Жаңалықтар | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Қарағанды облысының қоршаған орта жағдайы туралы баспасөз хабарламасы

Дереккөз: www.energo.gov.kz

Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 5-6 қыркүйегінде Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту және халықты жылумен қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берді.

Елбасының тапсырмаларын орындау үшін ҚР Энергетика министрлігінің вице-министрі С.Н.Нұрлыбайдың төрағалық етуімен Қарағанды қаласында кеңес ұйымдастырылды. Кеңес отырысына Қарағанды облысы әкімінің орынбасарлары С.Ж.Шайдаров, А.В.Шкарупа, Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы С.Қ.Есімханов, Қарағанды облысының бірқатар мүдделі мемлекеттік органдарының, ірі тау-кен, металлургиялық және энергетикалық кәсіпорындарының басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кездесуде Қарағанды облысындағы қоршаған ортаның жағдайы, оны сауықтыру, сонымен қатар өңірдің, оның ішінде Теміртау қаласындағы ЖЭО-2 жылыту маусымына дайындығы туралы мәселелер қарастырылды.

Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «Қарағанды Энергоорталық» ЖШС және т.б. басшылардың баяндамалары тыңдалды. Өңірдің күрделі проблемалық мәселелері:өнеркәсіптік кәсіпорындардың атмосфералық ауаға және су объектілеріне тигізетін әсері, қалдықтардың түзілуін азайту және оларды өңдеу, Теміртау қаласы мен басқа да өнеркәсіптік қалалардың айналасында жасыл белдеу жасау сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Табиғатты қорғау іс-шараларының толық көлемде және экологиялық нәтижелілікпен орындалуы қажеттілігіне баса назар аударылды.

ҚР энергетика вице-министрі С.Н.Нұрлыбай атап өткендей, «шығарындылар мен төгінділерді азайтуға бағытталған бұл іс-шараларды іске асыру нәтижелерін тұрғындар шынайы әрі нақты сезінуі тиіс».

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы С.Қ.Есімханов өз баяндамасында облыстың жылыту маусымына дайындығына, сондай-ақ ЖЭО-2 қуатын кеңейту қажеттілігіне тоқталып өтті.

Жиналыс барысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ және «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС кәсіпорындарына Балқаш көлін, Қара Кеңгір, Соқыр өзендерін және облыстың басқа су айдындарын ластауды болдырмау бойынша жан-жақты шаралар қабылдау, шығарындыларды азайту, қалдықтарды өңдеу көлемін арттыру, эмиссияларды автоматты мониторингтеуге көшу және басқа табиғатты қорғау іс-шараларын орындау туралы тапсырмалар беріліп, ұсыныстар жасалды.

Кеңес қорытындысы бойынша Қарағанды облысының әкімдігіне ҚР Энергетика министрлігімен бірлесіп ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін облыстың экологиялық жағдайын сауықтыру бойынша кешенді іс-шаралар жоспарын әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Сапар барысында Энергетика вице-министрі С.Н.Нұрлыбай «АрселорМиттал Теміртау» АҚ кәсіпорнына барып, технологиялық процеспен, газ тазалау құрылғыларының жұмысымен, табиғатты қорғау іс-шараларының орындалуымен танысып шықты.

2018 жылға арналған ЖЭК аукциондық сауда-саттығы

Дереккөз: www.energo.gov.kz

АУКЦИОНДЫҚ САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫ (docx, 49 Kb)

2018 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізудің графигі (pdf, 741 Kb)

Материалдар  (zip, 211 kb)

Күн атласы

Кестеде (күзгі сессияда) көрсетілген қосылу нүктелерін кеңейтудің/қайта құрудың қажетті көлемі туралы ақпарат (pdf, 342 Kb)

Қазақстан Республикасында ЖЭК объектілерін іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысу жөніндегі хабарландыру

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі барлық мүдделі тараптарды 2018 жылы жаңартылатын энергия көздерінің негізінде жұмыс жасайтын генерациялау объектілерін салу бойынша жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа (бұдан әрі – ЖЭК аукциондық сауда-саттық) қатысуға шақырады.

