ЛШТТ саласында қоғам өкілдерін хабардар ету деңгейін арттыру үшін «Орнықты дамуға жәрдемдесу» орталығының сарапшысы 2018 жылдың 21 желтоқсанында Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерінде Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін дамыту мәселелері бойынша вебинарда баяндама жасады.
Баяндаманың тақырыбы келесідей болды: «ЛШТТ туралы Хаттаманың негізгі қағидалары. Қазақстанда ЛШТТ ендіру тәжірибесі» вебинар барысында сарапшымен ЛШТТ туралы Хаттаманың негізгі талаптары анықталды, оның ішінде: Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының ұлттық тіркелімін жұртшылық үшін қол жетімділікті жүргізу, І санаттағы объектілердің жыл сайынғы міндетті есептілігі мен электронды байланыс құралдары арқылы тіркелімге жұртшылықтың қол жетімділігін максималды жеңілдету.
Сонымен қатар баяндамалар шеңберінде ЛШТТ Хаттамасының есептілік талаптары толығырақ түсіндірілді, сонымен қатар ЛШТТ Хаттамасына сәйкес есептілікті кім және қалай ұсынуы қажет екендігі көрсетілді.
Вебинар барысында сондай-ақ «Қазақстан үшін таратуды және хабарлар етуді арттыру, ЖҚОЛ есептілігіне арналған құрал ретінде ЛШТТ жүзеге асыру бойынша жаһандық жоба» түсіндірілді, сонымен қатар Қазақстанда ЛШТТ дамыту құралы бойынша жобаның негізгі нәтижелері атап өтілді. Вебинардың басты сәттерінің бірі Қазақстанда табиғат пайдаланушылар туралы ақпаратты қалай ұсынатынын көруге болатын Қазақстандағы ЛШТТ сайтының тұсаукесері өтті.
Баяндама соңында сарапшы Қазақстандағы ЛШТТ тиімді іске асырудың негізгі қиындықтары және Қазақстандағы ЛШТТ жүйесін дамыту бойынша болашақтағы қадамдарды белгіледі.
Дереккөз: www.energo.gov.kz
2018 жылғы жол битумын өндіру бойынша баспасөз хабарламасы
«Нұрлы-жол» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде Қазақстан Республикасының тиімді көліктік-логистикалық жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі өз тарапынан ұсынылған қажеттілікке сәйкес мұнай жол битумын өндіру бойынша жұмысты ұйымдастырады.
Бүгінгі күнде Қазақстанда жол битумын өндіретін 4 (төрт) зауыт («CaspiBitum» БК» ЖШС, «Павлодар мұнай-химиялық зауыты» ЖШС, «Газпромнефть-Битум Қазақстан» ЖШС және «Асфальтобетон 1» ЖШС) жұмыс істеп тұр, олардың ең жоғары қуаты жылына 1,2 млн. тоннаны құрайды.
Анықтама:
Жылдар бөлінісінде өндірілген битумның көлемі:
2013 жыл – 218,5 мың тонна (шамамен 200 мың тонна импорт); 2014 жыл – 452 мың тонна; 2015 жыл – 454 мың тонна; 2016 жыл – 486 мың тонна, 2017 жыл – 731 мың тонна.
2018 жылы автокөлік саласының жол битумына деген қажеттілігі 751 мың тонна көлемінде анықталған болатын. Ағымдағы жылғы 27 желтоқсандағы жағдай бойынша отандық зауыттар 823 мың тонна битум өндірді (2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 112 % және 2018 жылға арналған жоспармен салыстырғанда 109%).
Осылайша, 2014 жылдан бастап ішкі нарық отандық жол битумымен толығымен қамтамасыз етіліп отыр.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алдын ала ақпаратына сәйкес 2019 жылы автокөлік саласының жол битумына деген қажеттілігі 790 мың тоннаны құрайтын болады.
ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі
Дереккөз: www.energo.gov.kz
«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара сауданы жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімді және 2015 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара сауданы жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімге Қырғыз Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына баспасөз хабарламасы
2018 жылғы 25 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара сауданы жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімді және 2015 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара сауданы жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімге Қырғыз Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Келісімнің күшіне енуі Бірыңғай кеден аумағы бар Арменияға, Беларусьқа, Қырғызстан мен Ресейге қатысты озон қабатын бұзатын заттарды әкелуді және әкетуді толық есепке алуды енгізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, өйткені Қазақстанның экологиялық заңнамасында осындай заттардың ЕАЭО мүше мемлекеттерімен орын ауыстыруын реттеу көзделмеген.
Бұдан басқа, құжат құрамында озон бар заттар мен олардың өнімдері бар ЕАЭО шегінде орнын ауыстыру бойынша талаптардың орындалуын және озон қабатын бұзатын заттар бойынша Монреаль хаттамасы бойынша Қазақстанның міндеттемелерін толық көлемде сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, 2016 жылғы тамызда Сочиде қол қойылған келісімге Қырғыз Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау көзделеді.
1992 жылғы Рио-де-Жанейро декларациясы ластауыштар туралы ақпаратты жұртшылыққа ұсынатын құрал ретінде шығарындылар кадастрларын құру идеясына серпін берді. ЕО-да бұл идея 1996 жылы ластануды кешенді алдын алу және бақылау туралы дерективтері арқылы ал, 2000 жылы ластауыш шығарындыларының Еуропалық тіркелімінде (EPER) шешім қабылдаумен нақты пішінге ие болды.
1998 жылы ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы экологиялық ақпаратқа қол жеткізуге Орхус конвенциясы ретінде белгілі қоғамдық құқықты ұсынатын, БҰҰ ЕЭК конвенциясы күшіне енді. Осы конвенцияға сәйкес 2003 жылғы 21 мамырда Орхус конвенциясы Тараптарының кезектен тыс жиналысында 2009 жылдың қазанында күшіне енген ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі (ЛШТТ) туралы арнайы хаттама қабылданды. Бұл құралдардың мақсаты экологиялық ақпаратқа жұртшылықтың қол жеткізуін кеңейту арқылы азаматтардың экологиялық проблемаларды шешуге нақты қатысуын қамтамасыз ететін құралдарды әзірлеу болды.
Еуропалық Одақ ЛШТТ Хаттамасын ендіру үшін ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының Еуропалық регламенті (E-PRTR) (ЕО) № 166/2006. E-PRTR регламентіне сәйкес құрылған болатын және ол алдыңғы ластауыштардың шығарындылары тасымалдарының Еуропалық тіркелімін (EPER) алмастырады.

Жаңалық көзі: https://prtr.eea.europa.eu/#/faq
Сурет көзі: http://bellona.ru/2013/05/15/rossijskomu-obshhestvu-nuzhna-orhusska/
Дереккөз: www.energo.gov.kz
2018 жылдың 7 желтоқсанында ОПЕК+ бесінші отырысы болып өтті, нәтижесінде 2019 жылдың қаңтар айынан бастап алты айға ОПЕК + елдеріндегі мұнай өндіру көлемін шектеу бойынша шешім қабылданды.
Қазақстан ең басынан аталған шешімге қосылуға дайын екендігін және мұнай өндіру көлемін 40 мың.барр/тәул. қысқарту бойынша міндеттемелерге қол жеткізу үшін барлық тиісті шараларды қолданатындығын жариялады.
Ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында мұнайға әлемдік баға төмендегені белгілі, бағаны белгілеуге геосаяси факторлардан басқа, жалпы алғанда мұнай және мұнай өнімдерін пайдалану белсенділігінің төмендеуіне әкелетін әлемдік экономикада артып келе жатқан белгісіздік әсер етеді.
Осыған байланысты әлемдік мұнай нарығындағы балансты сақтап тұру үшін ОПЕК+ елдері мұнай өндіру көлемін 1,2 млн.барр./тәул. азайту бойынша келісілген шешімге келді (ОПЕК+елдері үшін 800 мың.барр/тәул., 400 мың.барр/тәул. ОПЕКке мүше емес елдер үшін).
ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі
Қазақстанда ЛШТТ құралын ендіру аймақтарда негізгі ластауыштар туралы мәліметтердің ашықтығын, қол жетімділігін және өзектілігін білдіреді.
ЛШТТ қалай жұмыс істейтінін, оны пайдалану кезінде қандай ақпаратты алуға болатыны және әлемде ЛШТТ ендірудің қалай жүзеге асырылатынын жалпы түсіну үшін Қазақстандағы ЛШТТ-тың әлеуметтік желілерінің ресми парақтарында екі аптада бір рет аталған тіркелім туралы жаңалықтар жарияланады.
Осылайша, қоғам өкілдері өзекті қол жетімді жаңалықтарды уақтылы және жиі ағылшын тілінде алып тұрады. Ыңғайлы болу үшін жаңалықтар жобалық топқа бейімделіп, орыс тіліне аударылады.
Осылайша сайтқа кірушілері Химиялық заттар бойынша комитеттің және Химиялық заттар, пестицидтер мен биотехнологиялар бойынша жұмыс тобының бірлескен отырысының қорытындысы бойынша 2018 жылдың сәуір айында Экономикалық ынтымақтастық және ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін (ЛШТТ) ендіруді дамыту ұйымының 1996 жылғы ұсынымдарын жаңа ұсынымдарға ауыстыру туралы хабардар етілді.
Сонымен қатар жаңалықтар таспасында ЛШТТ тікелей қатысы бар іс-шаралар көрініс табады. Осылайша, тек соңғы алты айда 2018 жылы Орхус орталықтарының жыл сайынғы жиналыстары «Қоршаған ортаға ластауыш заттар мен сынаптың эмиссиялары: анықтау әдістері, түгендеу және Қазақстан Республикасының Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркеліміне қосу» семинарларының негізгі нәтижелері жарияланды Павлодарда (12-13 қараша 2018 ж.) және Ақтөбеде (15-16 қараша 2018 ж.), сонымен қатар Ыстықкөлде (Қырғызия).
Тағы бір маңызды жаңалық келесі тақырыптар бойынша бейнематериалды оқыту түрінде үш оқыту модулін жасау болды: коммуникация және білім беру; заңды іске асыру; ластауыш заттар эмиссиясын бағалау әдістері.
Ғаламдық экологиялық қордың қолдауымен (ҒЭҚ) Біріккен Ұлттар Ұйымының Оқыту және ғылыми-зерттеу институтымен (ЮНИТАР) әзірленді.
Басқа елдерде ЛШТТ ендіру тәжірибесі туралы ақпаратты ұсыну шеңберінде Еуропалық Одақ елдерінің мысалында «Еуропалық ЛШТТ және ЛШТТ Хаттамасының арасындағы негізгі айырмашылықтар», «Еуропалық Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін іздеу қалай ұйымдастырылған» және т.б. тақырыптар қамтылды.
Осылайша жергілікті және әлем жаңалықтарын орналастыру арқылы ЛШТТ туралы халықты ақпараттандыру толық көлемде жүргізілуде.
ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы желтоқсанның 12-нен 14-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Tin One Mining» (Тин Уан Майнинг») АҚ, «КМГ Паркер Дриллинг Компани» ЖШС, «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ, «Теміржолсу-Кзыл-Орда» ЖШС, «Uniserv» ЖШС, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, «Экосфера» ҮЕҰ мекемесі, «Солтүстік Қазақстан Орхус орталығы» ҚҚ, «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК, «Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы» РҚБ, «Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығы» ЗТБ, «Ақбастау» БК» АҚ.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы;
Асанова Жанар Талгаровна – «Жасыл Даму» АҚ Қалдықтарды басқару департаментінің директоры;
Досмакова Бизара Жакиевна – Тәуелсіз сарапшы;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚ департаменті директоры;
Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ бас сарапшысы;
Досанова Акмарал Наурызбаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті табиғи ресурстар кадастрының басшысы.;
Токтасынова Тота Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Есекина Айман Сериковна – «Жасыл Даму» АҚ Квота саудасының ұлттық жүйесін реттеу департаментінің директоры;
Макенова Ризагуль Сериковна – ҚР ЭМ бас сарапшысы.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

Дереккөз: www.energo.gov.kz
2018 жылғы 11 және 12 желтоқсанда Катовице қаласында (Польша) БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 24-ші конференциясының жоғары деңгейдегі сегменті өтті. Бұл жыл сайынғы маңызды іс-шара болып табылады. Онда климаттың өзгеру мәселелері талқыланып, тиісті шешімдер әзірленеді.
