Герман фашистерімен болған соғыстағы Жеңіс күні Қазақстан, бұрынғы кеңестік республикалары және Еуропаның көптеген елдері үшін маңызды және жарқын мерекелердің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жанынан құрылған «Жасыл әлем» АПҰ-да біздерге Жеңіс сыйлаған аға ұрпақтың жеңіске жету жолындағы ерліктері, қажыр қайраты және өмірге деген құштарлықтары үлгі болуда және оларға деген құрмет дәстүрі жалғасын табуда.
Биыл ұйым ҰОС тыл еңбеккерлерін құттықтау үшін қаражат жинау акциясын жүргізді.
2016 жылдың 7 мамырында Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК өкілдері Ұлы Отан соғысының тыл еңбеккерлері Л.А.Кадыровтың және М.К.Кравченконың үйлерінде болды.
Кәсіпорын өкілдері тыл еңбеккерлерін құттықтап және денсаулық тілеп қана қоймай сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлерімен жиналған қаражатпен ұйымдастырылған азық-түліктер салынған себеттерді сыйлады.
Тыл еңбеккерлері делегация өкілдерін құттықтаулары үшін алғыстарын білдірді және өскелең ұрпаққа олардың замандастарының қандай қиындықтарды бастан өткергендерін ұмытпауды, адамзаттың мұндай жан түршігерлік қателіктерді қайталамауын және Ұлы Отан соғысы туралы естеліктерді мәңгі еске түсіріп құрметтеу қажет екендігі туралы өз ойларымен бөлісті.
Жеңіскерлердің жүздерінен болашақ ұрпақтың бейбіт және аман-есен өмір сүріп жатқандығына бақытты екендіктерін көруге болады!!! Олар өздерінің қолдарынан келген мүмкіндіктердің барлығын жасады!!!

Суретте «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК аппаратының басшысы Бозтаев Н.Ж. және Ұлы Отан соғысының тыл еңбеккері Кравченко М.К.
2016 ж. 24-25 сәуірдегі Испания Сыртқы істер және ынтымақтастық министрінің міндетін атқарушы Х.М.Гарсия-Маргальоның Қазақстанға ресми сапары шеңберінде Қазақстан Республиаксы энергетика министрі Қ.А. Бозымбаевпен екеіжақты кездесу барысында «Жасыл Көпір» серіктестік бағдарламасы Хартиясына қол қойылды.
«Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы (бұдан әрі – ЖКӘБ) Қазақстан Республикасымен БҰҰ БА 66 сессиясында бастамашылық алды және тұрақты даму бойынша барлық мемлекеттердің аймақаралық бастамасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Конференциясында барлық серіктестерге ашық және ерікті болып табылады.
Сонымен қатар «Рио+20» Бүкіләлемдік Саммитінде ЖКСБ Қазақстан бастамасы саммитінің қорытынды құжаты болып табылды және халықаралық қауымдастықпен қолдау тапты.
ЖКӘБ бойынша Хартия қатысушылары ретінде 15 ел (Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Грузия, Германия, Монғолия, Беларусь, Черногория, Латвия Республикасы, Албания, Финляндия, Венгрия, Болгария, Швеция Испания) және 12 үкіметтік емес ұйымдар – «Фин су форумы» фин ассоциациясы, «G-Global» халықаралық хатшылық» ассоциациясы» ЗТБ, «жасыл экономиға және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ, «Жанатау» кеңсе-клубы, «GREEN BRIDGE & G-GLOBAL» қоғамдық фонды, «ҚазАльянс» ҚБ, «Германия Қазақстандық қоғам» (Германия), «ЮНИСОН» ҚФ (Қырғыз Республикасы), «Грин Пикъ» Ғылыми-өндірістік бірлестік» АҚБ, «Азаматтық бастамасын қолдау фонды» ОЭО (Таджикистан Республикасы), «Турциядағы Green PIK» (Турция), «MTU Rohiline sild» (Эстония Республикасы) болып табылады.
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев экологиялық заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін «Гүлдене бер, Туған ел!» жалпыұлттық жастар марафон-эстафетасы басталды. Белсенді жастардың 300 жуық өкілі «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары маусымының ашылуына қатысты, деп хабарлады Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Аптасына екі рет еріктілер қаланы тазарту және абаттандыру жұмыстарын жүргізеді, ағаш отырғызып, жасыл көшеттерге күтім көрсетеді, сондай-ақ, соғыс ардагерлеріне тұрмыста көмектесетін болады.
Акцияға «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, «Жасыл ел» жасағының және студенттік құрылыс отрядтарының өкілдері, ЖОО, колледж студенттері, орта мектеп оқушылары тартылмақ.
– Біздің басты мақсатымыз әр патриотты қаланы абаттандыру жұмыстарына өз үлесін қосуға тарту. «Гүлдене бер, Туған ел!» акциясына жастар өз еркімен қатысады. Қазіргі жастар белсенді, бастаманы қуана қолдай кетеді, тазалықта тұрып, еңбек еткенді қалайды, – дейді «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Шахмардан Байманов.
Тұрақты түрде сенбіліктер өткізіледі. Жастар елорда көшелерін, аулалардағы ашық алаңдарды тазартып, ретке келтіреді, сондай-ақ, көгалдандырумен айналысады. Оның үстіне соғыс ардагерлері мен қарт адамдарға қол ұшын созады.
– Осындай акцияға алғаш рет қатысып отырмын. Мен мұны қала алдындағы борышым деп санаймын. Елорданы абаттандыруға үлес қосып, адамдарды қоқыс тастамауға, тазалықты сақтауға, ардагерлерге көмектесуге шақырамын, – дейді Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенті Аслан Асылбеков.
