АСТАНА. ҚазАқпарат – 2030 жылға қарай елімізде электр энергиясын өндіру 130-175 млрд кВт жетеді деп болжанады. Бүгін Астанада Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен өтіп жатқан ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің төртінші отырысында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осылай мәлім етті. Кеңес барысында Қазақстанның Париж климаттық келісімін іске асыру тетіктері талқыланған болатын.
Министрдің келтірген мәліметіне қарағанда, 2015 жылы елімізде электростансалардан 91 млрд кВт электр энергиясы өндірілген. 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш елімізде 130-175 млрд кВт-қа жетеді деп болжанады. «Біздің пікірімізше, электр энергиясын өндіруді арттыру парниктік газдар шығарындыларының артуына соқтырмауы тиіс. Бұл ретте бірқатар шараларды уақытылы қабылдау қажет. Біріншіден, жаңа технологияларды енгізуді жаңғырту. Екіншіден, энергостансалардағы жаңартылатын энергия көздері мен газды генераторлар үлесін арттыру қажет. Үшіншіден, энергияқамтымдылық пен электр энергиясын «жоғалтуды» төмендету», – деді Қ. Бозымбаев.
Дерек көзі: www.inform.kz
Телекөпір кезінде Елбасының қатысуымен іске қосылған 8 жобаның қатарында Батыс Қазақстан облысындағы мотор майы мен бензин өндіру кешені де бар. Жаңа нысанда экологиялық жағынан таза өнім саналатын «Еуро-5» жанармайы өндірілмек. Экокласты отын өндірісінің нәтижесінде өңірге сырттан тасылатын мұнай өнімдерінің көлемі азаймақ. 400 адам жұмыспен қамтылады. Бірінші кезеңде жылына 200 мың тонна жоғары октанды этилсіз «К-5» бензині өндіріледі. Ал екінші іске қосу кешені аясында экологиялық таза дизель отыны шығарылмақ. Екі жыл бұрын республикалық индустрияландыру картасына енген тың жобаның жалпы құны – 45 миллиард 300 миллион теңге. Аталған қаржының 60 пайызын Қазақстан даму банкі бөліп отыр. Қалғаны «Конденсат» компаниясының өз есебінен жүзеге асты. Сырым Қожантаев, кәсіпорынның ағымдық жоспарлау жөніндегі инженері: – Қазіргі таңда іске қосу жұмыстары жүріп жатыр. Барлық құрал-жабдықтар АҚШ және Франция мемлекеттерінен алдырылған болатын. Қазіргі таңда зауытымызда 400-ден астам адам жұмыс жасауда. Жаңа мамандарды даярлау үшін өзімізде оқу орталығын аштық. Жас мамандарды даярлау үшін шетелден мамандар алдырып оқыттық. Мемлекет басшысы аталған зауыттың маңызы зор екенін, осы арқылы жас мамандардың өмір сапасының арта түсуіне қолайлы мүмкіндік туатындығын атап өтті. Компания әркез кадрлардың біліктілігін көтеруге күш салатын болады және шетелден мамандар тартылмайды. Экокласты бензин шығаратын өндіріс ошағы Қарашығанақ мұнайгаз кенішінде салынып отыр. Қондырғыларының дені АҚШ пен Франция елінен әкелінген. Кешен жылына 200 мың тонна жоғары сапалы бензин өндіруге қауқарлы. Валерий Жүнісов, «Конденсат»компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы: – Кедендік одақ пен қазіргі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер 5 сыныпты бензинді қолдануға біржола көшті. Қазақстан бұған енді ғана кірісіп жатыр. Біздің міндетіміз – Батыс Қазақстан мен көршілес облыстарды сапа стандартына сай өніммен қамтамасыз ету. Қазірдің өзінде біз ресейлік өндірушілермен бәсекелестікке дайынбыз деп ойлаймын. Шығындардың өтелу мерзімі – 8 жыл. Осы арқылы Қарашығанақ кен орнында шикізатты терең өңдеу өндірісі өрістеп, сәйкесінше, дайын өнімді сыртқы нарықта саудалау көзделіп отыр. Импорт көлемі азайып, жоғары октанды бензин отынын өндіруге қол жеткізіледі. Бірегей жоба аясында келешекте вакуумды газ бен бутон шығару да жоспарда бар.