Осы жылғы конференцияның басты міндеттерінің бірі – Париж климаттық келісімін іске асыру бойынша «Ережелер жинағын» қабылдау. Бұл қатысушыларға парниктік газдардың шығарындыларын азайтуды, төмен көміртекті технологияларға инвестициялар тартуға және экономиканы өзгермелі климат жағдайларына бейімдеуге мүмкіндік береді.
Конференцияға қатысу үшін Катовице қаласына 197 елден 30 мыңға жуық делегат келді, оның ішінде БҰҰ Бас хатшысы А. Гутереш, БҰҰ ИКК Хатшылығының Басшысы П. Спиноза, мемлекеттер мен үкіметтердің басшылары, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі министрлер, ЕО, ЭЫДҰ, халықаралық қаржы институттарының басшылары, сондай-ақ А. Гор, А. Шварценнегер сияқты белгілі саяси қайраткерлер де бар.
Қазақстандық делегация басшысы – ҚР Энергетика Вице-министрі Сәбит Нұрлыбай өз сөзінде Қазақстанның ЖЭК, көміртегі саудасы мен энергия тиімділігін арттыруды қоса алғанда, экономиканың барлық секторларында Париж Келісімін жүзеге асыру саясатын дәйекті жүргізіп келе жатқанын атап өтті. Осыған байланысты, «Ережелер жинағын» қабылдау климаттың жаһандық өзгерістерімен бірлескен күрестегі прогреске қол жеткізу және оған бейімдеу үшін негіз болып табылады.
Қазақстан Халықаралық Климаттық шарттардың тарапы бола отырып, Париж келісімін ратификациялады. Парниктік газдар шығарындыларын 2030 жылға дейін 1990 жылғы деңгейден 15% – ға қысқарту бойынша ерікті үлес қабылдады. Климаттың өзгеруіне және оның салдарларына қарсы күрес жөніндегі негізгі ережелер біздің мемлекетіміздің 2025 жылға арналған Стратегия, «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдама және т. б. сияқты стратегиялық құжаттарында көрсетілген.
Сонымен қатар, конференция барысында ынтымақтастық мәселелері бойынша басқа елдердің мемлекеттік органдарымен, халықаралық қаржы институттарымен және жаһандық бастамалармен екіжақты кездесулер өткізілді.
ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі
Дереккөз: www.energo.gov.kz
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2018 жылғы 14 қыкүйектегі № 74 шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың «Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға әзірленген табиғи жанғыш газдың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті (ЕАЭО 046/2018 ТР) (бұдан әрі – техникалық регламент) қабылданды. Күшіне ену күні – 2022 жылғы 1 қаңтар.
Техникалық регламент Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) аумағында табиғи жанғыш айналымға шығарылатын және айналымдағы газға қойылатын талаптарды белгілейді және газ өнімінің мынадай түрлеріне тарайды:
– тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған табиғи жанғыш газ;
-өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы табиғи жанғыш газ;
– табиғи Сығылған жанғыш газ;
– сұйытылған табиғи жанғыш газ.
Техникалық регламент Одақтың кеден аумағынан тыс жерге экспортталатын, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша жеткізілетін, мемлекеттік материалдық резервтің сақталуын қамтамасыз ететін ұйымдарда сақталатын, табиғи жанғыш газға қолданылмайды.