Қолайсыз ауа райына қарамастан акция басталып, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының 11-ші маусымы ашылған соң жастар іске кірісті – парк аумағын жинап, көшеттер отырғызды.
Айта кетейік, ертең, 23 сәуірде қалада «Таза қала – бақытты қала» жалпықалалқ сенбілігі өтеді.
АСТАНА. ҚазАқпарат – ЭКСПО-2017 көрмесінде Боливияның ғылыми және өнеркәсіптік әлеуетін көрсетуге ниеттіміз, деген Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі Боливия ұлттық павильоны комиссары Вальтер Кларемс Эндара Вераның сөздерін келтіреді ресми БАҚ.
«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінде Боливияны барша әлемге таныстыруды жоспарлап отырмыз. Біздің еліміз қайда орналасқанын, дәстүрлерімізді, әлеуеттік мүмкіндігімізді барлығы біле бермейді. Әлемге өзіміздің елімізді көрсеткіміз келеді. Бүгінде барша әлем үшін энергия тиімділігі мен баламалы энергия көздерін дамыту мәселелері өзекті болып отыр. ЭКСПО-2017 – бұл елдеріңіз энергия тиімділігі мен «жасыл» технологиялар саласында қандай жұмыстар атқарғандарыңызды көрсететін алаң»,- деп атап өтті ол.
Ұлттық павильон комиссарының сөзіне қарағанда, Боливия өзінің ғылыми және өнеркәсіптік әлеуетін көрсетуге ниетті.
«Біздің мемлекетіміз өз аймағындағы негізгі энергия өндіруші және жеткізуші болуды көздеп отыр. Павильонның ішкі контенті талқыланып жатыр. Баламалы энергия көздерін жинақтау және ілгерілету үшін орталық орнату біз үшін маңызды»,- деді Вальтер Кларемс Эндара Вера.
Ол атап өткендей, «Астана жаңа энергиялар саласындағы ең үздік жетекші технологиялар мен энергияны тиімді пайдаланудың бағдарламалары жинақталатын орынға айнала алады. Сонымен қатар, энергияның жаңа түрлерін зерттеу мен жетілдіруге арналған алаң да бола алады».
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. ҚазАқпарат осы құжаттың мәтінін таратады.
***
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 22-І, 141-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат):
1) мазмұнында:
57, 94-10, 158-4 және 160-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«57-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың жариялылығы»;
«94-10-бап. Парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) сіңірулерді ұлғайту жөніндегі ішкі жобалар»;
«158-4-бап. Валидация және верификация»;
«160-бап. Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімі»;
мынадай мазмұндағы 57-1, 57-2 және 166-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«57-1-бап. Жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға қатысуы;
57-2-бап. Қоғамдық тыңдаулар өткізу»;
«166-1-бап. Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және табиғи ресурстарды пайдалану туралы ұлттық баяндама»;
2) 1-бапта:
8), 9), 38), 39) және 40) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) валидация (детерминация) – валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органның парниктік газдар шығарындылары мониторингі жоспарының, сондай-ақ шығарындыларды азайту және парниктік газдарды сіңіру жөніндегі жобаларды әзірлеу шеңберінде жобалық шешімдер мен құжаттаманың Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растауы;
9) верификация – валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органның қондырғы паспортындағы қондырғы операторлары және олардың есепті жылдағы парникті газдарды түгендеу туралы есептерінде қамтылған парниктік газдар шығарындыларының көлемі туралы және жүзеге асырылатын шығарындыларды азайту және парниктік газдарды сіңіру жөніндегі жобаларды іске асыру туралы деректердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыстығын растауы;»;
«38) қондырғы – парниктік газдар шығарындыларының стационарлық көзі немесе өзара бірыңғай технологиялық процеспен байланысты және бір өндірістік алаңда орналастырылған парниктік газдар шығарындылары стационарлық көздерінің тобы;
39) қондырғы операторы – меншігінде немесе өзгедей заңды пайдалануында қондырғысы бар жеке немесе заңды тұлға;
40) қондырғы паспорты – пайдаланылатын технологияның сипаттамалары, қондырғының географиялық орналасқан жері және оның операторының қызмет түрлері туралы деректерді қамтитын құжат;»;
мынадай мазмұндағы 65-1), 65-2), және 65-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«65-1) парниктік газдар шығарындылары мониторингінің жоспары -тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылу кезеңіне немесе шығарындыларды азайту және парниктік газдарды сіңіруді ұлғайту жөніндегі жобаларды іске асыру мерзіміне қондырғы операторы әзірлейтін құжат;
65-2) парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өтеу – Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде жүзеге асырылатын, есепті жылдағы парникті газдарды түгендеу туралы есепке сәйкес тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының көміртегі бірліктерін айналымнан жыл сайынғы алып қою (есептен шығару);
65-3) парниктік газдар шығарындыларының стационарлық көзі – парниктік газдар шығарындыларының орын ауыстырылмайтын көзі немесе пайдаланылуы үшін тіркелген қалыпты қажет ететін парниктік газдар шығарындыларының ауыстырылатын көзі;»;
3) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін, оның ішінде белгіленбеген тұлғалар тобының мүдделерінде сотқа жүгінуге;»;
4) 16-бапта:
7) тармақшаның үшінші абзацындағы «қағидаларын бекітеді;» деген сөздер «қағидаларын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларын;
қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы әзірлеу қағидаларын бекітеді;»;
9) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің және Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталардың белгіленген мөлшердегі резерві мен көлемін қалыптастыру тәртібін;»;
5) 17-бапта:
мынадай мазмұндағы 20-4) тармақшамен толықтырылсын:
«20-4) Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізуді жүзеге асырады;»;
28-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«28-5) парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің және Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталардың белгіленген мөлшердегі резерві мен көлемін қалыптастыру тәртібін әзірлейді;»;
мынадай мазмұндағы 28-10) және 28-11) тармақшалармен толықтырылсын:
«28-10) Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы әзірлеуді ұйымдастырады;
28-11) Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидатын әзірлейді;»;
29) тармақшаның отыз бесінші абзацындағы «қағидаларын бекітеді;» деген сөздер «қағидаларын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы отыз бесінші – қырық үшінші абзацтармен толықтырылсын:
«парниктік газдар шығарындылары мониторингі жоспарының нысанын;
Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидаларын;
Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервінен квоталар бөлудің әдістемесін;
жобалары қоғамдық тыңдауларға шығарылуға жататын шаруашылық қызметі түрлерінің тізбесін;
мыналар:
қоршаған ортаға эмиссиялардан бюджетке түсетін түсімдер;
қоршаған ортаға залалды өтеуден бюджетке түсетін түсімдер;
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдан бюджетке түсетін түсімдер;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға бюджет шығыстары туралы ақпараттарды ұсынудың нысандарын бекітеді;»;
30) тармақшада:
үшінші абзац алып тасталсын;
он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу тәртібін;»;
36-4) тармақша алып тасталсын;
6) 34-1-баптың 1-тармағындағы «(детерминация)» деген сөз алып тасталсын;
7) 41-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-1) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының негіздемесін;
11-2) қалдықтарды басқару бағдарламасының негіздемесін;»;
8) 57-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«57-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың жариялылығы
1. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың жариялылығы және халықтың қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану мәселелері бойынша шешімдерді қабылдауға қатысуы қоғамдық тыңдаулар өткізу арқылы қамтамасыз етіледі.
2. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезеңінде барлық мүдделі азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерге өз пікірін білдіру мүмкіндігі беріледі.
3. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы табиғат пайдаланушы оны алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастыруы үшін табиғат пайдаланушыға жіберіледі.
4. Жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен даулауға құқылы.
5. Мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындысы бойынша шешiм қабылданғаннан кейiн барлық мүдделi тұлғаларға осы Кодексте көзделген тәртiппен сараптама объектiсi жөнiнде ақпарат алу мүмкiндiгi берiледi.»;
9) мынадай мазмұндағы 57-1-баппен толықтырылсын:
«57-1-бап. Жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша шешімдерді қабылдауға қатысуы
Жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша шешімдерді қабылдауға қатысуы:
қоғамдық тыңдаулар өткізу;
қоғамдық экологиялық сараптама өткізу;
қоғамдық экологиялық бақылау жүргізу;
мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезеңінде мемлекеттік органдарға ескертпелер мен ұсыныстар беру;
мемлекеттік органдардың жанындағы қоғамдық кеңестерге қатысу;
қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, оның ішінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобаларына ескертпелер мен ұсыныстар беру арқылы жүзеге асырылады.»;
10) мынадай мазмұндағы 57-2-баппен толықтырылсын:
«57-2-бап. Қоғамдық тыңдаулар өткізу
1. Қоғамдық тыңдаулардың мынадай:
1) ауыл және орман шаруашылығы, тау-кен өндіру және қайта өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, қалдықтармен жұмыс істеу және экономиканың басқа да салаларында, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тізбеге сәйкес шаруашылық қызметінің түрлері бойынша;
2) су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі және сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғау аймақтарындағы объектілердің орналастырылуы көзделетін;
3) мемлекеттік орман қорының жерлеріндегі объектілердің орналастырылуы көзделетін;
4) мемлекеттік орман қорының жерлеріндегі орманның, оның ішінде елді мекендер шекарасының шеңберіндегі көгалдандыру екпелерінің кесілуі көзделетін;
5) табиғат пайдаланушының ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы және бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағындағы қызметі көзделетін;
6) осы Кодекстің 47-бабы 1-тармағының 1), 6), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері болып табылатын жобалар бойынша өткізілуі міндетті.
2. Жоспарланған қызметтің тапсырыс берушісі (бастамашысы) қоғамдық тыңдауларға қатысу үшін жұртшылықты хабардар ету жөніндегі іс-шараларды өткізуге шарттық негізде қоғамдық бірлестіктерді тартуға құқылы.
3. Жергілікті атқарушы органдар қоғамдық тыңдаулар өткізілгенге дейін күнтізбелік жиырма күн бұрын межеленіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау рәсіміне және интернет-ресурс арқылы, сондай-ақ хабардар етудің өзге де тәсілдерін пайдалана отырып осы қызмет бойынша шешім қабылдау процесіне қатысты экологиялық ақпаратқа ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
4. Қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
11) 94-1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қондырғы операторларына парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлуді;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қондырғы операторларын әкімшілендіруді қамтиды.»;
12) 94-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«94-2-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар
1. Қондырғы операторларының мынадай шығарындылары жылына көміртегі қостотығының жиырма мың тонна баламасынан асатын мынадай: мұнай-газ, электр энергетикасы, тау-кен өндірісі, металлургия, химия, өңдеу сияқты реттелетін қызмет салаларында, құрылыс материалдарын: цемент, әк, гипс және кірпіш өндіру бөлігінде парниктік газдар шығарындыларына квоталар алмастан, қондырғыларды пайдалануына тыйым салынады.
2. Парниктік газдардың шығарындыларына квоталар Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарында көрсетілген көлемге сәйкес ол күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде көміртегі бірліктері мемлекеттік тізіліміндегі қондырғы операторының есебіне жазылады.
3. Қондырғы операторы тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары қолданылатын алғашқы жылдың бірінші сәуіріне дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға расталған парниктік газдар шығарындылары мониторингінің жоспарын және қондырғының верификацияланған паспортын ұсынады.
