Дереккөз: www.energo.gov.kz
2018 жылғы 27 қыркүйек – 28 қыркүйек аралығында Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.М. Мирзиёевтың Қазақстан Республикасына жасаған сапары аясында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған Экономикалық ынтымақтастық стратегиясына сәйкес және 1997 жылғы 2 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес, қоршаған ортаны қорғау және Сырдария өзені бассейні суының сапасы жөніндегі Қазақстан мен Өзбекстанның бірлескен жұмыс тобының (комиссиясының) бірінші отырысы өтті.
Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі С. Нұрлыбай бастады.
Отырыста екі республиканың мемлекеттік экологиялық бақылауы, қоршаған ортаның мемлекеттік мониторингі, Сырдария трансшекаралық өзенінің экологиялық жағдайы туралы мәселелер талқыланды. Өзбекстан үшін Қазақстан су сапасы мәселелері бойынша екі жақты жұмыс органын құрған алғашқы ел.
Отырыс қорытындысы бойынша Жұмыс тобы туралы ереже қабылданды, оның құрамы мен 2018-2020 жылдарға арналған Жұмыс жоспары бекітілді.
Жұмыс тобы мынадай міндеттерді іске асыруды қарастырады:
– мониторинг саласындағы әлеуетті талдау және үйлестіруді қамтамасыз етуге арналған ресурстық талаптарды айқындауды қоса алғанда, ұлттық әдіснамалар үйлесімділігін зерттеу;
– ұлттық стандарттарды ескере отырып және сапаны қамтамасыз етудің бірыңғай және салыстырмалы жүйесін қоса отырып, жер үсті суларының сапасына бірлескен мониторинг жүргізу бойынша нұсқаулықтарды әзірлеу;
– жер үсті суларының сапасын бақылау бағдарламаларын іске асыру үшін әлеуетті арттыру бойынша ұсынымдар беру;
– су сапасына жүйелі мониторинг жүргізу және ақпарат алмасу;
– қоршаған ортаны қорғау саласындағы әрбір Тараптың нормативтік-құқықтық және техникалық құжаттарымен алмасу;
– трансшекаралық өзендердің ластануының алдын алуға және олардың ластануына жауап қату бойынша бірлескен шараларды әзірлеу;
– судың жай-күйіне теріс әсер ететін көздер тізімін анықтау, олардың алдын-алу және ақпарат алмасу бойынша шаралар қолдану;
– ластану фактілері бойынша ерте хабарлау механизмін әзірлеу;
– халықаралық сарапшылар, қаржылық және донорлық институттарды тартумен бірлескен жобаларды бастамалау;
– Сырдария өзені бассейнінің жоғары жағында орналасқан елдерді су сапасының мәселелері бойынша өзара ынтымақтастыққа тарту бойынша бірлескен ұсыныстарды дайындау.
ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Дереккөз: www. energo.gov.kz
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ядролық медицинаны қолдану жаңа терапевтік әдістерге байланысты және ерте диагностикалаудың арқасында қатерлі ісік және басқа аурулардан болатын өлім-жітімді азайтады.
Радиофармацевтикалық дәрілік заттар (РФДЗ) ядролық медицинада көптеген ауруларды, ең алдымен онкологиялықауруларды диагностикалау және емдеу үшін қолданылатын дәрі-дәрмектер. Минималды инвазивті, тиімді диагностика және ауруларды емдеудің арқасында ядролық медицина әртүрлі әлеуметтік маңызды аурулармен күресуде танымал болып келеді.
Бұл қалай жұмыс істейді.
РФДЗ құрамында радиоизотоптар деп аталатын радиоактивті заттар бар. РФДЗ түріне қарай олар әртүрлі органдарда және органның түрлі бөліктерінде, соның ішінде қатерлі ісік клеткаларын жұқтырған бөліктерінде жиналады.
РФДЗ бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін ыдырайды. Бұл жағдайда денеде радиоактивті заттардың мөлшері іс жүзінде нөлге дейін төмендейді және денеден зиян келтірмей толықтай жойылады.