Техникалық регламент Одақтың аумағында табиғи жанғыш, айналымға шығарылатын және айналымдағы табиғи жанғыш газға ең аз қажетті қауіпсіздік талаптарын қамтиды және физика-химиялық көрсеткіштері бойынша техникалық регламентке қосымшаларда қамтылған талаптарға сәйкес болуға тиісті.
Анықтама: Табиғи газдың техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалау кезінде сынақ әдістері техникалық регламенттің талаптарын пайдалану мен орындау үшін және табиғи жанғыш газ сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулер (сынақтар) мен өлшеу әдістері және ережелері, соның ішінде үлгілерді іріктеу ережелері бар халықаралық және өнірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізіміне енгізілетін стандарттарда белгіленеді.
Табиғи газды айналымға шығарар алдында өнімнің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін декларациялау нысанында сәйкестігін бағалау жүргізіледі. Дайындаушы (дайындаушы уәкілеттік берген тұлға) немесе сатушы өтінім берушілер бола алады. Декларациялау схемалары Техникалық регламенттің VI бөлімінде келтірілген.
Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келетін және сәйкестікті бағалау рәсімдерінен өткен өнім одақтың нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен (бұдан әрі – бірыңғай белгі) таңбаланады, оның графикалық бейнесі өнім сапасының паспортында қойылады. Өнім бірыңғай белгімен таңбалаусыз Одақ нарығына айналымға жіберілмейді.
Дайындаушы (дайындаушы уәкілеттік берген тұлға) немесе сатушы тұтынушының талап етуі бойынша сәйкестік туралы декларацияның және өнім сапасы паспортының көшірмесін ұсынуға міндетті.
Техникалық регламенттің мәтінімен ЕЭК-ның ресми сайтында https://docs.eaeunion.org/docs/ru-ru/01419232/cncd_30102018_74 сілтеме бойынша танысуға болады.
ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі
Дереккөз: www.24.kz
Шаруашылықта құдық бар делік. Енді сол құдықтан іркіліссіз су алу үшін мотор керек.
моторыңыз токпен жұмыс істейді. Ал шалғайдағы қожалыққа ток қалай апарасыз. Бірақ үкімет бұл мәселенің де шешімін ұсынды.
«Жайылым жерлерді суландыру» бағдарламасы бойынша қиырдағы қыстаулардың барлығы баламалы қуат көзімен қамтамасыз етіледі.
Бұл бағыттағы жұмыс басталып та кетті. Айталық, бір ғана Қарағанды облысының өзінде жыл басынан бері 573 шаруа қожалығы күн панельдерін орнатқан. Шағын электростанция сағатына шамамен 3-5 киловатт ток өндіреді. Бұл құдықтан су соруға жеткілікті. Бастысы, күн панелін салуға жұмсалған қаржының 80 проценті фермерлерге қайтарылады. Жыл соңына дейін өңірде тағы 200 шаруашылыққа осы жолмен тоқ берілмек.
Ерлан Түсіпханов, фермер:
– Өте жақсы болды. Малымызды осымен суарамыз. Жаздың күні тоңазытқышымызды қосамыз. Свет бәрі жанып тұр. Өте жақсы шаруа. 3,5 кВт береді, пока жетеді. Екеуін алдым, енді үшіншісін тағы аламын ба деп отырмын. Біреу жайлауда қоста тұр.
Сырым Бошпанов, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
– Салынған инвестицияның осы бағытта 80 пайызға дейін құнының біз шаруашылықтарға қайтарып береміз. Биылғы жылы Қарағанды облысы бойынша осы баламалы электр қуатын орнатқан 573 шаруашылық бүгінгі күнге 2 миллиард 80 миллион теңгеге субсидияланды, ақшасы қайтарылып берілді. Жылдың аяғына дейін тағы 200-ге тарта шаруашылықтарға осындай баламалы электр қуаты берілмекші.