Парниктік газдар шығарындылары мониторингінің жоспары мен қондырғы паспорты осы тармақта көрсетілген мерзімде ұсынылмаған жағдайда қондырғы операторының есеп-шоты талап етілетін құжаттар ұсынылғанға дейін бұғаттауға жатады.
4. Қондырғы операторы ағымдағы жылдың бірінші сәуіріне дейін Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің
мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларына сәйкес парниктік газдарды түгендеу туралы өткен жылға арналған верификацияланған есепті қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынуға немесе Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрының жүйесінде есептің электрондық нысанын толтыруға міндетті.
5. Қондырғы операторына тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарында белгіленген, сондай-ақ осы Кодекстің 94-4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда алынған парниктік газдар шығарындыларына квоталарды көлемнен асыруға тыйым салынады.
Қондырғы операторы тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына енгізілген бар квоталарды өз қондырғыларының арасында дербес бөлістіруге құқылы.
6. Қондырғы операторы, осы Кодекстің 94-4-бабының 1-тармағына сәйкес берілген квоталарды қоспағанда, квоталар бірліктерін сатуға немесе сатып алуға құқылы.
7. Осы баптың 1-тармағының сақталуын бақылау тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына енгізілген қондырғыларға және Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылу кезеңінде шығарындылары жылына көміртегі қостотығының жиырма мың тонна баламасынан асатын әкімшілендіру субъектілерінің қондырғыларына қатысты ғана жүзеге асырылады.
8. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылу кезеңіне парниктік газдар шығарындыларына берілген квоталар Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидаларына сәйкес өтелуге жатады.»;
13) 94-3-бап алып тасталсын;
14) 94-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«94-4-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту
1. Қондырғы операторы тиісті кезеңге бекітілген тиісті Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарын әзірлеген жылдың басынан және оның қолданылу кезеңінде қондырғының қуаттылығы ұлғайған және (немесе) парниктік газдар шығарындыларының жаңа стационарлық көздері енгізілген жағдайларда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға парниктік газдар шығарындыларына квоталардың қосымша көлемін алу үшін өтініш жасайды.
2. Қондырғының операторы, оның атауы не ұйымдық-құқықтық нысаны ауысқан жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган растаушы құжаттар негізінде, өтініш беруші жүгінген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның парниктік газдар шығарындыларын реттеу жөніндегі ведомстволық бағынысындағы ұйымын тиісті өзгерістер енгізілгендігі туралы хабардар етеді.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның парниктік газдар шығарындыларын реттеу жөніндегі ведомстволық бағынысындағы ұйымы бес жұмыс күні ішінде тиісті өзгерістерді енгізеді.
Парниктік газдардың шығарындылары бойынша міндеттемелер қондырғының жаңа операторына өтеді.
3. Қондырғы операторы таратылған жағдайда парниктік газдар шығарындыларына квоталардың пайдаланылмаған көлемі Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервіне өтеді.
4. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту тәртібі Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидаларына сәйкес айқындалады.»;
15) 94-5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«94-5-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары
1. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары парниктік газдар шығарындыларын қысқарту жөніндегі міндеттемелердің сақталуын қамтамасыз етеді.
Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу және Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталардың белгіленген саны мен көлемінің резервін қалыптастыру қағидаларына сәйкес әзірленеді және тиісті кезеңге бекітіледі.
2. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарында реттелетін қызмет салалары бойынша парниктік газдар шығарындыларына квоталардың жалпы көлемі және қондырғылар үшін бөлінген парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлемімен бірге қондырғылардың тізбесі белгіленеді.
3. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары мыналар:
1) жаңа қондырғылар үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлу;
2) осы Кодекстің 94-4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда қосымша квоталар беру;
3) Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылу кезеңінде пайдаланылуы осы Кодекстің 94-2-бабы 1-тармағының талаптарына түсетін әкімшілік субъектілерінің қондырғылары үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу;
4) парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) парниктік газдарды сіңіруді ұлғайту жөніндегі ішкі жобалар үшін көміртегі бірліктерін беру;
5) аукцион шартымен квоталарды сату үшін квоталар резервінің көлемін қамтиды.
4. Қондырғыларды Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына енгізу және одан шығару Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу және квоталардың Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы белгіленген саны мен көлемінің резервін қалыптастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Квоталар көлемінің резервін басқаруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Осы баптың 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген квоталар көлемінің резерві қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның парниктік газдардың шығарындыларын реттеу жөніндегі ведомстволық бағынысындағы ұйымына сатуды ұйымдастыру үшін беріледі.
Резервтегі парниктік газдарға квоталарды сатудан алынған қаражат мемлекеттік бюджеттің кірісіне түседі.»;
16) 94-6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«94-6-бап. Әкімшілендіру субъектілері
1. Әкімшілендіру субъектілері мынадай: мұнай-газ, электр энергетикасы, тау-кен өндірісі, металлургия, химия, өңдеу сияқты реттелетін қызмет салаларында құрылыс материалдарын: цемент, әк, гипс және кірпіш өндіру бөлігінде парниктік газдар шығарындылары жылына көміртегі қостотығының оннан жиырма мың тоннасына дейін баламасын құрайтын қондырғы операторлары болып табылады.
2. Осы Кодекстің 94-2, 94-4 және 94-11-баптары, осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу субъектілері жүзеге асыратын рәсімдер бөлігінде әкімшілендіру субъектілеріне қолданылмайды.
3. Әкімшілендіру субъектілері ағымдағы жылдың бірінші сәуіріне дейінгі мерзімде Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларына сәйкес өткен жылға арналған парниктік газдарды түгендеу туралы есепті қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады немесе Парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастрының жүйесінде есептің электрондық нысанын толтырады.
Әкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есептері верификациялауға жатпайды.
4. Әкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға қатысу тәртібі парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылу кезеңінде пайдаланылуы осы Кодекстің 94-2-бабы 1-тармағы талаптарына дөп түсетін әкімшілендіру субъектілерінің қондырғылары Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидаларына сәйкес квоталауға жатады.
6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әкімшілендіру субъектілерінің парниктік газдар шығарындыларының көлемін бақылауды жүзеге асырады.»;
17) 94-7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«94-7-бап. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін азайтудың нарықтық тетігі
1. Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін азайтудың нарықтық тетігі:
1) парниктік газдар шығарындыларына квоталар бірліктерінің, шығарындыларды ішкі азайту бірліктерінің саудасын;
2) парниктік газдарды сіңіру бірліктерінің, шығарындыларды сертификатталған азайту бірліктерінің, шығарындыларды азайту бірліктерінің саудасын;
3) парниктік газдар шығарындыларына шектеуі және (немесе) азайтулары бар елдер және олардың заңды тұлғалары арасындағы белгіленген мөлшердегі бірліктердің халықаралық саудасын қамтиды.
2. Көміртегі бірліктерін сатуды және сатып алуды:
қондырғы операторлары;
парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктерді іске асыруға қатысатын жеке және заңды тұлғалар;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның парниктік газдардың шығарындыларын реттеу жөніндегі ведомстволық бағынысындағы ұйымы жүзеге асырады.
3. Квоталар бірліктерін, парниктік газдарды сіңіру бірліктерін, шығарындыларды сертификатталған азайту бірліктерін, шығарындыларды азайту бірліктерін, шығарындыларды ішкі азайту бірліктерін сату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауар биржаларында жүргізіледі.
Қондырғы операторы квоталарды мәміле жасалған күнгі квотаның биржалық белгіленім деңгейінен төмен емес бағамен сатып алу-сату шарты бойынша тікелей сату (сатып алу) арқылы өткізуге құқылы.
Қондырғы операторы квоталарды тікелей сату-сатып алуды жүргізудің қорытындысы бойынша мәліметтерді мәміле жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға беруге міндетті.»;
18) 94-8-бапта «табиғатты пайдаланушыларға» деген сөздер «қондырғы операторларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 94-9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«94-9-бап. Көміртегі бірліктерінің саудасына қойылатын талаптар
1. Парниктік газдар шығарындыларына квоталардың сауда жүйесіне енгізілген көміртегі бірліктері Парниктік газдар шығарындыларына квоталардың және көміртегі бірліктерінің саудасы қағидаларына сәйкес ішкі сауда нарығында айналымда болады.
2. Сертификатталған азайту бірліктері және шығарындыларды азайту бірліктері ішкі және халықаралық сауданың мақсаттарында пайдаланылуы және мемлекеттік белгіленген мөлшердегі есепке алу жүйесінен басқа елдердің есепке алу жүйесіне өтуімен қамтамасыз етілуі мүмкін.
3. Көміртегі бірлігі тауар болып табылады.
4. Квоталар бірліктері тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылуы шегінде бір есепті жылдан басқа есепті жылға көшірілуі мүмкін.
Пайдаланылмаған квоталар бірліктерінің көлемі келесі Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына көшірілмейді және Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервіне қайтарылуға жатады.»;
20) 94-10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«94-10-бап. Парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) сіңірулерді ұлғайту жөніндегі ішкі жобалар
1. Парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) сіңірулерді ұлғайту жөніндегі ішкі жобаларды Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Бұл ретте, парниктік газдар шығарындыларын квоталау жөніндегі талаптардың қолданысына түсетін қондырғыларға қатысты парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобалар жүзеге асырыла алмайды.
2. Парниктік газдар шығарындыларын азайту және сіңірулерді ұлғайту жөніндегі ішкі жобалар экономиканың мынадай салаларында:
1) тау-кен өндіруде және металлургияда (шахталық метанды кәдеге жарату жобалары бөлігінде);
2) ауыл шаруашылығында;
3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта;
4) орманды және далалы аумақтарды көгалдандыруда;
5) жердің тозуының алдын алуда;
6) жаңартылатын энергия көздерінде;
7) коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеуде;
8) көлікте;
9) энергия тиімді жұмсалатын құрылыста;
10) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруда іске асырылуы мүмкін.
3. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды қарауға және мақұлдауға, есепке алуға, есептілік пен мониторингке дайындау қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
21) 94-11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«94-11-бап. Парниктік газдар шығарындылары мониторингінің рәсімі
1. Қондырғы операторы тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылу кезеңіне квоталанатын қондырғының орындалуға міндетті парниктік газдар шығарындылары мониторингінің жоспарын әзірлейді.
2. Парниктік газдар шығарындылары мониторингінің жоспары валидациялауға жатады.
3. Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі жоқ болған жағдайда, қондырғы операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісуге жататын өзінің әдістемесін әзірлеуге құқылы.»;
22) 112-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган;»;
23) 158-3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның парниктік газдарды реттеу жөніндегі ведомстволық бағынысындағы ұйымы қалыптастырады және жүргізеді.»;
24) 158-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«158-4-бап. Валидация және верификация
1. Валидация және верификация жөніндегі органдарды аккредиттеу Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Валидация және верификация жөніндегі орган валидацияның және верификацияның дұрыстығы үшін жауаптылықта болады.
3. Парниктік газдарды түгендеу туралы жыл сайынғы есепті, мониторинг жоспарын және қондырғы паспортын қондырғы операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша ұсынады.
Валидация және верификация қондырғы операторының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4. Парниктік газдар шығарындыларын азайтудың және сіңірудің сол бір жобасының валидациясын және верификациясын валидация және верификация жөніндегі сол бір орган жүргізе алмайды.