Радионуклид диагностикасы (РНД)
РНД кезінде пациенттің тамырына РФДЗ енгізіледі, ол органдар мен тіндерге таралып, патологиялық ошаққа да түседі. Одан соң адамды ағзадағы зардап шеккен жерлердің суретін алуға мүмкіндік беретін арнайы сканерлеу құрылғысына орналастырады. РНД қатерлі ісік клеткаларының белсенділігі деңгейін және таралу процесін анықтайды, таңдалған емдеу тәсілінің дұрыстығын бағалауға және аурудың ықтимал қайталануын уақтылы анықтауға көмектеседі. РНД-ның арқасында жаңадан пайда болған қатерлі ісіктің дамуының бастапқы сатысында анықтау мүмкін болып отыр. Бұл қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімді төмендетеді және науқастарда аурудың қайталануы санын айтарлықтай азайтады.
Басқа диагностика әдістерінің қасында РНД-ның бірқатар артықшылықтары бар:
– тексеру амбулаториялық жағдайда жүргізіледі,
– қарсы көрсетілімдер, жанама әсерлер және жас шектеулері жоқ
– инвазивті емес,
– науқас үшін қауіп-қатерсіз бірнеше рет қайталануы мүмкін,
– бір реттік жүктеме рентгендік зерттеуден 10 есе аз.
РНД-ның екі бәсекелес технологиясы бар – позитрон- эмиссионды томография (ПЭT) және бір фотонды эмиссиялы компьютерлік томография (БФЭКТ). ПЭТ-тің БФЭКТ алдындағы негізгі техникалық артықшылығы – радиоактивтік ыдырауды анықтаудың жоғары сезімталдығы, жоғары кеңістіктегі ажыратымдылығы, қатерсіз және қатерлі ісіктердің айырудың жоғары дәлдігі, радиациялың дозасының төмендігі.
Өз кезегінде, БФЭКТ технологиясы ПЭТ-ке қарағанда құнының төмендігі және диагностика мен РФДЗ-ның қолжетімділігі себепті онкологиядағы басымдықты технология болып санала бере алады. Қазақстанда бір БФЭКТ диагностикасының бағасы шамамен 5000 теңге, ал ПЭТ-сканерлеу пациентке 175 мың теңге тұрады. Шетелде бұл процедуралардың бағасы әлдеқайда жоғары: АҚШ-та 3000 доллардан, Еуропада 2000 еуродан жоғары.
ПЭТ үшін жартылай ыдырау уақыты 1-2 сағатқа дейінгі қысқа мерзімді изотоптар пайдаланылады, сондықтан ол үшін РФДЗ өндіру орталықта циклотронның болуын көздейді. 18F-ФДГ (фтор-дезоксиглюкоза) – бұл ПЭТ үшін кеңінен қолданылатын ең танымал РФДЗ.
Бүкіл әлем бойынша БФЭКТ үшін технеция-99m негізіндегі РФДЗ-лер кеңінен қолданылады, бұл оңтайлы ядролық-физикалық қасиеттермен және осы изотоптың қол жетімділігімен түсіндіріледі. Технеция диагностика қажеттіліктерінің 75-80%-н қамтиды.
Қазақстанда РФДЗ өндіретін негізгі кәсіпорын – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» РМК (ЯФИ РМК). Оның базасында 2016 жылы радиофармацевтикалық препараттар өндірісінің корпусы мен радиациялық стерилизация корпусынан тұратын Ядролық медицина және биофизика орталығы пайдалануға берілді.
ҚР ЭМ ЯФИ РМК екі РФДЗ-ны – натрий пертехнетатын (99mTc) және натрий йодидін (131I) сериялық түрде өндіреді және оларды еліміздің РНД филиалдарына жеткізеді.
Қазақстанда жалпы радионуклидтік диагностиканың 6 бөлімшесі жұмыс істейді: ҚР ЖПБ Медициналық орталығының ауруханасы және Астанада «UniversityMedicalCenter» корпоративтік қоры, «Сұңқар» онкология орталығы, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Алматы Онкология және радиология ҒЗИ, сондай-ақ Семей қаласының Өңірлік онкологиялық диспансері.