Источник: www.24.kz
Қазақстан Республикасы Мәжілісінде а.ж. 24 маусымдаҚазақстан Республикасы Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Г.А. Щегельскийдің төрағалығымен 1. «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамының» 74 және 75 қадамдарының орындалу барысы туралы» және 2. «Қазақстанның мұнай-газ секторының даму проблемалары мен перспективалары» мәселесі бойынша Парламенттік тыңдаудың ұсыныстарын орындау туралы» тақырыптарына дөңгелек үстел өтті.
1. Дөңгелек үстел барысында Ә.М. Мағауов Ұлт жоспарының 74 және 75 қадамдарының және Қазақстанның мұнай-газ секторының даму проблемалары мен перспективалары» мәселесі бойынша Парламенттік тыңдаудың ұсыныстарының іске асырылуы туралы мәлімдеді.
Бұл ретте, «Көмірсутекті шикізат қоры бойынша есептілік стандарттарының халықаралық жүйесін енгізу»74 қадамды іске асыру шеңберінде қазіргі әлемдегі қорларды есепке алу жүйелерінің талдауы негізінде мақсатты үлгі анықталды –көпшілікке танылған SPE әзірленген (Society of Petroleum Engineers, Инженер-мұнайшылар қоғамдастығы) PRMS жүйесі (Petroleum Resources Management System, Мұнай ресурстарын басқару жүйесі).
Талдаудың қорытындысы бойынша 2017 жылы қорларды есептеудің халықаралық жүйесін (қазақстандық жүйені үйлестіру) енгізу бойынша нақты заңнамалық ұсыныстар шығарылатын болады.
«Пайдалы қазбалардың барлық түрлері үшін үздік әлемдік тәжірибені пайдалана отырып, келісімдер жасасудың оңтайландырылған әдісін енгізу»75 қадамын іске асыру «Жер қойнауы және жер қойнауы пайдалану туралы» Кодекс жобасын әзірплеу бойынша Энергетика министрлігінің Жұмыс тобы шеңберінде жүргізілуде.
2. «Қазақстанның мұнай-газ секторының даму проблемалары мен перспективалары» мәселесі бойынша Парламенттік тыңдаудың ұсыныстарын іске асыру шеңберінде Вице-министр Ә.М. Мағауов мұнай-газ секторыныңсалық және әкімшілік жүктемені төмендету,геология және ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы дамуы, мұнай өнімдерінің ішкі нарығын реттеу, газ саласын дамыту, мұнай өндіруші секторының ғылыми-технологиялық дамуы, технологиялар трансферті, жергілікті қамту және ДСҰ және ғылымикадрларды дайындау бойынша Ұлттық экономика, Инвестициялар және даму, Білім және ғылым министрліктермен, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бірлескен өткізілген іс-шаралар туралы түсіндірді.
Парламент Мәжілісі депутаттарымен Энергетика министрлігінің Парламенттік тыңдаудың ұсыныстарын іске асыру жөнінде жұмысына оң баға берілді.
Дерек көзі: www.energo.gov.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Маусым айында толассыз жауған жаңбыр Алматы тұрғындарын біраз әбігерге салды. Қала көшелерінің барлығы дерлік суға толып, арық жүйелері мол су өткізуге қауқарсыз екенін көрсетті. Қазірдің өзінде тау бөктерінде орналасқан 70 үй мен 50-ге жуық нысанды су алып кету қаупі бар. Сондықтан коммуналдық шаруашылық қызметкерлері бүгінде Есентай және Қарасу өзендерінің арнасын кеңейтіп, қауіпті деген жерлерді нығайтып жатыр.