5. Валидация және верификация, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, техникалық реттеу және ортақ өлшемдерді қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекіткен ұлттық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.»;
25) 160 және 161-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«160-бап. Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімі
1. Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімі – ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүргізетін, ашық қолжетімді түрде орналастырылған эмиссияның жай-күйі және қоршаған ортаның ластануы туралы құрылымдалған дерекқор.
2. І санаттағы объектілері бар табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидаларына сәйкес жыл сайын 1 сәуірге дейін өткен жылға арналған ақпаратты ұсынады.
3. Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімі ластауыш заттардың шекті жол берілетін шоғырлануы, олардың денсаулыққа және қоршаған ортаға әсері туралы ақпаратты, сондай-ақ ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдары бойынша басқа да ғылыми негізделген ақпаратты және табиғат пайдаланушылар туралы ақпаратты қамтиды.
Табиғат пайдаланушылар туралы ақпарат:
1) табиғат пайдаланушының атауын, мекенжайын және қызмет түрін;
2) берілген экологиялық рұқсаттың электрондық нұсқасын;
3) қоршаған ортаға эмиссиялардың көлемі бойынша ақпаратты;
4) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасының және экологиялық мониторинг есептерінің, қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарының электрондық нұсқасын;
5) мемлекеттік экологиялық бақылаудың тексеру нәтижелерін;
6) бюджетке қоршаған ортаға эмиссиялар үшін, оның ішінде белгіленген нормативтерден тыс міндетті төлемақылар туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
161-бап. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры
1. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды қоршаған ортаның және оның объектілерінің жай-күйі, қоршаған ортаға әсер ету факторлары туралы, оны қорғау, қоршаған ортаның ластануының алдын алу және оны азайту бойынша қолданылатын шаралар, табиғи ресурстарды пайдалану туралы дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
2. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы ұйым жүзеге асырады және экологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, талдау, ғылыми-зерттеу, ұсыну, тарату, халықты және табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері жөнінде ағарту бойынша іс-шараларды қамтиды.
3. Мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорына ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен ұсынады.
4. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорының құрамына:
1) табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастры;
2) қоршаған ортаның ластану учаскелерін мемлекеттік есепке алу;
3) өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастры;
4) табиғат пайдаланушылардың және қоршаған ортаны ластау көздерінің мемлекеттік тізілімі;
5) озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастры;
6) ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тiркелiмi;
7) қоршаған ортаға әсердi бағалау және мемлекеттiк экологиялық сараптама материалдары;
8) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер және нормативтiк-техникалық құжаттар;
9) қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды пайдалануға байланысты ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды орындау туралы есептер;
10) Қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану туралы ұлттық баяндама;
11) Ұлттық экологиялық атлас;
12) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы бақылау-инспекциялық және құқық қолдану қызметінің нәтижелері бойынша есептер;
13) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасы және экологиялық мониторинг есептері;
14) мемлекеттiк экологиялық мониторингтің деректері;
15) экология саласындағы ғылыми-техникалық әдебиет;
16) қоршаған ортаның жай-күйі туралы және табиғи ресурстарды пайдалану, қоршаған ортаға әсер етудің факторлары және оны қорғау бойынша қолданылатын шаралар туралы ақпарат;
17) экологиялық ақпаратты қамтитын өзге де материалдар мен құжаттар кіреді.»;
26) 163-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жергілікті атқарушы орган жыл сайын жылдың 1 мамырына дейін өзінің интернет-ресурсында өткен жылға арналған:
қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақылардан бюджетке түсетін түсімдер;
қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларға бюджет шығыстары туралы ақпаратты орналастырады.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жыл сайын жылдың 1 мамырына дейін өзінің интернет-ресурсында өткен жылға арналған:
қоршаған ортаға залалды өтеуден бюджетке түсетін түсімдер;
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдардан бюджетке түсетін түсімдер туралы ақпаратты орналастырады.»;
27) мынадай мазмұндағы 166-1-баппен толықтырылсын:
«166-1-бап. Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама
1. Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама Қазақстан Республикасының аумағындағы нақты экологиялық жағдайлар және оны жақсарту бойынша қолданылатын шаралар туралы халықты жыл сайын ақпараттандыру мақсатында жасалады.
2. Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндамада мынадай:
1) қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың сандық және сапалық сипаттамалары туралы;
2) негізгі қоғамдық маңызы бар экологиялық проблемаларды қоса алғанда, қоршаған ортаға тигізетін антропогендік әсерлер туралы;
3) өңірлердегі экологиялық хал-ахуал туралы;
4) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша мәліметтер көрініс табады.
3. Орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы жасау үшін ақпарат ұсынады.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар ұсынған ақпараттар негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген Қағидаларға сәйкес Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы әзірлеуді ұйымдастырады.»;
28) 314-1-бап алып тасталсын;
29) 324-бап мынадай мазмұндағы жаңа 9, 10 және 11-тармақтармен толықтырылсын:
«9. Осы Кодекстің 94-2-бабының 2-тармағына және 94-5-бабына сәйкес парниктік газдар шығарындыларына бөлінген және берілген квоталар 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
10. Парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есепті верификациялауды валидацияны (детерминацияны) және верификацияны жүзеге асыратын аккредиттелген тәуелсіз ұйымдар 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырады.
11. Осы Кодекстің 94-2 (6-тармақтан басқасы), 94-4, 94-7, 94-9-баптарының қолданысы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.».
2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 2I-I, 124-құжат; № 2I-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат):
541-бап мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын:
«талапкерлер (арыз берушілер) – қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау туралы, оның ішінде белгіленбеген тұлғалар тобының мүдделеріндегі талап қоюлар (арыздар) бойынша;».
