманын аралатып, серуендету керек. Табиғат аясында шатыр тігіп түнеу, даланың жеміс-жидегінен ауыз тию де ол үшін бір керемет демалыс болмақ. Ауылдың әдетте бір жамбасына қарай қисайып тұратын дәретханасына бірнеше күн бойы кіріп-шығу да ол үшін өмірі ұмытылмас «естелік» болады.
Осы турды ұйымдастырушылардың айтуынша, Еуроодақтың Германия, Бельгия, Нидерланд, Швейцария, Франция сияқты мейлінше тоқ, бақуатты елдерінен келетін қонақтар Қазақстанның осындай тіршілігін көріп, жақынырақ тануға құштар. Содан кейін өз елдеріне біз туралы не айтып баратындарын құдайым білсін… Бәрін айт та бірін айт, Шабанбай би ауылына ағылған саяхатшылардың саны барған сайын артып барады. Тіпті, ұзынқұлаққа сенсек, бұл бағыт әлемдегі тез қарқын алып келе жатқан туристік бағыттардың жүздігіне ілігіпті.
Ұрты майланған ұйымдастырушылар енді дәл осындай туристік жобаны Ұлытау ауданында да іске қосуды жоспарлап отыр екен. Өркениеттен шаршаған шетелдікті таңданыстан талдыратын ауылдар ол жақта да бар шығар.
Мәселенің өзі сонда: экотурист баратын ауыл жаңа дүние жаңалықтарынан алыстау, өркениет атаулыдан мейлінше мақұрым болуы шарт. Қаладағыдай жайлы тірлік, мұнтаздай тазалық болса, олар ол жаққа барудан үзілді-кесілді бас тартады екен. Оларға неғұрлым жабайы орта керек. Бұл жерде жолдарда ой-шұқырдың көп болуы да «оң көрсеткіш» болып тұр. Ұйымдастырушылардың сөзіне сенсек, еуропалық туристер үшін ескі «УАЗ»-ға мініп алып, ен даланың ой-қырымен орғи зымыраған әлдеқайда қызық екен. Оның үстіне, баяғыша жеміс-жидек, саңырауқұлақ теруге шығу Еуропадан келген қонақтарға тіптен қызық емес сияқты.
Қарағандыда тағы бір туристік бағыт – «КСРО-ға саяхат» әзірленуде. Оның аясында ҚарЛАГ, Спасск тәрізді сталиндік заманның нысандарына, көрші облыстардың да аумағына шығып, ядролық полигонға, басқа да тарихи жерлерге барып қайтуға болады. Бұл бағыттың бағдарламасы бойынша келешекте Қарағанды шахталарына түсуге, Жезқазған өңіріндегі ғарышкерлік, әскери нысандарға барып қайтуға болады. Айта кету керек, бұл турлар жекелеген туристер үшін қымбат болғанымен, облыстың туристік секторы үшін елеулі пайдасы жоқ. Экономикаға тиімді болуы үшін ерігіп жүрген екі-үш еуропалықты емес, туристердің тұрақы әрі мол ағынын тарту қажет.
Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы Татьяна Аблаеваның айтуынша, туризм мәселесінде өңір басшылығы келесі жылға үлкен үміт артып отыр. Бұл алдағы жылы Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің өткізілуімен де, сол кезде Қарағанды облысында туристерді тарту, қабылдау бойынша бірқатар жобалардың іске қосылуымен де байланысты.
Аблаева ханым атап өткендей, Қарағанды облысының туристік секторы қазір жылына 260 мыңдай адамға қызмет көрсетіп отыр. Қонақтарға көрсетілетін қызмет ауқымы 3,5 млрд. теңгені құрайды.
ЭКСПО-2017 көрмесінің қарсаңында туристерді орналастырудың жаңа мүмкіндіктері, өңір бойынша жаңа туристік бағыттар ашылып қалар деген үміттеміз. Қарағандылық туроператорлар халықаралық көрмені ұйымдастырушылар мен шетелдерден келетін қонақтардың бір бөлігін Қарағандыда, «Сарыарқа» әуежайында күтіп алу туралы меморандум жасасып қойған. Қарағанды топырағына табан тигізген жатжұрттықтарды өңірдің Қарқаралы, Балқаш сияқты әсем тұстарына апарып демалдырып, Астанаға тек содан кейін жеткізіп салу жоспарланған.