Осы іс-шараның мақсаты жаңартылатын энергия көздерінің негізінде жұмыс жасайтын генерациялау объектілерін салу бойынша инвестициялық жобалардың іріктеуі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығымен бекітілген Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес 2018 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу графигі  ҚР Энергетика министрлігінің ресми сайтында (http://energo.gov.kz/ pdf, 741 Kb) орналастырылды.

Графикте бекітілген мәлеметтердің негізінде 2018 жылы іріктеуге жоспарланған электр станциялардың түрі бойынша бөлінген жалпы жиынтық қуаты 1000 МВт:

– күн электр станциялар – 290 МВт;

– жел электр станциялар – 620 МВт;

– су электр станциялар – 75 МВт;

– Био ЭС – 15 МВт құрайды.

ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға дайындалу мақсатында мүдделі тараптарға белгіленген мерзімдерде ҚР Энергетика министрлігінің (http://energo.gov.kz/), «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы есеп-айырысу орталығы» ЖШС-нің (http://www.rfc.kegoc.kz/) және «КОРЭМ» АҚ-ның (http://www.korem.kz/) ресми сайттарында түсіндіру ақпаратты алуға және түсіндіру семинарларға қатысуға болады.

ЖЭК аукциондық сауда-саттыққа:

 1) ЖЭК сауда-саттықты өткізу жөніндегі «КОРЭМ» АҚ-ның сауда жүйесінде белгіленген мерзімде  тіркелген;

  2)  «КОРЭМ» АҚ-мен шарт жасасқан:

  3) «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы есеп-айырысу орталығы» ЖШС-нің атына аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін қаржылық қамтамасыз ету өтінімді ұсынған өтінім берушілер қатысуға мүмкіндік алады.

Ақтөбеде инновациялық қоқыс контейнерлері орнатылады

Дереккөз: www.24.kz

Ақтөбе қаласында инновациялық қоқыс контейнерлері орнатылмақ.

Пилоттық жоба бұған дейін Астана мен Алматыда іске асырылған еді. Сыйымдылығы 5 текше метр болатын 1 жаңа контейнер ескі 6 контейнерді алмастырады. Биіктігі 3 метрлік қондырғының үштен екі бөлігі жер астында орналасады. Контейнердің ішінде жанбайтын, жыртылмайтын материалдан тігілген қап бар. Мұндағы қоқыс қыста қатпайды, ал жазда жағымсыз иіс жайламайды. Беті жабық болғандықтан, қоқыс желге ұшып, жан-жаққа шашылмайды. Арнайы қапты 3 жылда бір ауыстыруға болады. Ал контейнердің өзі 15 жылға дейін сыр бермейді. Ресейден әкелінген экологиялық таза қондырғының бағасы 700 мың теңгеден басталады. Әзірге қала бойынша осындай 3 контейнер орнатылды.

Жанат Қуанышева, қалалық ТКШ бөлімінің бас маманы:

– Қалаға барлығы 60 контейнер сатып алу жоспарланып отыр. «Батыс-2» ауданында 40, «Нұр-Ақтөбе» шағын ауданында 20 қондырғы орнатылады. Ескі контейнерлермен салыстырғанда, тиімділігі жоғары. Экологиялық ахуалдың жақсаруына септігін тигізеді. Және үй аулалары таза болады.