Елімізде радионуклидті терапия (РНТ) жоқ. Бұл процедурада, сондай-ақ диагностика кезінде ағзаға РФДЗ енгізіледі. Аурудың түріне және басқа факторларға байланысты РФДЗ ауыз арқылы, тамырға, тіндерге немесе қуысқа салу жолдары арқылы жүзеге асырылады. РФДЗ-ның патологиялық ошақта іріктеліп жиналуының арқасында ағзада қоршаған тіндері сақталып, қатерлі ісік клеткалары бұзылады. Бұл процедураны пациенттер жақсы көтереді және госпитализациялау аз уақытты алады.
ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы қыркүйектің 26-нан 28-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Қостанай қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Тазалық-2012» ЖШС; «Стройпромгрупп-2030» ЖШС; «Н Оперейтинг Компани» ЖШС; «Қостанай» халықаралық әуежайы» АҚ; «Рудненский водоканал» ЖШС; «Варваринское» АҚ; «Комаровское тау-кен кәсіпорны» ЖШС; «Altyntau Kokshetau» АҚ; «Интергаз Орталық Азия» АО «Қостанай» Магистральды Газ Құбырлары Басқармасы» Филиалы.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
Дереккөз: www.energo.gov.kz
2018 жылғы 24 қыркүйекте Астанада сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Румыния үкіметаралық комиссиясының 14-ші отырысы өтіп, оған екі елдің мемлекеттік органдарының және компанияларының өкілдері қатысты.
Қазақстандық тарапты ҚР энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев басқарды.
Румыния жағын Румынияның іскерлік орта, сауда және кәсіпкерлік министрлігінің мемлекеттік хатшысы Габриела Михаэла Войциль бастады.
Кездесу барысында екі тарап сауда және экономика, энергетика, көлік, кеме жасау, ғылым, білім және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Отырыс қорытындысы бойынша Тараптар тиісті хаттамаға қол қойды.
2018 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан-Румыния бизнес-форумы өтті, онда екі елдің іскер топтары өкілдерінің серіктестігі үшін жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар айқындалды.
Форум соңында Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы мен Бухарест қаласының Сауда Өнеркәсіптік палатасы арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Румын делегациясының Астанаға сапары аясында Энергетика министрі Қ.Бозымбаевпен, Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбекпен пен Ұлттық экономика вице-министрі Р.Дәленовпен екіжақты кездесулер өтті.
Бұдан басқа, 26 қыркүйекте румыниялық делегация Алматыға барып, «Мұнай және Газ – KIOGE-2018» Қазақстандық халықаралық көрмесі мен конференциясына қатысты, сондай-ақ Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Мәдиевпен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры Т.Бағдатпен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Басқарма Төрағасының орынбасары Д.Әбілқайыровпен кездесті.
Румыния Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақтағы басымдықты әріптестерінің бірі болып табылады.
Біздің елдеріміз арасындағы сауда айналымы 2017 жылы 992,3 млн. АҚШ долларын құрады. Оның негізгі бөлігі мұнай мен мұнай өнімдеріне тиесілі.
Дереккөз: www.24.kz
Қазақстан мен Өзбекстан Сырдария өзені суының сапасын бірлесіп бақылауға уағдаласты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тіпті алдағы уақытта арнайы «Жол картасын» жасамақшы. Бұл туралы Ташкентте өткен қос елдің қоршаған ортаны қорғау және су сапасы жөніндегі бірлескен жұмыс тобының алғашқы отырысында айтылды. Басқосуда тараптар өзара тәжірибе алмасып, Орталық Азиядағы ең ірі өзен суының сапасын сақтап қалудың тиімді жолдарын қарастырды. Болашақта ортақ мониторинг жасалатын болды. Экологтар жалпы трансшекаралық өзен суының соңғы жылдары ластану деңгейі жоғарылағанын айтып отыр.
«Сондықтан зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы ластаушы ошақтарды дер кезінде анықтауға болады», – дейді. Қазақстан жалпы Қытай, Ресей және Қырғыз ағайындармен ортақ бассейндегі су сапасын бақылау бойынша өзара мәмілеге келген. Яғни ел аумағынан ағып өтетін тіршілік нәріне қандайда бір зиянды қалдық төгіле қалса, оның залалын бірлесіп жояды. Дәл осы жүйені Сырдария өзенінің сағасындағы елдермен де жасауды көздеп отыр. Өйткені Қазақстан өзеннің ең төменгі сағасында орналасқан. «Қалдық түпке шөгеді», – дейді экологтар.
Сәбит Нұрлыбай, ҚР энергетика вице-министрі:
– Бұл жерде біраз ингредиенттер бойынша су сапасын дұрыстау керек. Сондықтан осы мәселені өзбекстандық әріптестерімізбен талқылап жатырмыз. Әрине, бұл мәселені біз Тәжік және Қырғыз республикаларымен бірлесіп тағы да талқылаймыз деп отырмыз. Себебі өздеріңіз білесіздер, өзен сол қырғыз және тәжік ағайындардан басталады. Сондықтан сол республикалармен осы мәселені басынан бастап бәріміз бірге талқылаймыз ба деген сұрақты да көтеріп отырмыз.
Дереккөз: www.24.kz
Қарағанды облысының диқандары бұрын-соңды болмаған мол өнім жинап жатыр.
Бидайдың түсімі әр гектарына 60 центнерден айналуда. «Бұл ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру бағдарламасының жемісі», – дейді шаруалар. Дәлірек айтсақ, Осакаров ауданындағы фермер Павел Лущак биыл сынақ түрінде жаңа технологиямен 500 гектар алқапқа егін егіп көрген. Нәтижесі жоспардан әлдеқайда жоғары болып шықты.
Озат механизатор Владимир Чаус 30 жылдық еңбек тәжірибесінде мұндай мол өнімді бірінші рет орып тұр екен. Әр гектарына 60 центнерден айналып жатыр.
Владимир Чаус, механизатор:
– Мен басшымызға бидайдың 60 центнерден түсіп жатқанын айттым. Басында ешкім сенген жоқ. Ұялы телефоныма түсіріп алған бейнежазбаны көрсеткенде ғана барлығы сеніп, жағаларын ұстады. Мен қанша жыл механизатор болып еңбек етіп жүрмін, мұндай мол өнімді бірінші рет жинап тұрмын.
Жалпы биыл еліміз бойынша егін салатын ең ірі 9 шаруа қожалығы цифрлық жүйеге көшсе, соның екеуі Қарағанды облысында орналасқан. Павел Лущак биыл алғаш рет сынақ түрінде 500 гектар егістік алқаптың электронды картасын жасап, дәнді дақыл сіңірді. Австриялық тұқым мол өнім беріп жатыр.
Ардақ Асылханұлы, тілші:
– Сынақ түрінде егілген егістік алқаптағы бидайдың биіктігі шамамен бір жарым метрге жетеді. Бітік шыққандағы соншалық, қазір құлап жатыр. Енді оны ысырапсыз орып алу үшін шаруа иесіне арнайы құрылғы сатып алуға тура келген.
Фермердің айтуынша, сандық технология ең әуелі еңбек өнімділігін арттырады. Екіншіден, материалдық шығындарды азайтып, қаржы үнемдеуге мол мүмкіндік бермек. Тыңайтқыш, гербицид, жанар-жағар май бұрыңғыдай бей-берекет емес, нақты есеппен аз жұмсалатын болады. Енді олар келешекте барлық егінжайды цифрлық жүйеге көшіруді жоспарлап отыр.
Павел Лущак, шаруа қожалық жетекшісі:
– Біз биыл алғашқы қадамды жасадық. Топырақ құнарын зерттеу үшін америкалық компанияға тапсырыс бердік. Келесі жылы жаңа технологиямен екі мың гектар алқапқа егін салуды жоспарлап отырмыз. Бұл бағыттағы жұмысты жыл сайын дамыта бермекпіз.
Жалпы егінжайдың электронды картасы дегеніміз не? Әуелі алқаптың нақты көлемі мен топырақтың құнары анықталып, кейін барлық дерек спутник арқылы бидай себетін кешендерге жіберіледі. Ал «ақылды техника» егістік алқаптың әр гектарына қанша тыңайтқыш, гербицид себу керек, жердің ылғалдылығы қандай, тұқымды қанша тереңдікке салу керек деген жұмыстарды автоматты түрде жүзеге асырмақ. Өкінішке орай, ондай заманауи техникалар әзірге санаулы диқанда ғана бар. «Сондықтан цифрлық жүйеге жаппай көшу үшін, ең әуелі шаруаларды бидай себетін кешендермен толық қамтамасыз етуіміз керек», – дейді аудан басшылары.
Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Василий Савкин, Әсет Асайынов
Дереккөз: www.energo.gov.kz
2018 жылғы 21 қыркүйекте Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Энергетика вице-министрі Сәбит Нұрлыбайұлы Нұрлыбайдың қатысуымен «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты ҚР Президенті жолдауын іске асыру бойынша «Қазақстандағы тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату саласының дамуы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған басымдықтардың бірі тұрмыстық қатты қалдықтарды заманға сай кәдеге жарату және қайта өңдеу арқылы Қазақстанның ресурсттық потенциал одан әрі дамыту болып табылады, мұнда жергілікті атқарушы органдар бизнесті тарту арқылы қажет жағдайды жасайды.
Қазақстанның «жасыл» экономикаға» көшу жөніндегі Тұжырымдамасында қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 2030 жылға қарай – 40%-ға, 2050 жылға – 50%-ға дейін жеткізу анықталған.
Ағымдағы жылғы 8 айда шамамен 3,2 млн. тонна тұрмыстық қатты қалдық түзілді, оның ішінде 330 мың тоннаға жуығы қайта өңделді және кәдеге жаратылды, бұл жалпы түзілген көлемнің шамамен 10,5%-н құрайды. 2018 жылы тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін 11%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Қазақстан Республики Энергетика министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісілген Шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тарта отырып тұрмыстық қатты қалдықтарды заманға сай кәдеге жарату және қайта өңдеу бойынша Шаралар кешені жобасын әзірледі. Бүгінгі күні облыстар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерімен Шаралар кешендері бекітілді, бұл қажет инфрақұрылымды құруға, одан да сапалы қайталама шикізатты алуға, тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу нарығын дамытуға, сондай-ақ полигондарда орналастырылатын қалдықтар көлемін қысқартуға мүмкіндік беретін болады.
Сондай-ақ, Министрлік тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін дамыту, инфрақұрылымды дамытуды ынталандыру, мемлекеттік қолдау шаралары бойынша нормалар қарастырылатын жаңа редакциядағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі
ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы қыркүйектің 19-нан 21-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Экологиялық сараптама және табиғатты пайдалануды реттеу» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ,
«Каспий нефть» АҚ, «Экосфера» ҮЕҰ мекемесі, «Конгресс молодежи Казахстана Павлодарской области» ҚҚ, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚ департаменті директоры;
Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры.
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Каратаева Динара Ахметовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
Дереккөз: www.energo.gov.kz
2018 жылғы 17-21 қыркүйек аралығында Вена қ. (Австрия) Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (АЭХА) Бас конференциясының жыл сайынғы 62-сессиясы өтіп жатыр. ҚР Энергетика министрі Қ. Бозымбаевтың басшылығындағы Қазақстандық делегация осы конференцияға баяндамамен қатысты. Қазақстандық делегацияның құрамына ҚР Энергетика министрлігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ-тың өкілдері кірді.
АЭХА Бас конференциясы атом саласындағы стратегиялық мәселелерді талқылау үшін бірегей алаң болып табылады, оның жұмысына жыл сайын Агенттіктің 135-тен астам мүше-мемлекеттерінен, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардан 2000-нан астам өкілдер қатысады.
2018 жылғы 18 қыркүйекте конференция шеңберінде ҚР Энергетика министрі «Шығыс Еуропа» өңірлік тобына мүше мемлекеттердің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігінің арнайы іс-шарасында (сайд-ивент) баяндама жасады. Аталған іс-шараның басты мақсаты Қазақстан Республикасының АЭХА-дағы негізгі рөлін дәлелдеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Шығыс Еуропа» өңірлік тобына мүшелігін ілгерілетуге ықпал ету болып табылады.
Сонымен қатар, Бас конференция аясында Қазақстан Республикасының «Ұлттық ядролық орталығы» РМК және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қатысуымен Вена халықаралық орталығының (Ротондтың) орталық залында АЭХА халықаралық көрмесі өтті, сондай-ақ конференция аясында Қазақстандық делегациямен атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты талқылау үшін бірқатар елдермен екіжақты кездесулер өткізілуде.