Бұл туралы 24.kz хабарлап отыр.
Қала аумағы арқылы жалпы ұзындығы 200 шақырым болатын 28 өзен ағып жатыр. Олардың арнасын жөндеу жұмыстары өткен ғасырдың 60 жылдары басталған. Әлі күнге дейін жалғасуда. Қазір Жетісу ауданында Есентай өзенінің 4,5 шақырымы, ал Түрксіб ауданында Қарасу өзенінің 4 шақырымы жөнделуде.
«Жалпы Алматы қаласы бойынша 2014-2015 жылы қосылған жерлер бар. Солардың бәрін қосқанда 320 километрден астам өзен арналары бар. Алматы қаласы әкішілігі осы 2007-2015 жылдар аралығынада 120 километрден астам жерді осылай қайта жаңғырту, нығайту жұмыстарын жүргізген. Қауіпті-қауіпті жерлер бар. 30 шақырымдай жерді құрайды. Оның барлығы қай жерде екені белгіленген», – дейді қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану, реттеу басқармасының бөлім басшысы Айдын Темешев.
Дерек көзі: www.ibform.kz
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ауа сапасын бағалауға арналған экологиялық бекеттер жетіспейді. Бұл туралы бүгін Алматы әкімдігінде қала экологиясы мәселесіне арналған отырыста «Қазгидромет» РМК бас директоры Айбек Меңдіғарин мәлім етті. Отырысқа Алматы әкімі Бауыржан Байбек және ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев қатысты.
Өз сөзінде А. Меңдіғарин «Қазгидромет» РМК Алматы филиалы ауа сапасына 16 стационарлық бекет арқылы мониторинг жасалатындығын айтты. Олардың ішінде 11 бекет автоматты түрде, ал қалған 5 бекет қолмен басқарылады.
Өлшеу жұмыстары тәулігіне 3-4 рет жүргізіледі. Кейін филиалдың зертханаларында сараптама жасалады.
Мониторинг қаланың Наурызбай ауданынан басқа аудандардың барлығын қамтиды.
Сонымен қатар, жылжымалы зертхананың көмегімен де қаланың белгіленген 10 нүктесінде мониторинг жүргізіледі. Алынған ақпараттардың барлығы өңделіп, ресми сайтта ай сайынғы бюллетенде жарияланады.
«2014 жылы «Қазгидромет» ауа сапасын бағалаудың жаңа жүйесін енгізді. Бұл әдістеме ауаның ластану деңгейі бойынша шынайы деректер алуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда сол әдістеменің деректеріне сүйенсек, Алматы қаласының ауасы жоғары дәрежеде ластанған. Стандарттық көрсеткіші – 3,1», – деді А. Меңдіғарин.
Сонымен қатар, «Қазгидромет» басшысы сөз соңында қалада экологиялық бекеттердің жетіспей жатқандығын атап өтті.
«Алматыда 1,7 млн. адам тұрады. Ағымдағы нормаға сәйкес, 50 мың адамға 1 экологиялық бекеттен келеді. Яғни, Алматыдағы ауа сапасына шынайы баға беру үшін 33 экологиялық бекет қажет. Ал бізде бар болғаны 16 бекет бар. Оның өзінде 5 бекет қолмен басқарылады. Сол үшін бізге қосымша бекеттер өте қажет», – деді ол.
Дерек көзі: www.inform.kz
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Алматы әкімдігінде қала басшысы Бауыржан Байбектің төрағалығымен Алматының экологиясын жақсарту мәселесі бойынша қала активінің отырысы болып өтті. Оған ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, сондай-ақ, қалалық және аумақтық мемлекеттік органдардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Отырыс барысында Қанат Алдабергенұлы қалада экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында өзінің бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.
