Дереккөз: www.24.kz
Қостанай облысында тұрақтандыру қорына 700 млн теңгенің тауары сатып алынбақ.
Оған азық-түліктің 19 түрі ілінген. Биылғы өзгеріс бойынша ақ май мен сүт өнімдері де тізімге еніп отыр. Негізгі қордың көлемі 4 мың 7 жүз тонна болса, оның 2 жарым мыңы сәбіз бен картопқа тиесілі. Негізгі мақсат – жылда маусым сайын туындап жататын азық-түлік тапшылығын туындатпау. Сол үшін де өңірде өсірілмейтін дақылдарды қамтуға баса назар аударылып отыр.
Жанар Балтабаева, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім жетекшісі:
– Біздің облыста қант қызылшасы пен күріш өндірілмейді, қарақұмықтың да көлемі аз. Сондықтан бұларды көп мөлшерде сақтаймыз. Жыл сайын қыс мезгілінде жұмыртқа қымбаттайды. Сондай жағдай болмас үшін жұмыртқаның және күнбағыс майы, сиыр етінің қоры жасақталады.
Дереккөз: www.24.kz
2009 жылдың желтоқсанында Қазақстанның бастамасымен Ұйымның Бас Ассамблеясы халықаралық ядролық сынақтарға қарсы қарар қабылдады. Осы орайда Ассамблея төрағасы Питер Томсон Қазақстанның ядролық қарусыздану аясында атқарған жұмыстарына алғысын білдірген еді.
Бұл күн Семей полигонының ресми жабылған күнімен тұспа-тұс келеді.
Бұл датаның бейбіт әлем қалыптастыру жолында Біріккен Ұлттар Ұйымы үшін де шоқтығы биік. Ядролық сынақтарға толықтай тыйым салу БҰҰ-ның басты мақсаты саналады. Бұл ретте Қазақстанның бастамасымен қабылданған Бас Ассамблея қарарының мәні мен мағынасы зор. Бұл туралы Қазақстан Президенті 1991 жылғы 29 тамызда еліміз үшін де, бүкіл әлем үшін де тарихи маңызды оқиға болғанын аайтқан болатын.
– 1991 жылы жеріміз бен халқымызға 40 жылдай азап тартқызған милитаризмнің ең сұрапыл сынағы заңды түрде тоқтатылды. Біздің шешімімізден кейін барлық жетекші ядролық державалардың полигондарының үні шықпай қалды, алайда олардың ешқайсысы әлі күнге дейін жабылған жоқ. Қазақстан – мұндай қадамға барған алғашқы ел. Біздің халқымыздың қалауы солай болды. Бұл оқиғаның барша әлем үшін маңыздылығы осында, – деген болатын Нұрсұлтан Назарбаев.
Дереккөз: www.24.kz
Ақмола облысының Ерейментау ауданындағы жел электр станциясы бүгінге дейін 500 млн кВт энергия өндірді.
2015 жылдың тамыз айында пайдалануға берілгелі дамылсыз жұмыс істеп тұрған жоба жергілікті тұрғындарды да тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Өнеркәсіптік үлгідегі алғашқы отандық жел электр станциясы 60 га аумақты алып жатыр. Ірі жоба ұлттық электр желісіне үлесін қосып келеді.
Мирлан Алтынбек, тілші:
– Ақмола облысының Ерейментау қаласындағы жел электр станциясы осындай 22 жел қондырғысынан тұрады. Әрбірінің қуаты 2 мегаваттан асады. Ал мұнараның биіктігі 85 метр болса, роторының диаметрі 93 метрді құрайды. Жалпы соңғы 3 жылдың ішінде 500 млн Квт/сағ электр энергиясын өндірді.
Жел паркі германиялық үлгіде жасалған. Шағын станцияны пайдалану кезінде 23 жұмыс орны ашылды, оның ішінде 12 адам Ерейментау қаласының тұрғындары.