Дереккөз: www.24.kz
Батысқазақстандық бағбан Қайрат Кәрімов Ақжайықтың аптап ыстығы мен аязына бейімделген, жергілікті ауа райында жоғары өнім беретін жеміс түрлерін анықтап, будандастырмақ.
Осы мақсатта ол алманың 150, жүзімнің 120 түрін сынақтан өткізуде. Жалпы аумағы 5 гектар алқапты алып жатқан эксперименталды бақ биыл алғаш рет өнім берді.
1900 жылы Парижде өткен халықаралық көрмеде Оралдың алмасы бірінші орынды иеленіп, алтын медаль алған. Бұл әйгілі Алматы апортының атағы шықпастан 13 жыл бұрын болған. Күрт континентальды ауа райында өскен оралдық өнім биохимиялық құрамы мен антиоксиданттар деңгейімен ерекшеленеді екен. Бағбан Қайрат Кәрімов жергілікті жемістің осы бұрынғы даңқын қалпына келтіруді көздейді.
Қайрат Кәрімов, бағбан:
– Селекционерлерде мынадай түсінік бар. «Алма екінші отанын тапты» деген. Мәскеуде бір селекционер шығарса, Екатеринбургте ана жақта өзін басқаша көрсетуі, бізге келгенде өзін басқаша көрсетуі, жақсы сорт болып кетуі мүмкін. Сондықтан міндетті түрде басқа сортты бізде де зерттеген дұрыс.
Эксперименталды бақ Мичуриннің ізбасары Сергей Исаевтың есімімен аталады. Себебі мұнда селекционердің шығарған барлық алма түрі егілген. Америка мен Еуропалық жеміс сорттары да бар. Мақсат – алманың мол өнім беретін жаңа түрін анықтап, халыққа ұсыну. Себебі бұрыннан келе жатқан жемістердің өнімділігі қазіргі талапқа сай емес, – дейді бағбан.
Қайрат Кәрімов, бағбан:
– 7 аудандастырылған сорт бар. Олар деген қазір ескірді. Моральді ескірді. «Грушевка» болса «парша» деген аурумен ауырады. «Беркутовка» 34-тен түссе, үсіп кетеді. Оларды қазір жаңарту керек. Сол мақсатта жұмыс істеп жатырмыз. 150 сорт алма, 120 сорт виноград өсіп жатыр.
Өткен ғасырда Орал өңірінде 700-дей алма бағы болыпты. Алайда бүгінде аталған жемістің жалпы аумағы 706 гектарды ғана құрайды. Оның 508 гектары жеке тұрғындардың ауласында. Соңғы 6 жылда жаңадан бірде-бір алма бағы егілмеген. Алайда мамандар алма шаруашылығы алдағы уақытта дамитынына сенімді. Себебі биылдан бастап әр гектарға төленер демеуқаржы 10 еседен артыққа өскен.
Қуанышқали Есімов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
– Жылдың қорытындысы бойынша 2660 тонна өнім алынған. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан алма бақ салған инвесторларға 4 млн 407 мың теңге бір гектарға сусбидия төленеді. Сонымен қатар әрбір салынған көшет бойынша егер ол мемлекеттік реестрге енген болса, 315 төленеді, егер реестрге енбеген болса, 135 теңге төленеді.
Алма бағының салынғанына биыл тек 4 жыл болса, оралдық бағбанның жүзім еккеніне 10 жылдан асыпты. Осы жылдар ішінде Орал өңірінде жақсы жеміс берер жүзім түрлері де анықталыпты.
Қайрат Кәрімов, бағбан:
– Бұрында бізде негізінен изабельный сорттар болды кішкентай. Жаңа өзіңіз көрдіңіз, «Преображение» деген, «Ливия», «Байконур» деген сорттар өте жақсы көрсетіп тұр. Мына «Граф Монте Кристо» деген сорт бар, өте жақсы көрсетіп жатыр.
Бүгінде Оралдық бағбан Ресей, Тәжікстан, Татарстандағы ғылыми-зерттеу инстиуттарымен, ботаникалық бақтармен тығыз байланыс орнатқан. Осы ғылыми жұмыстардың бәрін ол өз қаржысына жүзеге асыруда.
Авторлары: Е.Жылқайдарұлы, Р.Ғазезов