3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат):
1) мазмұнында:
329 және 330-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«329-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квотаның белгіленген және қосымша алынған көлемінен асып кету
330-бап. Валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың, аккредиттелген органдардың верификация және валидация туралы анық емес деректерді ұсынуы»;
мынадай мазмұндағы 919-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«919-1-бап. Осы Кодекстің бабының қолданысын тоқтата тұру»;
2) 329-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«329-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квотаның белгіленген және қосымша алынған көлемінен асып кету
Парниктік газдар шығарындыларына квотаның белгіленген және қосымша алынған көлемінен асып кету – қондырғы операторларына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сатып алынған квоталар бірліктерімен және (немесе) жобаларды іске асыру нәтижесінде алынған көміртегі бірліктерімен өтелмеген, квотаның белгіленген көлемінен асатын әрбір бірлігі үшін бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) 330-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«330-бап. Валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың, аккредиттелген органдардың верификация және валидация туралы дұрыс емес деректерді ұсынуы
Валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың, аккредиттелген органдардың верификация және валидация туралы дұрыс емес деректерді ұсынуы – аккредиттеу туралы аттестаттың немесе аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
4) мынадай мазмұндағы 919-1-баппен толықтырылсын:
«919-1-бап. Осы Кодекстің бабының қолданысын тоқтата тұру
Осы Кодекстің 329-бабының қолданысы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.».
2-бап. Осы Заң, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 2-тармағын, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 1-тармағы 12) тармақшасының үшінші-алтыншы, сегізінші-он екінші абзацтарын, 14), 17) және 19) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы 8 сәуір
№ 491-V ҚРЗ
АСТАНА. ҚазАқпарат – 23 сәуірде Астанада экологиялық айлық пен жалпықалалық сенбіліктер басталады. Бұл туралы бүгін Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында айтылды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Отырыс барысында елорданың сыртқы келбетіне қатысты мәселелер көтеріліп, осы бағыттағы жұмыстар айтулы даталарға орайластырумен ғана шектелмеуі тиіс екендігі атап өтілді.
Астанада халық пен бизнестің белсенді қатысуымен «таза бейсенбі» шаралары, экологиялық полициямен бірге рейдтер тұрақты түрде өткізілуі керек.
Бұл ретте әрбір қала тұрғыны, әрбір кәсіпкер немесе ұйым елорданы абаттандыруға қатысты екендігін сезінуі керек.
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Елбасының Вашингтон қаласында Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысуы барысында Қазақстан мен АҚШ-тың ядролық қауіпсіздік және таратпау саласындағы
ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемесі қабылданды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Құжатта тараптар екі мемлекеттің ядролық материалдарды сақтау қауіпсіздігін арттыру үшін қабылдап жатқан нақты кешенді шараларын атады және осы салада іс жүзіндегі өзара ықпалдастықты жалғастыруға деген ортақ ұстанымды растады.
***
Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының ядролық қару таратпау және ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемесі
(Вашингтон, 2016 жылғы 31 наурыз)
Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары ядролық қаруды таратпау және ядролық қауіпсіздікті нығайту режимін нығайту жөніндегі нақты шараларды жүзеге асырудағы бірлескен ұстанымдарын растады.
Америка Құрама Штаттары Қазақстан Республикасының ядролық қауіпсіздікті нығайту, сондай-ақ Вашингтон, Сеул және Гаага саммиттерінің ядролық қауіпсіздік қатысты шешімдерін іске асыру жөніндегі күш-жігерін құптайды.
Осыған орай, тараптар Қазақстанның Ядролық физика институтында ВВР-К зерттеу реакторын оның критикалық құрылымдарын конверсиялаудан кейін аз байытылған уранға (АБУ) негізделген отынға ауыстыруды жуырда аяқтағанын қанағаттанушылықпен атап өтті.
Бұдан басқа, тараптар Қазақстандағы ВВР-К реакторының бүкіл жоғары байытылған уран (ЖБУ) отыны ядролық отын өндіретін қазақстандық кәсіпорында материал қосып сұйылту арқылы сәтті түрде жойылғандығын жариялайды, сондай-ақ Қазақстанның құрамында ЖБУ бар пайдаланылған отын қалдығын Ресей Федерациясына тезірек қайтару жөніндегі міндеттемесін ескере отырып, Ядролық физика институтындағы ЖБУ қоры осылайша түгел жойылатынын атап өтеді.
Тараптар Қазақстанның жарамды АБУ отыны қолжетімді болғанда ИВГ.1М және ИГР реакторларын АБУ отынына ауыстыру және оларды конверсиялау аяқталғаннан кейін пайдаланылған ЖБУ отынын осы зерттеу реакторларынан Ресейге қайтару жөніндегі айнымас ұстанымын құптайды.
Тараптар сезімтал ядролық материалдар пайдаланылмайтын жаңа технологияларды техникалық жағынан мүмкін болатын, экономикалық тұрғыдан тиімді болатын тұстарда енгізу жөніндегі ядролық сала ұмтылысын қолдайды.
Бұған қоса, тараптар Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығын құру ісіне бірлескен күш-жігер жұмсалып отырғанын қанағаттанушылықпен атап өтеді. Орталық ядролық қаруды таратпау саласында материалдарды қорғау, бақылау және есепке алу тренингтерін, ядролық және басқа да радиоактивтік материалдардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл тренингтерін өткізетін болады. Орталық құрылысы 2015 жылдың соңында басталды, ол 2016 жылдың аяғына дейін пайдалануға берілетін болады.
Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары нысандар күзетін, қорларды басқару жүйелерін, сақтау нысандарының және материал тасымалдау қауіпсіздігін, кибер қауіпсіздікті қамтамасыз ету күштері үшін тренинг өткізу жөніндегі бірлескен жұмысқа және ядролық материалдарды анықтаудың жаһандық архитектурасын нығайту жолындағы ынтымақтастыққа бұдан әрі де бекем бола беретіндігін мәлімдейді.
Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары ядролық қауіпсіздік пен ядролық қаруды таратпау режимін нығайту мәселелері бойынша тараптардың қазіргі өзара іс-қимылын күшейтуді жалғастырудың маңыздылығын атай отырып, Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиттерге зор мән береді.
Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан мен Еуропалық одақтың ынтымақтастығы мәселелерін талқылады.
Мемлекет басшысы Еуроодақ Қазақстанның сыртқы саясатындағы маңызды вектордың бірі екенін және сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың басымдығы бар бағыты болып саналатынын айтты. Қазақстан Президенті еліміздің сыртқы сауда айналымының жартысынан астамы Еуроодақтың үлесіне тиетініне назар аударды.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев осы айда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Еуропалық одақпен арадағы кеңейтілген және стратегиялық серіктестік туралы келісімді ратификациялағанын айтып, бұл оқиға тараптардың ынтымақтастығын жаңа сапалы деңгейге көтеретініне сенім білдірді.
Д.Туск Қазақстан мен Еуроодақтың тығыз серіктестігі әлемдік экономикадағы дағдарыс үрдістеріне қарамастан нығая береді деп үміттенетінін айтты.
Сонымен қатар, тараптар кездесу барысында күн тәртібіндегі халықаралық мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, Украинадағы және Ауғанстандағы ахуал, терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.
АСТАНА. ҚазАқпарат – VI шақырылымдағы Парламент Мәжілісіндегі үш партия атынан және Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған депутаттардың аты-жөні белгілі болды.
Еске сала кетейік, сайлау қорытындысы бойынша «Нұр Отан» партиясы сайлаушылардың 82,2% дауысын жинап, Мәжілістегі 84 орынға ие болған еді. Сонымен, 84 депутаттың аты-жөндері мыналар:
М.Айсина; З.Аманжолова; И.Аронова; С.Ахметов; Б.Әбдірайым; Н.Әбдіров; М.Әшімбаев; А.Базарбаев; З.Балиева; Е.Бектұрғанов; А.Бектұрғанов; Г.Бижанова; М.Бопазов; С.Бычкова; А.Дәуренбаев; Н.Дулатбеков; Ж.Дүйсебаев; С.Дьяченко; А.Ералиев; К.Ержан; М.Ерман; Б.Ертаев; К.Жабағиев; А.Жайылғанова; Қ.Жақыпов; А.Жамалов; Ж.Жарасов; Б.Жылқышиев; С.Звольский; Г.Иксанова; С.Имашева; Г.Исимбаева; П.Казанцев; Ф.Қаратаев; Б.Кесебаева; И.Клименко; Е.Козлов; У.Қайназаров; С.Қаныбеков; К.Қаракен; Г.Қарағұсова; А.Қожахметов; А.Құрманова; С.Құсайынов; Б.Мамыраев; М.Махамбетов; Б.Макен; К.Мусин; Қ.Мұсырман; А.Нұркина; Ж.Нұрманбетова; В.Олейник; Ж.Омарбекова; С.Омаров; Б.Оспанов; О.Өксікбаев; С.Өтебаев; Ш.Өтемісов; А.Платонов; М.Пшембаев; Н.Сабильянов; А.Сапарова; С.Сейдуманов; С.Симонов; Р.Скляр; Б.Смағұл; А.Смағұлов; А.Суслов; Қ.Сұлтанов; А.Тасболатов; М.Теміржанов; Б.Тілеухан; М.Тінікеев; И.Үнжақова; С.Үмбетов; Б.Хаменова; Т.Хитуов; М.Чирков; П.Шарапаев; Г.Шиповских; О.Шишигина; Г.Щегельский; Б.Ізмұхамбетов; Т.Яковлева.
«Ақ жол» демократиялық партиясының Орталық кеңесінің пленумында ҚР Парламенті Мәжілісінің алтыншы шақырылымдағы депутаттары сайлауының қорытындысы талқыланып, депутаттардың мандаттары бекітілді. Айта кетейік, сайлауда «Ақ жол» партиясы үшін 540 406 (7,18 пайыз) адам дауыс берді.
Мәжіліс депутаттарының мандаттары төменгі кандидаттарға сеніп тапсырылды:
К. Әбсәтіров; Е. Барлыбаев; Б. Дүйсембинов; Д. Еспаева; М.Қазбекова; Е. Никитинская; А. Перуашев.
Ал Қазақстан коммунистік халық партиясына 537 123 адам дауыс берді немесе сайлаушылардың 7,14 пайызы таңдауын жасады. Бүгін партия пленумында бекітілген жеті депутаттың аты-жөндері:
Ж. Ахметбеков; Г. Баймаханова; А. Қоңыров; В.Косарев; М. Магеррамов; И. Смирнова; Т. Сыздықов.
Мұнымен қоса, 22 наурыз күні Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан ҚР Парламенті Мәжілісіне сайланған депутаттардың аты-жөнін жария етті.
ҚХА атынан Мәжіліске сайланған депутаттар:
С. Абдрахманов; В.Божко; Н. Жұмаділдаева; Р. Ким; Н. Микаелян; А. Мурадов; Ш. Нурумов; Ю. Тимощенко; Ш. Хахазов.
Сонымен, Орталық сайлау комиссиясы соңғы екі айға созылған елдегі сайлау науқанын аяқталғанын мәлім етті. Енді Мәжіліске өткен 107 депутат өз жұмыстарына кіріседі.