Жалпы, биылғы жылы өңірдегі туризм саласында құны 3,9 млрд. теңге болатын 14 жаңа жобаны жүзеге асыру жоспарда бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков мәлім еткен болатын.
«Туризм саласын дамытуда жақсы мүмкіндіктер бар. Балқаш маңы өңірі, Қарқаралы, Ұлытау аудандары және облыс орталығы негізгі бағыттар болып отыр. 2015 жылдың қорытындысы бойынша туризм саласындағы нысандардың саны 14 пайызға дерлік өсіп, 200-ге жетті. Жалпы сомасы 1,5 млрд. теңге инвестицияға туристік бизнестің 11 жобасы іске қосылды. Оның алтауы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қолдауға ие болып, 80 жұмыс орны құрылды», – деген еді өңір басшысы.
Арқа өңірінде туризмді дамыту жұмыстарының соңғы жылдары кешенді түрде қолға алына бастағаны рас. Бұл бағытта экологиялық және тарихи туризм түрлерін өрістетуге баса көңіл бөлінген. Мысалы, Балқаш көлінің маңайында жағажай туризмі, Қарқаралы өңірінде экологиялық, тарихи және белсенді демалыс туризмі дамытылса, Ұлытау ауданында тәу ету, Қарағанды қаласында мәдени-танымдық және іскерлік туризмі екпінді түрде ілгерілетілуде.
Тап осы туризмнен табан асты байып кетпесек те, бұл саладан біздің алар ырыздығымыздың аз еместігіне кәміл сенетін уақыт жеткен сияқты.
«Егемен Қазақстан»
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 9 маусым күні Жалпыұлттық аза тұту күні. Өткен жексенбіде Ақтөбеде қанды қол қылмыскерлердің әрекетінен адамдардың өмірі қиылды, бірқатары ауыр жарақат алды.
Бір топ лаңкес мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы басталар сәтте елдің тыныштығын бұзды. Осы орайда бұл күні барша халқымыз 5 мамырда қанды оқиға салдарынан қаза болған боздақтарды қайғыра еске алатын болады, еліміз ойын-сауық шараларынан бас тартып, Қазақстан халқының бірлігі мен болашағы туралы терең-терең ойлар айтылады.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе қаласында болған террористік актілерге байланысты жасаған мәлімдемесінде лаңкестер заңның ең қатаң талаптарымен жазаға тартылатынын қадап айтты.
«Мен қайтыс болғандардың отбасыларына, туыс-туғандарына шын жүрегіммен көңіл айтамын. Қаза тапқан әскери қызметкерлер отан алдындағы антына адал болып, ел қауіпсіздігі жолында өшпес ерлік көрсетті. Олардың ерліктері мемлекет тарапынан лайықты бағаланатын болады. Оның үстіне 4 азамат қайтыс болды, бәрі Ақтөбенің тұрғындары. Сондықтан, мен ертеңгі бейсенбі, 9 маусым күнін Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болғандардың артында отбасы, бала-шағалары қалды. Менің тапсырмам бойынша, оларға барлық қажетті көмектер жасалуда»,-деді Елбасы
Мемлекет басшысы ел іші бүтін болмаса, ел де болмайтынын, қазір – нағыз елім, жерім деген отансүйгіштікті көрсететін уақыт екенін қадап айтты.
«Халқымыздың қауіпсіздігі мен тұтастығы үшін бәріне де дайын екенімізді көрсететін кез келді. Қауіпсіздік пен тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім – ең басты байлығымыз. Біз тәуелсіздігіміздің тірегі болған бұл құндылықтарды көздің қарашығындай сақтаймыз. Мен Қазақстан халқы дүниедегі дағдарыс және бүгінгідей жауапты шақта тағы да барша әлемге елдігі мен бірлігін паш етеріне сенемін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!»,-деді Елбасы.
Ақтөбеде 5 маусымда лаңкестік салдарынан қаза тапқан 7 адам – бейбіт тұрғындар мен әскери қызметшілердің есімдері:
– «Паллада» дүкенінің сатушысы Максименко Андрей, 1972 жылы туған;

– Зейнеткер Онищенко Николай, 1947 жылы туған («Паллада» маңынан өтіп бара жатқан);

– «Күзет» қызметінің қызметкері Тәжібаев Мерхан, 1983 жылы туған;

– «Пантера» дүкеніне келуші Матросов Михаил, 1981 жылы туған;

– Әскери қызметші Сапар Досбол, ОҚО тумасы, 1997 жылы туған;

– Әскери қызметші Майлыбаев Даниэль, алматылық, 1975 жылы туған;

– Әскери қызметші Қалиев Берік, БҚО тумасы, 1978 жылы туған.

Источник: www.zakon.kz
2016 жылдың 3 маусымында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне және Қазақстандағы Экологтар күніне арналған салатанатты жиын өткізілді.
Өзінің алғысөзінде энергетика министрі Қанат Бозымбаев қоршаған ортаны қорғау заңнамасы саласындағы жаңалықтарға тоқталып өтті.
«Бірталай халықаралық келісімдерге (Озон қабаты бойынша Монреаль хаттамасы, Каспий теңізінің су және биологиялық қорын сақтау бойынша келісім), экологиялық мәселелер және төменкөміртекті «жасыл экономика» бойынша заңдарға қол қойылды. Бұл қол қойылған халықаралық құжаттар біздің экологиялық заңнаманы жақсартуға мүмкіндік берді, бұдан былай халықтың қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелер бойынша ақпаратқа және әділ сотқа қол жеткізуге толық мүмкіндігі бар деп айтуға болады. Экология және табиғатты пайдалану мәселелері бойынша қабылданатын шешімдердің ашықтығы қамтамасыз етілді. Экологияға тікелей қатысы бар жобаларды іске асыру барысында заңнамалық деңгейде міндетті түрде қоғамдық кеңесті өткізу шарасы бекітілді. Сонымен қатар Парниктік газдардың шығарындыларына квоталарды бөлу жөніндегі ұлттық жоспарды қалыптастыру бойынша енгізіліп жатқан өзгерістер парниктік газдардың шығарындыларына тиімді квота бөлу жүйесін және квотаның ішкі саудасын енгізуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Қанат Бозымбаев.
Салтанатты жиын барысында министрліктің қызметкерлері, Үкіметтік емес ұйымдардың және БАҚ өкілдері, ғылым қызметкерлері, ұстаздар және жоғарғы оқу орындарының студенттері және т.б. қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне белсенді қатысқаны үшін құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен және «Экология саласының үздігі» ведомстволық медалімен марапатталды («Экология саласының үздігі» ведомстволық медалімен – 20 қызметкер, құрмет грамотасымен – 33, журналистерден құрмет грамотасымен «ҚазТАГ» ХАА Астаналық бюросының басшысы Асхат Ахметбеков және 24 KZ каналындағы «Жасыл экономика» бағдарламасының редакторы Жазира Окубаева марапатталды, алғыс хаттар 35 қатысушыға табысталды).
Анықтама ретінде: Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қоршаған ортаны қорғау және жақсарту қажеттілігін қоғамның санасына тереңірек ұғындыру мақсатында БҰҰ Бас ассамблеясымен 1972 жылдың 15 желтоқсанында бекітілген болатын.
Өткізу күні 5 маусым болды, оған себеп, дәл осы күні Адамның қоршаған ортасы мәселелері бойынша БҰҰ-ның конференциясының ашылуы болды (Стокгольм, 1972 жыл), конференциядан кейін Қоршаған ортаны қорғау бойынша БҰҰ-ның бағдарламасы құрылды (ЮНЕП).
ҚР ЭМ Баспасөз қызметі
АСТАНА. ҚазАқпарат – ЭКСПО-2017 көрмесі тақырыбын зерттеген қазақ ғалымы техника ғылымдарының докторы, профессор Сәкен Шерязевтің болашақтың қуатына сенімі зор. Бұл туралы бүгін «Егемен Қазақстан» газеті жазады.
Оның есімі Челябіде, тіпті, Челябі облысында кең танымал. Оның алдынан дәріс тыңдаған, білімге сусындаған жастар бүгінде белгілі кәсіпкер, электрші білікті маман, шаруашылық ұйымдастырушы, ғалым болып қалыптасқан. Ғалымның ұзақ жылдар бойы зерттеп жүрген жаңғырмалы энергетикалық ресурстар мәселесін де зиялы қауым, ғалым әріптестері жоғары бағалайды. Ол осындай биікке жетуі топырағы киелі атамекендегі ата-анасының, ұстаздарының арқасы екеніне бас июмен, шүкірлік етумен келеді.
Әкесі жастай қайтыс болды да, бес баланы анасы жалғыз өзі өсірді. Көкшетау облысының сол кездегі Володар ауданындағы шалғайда жатқан Құмтөккен ауылында бес баланың қарнын тойдыру үшін анасы Дариғаның істемеген жұмысы жоқ. Жарықтықтың бейнеттен беті қайтпайтын. Жалғызілікті әйелдің балаларын жұмсамағанда амалы қанша? Сәкені кішкентайынан іске шалымды болды, қозы бақты, өсе келе малға иелік етті. Құмтөккен ауылындағы 8 жылдық мектепті бітірген соң, Көкшетау совхоз-техникумы мемлекеттік тәжірибе стансасының «Ауыл шаруашылығын электрлендіру» бөліміне түсті. Техникумда оқу орыс тілінде жүреді, ауылдан келген Сәкен бір ауыз орысша білмейтін. Дегенмен, қазақы намыс ауыл баласының рухын түсірген жоқ.
«Электротехника негіздерінің теориясы» пәнінен сабақ беретін Александр Синовский деген оқытушы алғашқы сабақты тақтаға формула жазудан, түбір астына алып есеп шығарудан бастады. Бұл сабақтан формуламен есеп шығара алмасаң, болашақ электрші мамандығына оқып керегі жоқ. Мұғаліміміз бізге есепті шешуді тапсырды. Бүкіл аудиторияда формуланы мен ғана шештім. Математикадан мықты негізімді қалаған ауыл мектебіндегі ұстаздарыма осы күнге дейін алғысымды айтамын. Оқытушы мені орнымнан тұрғызып, алдыңғы орынға, өзіне жақын отырғызды, ылғи назарында болдым, дейді Сәкен Қойшыбайұлы. Бірде физика сабағында мұғалімнің қойған сұрағын дұрыс түсіне алмағандықтан, жауабын да жеткізіп айта алмады. Мұғалім «екі» қойды. Намыстан тұтанардай болып, қызарып кетті. Сабақтан кейін оқытушысы Людмила Бизельді кабинетіне іздеп барды. Орыс тілін нашар білетінін, оның сабағын дұрыс түсіне алмағанын айтты. Сонда апайы «Мен қазақша үйрене алмаймын, дұрысы сен орысша үйрен. Білім саған керек», деді. Расында, 70-жылдары техникалық оқу орындарында қазақ тілінде білім алу үшін оқулық, тіпті, ол туралы түсінік те болмайтын. Ол кітапханаға барды да 6-7 сыныптардан бастап, барлық орыс тілі оқулықтарын алып, қайта оқыды.
Өз жерімде жүріп, өз ана тілімде армансыз сөйлей алмай, білімді де ана тілімде ала алмай қысылдық қой. Орыс тілін үйреніп, сол тілде ғылыми жұмыстар жазсам да, мен осы кезге дейін қазақ тілінде ойланамын, оны орысшаға аударып жазып отырамын, дейді бүгінде Сәкең. Қызығы сол, бір ауыз орысша білмей келген жас бала техникумды 4 жылда үздік бітіріп шығады. Ұстаздары оны міндетті түрде өтетін 3 жылдық тәжірибе уақытынан босатып, Челябідегі ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру институтына түсуге жолдама береді. Ол кезде бұл институт Кеңес Одағы бойынша ауыл шаруашылығына кадрлар дайындайтын жоғары оқу орындары арасында Тимирязев академиясынан кейін екінші орында тұратын. Бүкіл Сібір, Урал, Қиыр Шығыс және Орталық Азия мен Қазақстан үшін мамандар даярлайтын. Сәкен Қойшыбайұлы дәстүрі мол білім ордасында да үздік оқыды, қызыл дипломмен бітірді. Ғылымға икемі бар Сәкен туған жерде еңбек етсем деген мақсатын кейінге шегеріп, аспирантураға түсу үшін Челябіге қайта аттанады. Аспирантураны тәмамдаған соң іле 1990 жылы «Ауыл шаруашылығы тұтынушыларын күн энергиясын пайдалану арқылы электрлендіру» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын қорғады. Бұл қазір бүкіл әлем ғалымдары арасында маңызды әңгіме арқауына айналған энергетика ресурстарын жаңғырту, күн және желден алатын қуатты пайдалану саласындағы алғашқы қарлығаш еңбектердің бірі болды. Ғалым Оңтүстік Урал ауыл шаруашылығы университетінде дәріс оқи жүріп, ғылыми жұмыстардан қол үзген жоқ. 2011 жылы докторлық диссертациясын сәтті қорғап шықты.