Министрдің айтуынша, Алматыда ауаның ластануынан басқа, тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасу, өңдеу жұмыстарын ұйымдастыру да өзекті мәселеге айналған. Оларды қайта өңдеу бойынша базалық көрсеткіш 7 пайызға әлі жетпеген.
«Алматыда қоқыс өңдеуші кешендерді салу жұмыстарын күшейту қажет. Бұл жағынан сіздерде тәжірибе бар. Кезінде осы бағытта швед технологиясы бойынша жұмыс істейтін зауыт құрылды», – деді Қ. Бозымбаев.
Ол сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдарды тұрмыстық қатты қалдықтарды азайту жағын қолдауға шақырды. Өйткені, бұл экологиялық кодексте көрсетілген.
«2019 жылдан бастап, Қазақстанда алдын ала өңдеу жұмыстарынсыз, тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге тыйым салынады. Сондықтан, қоқыстарды сұрыптауды қазірден бастау қажет. 2017 жылдан бастап, бұл бағдарлама кезең-кезеңмен енгізіледі. Әрине, бұл жерде тұрғындар арасында қоқыстарды сұрыптау мәдениетін қалыптастыруымыз керек», – деді министр.
Бұдан басқа ол Қазақстанда жергілікті атқарушы билік органдарын экологиялық мәселелерді шешуге белсенді түрде тарту қажеттігін атап өтті. Бұл үшін қоршаған ортаның ахуалына қатысты әрбір өңір үшін өз алдына бөлек мақсаттық көрсеткіштер әзірлеу керек.
«Алматыға қойылатын талап үлкен. Сол үшін бұл бағытта бірлесе жұмыс істейік. Бұл үшін алдымен экологиялық ахуалды жақсартуға арналған ұзақ мерзімді бағдарлама әзірлеп алу керек деп санаймын», – деді Қ. Бозымбаев.
Айта кетелік, Алматыда автокөліктердің көбеюі әуе бассейнінің тым ластануына әкеп соғуда. Бұл жерде автокөліктердің үлесі – 80 пайызды құрайды. Жыл сайын Алматының ауасына – 285 мың тонна зиянды қалдықтар шығарылады.
Источник: www.inform.kz
24.06.2016 жылы Алматы қаласының әкімдігіне энергетика министрі Қанат Бозумбаев және қала әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен қала экологиясы мәселелері бойынша отырыс болып өтті. Атап айтқанда, қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) кәдеге жарату мәселелері талқыға салынды.
Қазақстанның ең ірі мегаполисінде жыл сайын 700 мың тоннадан астам ҚТҚ түзіледі. Осыған байланысты қалада қоқыс өңдеу кәсіпорнын салу қажеттілігі мәселесі шиеленісіп тұр.
– 2019 жылдан бастап белгілі түрлерін алдын ала өңдеместен ҚТҚ көмуге тыйым салу нормасы енгізіледі. Осы мақсатта 2017 жылдан бастап қалдықтарды жеке жинау мен сәйкес инфрақұрылым құру арқылы кезеңдер бойынша енгізу басталады. Экологиялық кодексте ҚТҚ қалыптасу көлемін азайтуға ынталандыру бабы қарастырылған, оны жергілікті билік органдары жүзеге асыруы керек, себебі аталған саланың бастапқы кезеңдегі дамуы мемлекет қолдауысыз мүмкін болмайды, оның біздің тәжірибеміз растап отыр, – деп айтып кетті энергетика министрі Қанат Бозумбаев.
Ведомство басшысының сөзіне сәйкес, энергетика министрлігі Экологиялық кодекске нарық субъектілеріне ұлттық стандарттар белгілеу және қатты тұрмыстық қалдықтардың негізгі түрлерімен жұмыс жасау тәртібін белгілеу арқылы екінші шикізаттар айналымының өркениетті нарығын қалыптастыруды ынталандыру бойынша толықтырулар енгізген.
Аталған кешенді шаралар ел аймақтарында ҚТҚ жеке жинауды, өңдеу және кәдеге жарату бойынша шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік береді.