Марлен Ізбасқанов, серіктестіктің бас директоры:
– Жылдық өнімділік 172 млн киловатты құрап отыр. Осы көрсеткіш 60 мың тонна көмір жаққанмен пара-пар. Осылайша біз ауаға СО2 қалдығының таралуын жылына 170 тоннаға қысқартып келеміз.
Бүгінде «Самұрық-Энерго» кәсіпорындары өндіретін электр энергиясының құрылымында баламалы энергия көздеріне жататын күн, жел және шағын су электр стансаларының үлесіне жалпы белгіленген қуаттың 1,5% тиесілі. Өткен жылы қазақстандық жасыл энергияның әрбір үшінші киловатт-сағатын аталған компанияның еншілес кәсіпорындары өндірген.
Әнуар Әбітаев, «Самұрық-Энерго» АҚ бөлім басшысы:
– Компаниямыздың стратегиясына сәйкес, алдағы уақытта Ерейментау қаласында жалпы қуаты 50 МВт болатын жел электр станциясының құрылысы жоспарланып отыр. Бүгінде осы жобаға қызығушылық танытар инвесторлар іздестіріліп жатыр.
Осылайша компания 2028 жылға дейін «Жасыл экономика» қағидаттарына толық көшу үшін стратегиялық инвестормен бірлесе отырып, жаңартылатын энергия жобаларын іске асырмақшы.
Арман Қашқынбеков, «Халықаралық жасыл технологиялар орталығы» КЕАҚ төрағасының орынбасары:
– Жел қондырғыларының кемшілігі деп оның жоғары бағасын айтуға болады. Мәселен, осындай диірмендер елімізде өндірілмегендіктен, шет елдерден импорттауға тура келеді. Ал артықшылығына баламалы қуат көзіне жататын жел энергиясын дамылсыз қолданатынын жатқыза аламыз. Мысалы, күн батареялары бүгінгі бұлтты ауа райында энергия өндіре алмасы анық.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2013 жылғы 30 мамырдағы Жарлығына сәйкес 2020-2050 жылдар аралығында жел, күн, су және атом электр стансаларының үлесін кезең-кезеңмен 3 проценттен 50 процентке жеткізу көзделіп отыр. Энергетика министрлігінің дерегінше, Қазақстанда қазіргі уақытта белгіленген жалпы қуаты 336 МВт. баламалы энергия көздерін пайдаланатын 55 кәсіпорын жұмыс істейді. Желден қуат өндіру көлемі соңғы жартыжылдықта 651,1 млн кВт/с құрады.
ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы тамыздың 22-нен 24-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Жол» ЖШС; Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Инфракос» ШЖҚ РМК; «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ; «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ; «Центр альтернативного образования «Достижения молодых» ҚҚ; Мемлекеттік емес мекеме – Қазтұтынушылародағының – Қарағанды экономикалық университеті.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Асанова Жанар Талгаровна – АҚ «Жасыл Даму» Қалдықтарды басқару департаментінің директоры;
Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚ департаменті директоры;
Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
Дереккөз: www.24.kz
Су-энергетикалық консорцумын құру, суды тиімді әрі үнемді пайдалану – жиында талқыланған басты мәселелердің бірі.
Себебі, кей мемлекеттер бұл талаптарға көңіл бөлмей келген көрінеді. «Сондай-ақ су тапшылығы да барлық елге тән мәселе. Осылардың барлығын бірлесіп шешу үшін ортақ стратегия қажет», – дейді сарапшылар.
Нариман Қыпшақбаев, Мемлекетаралық комиссияның Қазақстандағы филиал төрағасы:
– Мысалы, Сырдария өзенінің су әкелу қабілеттілігі белгілі. Тұрақты. Ал осы Сырдарияның суы Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстанға жетпей жатыр. Бүгін жетпей жатыр. Ал келешекте халық өседі, экономика өседі. Бізге Ресей, не Қытай секілді көршілеріміз не басқа біреу бір шелек те су бермейді. Осы суды біз 2018 бен 2028-ге де жеткізуіміз керек. 2038-ге де жеткізуіміз керек.