– «Ауыл шаруашылығы тұтынушыларын энергетикалық қамтамасыз етуде дәстүрлі және жаңғырмалы энергоресурстарды ұтымды үйлестіру әдістемелері» деген тақырыптағы докторлық диссертациямда күн мен желден алатын энергия көздерінің тиімділігі, оны арзандату, мұнай мен көмірден алатын энергияға балама іздеу жұмыстарын тереңдете зерттедім. Бұл дүниежүзінде көкейкестілігі күшті мәселе. Адамзат тек мұнай мен көмірге ғана тәуелді болып қалуға тиіс емес. Табиғат тонала бермеуі керек. Сондықтан ғалымдардың алдында жаңа энергия көздерін іздеу, жаңа технологиялар жасау міндеті тұр. Қазақстанда 2017 жылы өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінің мақсат-мүддесі де осыған саяды, арзан әрі тиімді энергия көздерін тіршілікке жаратуды жетілдіру екені белгілі. Болашақтың энергиясы үшін ізденіс, тек ізденіс керек, – дейді техника ғылымдарының докторы, профессор Сәкен Шерязев.
Ғылымда шекара болмайды, оның нәтижесі барлық адамзаттың пайдасына шешілуі тиіс. Сәкен Қойшыбайұлы жаңғырмалы энергияны дамыту мәселесін – болашақ қуатын, яғни ЭКСПО-2017 көрмесі тақырыбын сонау 90-жылдардан бастап зерттеп келеді.
Жаңғырмалы энергияны дамыту ауқымды аймақты алып жататын, соған қарамай тұтынушылары аса қуатты емес, жұмысы науқандық сипатта болатын ауыл шаруашылығы үшін өте тиімді болар еді. Қазір экономиканың осы саласына пайдаланатын электр энергиясы құнының 70 пайызы оны тасымалдауға кетеді. Сондықтан, мемлекет оған дотация төлеуге мәжбүр, дейді Сәкен Шерязев. Ғалымның айтуынша, өзгелер секілді Қазақстанның да энергетикалық қуаттар тиімділігі жөніндегі дұрыс саясаты ауыл шаруашылығын көтеруге мүмкіндік туғызады. Егер электр энергиясы арзанға түссе ауылшаруашылық өндірісі де бәсекеге қабілеттілік танытады, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сырттан келетін өнімдер азайып, елдің экспорттық әлеуеті арта түсері анық.
Профессор Сәкен Шерязев жаңғырмалы энергетика жайындағы теориялық білімін жүзеге асыруға, өндіріске енгізуге талпынып жүр. Ол соңғы жылдары зерттеу жұмыстарын А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ғалымдарымен бірлесіп жүргізе бастады.
– Қазір өзім қызмет істейтін университетте 4 кандидаттық диссертацияға жетекшілік жасадым, 8 аспирантымды, көптеген магистранттарымды баулып жүрмін. Зерттеген жұмысымды, білімді жастарға үйрету керек деп есептеймін. Кандидаттық диссертацияларда да, аспиранттар, магистранттар жұмыстарында да өзім зерттеген тақырып одан әрі жалғастырылды. Менің жаңғырмалы энергияны пайдаланудағы ғылыми жаңалықтарымды ауыл шаруашылығы мен тұрмысқа енгізуде табыстарым да бар. Мысалы, Челябі облысында тұрғын үйлерді күннен алынған қуатпен жылытатын жүйе жұмыс істейді. Оны Қазақстанда да жасауға толық болады, – дейді Сәкен Қойшыбайұлы.
Оның жаңғырмалы энергияны, болашақ қуатын зерттейтін қазақстандық және ресейлік ғалымдар бірлесіп жұмыс істеу үшін ортақ ұйым құрсақ, күн мен желден алынатын энергия туралы үздік жұмыстарын атамекенде өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне әкелсем деген биік мақсаты бар. Ғалым ғылым мен болашаққа сенеді, күн мен желден алынған энергия өндіріске де, тұрмысқа да еркін енетін күннің алыс емес екеніне кепіл.
Герман фашистерімен болған соғыстағы Жеңіс күні Қазақстан, бұрынғы кеңестік республикалары және Еуропаның көптеген елдері үшін маңызды және жарқын мерекелердің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жанынан құрылған «Жасыл әлем» АПҰ-да біздерге Жеңіс сыйлаған аға ұрпақтың жеңіске жету жолындағы ерліктері, қажыр қайраты және өмірге деген құштарлықтары үлгі болуда және оларға деген құрмет дәстүрі жалғасын табуда.
Биыл ұйым ҰОС тыл еңбеккерлерін құттықтау үшін қаражат жинау акциясын жүргізді.
2016 жылдың 7 мамырында Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК өкілдері Ұлы Отан соғысының тыл еңбеккерлері Л.А.Кадыровтың және М.К.Кравченконың үйлерінде болды.
Кәсіпорын өкілдері тыл еңбеккерлерін құттықтап және денсаулық тілеп қана қоймай сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлерімен жиналған қаражатпен ұйымдастырылған азық-түліктер салынған себеттерді сыйлады.
Тыл еңбеккерлері делегация өкілдерін құттықтаулары үшін алғыстарын білдірді және өскелең ұрпаққа олардың замандастарының қандай қиындықтарды бастан өткергендерін ұмытпауды, адамзаттың мұндай жан түршігерлік қателіктерді қайталамауын және Ұлы Отан соғысы туралы естеліктерді мәңгі еске түсіріп құрметтеу қажет екендігі туралы өз ойларымен бөлісті.
Жеңіскерлердің жүздерінен болашақ ұрпақтың бейбіт және аман-есен өмір сүріп жатқандығына бақытты екендіктерін көруге болады!!! Олар өздерінің қолдарынан келген мүмкіндіктердің барлығын жасады!!!

Суретте «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК аппаратының басшысы Бозтаев Н.Ж. және Ұлы Отан соғысының тыл еңбеккері Кравченко М.К.
2016 ж. 24-25 сәуірдегі Испания Сыртқы істер және ынтымақтастық министрінің міндетін атқарушы Х.М.Гарсия-Маргальоның Қазақстанға ресми сапары шеңберінде Қазақстан Республиаксы энергетика министрі Қ.А. Бозымбаевпен екеіжақты кездесу барысында «Жасыл Көпір» серіктестік бағдарламасы Хартиясына қол қойылды.
«Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы (бұдан әрі – ЖКӘБ) Қазақстан Республикасымен БҰҰ БА 66 сессиясында бастамашылық алды және тұрақты даму бойынша барлық мемлекеттердің аймақаралық бастамасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Конференциясында барлық серіктестерге ашық және ерікті болып табылады.
Сонымен қатар «Рио+20» Бүкіләлемдік Саммитінде ЖКСБ Қазақстан бастамасы саммитінің қорытынды құжаты болып табылды және халықаралық қауымдастықпен қолдау тапты.
ЖКӘБ бойынша Хартия қатысушылары ретінде 15 ел (Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Грузия, Германия, Монғолия, Беларусь, Черногория, Латвия Республикасы, Албания, Финляндия, Венгрия, Болгария, Швеция Испания) және 12 үкіметтік емес ұйымдар – «Фин су форумы» фин ассоциациясы, «G-Global» халықаралық хатшылық» ассоциациясы» ЗТБ, «жасыл экономиға және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ, «Жанатау» кеңсе-клубы, «GREEN BRIDGE & G-GLOBAL» қоғамдық фонды, «ҚазАльянс» ҚБ, «Германия Қазақстандық қоғам» (Германия), «ЮНИСОН» ҚФ (Қырғыз Республикасы), «Грин Пикъ» Ғылыми-өндірістік бірлестік» АҚБ, «Азаматтық бастамасын қолдау фонды» ОЭО (Таджикистан Республикасы), «Турциядағы Green PIK» (Турция), «MTU Rohiline sild» (Эстония Республикасы) болып табылады.