Баспасөз хабарламасы Қазақстанда трансшекаралық контексте қоршаған ортаға әсерді бағалау туралы БҰҰ ЕЭК Конвенциясына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар жобасы әзірленді

Дереккөз: www.energo.gov.kz

Қазақстан 2001 жылдан бері Эспо конвенциясының қатысушысы болғандықтан қазіргі уақытта халықаралық ҚОӘБ туралы келісімдердің ережелерін сақтау бойынша дәйекті қадамдар жасап отыр. Қоршаған ортаға әсерді бағалау туралы трансшекаралық контексте (Эспо конвенциясы) БҰҰ ЕЭК Конвенциясының ережелеріне сәйкес қазіргі заманғы қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) жүйесін құру бойынша заңнаманы жетілдіру туралы ұсыныстың жобасы бірінші нәтиже болды

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне енгізілетін түзетулер жобасын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің (Министрліктің) бастамасымен халықаралық және ұлттық сарапшылар әзірледі және 5 қыркүйекте ҚР-ның Экологиялық заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел барысында кеңінен талқыланды. Іс-шараға Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік билік органдарының салалық мамандары, БҰҰ ЕЭК және ЕҚЫҰ халықаралық кеңесшілері, ұлттық сарапшылар және жалпы жұртшылық қатысты.

«Қазақстандағы ҚОӘБ-тың негізгі ережелері Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне енгізілді және қазірде халықаралық қағидаттарға сәйкес қаралатын болады. Бұл бағыт, сондай-ақ БҰҰ ЕЭК-ның СЭБ туралы Хаттамасына сәйкес стратегиялық экологиялық бағалау (СЭБ) рәсімдерін енгізу сияқты ҚР Экологиялық кодексінің қайта қарау жөніндегі ҚР Тұжырымдамасының жобасында бекітілген болатын» – деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің вице-министрі Сәбит Нұрлыбай. «ҚР экологиялық кодексін қайта қарау жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін және басқа да мүдделі тараптарды әзірленген ережені мұқият зерттеп, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге шақырамыз».

Дөңгелек үстел жұмысы барысында қатысушылар Эспо конвенциясының ережелеріне және халықаралық озық тәжірибеге сәйкес келетін жаңа кешенді ҚОӘБ схемасын енгізуді қарастыратын ҚОӘБ саласындағы Қазақстандағы нормативтік-құқықтық базаны кешенді түрде реформалау жөніндегі ұсыныстар жобасын тыңдады және ескерді.

БҰҰ ЕЭК және Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалық кеңсесінің саяси және сараптамалық қолдауымен жүзеге асырылып отырған бұл жұмыс Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуіне бағытталған және ЕО/БҰҰДБ/БҰҰ ЕЭК Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен «Қазақстанның жасыл экономика моделіне көшуін қолдау» атты бірлескен жоба аясында жүзеге асырылатын іс-шаралардың бірі болып табылады.

Ақмола облысында егін орағы қызу жүріп жатыр

Дереккөз: www.24.kz

Ақмола облысында егін орағы қарқын алып келеді. Бүгінге дейін өңір шаруалары жалпы алқаптың 12%-ын жинап алған.

Астықты қамбаға құюдан  Есіл, Жарқайың және Атбасар сияқты оңтүстік аудандар көш бастап келеді.

Қорғалжын ауданының Кеңбидайық ауылындағы бұл шаруашылық, жыл сайын өнімділігі жоғары бидай тұқымын себеді. Мәселен оларға тиесілі 4400 гектар алқаптың барлығына дерлік сондай элиталық сұрыптардың дәні сіңірілген. Сондықтан дамаңайдағы қожалықтар бұл серіктестіктен тәжірибе жинақтауға келіп тұрады.

Атымтай Темірбаев, шаруашылық агрономы:

– Норма бойынша осы жақта 120-130 келі себеді. Біз 70-80 келі септік. Оған қарамастан, міне, соның құнарлығы арқасында егініміз көп сепкендерден артық боп тұр. Былтыр +7-8 тонна алыпты. Соның шамасында. Енді біз биыл екі есе алайын деп отырмыз ғой, Алла қаласа.

Соңғы жылдары өңірде жоғары сұрыпты тұқымдарды себу көрсеткіші көбейген. Айталық, биыл егістік алқаптарының 6%-дан астамына элиталы тұқымдар себілген. Жалпы аймақта қазір егін орағы қарқын алып келеді. Ал астық жинауға 8 жарым мыңнан астам комбайн жұмылдырылған.