Энергетика министрлігінде саланы дамыту бойынша ұйымдастыру шаралары басталған. Қарағандыда халықаралық ұйымдардың, бизнес-ассоциациялардың, қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен конференция сәтті өткен. Осыған ұқсас семинарларды барлық аймақтарда өткізу жоспарланған.
Дерек көзі: www.energo.gov.kz
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қатысты, оның ішінде сауда-экономикалық, инвестициялық, отын-энергетикалық, транзит-көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы кең ауқымды мәселелерді талқылады.
Сондай-ақ мемлекеттер басшылары екі елдің Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы өзара іс-қимылының негізгі бағыттарын қарастырып, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар жайттар жөнінде пікір алмасты.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинді Қытай коммунистік партиясының құрылғанына 95 жыл толуымен құттықтады. Партияның көшбасшылығымен Қытай халқы бүгінгідей биіктерге жетіп, елді әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің қатарына қосу міндетін алға қойып отырғанын атап өтті.
Си Цзиньпин тәуелсіздік жылдары Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен әлемдік саяси үдерістерге белсене қатысып, егеменді даму мен әлеуметтік-экономикалық реформалар жолында елеулі табыстарға жеткенін атап өтті. Сондай-ақ ҚХР төрағасы Қазақстанның Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі бастамасына қолдау білдірді.
Әңгімелесу барысында тараптар көлік және коммуникация саласындағы екіжақты ынтымақтастық әлеуетінің жоғары екеніне назар аударып, «Нұрлы жол» және «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бағдарламаларының бір-бірін өзара толықтырып тұратынына тоқталып өтті. Сондай-ақ екі ел аумағы арқылы өтетін көлік дәліздерін одан әрі нығайту және дамыту қажеттігі айтылды.
Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымын жаңа сапалы деңгейге көтеріп, оның көлемін ұлғайтуға ниетті екендіктерін білдірді. Екі мемлекеттің көшбасшылары агроөнеркәсіп саласындағы ұзақ мерзімге арналған серіктестікті одан әрі нығайту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.
Дерек көзі: www.vk.com
«Мұнай саласын қолдау бойынша көзделген шаралардың нәтижесінде мұнай өндіру көлемінің жоспары 74 млн. тоннадан 75 млн. тоннаға дейін жеткізіледі. Сонымен қатар Қашағаннан мұнай өндіруді 2016 жылдың қазанында бастауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданады. Бұл ағымдағы жылы қосымша 500 мың тонна мұнай өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болады», – деді ол.
Сонымен қатар министрдің атап өтуінше, мұнай өңдеу зауыттарының жоспарлы жөндеу мерзімдері оңтайландырылады. Бұл қосымша 150 мың тонна мұнай өңдеуге мүмкіндік береді.
«Көмір өндіруді ұлғайту үшін ағымдағы жылдың соңына дейін энергия нысандарында отынның нормативтік қорларын қалыптастыру бойынша бақылау күшейтіледі», – деді Қ.Бишімбаев.
Дерек көзі: www.khabar.kz
Семинарда табиғатты пайдалану кәсіпорындарының 6 қызметкері оқытылды.
Семинар қатысушылары ұсынылғандар:
«ҚазАзот» ЖШС; «Транснефть-Урал» АҚ; «CASPI BITUM» БК» ЖШС.
Дәріс оқығандар:
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ МГК ЭР БМИК бас сарапшысы;
Бекеев Адилетбек Толендиевич – ҚОҚ және табиғатты пайдалану саласындағы тәуелсіз сарапшы;
Булатова Зарина Исмагуловна – — ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД ҚДБЖБ басшысы;
Семинар соңында білім бағалаудан кейін қатысушыларға ҚР Энергетика Вице-министрі-Садибеков Г.К мен ШЖҚ РМК «ҚОҚ АТО» бас директорының орынбасары – Алдаберегенов А.А қолын қойған куәліктер тапсырылды.