Болат Бекниязов, Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстандағы атқарушы дирекциясының директоры:
– Осы саммиттен біз жаңа бағдарлама күтеміз. Жаңа бағдарлама осы Арал өңірін ары қарай дамыту деген бағдарлама күтеміз. Әр мемлекет жобаларын береді. Тек Қазақстанның емес, аймақтық жобалар болайын деп тұр. Қазақстанда Арал аумағында су мәселесі шешілді деп айтуға болады. Арал-Сарбұлақ деген су құбыры бар. Әр елді мекендерге тартылған.
Дереккөз: www.energo.gov.kz
2018 жылдың 20 тамызында «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының» мәселелерін талқылау бойынша отырыс өткізілді.
Аталған отырыста келесі сұрақтар талқыланды:
1. «Үздік тәжірибелер аймағы» павильонында «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығын» орналастыру;
2. Халықаралық «жасыл» технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының жұмыс істеуі үшін 2018 жылға және 2019-2021 жылдарға қаржыландыру;
3. Орталықтың жұмыс істеуі бойынша қолданыстағы заңнамаға толықтырулар мен өзгертулер енгізу.
Осы отырысқа Ұлттық экономика және қаржы министрліктерінің, «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ және Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының және ҚР Энергетика министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.
Дереккөз: www.24.kz
тандық ғалымдар Солтүстік Қазақстан облысында жаздық бидайдың тағы бір түрін егіп, мол өнімге қол жеткізді.
Биыл Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлері мен жергілікті диқандар бірінші рет 500 гектар жерге дәнді-дақыл тұқымын сеуіп, өндірістік тәжірибесін жүргізді. Нәтижесінде гектарынан 40 центнер астық шықты. Бұл – жоғары көрсеткіш. Сонымен қатар шаруалар егістік алқабына азотты тыңайтқыштар сеуіп, бидайдың өнімділігін арттырудың тиімді тәсілін тапты. Басты мақсат өсімдік шаруашылығын әртараптандырып, сапалы тұқым шығару болып табылады. Бұл өз кезегінде Елбасы жолдауында айтылған: «агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін кем дегенде 2 жарым есеге арттыруға мүмкіндік береді», –дейді ғалымдар.
Кенже Абдуллаев, А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының директоры:
– Бұрындары біз кішкентай ғана жерлерде тәжірибе жүргізсек, бүгінде өндірістік тәжірибеге көшіп отырмыз. Ең жақсы көрсеткіштерді 20-30 мамыр аралығында егілген орташа тұқымдар көрсетіп отыр. Диқандардың алға қойған мақсаты мен міндеттері ауқымды. Бүгінгі күнге дейін олар гектарына 25 центнерден өнім алып отырса, біздің орталықтың берген ұсыныстарын орындай келе гектарынан 40 центнер өнім жинайды.
Дереккөз: www.24.kz
Ордабасыдағы тауарлы сүт фермасы роботтық технологияны өндіріске енгізді.
Бастапқыда сауыншыны құлтемір алмастырған, енді сиырлардың жем-шөбін де робот реттейді. Ферма алғашында швециялық құрылғымен сүт өндіріп келсе, бүгінде Нидерланд елінен әкелінген робот-сауыншылармен жабдықталып жатыр. Өз өнімдерін өңдеуге көшкен өндірістің сүт зауыты тағы бар.
Фермадағы Мажарстаннан әкелінген Голштин тұқымды сүтті сиырлар тәулігіне 10 мың тонна сүт береді. Қазір қорадағы мал басы өскен. 900-ден астам ірі қараның 400 басы сауылады. Бір құлтемір-сауыншы тәулігіне 60 сиырды үш реттен сауады. Зеңгі баба тұқымы көбейгеннен соң, фермада сиыр тұратын кешеннің де саны артқан. Жаңа қораларға Голландиядан әкелінген роботтар қойылыпты. Мұнда барлығы автоматтандырылған. Бұл, бір жағынан, сиырлардан сүтті көбірек алуға жағдай жасайды.
Абылай Әбішев, серіктестік директорының орынбасары:
– Бұл роботтардың айырмашылығы, қазіргімен салыстырғанда біршама арзан. Алдыңғы роботтар бір сиырды 7-8 минут сауса, бұл 5 минутта сауады. Бір роботқа 60 емес, 70 сиырдан келіп отыр. Енді 4-қораға осы екі роботты қойдық. Қазір іске қосып жатырмыз. Алдағы уақытта көңілден шықса, жылдан-жылға сиыр басы көбейгендіктен 5-6-қора саламыз деп жоспарлап отырмыз.
Бұрындары қорада бұл жұмысты әр сағат сайын бір маман атқаратын. Ал қазір жұмысшының еңбегін робот алмастырған. «Малшы» деп аталатын бұл құрылғы, яғни сиырдың жем-шөбін жинайды, тазалайды. Сондай-ақ дұрыс тамақтануын қадағалайды.
«Малшы» аталып кеткен бұл робот 20 минут жұмыс жасап, 40 минут қуат көзінен нәр алады. Салмағы 600 келіге жететін құрылғы әзір елімізде осы фермада ғана бар. Кәсіпорын қазір өз өнімдерін өздері өңдеуге көшкен. Мұнда айран, қаймақ, құрт, тіпті ірімшікке дейін дайындалады. Зауыт тәулігіне 50 тонна сүт өндіруге қауқарлы. Ең бастысы, дайын өнімдер таза әрі ешбір қоспасыз. Бұларды 7-15 күн аралығында салқын жерде сақталады. Сүт зауытқа жеткізілгеннен бастап зертхана бақылауында болады.
Нұрсұлтан Жолжанов, сүт зауытының сапаны қадағалау бөлімінің басшысы:
– Жоспарымыз – зауыт көлемін ұлғайту. Біздің бөлімнен микробиологиялық бөлім ашу. Ол біздің жұмысымызды жеңілдете түседі және өзіміздің ұйытқыларды өндірсек деп жатырмыз. Ол тауарымыздың сапасын ұлғайтып, өзіндік бағасын біршама түсірер еді.
Серіктестік алдағы уақытта бұқтырылған сиыр етін дайындайтын зауыт салуды жоспарлап отыр. «Ал түпкі мақсат – сан емес, сапаға мән беру», – дейді кәсіпорын жетекшілері.
Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов
Дереккөз: www.24.kz

Құмарық ауылында зейнет жасына жетсе де, қарап отырмай кәсіп ашқан Шәкен Жапаралиев есімді қария тұрады.
Ақсақал қазаққа таңсық кәсіп, қоян өсіруді қолға алған. Қазір қорасында 200-ге жуық ұзынқұлақ бар. Олардың санын қысқа дейін мыңға жеткізбек. Көктем шыға қоянның «фландр», «великан» тұқымдарын сатып алған қарт кәсіпкердің айтуынша, қоян етіне қазірдің өзінде сұраныс жоғары. Алматы, Астана қалаларындағы бірнеше мейрамхана иелерімен келісімге де келіпті. Ал келешекте ұзынқұлақтың санын 5 мыңға жеткізіп, етін сатып, терісін кәдеге жаратуды көздеп отыр. Ол үшін күзде Қытайға барып, тері өңдеу технологиясымен танысып, керекті заттарды алып қайтпақ.
Шәкен Жапаралиев, зейнеткер:
– Қазан, қараша айларында Қытай жаққа барып, загранпаспорт алып қойдым, сол жаққа барып, жаңағы мына қоянның терісін өңдейтін бояуларын, дәрі-дәрмектерін алып келіп, сол жерден білетіндерден технологиясын үйреніп келейін деп отырмын.
ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы тамыздың 15-нен 17-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық нормалау және жобалау» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Алматы электр станциялары» АҚ; ТОО «OPTIMUM» жобалау институты» ЖШС; «Асфальтобетон 1» ЖШС; «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС; ҚР БҒМ Ғылым комитетінің жобаларды басқару тобы; «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ; «Чабан В.В.» ЖК ;
«Экосфера» ҮЕҰ мекемесі.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Каратаева Динара Ахметовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының м.а;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚ департаменті директоры;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ бас сарапшысы;
Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы.
Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