Ержан Бектұров, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бөлім жетекшісі

– Аймақтағы Жақсы, Жарқайың, Есіл және Атбасар секілді оңтүстік далалы аудандарда қазір егін орағы қызу жүріп жатыр. Астық құятын қоймалар дайын. Облыс бойынша бүгінде жалпы сыйымдылығы 4 млн 400 мың тонна болатын 67 астық сақтау қоймасы жұмыс істеп тұр. Одан бөлек, жеке шаруа қожалықтарында да астық жинайтын орындар бар.

Ақмола облысында егін себумен айналысатын 4 мыңға жуық шаруашылық бар. Олардың барлығы қазір егін орағының қамында.

Дамир Берікұлы, damir130788@twitter.com:

– Жалпы, Ақмола облысының шаруалары биыл 4 жарым млн гектар жерге дән сіңірді. Енді одан бұйыртса, 5 млн тоннадан астам астық жинаудан үмітті. Егіннің шығымы да жаман емес. Ендігі мақсат-міндет күн райының қолайлы сәтін пайдаланып, егінді уақытында ысырапсыз жинап алу. Сондықтан шаруалар қазір күн ашық болса екен деп тілеп отыр.

Авторлары: Д.Берікұлы, Е.Шинкаренко

Қазақстан-Қырғызстан Үкіметаралық Кеңесінің 7-ші отырысы

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылғы 16-17 тамызда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Ә. Сағынтаевтың және Қырғызстан Республикасының Премьер-Министрі М.Д. Абилгазиевтың төрағалығымен Қазақстан-Қырғызстан Үкіметаралық Кеңесінің кезекті 7-ші отырысы өтті. Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейтудің және транзиттік-көлік, су-энергетика, туризм және өзге де салалардағы бірлескен жобаларды іске асырудың алдағы жоспарлары талқыланды.

Қазақстан–Қырғызстан Үкіметаралық Кеңесінің 6-шы отырысының хаттамасының орындау нәтижелерін қарастырып, сауда, көлік, инвестициялар, энергетика, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ туризм мен цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықтың одан әрі дамуының қорытындылары талқыланды.

Кездесу барысында екі елдің Премьер-Министрлері деңгейінде Қазақстан-Қырғызстан Үкіметаралық Кеңесінің 7-ші отырысының хаттамасына қол қойылды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы 2003 жылғы 25 желтоқсандағы мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы Келісімге және Қырғыз Республикасының Экономика министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға өзгерістер енгізу туралы Хаттама қабылданды

Қазақстан–Қырғызстан Үкіметаралық кеңесінің келесі 8-ші отырысы 2019 жылы Бішкек қаласында өтеді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің “Мұнай өңдеу зауыттарын жетілдіру (жаңғырту) барысы туралы” интернет-конференциясы

Дереккөз: www.energo.gov.kz

 2018 жылғы 8 қыркүйек бен 18 қыркүйек аралығында Қазақстан Респубикасының Энергетика министрлігі “Мұнай өңдеу зауыттарын жетілдіру (жаңғырту) барысы туралы” тақырыбына интернет-конференция өткізеді.

Шараға белсенді түрде қатысып, тақырып бойынша сауалдарыңызды қоюларыңызды сұраймыз.

Сілтеме: dialog.egov.kz

2018 жылғы тамыздың 27-нен 29-на дейінгі мерзім аралығында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарлама

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы       тамыздың 27-нен 29-на дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Ақтау қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

 Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Каражанбасмунай» АҚ; Маңғыстау облысы бойынша «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС филиалы; «Халлибуртон Интернэшнл ГмбХ» КФ; «Казахстан Каспиан Оффшор Индастриз» ЖШС; «WEST DALA» «ВЕСТ ДАЛА» ЖШС; «ТенизСервис» ЖШС; «Шагала-Сервис» ЖШС; «Каракудукмунай» ЖШС.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Қоршаған ортаға әсерді бағалау ерекшеліктері. Өндірістегі экологиялық бақылау, қалдықтарды басқару бағдарламасы, жобалардағы экологиялық іс-шаралар жоспары. Стратегиялық экологиялық бағалау;
  • І, ІІ, ІІІ, ІV санаттардағы объектілер үшін кешенді ведомстводан тыс сараптама шеңберінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу ережелері мен тәртібі;
  • Кәсіпорындағы экологиялық менеджмент. Тренинг;
  • Қалдықтарды шығаратын кәсіпорындардың экологиялық реттеуі. Қалдықтарға рұқсат алу қажеттілігі;
  • Табиғат қорғауды жобалау және нормалау жұмыстарын жүргізуге лицензия алу тәртібі;
  • Қоршаған орта эмиссияларына рұқсат беру тәртібі;
  • Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі негізгі экологиялық талаптар;
  • Қалдықтар саласындағы экологиялық нормалар мен талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік;
  • Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау;
  • Қалдықтар саласындағы шаруашылық қызмет;
  • Тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс;
  • Табиғат қорғауды жобалау және нормалау жұмыстарын жүргізуге лицензия алу тәртібі.

Дәріс оқығандар:

Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті     директорының орынбасары;

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы.

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

Қостанай облысында тұрақтандыру қорына 700 млн теңгенің тауары сатып алынады

Дереккөз: www.24.kz

Қостанай облысында тұрақтандыру қорына 700 млн теңгенің тауары сатып алынбақ.

Оған азық-түліктің 19 түрі ілінген. Биылғы өзгеріс бойынша ақ май мен сүт өнімдері де тізімге еніп отыр. Негізгі қордың көлемі 4 мың 7 жүз тонна болса, оның 2 жарым мыңы сәбіз бен картопқа тиесілі. Негізгі мақсат – жылда маусым сайын туындап жататын азық-түлік тапшылығын туындатпау. Сол үшін де өңірде өсірілмейтін дақылдарды қамтуға баса назар аударылып отыр.

Жанар Балтабаева, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім жетекшісі:

– Біздің облыста қант қызылшасы пен күріш өндірілмейді, қарақұмықтың да көлемі аз. Сондықтан бұларды көп мөлшерде сақтаймыз. Жыл сайын қыс мезгілінде жұмыртқа қымбаттайды. Сондай жағдай болмас үшін жұмыртқаның және күнбағыс майы, сиыр етінің қоры жасақталады.

29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні

Дереккөз: www.24.kz

2009 жылдың желтоқсанында Қазақстанның бастамасымен Ұйымның Бас Ассамблеясы халықаралық ядролық сынақтарға қарсы қарар қабылдады. Осы орайда Ассамблея төрағасы Питер Томсон Қазақстанның ядролық қарусыздану аясында атқарған жұмыстарына алғысын білдірген еді.

Бұл күн Семей полигонының ресми жабылған күнімен тұспа-тұс келеді.

Бұл датаның бейбіт әлем қалыптастыру жолында Біріккен Ұлттар Ұйымы үшін де шоқтығы биік. Ядролық сынақтарға толықтай тыйым салу БҰҰ-ның басты мақсаты саналады. Бұл ретте  Қазақстанның бастамасымен қабылданған Бас Ассамблея қарарының мәні мен мағынасы зор. Бұл туралы Қазақстан Президенті 1991 жылғы 29 тамызда еліміз үшін де, бүкіл әлем үшін де тарихи маңызды оқиға болғанын аайтқан болатын.

– 1991 жылы жеріміз бен халқымызға 40 жылдай азап тартқызған милитаризмнің ең сұрапыл сынағы заңды түрде тоқтатылды. Біздің шешімімізден кейін барлық жетекші ядролық державалардың полигондарының үні шықпай қалды, алайда олардың ешқайсысы әлі күнге дейін жабылған жоқ. Қазақстан – мұндай қадамға барған алғашқы ел. Біздің халқымыздың қалауы солай болды. Бұл оқиғаның барша әлем үшін маңыздылығы осында, – деген болатын Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика