Жаңалықтар | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Халықаралық сарапшылар Қазақстанның «жасыл экономиканы» құру және экологиялық көрсеткіштерді жақсарту бойынша міндеттерінің орындалуын тексереді

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылғы 12 наурызда Астана қ. Қазақстанның Экологиялық қызметі нәтижелілігінің Үшінші шолуын (бұдан әрі – ЭҚНШ) әзірлеу бойынша сарапшылар миссиясы жұмысына кірісті.

Әр түрлі елдерден, ЭЫДҰ, ДДСҰ, ЮНЕП және БҰҰ ЕЭК-тен келген он төрт сарапшы елімізде 10 күн бойына Қазақстанның «жасыл экономиканы» құру және экологиялық көрсеткіштерді жақсарту бойынша міндеттерін орындауда қол жеткізген прогресіне шолу жасайды.

Миссия барысында сарапшылар тобы мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнестің, ғылыми ортаның және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездеседі. Сарапшылар әр түрлі объектілерге барады: жылу электр станциялары, металлургиялық зауыттар және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар.

2019 жылдың қаңтарында ЭҚНШ нәтижелерін БҰҰ ЕЭК-тің Экологиялық саясат жөніндегі комитеті қарастырады.

ЭҚНШ «жасыл» экономиканы дамыту саласында, атап айтқанда энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау секторларында Қазақстанның қол жеткізген нәтижелерін бағалауға бағытталған. Онда атмосфералық ауаның ластануын азайту, судың сапасын жақсарту, қалдықтардың түзілу көлемін азайту және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару бойынша Үкіметтің іс-қимылдарына баға беріледі.

Шолу өз уақытында жүргізілуде, себебі қазіргі уақытта елімізде Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы (2013 ж.) және Экологиялық кодексті (2007 ж.) қайта қарау бойынша жұмыстар атқарылуда.

Қазақстанның ЭҚНШ-ын БҰҰ ЕЭК Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен ынтымақтастықта өткізуде. Германия, Венгрия, Италия және Португалия, сондай-ақ ЭЫДҰ, ЮНЕП және ДДСҰ сияқты халықаралық ұйымдар өз сарапшыларын осы Шолуға қатысу үшін жіберді.

Қазақстан мен Жапония энергия көздерін пайдаланудан тәжірибе алмасады

Дереккөз: www.24.kz

37563aa9ec57b93ee3663004cb3f8b15_l

Қазақстан мен Жапония өзара жаңартылатын энергия көздерін пайдалану тәжірибесімен алмасады. Бұл шешімге халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының басшысы Рәпіл Жошыбаевтың Токио мен Осака қалаларына жасаған сапары барысында қол жеткізілді.

Келіссөзді еліміздің Жапониядағы елшілігі ұйымдастырды. Қазақстандық делегация өкілдері сутегімен жүретін автокөлікке мініп, энергия үнемдейтін кәсіпорындарды көрді.

Жапония, жел және күн энергиясын пайдалану бойынша әлемдегі үздік он елдің тізімінде жоқ. Бірақ екі мың оны алтыншы жылы мұнда жел электр стансаларының саны екі есе өсті. Сондықтан Күншығыс елінен үйренеріміз көп. Соның бірі тұрғындар мен кәсіпкерлерді энергия үнемдеуге ынталандыру.

Масаоми Кояма, Жапонияның табиғи ресурстар және энергетика Агенттігінің басқарма басшысы:

– Салқындатқыш шығаратын компаниялар бар. Олар энергияны үнемдейтін өнім шығарса, сыйлықтармен марапатталады. Энергия үнемдейтін үйлер де бар. Мұндайтұрғын жайларды сатып алушыларға мемлекет субсидия бөледі.

Тосинобу Като, JICA департаментінің бас директоры:

– Жапонияның электр энергиясын өндіруге арналған жоғары технологиялық панельдер өндірісі бойынша үлкен тәжірибесі бар және алғашқы өнімдері дайын. Сондай-ақ күкірт-натрий батареяларын шығаратын жапондық компаниялар да бар. «Джайка» Қазақстанда көптеген жобаларды жүзеге асырды және сіздердің елдеріңізбен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға үмітті. 

Қазақстандық қонақтарды әсіресе жапондықтардың сутегімен жүретін автокөлік өндірісі қызықтырды. Мұндай көліктердің біріне делегация басшысы Рәпіл Жошыбаев отырып та көрді. Бір рет сутегі толтырылған бұл техника алты жүз елу шақырым жол жүреді.

Юко Сасаки, компания менеджері:

– Көлікті сутегімен толтыру уақыты үш минут. Бензин құйғанмен бірдей. Қазір Жапонияда 2392 көлік осы сутегі отынымен қозғалады. Оларды қамтамасыз ететін 92 арнайы станция бар.

Ал жапондар болса Астананың халықаралық шараларды ұйымдастыру тәжірибесіне қызығушылық танытты. Осака қаласы EXPO-2025 көрмесін өткізуге үміткер. Бұл орайда жапондар EXPO-2017 нысандарын мамыр айында келіп көрмек. Рәпіл Жошыбаев күншығыстағы әріптестерін Астана экономикалық форумына қатысуға шақырды.

Рәпіл Жошыбаев, «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» АҚ басшысы:

– Біз әлемдегі осындай орталықтарды осы форумға шақырғымыз келеді және орталық басшыларының кездесуін ұйымдастыру жоспарымыз да бар.

Қазақстандық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы және жапондық энергияны сақтау орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға дайын. Қазір құжат дайындалып жатыр. Алдағы уақытта қазақстандық мамандар Жапонияда тәжірибеден өтеді. Бұл туралы келісім жасалып та қойды.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Қазақстанда ЛШТТ-ны ендіру мәселелері Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті студенттерімен талқыланды

2018 жылдың 1 наурызында ЦИҚИ ғимаратында Л.Гумилев атындағы ЕҰУ жаратылыстану ғылымдары факультетінің студенттерімен кездесу өтті.

Кездесуге «Экология» мамандығының оқытушылары мен студенттер, «ҚОҚ АТО» РМК өкілдері, Н.Л.Шапекова (факультет деканы), А.А.Кулагин (М.Акмулла атындағы Башкир мемлекеттік педагогикалық университеті) қатысты.

Кездесудің басында сәлемдесу сөзімен А.Б.Рымбаева мінбеге шықты. Орхус конвенциясы және оны жүзеге асыру шеңберіндегі Қазақстанның міндеттері туралы ақпарат ұсынылды. Студенттер мен оқытушыларға сауалнама нысандары берілді, нәтижесінде сауалнама жүргізілгендер болашақта жүзеге асырылатын жоба мен ЛШТМТ туралы ақпарат алуға қызығушылықтарын көрсетті. Ауызша жүргізілген сауалнамада барлық кездесуге қатысушы-студенттер (жоғарғы курстар) Орхус конвенциясы туралы хабардар екендіктерін көрсетті. Мұғалімдерге осы үрдіс неге байланысты болғандығы туралы сұрақ қойылды.

Конфенция туралы ақпарат егжей-тегжейлі баяндалатын, «АТО» РМК жүргізілетін 3 күндік семинарларға тегін қатысуға мүмкіндік болғанына қарамастан, университет өкілдері алынған ақпаратты студенттерге жеткізбейді.

Әрі қарай «Қазақстан үшін хабардар болуды жетілдіру және тарату, жойылуы қиын органикалық ластауыштар есептілігі үшін құрал ретінде ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдерін іске асыру бойынша ғаламдық жобасы» жүзеге асырылатын жоба туралы ақпаратпен «АТО» РМК Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры департаментінің директоры А.Балабаева мінбеге шықты. ЛШТТ-ны құрылу тарихы, аталған бағытта Қазақстанмен жүзеге асырылған қадамдар мен оны ендірудің халықаралық тәжірибесі туралы ақпарат ұсынылды.А.Балабаеваның баяндамасына сұрақтар қойылған жоқ алайда, Орхус конвенциясын кеңінен тарату, болашақ экологтармен және университетпен өзара әрекеттесудің әлсіздігі, сондай-ақ халықты ақпараттандырудағы «АТО» РМК жүргізілген жұмыстың әлсіздігі туралы ескерту жасалды.

Факультет басшылығымен жоба командасымен болашақтағы ынтымақтастықты дамыту және факультеттің алдағы іс-шараларына қатысу туралы келісімге қол жеткізілді.

Факультет деканы – Шапекова Неля Лукпановна. Қазіргі таңда «экология» мамандығы бойынша білім алып жатқан. Студенттер саны 270 адам (бакалавриат, магистратура және докторантура).

Қостанай облысында сүт фермасына австралиялық ІТ-технология орнатылмақ

Дереккөз: www.24.kz

d37ec8c23fb51dd37ae1514ac21e5c84_l

Қостанай облысында цифрландырудың жол картасы жасалды.

Оған әзірге 77 жоба енгізілді. Оның жартысына жуығы ауыл шаруашылығына қатысты. Нақты айтсақ, бұл салада осы жыл ішінде 29 жылдам жетістіктер іске асырылады. Және оның бәрі кәсіпорындар есебінен атқарылады. Ақылды технологиялар ет-сүт фермаларына, егін шаруашылығына енгізіледі. Егістік алқаптарының электронды картасы, жер-серіктік GPS навигациясы, автоматтандырылған малды бақылау құрылғылары болашақта үйреншікті құбылысқа айналады. Сүт фермасына австралиялық ІТ-технологияны орнату көзделіп отыр. Мамандардың айтуынша, ол 10 шақты айдың ішінде өзін ақтап шығады.

Мейіржан Мырзалиев, облыс әкімінің орынбасары:

– Бұл жобамен алсақ, мысалы, мың басқа сүт беретін бір сиырға «болюс» енгізіледі. Соның арқасында нақты бір сиыр 305 күннің ішінде 5 мың 500 литр берсе, осы технологияны енгізу арқылы сиырлар 6 мың 350 литрге дейін, яғни 850 литрге көп сүт береді.

БҰҰ ЕЭК өңіріндегі тұрақты даму бойынша өңірлік форум туралы баспасөз хабарлама

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылғы 1-2 наурызда Женевада БҰҰ ЕЭК өңіріндегі тұрақты даму бойынша өңірлік форум өтті. Форум 2018 жылғы 9-18 шілдеде Нью-Йоркте өтетіндігін жоспарланған Тұрақты даму бойынша БҰҰ жоғары деңгейдегі саяси форумына дайындық кеңес және тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу бойынша прогреске қосқан өңірлік үлесі болып табылады.

Форумның басты мақсаты – үкіметтер мен басқа да мүдделі тараптардың арасында ТДМ-ды іске асыру бойынша нақты тәжірибемен, міндеттермен және тәжірибелік шешімдермен алмасу және ерікті әріптестік.

Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының атынан «Жасыл экономика» департаментінің директоры Әлия Шалабекова қатысты.

Форумда қазіргі уақытта құрылып жатқан Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар халықаралық орталығының негізгі тәсілдері, мақсаттары және міндеттері таныстырылды. Сондай-ақ Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту халықаралық орталығы негізгі халықаралық институттар және жеке сектордың қолдауымен тұрақты дамуды қамтамасыз етуде Орталық Азия елдерімен тығыз өзара іс-қимылға мүмкіндік беретіндігі атап өтілді. Бұл біліммен, технологиялармен алмасуға және оларды Орталық Азияға ендіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, форумның қорытындысы туралы есеп интерактивті пікірталас форматында тыңдалды. Бұл жерде тиісті ТДМ мен кешенді саясатты қалыптастыру арасындағы өзара байланысқа басты назар аударылды.

Ш.Колер: Қазақстан Президенті өте дұрыс бағыттарға басымдық жасаған

Дереккөз: www.24.kz

4059f35f9fe3d1f5b89f7ce02d9d95d7_l

Қазақстан Президенті Жолдауында баламалы энергетика көздеріне басымдық берген.

Тіпті оны 2030 жылға дейін 30 пайызға көтеру керек деп тапсырды. Energy Eurasia неміс энергетикалық компаниясының басшысы Штефан Колер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын қолдайтындығын жеткізді.

Штефан Колер, Energy Eurasia энергетикалық компаниясының директоры:

– Мен жолдауды мұқият оқып шықтым. Президент өте дұрыс бағыттарға басымдық жасаған. Оның ішінде энергияны үнемдеу, баламалы энергия және табиғи ресурстарды қолдану бар. Алға қойылған 10 тапсырманың кемінде төртеуі осы салаларға бағытталыпты. Дәл қазір Қазақстан экономикалық жағынан тұрақты дамып жатыр. Сол себепті өте дұрыс қадам болмақ. Германияда энергетикалық өзгерістер 2000 жылдары болған. Өз тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз. Бірігіп талай жобаны жүзеге асыра аламыз деп ойлаймын. Тағы бір маңызды тапсырма – ақылды қалаларды дамыту. Мұнда дигитализация маңызды рөл атқарады. Президент оны жүзеге асыру үшін нақты қадамдарды да айқындап қойғаны көрніп тұр.  

Санкт-Петербургте Энергетика министрі Қ. Бозымбаевтың «Газпром» ААҚ Басқарма төрағасы А. Миллермен кездесуі өтті

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылдың 26 ақпанында Санкт-Петербург қаласында ҚР Энергетика министрі Қ. Бозымбаев «Газпром» ААҚ Басқарма төрағасы         А. Миллермен кездесті.

Еске салып өтсек, 2016 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы  XIII өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында екі елдің Мемлекет басшылары 2016-2018 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойған болатын.

Жоспарға сәйкес Қазақстан территориясы арқылы газды жеткізу және тасымалдауды іске асыру мақсатында екі ел арасындағы газ тасымалдау потенциалын қолдану жөніндегі екіжақты келіссөздерді жүргізуді жалғастыру қажеттілігі тапсырылды.

Сонымен қатар кездесуде Астананы газдандыру жобасының іске асыруға қолайлы болатын бағыттары талқыланды.

Талқылау барысында бірлескен жұмыс тобын құру шешімі қабылданды, жұмыс тобына қысқа мерзімде Астананы және Орталық Қазақстанды газдандыру үшін Ресейден Қазақстанға тартылатын транзиттік магистральді газ құбырын салуға мүмкіндік беретін бағыттарды әзірлеу тапсырылды.

Осы орайда,  транзиттік магистральді газ құбырын салу жобасын сәтті іске асыру газ саласындағы екіжақты ынтымақтастықты бұдан әрі  дамытуға мүмкіндік беретіндігін атап өту маңызды.

Сондай-ақ тараптар Каспий теңізіндегі және шекаралас кен орындарындағы жер қойнауын пайдалану жобаларын іске асыру мәселелері бойынша ағымдағы жағдайды талқылады.

Жалпы айтқанда тараптар газ саласындағы екіжақты ынтымақтастық қанағаттанарлық екендігін атап өтті.

Ведомство басшысы Қ. Бозымбаев – қазақстандық тараптың бірлескен жобалардағы ұзақмерзімді әріптестік қатынастарды нығайту және кеңейтуді қолдайтындығын атап өтті, сондай-ақ газ саласындағы екі елдің ынтымақтастық потенциалын  бұдан әрі тиімдірек дамытуға ниеттілігін білдірді.

Б.Сағынтаев EXPO нысандарын көрмеден кейін пайдалану мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Дереккөз:www.24.kz

47d18f51297b2947d0df4fbd2ee78d06_l

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Астана Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің нысандарын көрмеден кейін пайдалану мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында көрме аумағында инновациялық экожүйе нысандарын, оның ішінде «Астана» Халықаралық қаржы орталығын, Astana Hub, Халықаралық АТ-Университетін, Халықаралық жасыл технологиялар орталығын орналастыру мәселелері қаралды.

Кеңесте «Астана Экспо-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Е.Шорманов, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары А.Мамин, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қ. Келімбетов, білім және ғылым министрі Е.Сағадиев, ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев, Астана қаласының әкімі Ә.Исекешев сөз сөйледі.

Ақпарат көзі: primeminister.kz

2018 жылғы ақпанның 21-нен 23-не дейінгі мерзім аралығында «Экологиялық сараптама және табиғатты пайдалануды реттеу» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарлама

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы ақпанның 21-нен 23-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Экологиялық сараптама және табиғатты пайдалануды реттеу» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «ЭКО-КС» ЖШС, «Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Мемлекеттік экологиялық бақылау;
  • ҚОӘБ жобаларын әзірлеу. Талаптар және бағалау критерийлері;
  • Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар және оларға қойылатын талаптар;
  • Мониторингтің автоматтандырылған жүйесі. Мемлекеттік экологиялық бақылау және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптар;
  • Жобалардың экологиялық сараптамасын, соның ішінде ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында жүргізу;
  • Экологиялық реттеу. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің стратегиялық жоспары және т.б.

Дәріс оқығандар:

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Каратаева Динара Ахметовна ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Маденова Айгуль Есеркегеновна – ЭРБК бас сарапшысы;

Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;

Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК ҚОҚҰБДжәнеЭАТ басқармасының басшысы;

Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры;

Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы.

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

img_8829 img_8835 img_8834 img_8830

Астанада мұнай-газ компаниялары экологиялық жауапкершілігінің бірінші рейтингі қорытындылары шығарылды және жеңімпаздар марапатталды

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылдың 22 ақпанында Астана қ. ҚР Энергетика министрлігінің қолдауымен және Орталық Азияда қоршаған орта бойынша БҰҰ бағдарламасы (UNEP-CA), CREON Capital мен Ұлттық рейтинг агенттігімен әріптестікте Ресейдегі Дүниежүзілік жабайы табиғат қорымен (WWF) ұйымдастырылған Қазақстандағы мұнай-газ компанияларының (МГК) экологиялық жауапкершілігінің бірінші рейтингі қорытындылары шығарылды.
Аталған іс-шараның аясында Қазақстандағы мұнай-газ компанияларының экологиялық жауапкершілігінің бірінші рейтингі қорытындылары (әдістеме, есептер, нәтижелер) бойынша баяндамалар тыңдалды және Ресейдегі МГК экологиялық жауапкершілігінің 2017 жылғы рейтингі қорытындылары, сондай-ақ рейтинг жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Қазақстандағы мұнай-газ компанияларының экологиялық жауапкершілігінің бірінші рейтингі таныстырылымындағы баяндамасында: «Мұнай-газ секторында ақпараттың қолжетімділігін анықтау бойынша тұрақты негізде жүргізілетін жұмыс жер қойнауын пайдаланушылардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға оң әсерін тигізетінін көріп отырмыз. Біздің елімізде рейтинг алғаш рет жүргізілді және аталған жұмыс компаниялардың ашықтығын бағалаудың дәстүрлі әдісіне айналып, еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша мұнай-газ компаниялары қабылдайтын шаралардың әсерін күшейтуге мүмкіндік беретіндігіне үміттенеміз,» – деп атап өтті ҚР Энергетика вице-министрі Ғ. Сәдібеков.
Осы рейтинг Қазақстан аумағындағы компаниялардың қызметі туралы жиі кездесетін деректерге негізделген. Бұл қағидат әлеуметтік-жауапты бизнесті енгізу туралы тезистің логикалық жалғасы болып табылады. Рейтинг экологиялық жауапкершілікке байланысты мәселелерде отандық мұнай-газ компанияларының ақпараттық ашықтығының айтарлықтай жоғары деңгейде екенін көрсетті.
«КРЕОН» тобының бас директоры С. Тұргынов: «Төрт жыл бұрын «КРЕОН» тобы WWF-мен бірлесіп мүлде жаңа бастаманы ұсынды – мұнай –газ компанияларын пайда мөлшері немесе өндіру көлемі бойынша ғана емес, экологияға әсер ету деңгейі бойынша да бағалау. Біз осы тәжірибемен халықаралық деңгейде қуана бөлісеміз,» – деді.
16 компанияның экологиялық жауапкершілігінің деңгейі және олардың қызметінің қоршаған ортаға әсерінің ауқымы туралы объективті және салыстырмалы ақпарат Қазақстандағы мұнай-газ компанияларының экологиялық рейтингі пилоттық жобасының негізіне алынды.
Компаниялар деректерді ашу мәселесінде белсенді болып, жоба кәсіпорындардың ашықтығын арттырудағы шынайы ынталандыруға айналды.
Орталық Азия бойынша БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) офисінің басшысы Н. Алексеева: «Барлық тараптардың – мемлекет, жеке сектор, жұртшылықтың қатысуынсыз «Жасыл экономикаға» көшу мүмкін емес. Қазақстан үлгісінде 2015 жылы қабылданған тұрақты дамудың жаһандық мақсаттары тұрғысынан біз мұндай күшті біріктіруді және табиғат қорғау мақсаттарына жетудің маңыздылығын көрсете алғанымызға қуаныштымыз,» – деп айтты.
Бірінші рейтинг іріктеуіне мұнай және табиғи газ өндіру көлемдері бойынша көшбасшы 16 компания қатысты. Олар мынадай өлшемшарттар бойынша салыстырылды: экологиялық менеджмент, қоршаған ортаға әсер және ақпарат ашықтығы.
Есептеу қорытындысы бойынша 2017 жылдың рейтингін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бастады, екінші орында – «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.», үшінші орында – «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ («ПетроКазахстан Инк.» өндіруші құрылымдық бөлімшесі).
Ресейдегі Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) табиғат қорғау саясаты бойынша директоры Е. Шварц: «Осы экологиялық жауапкершілік тетіктері әлеуметтік-экологиялық инновацияларды, қызметтің ашықтығын ынталандырады және тұтынушылық артықшылықты қалыптастыру кезінде, қаржы институттарының тәуекелдерін бағалау кезінде бизнес үшін нарықтық бәсекелес басымдыққа айналады», – деп атап өтті.
Қазақстандағы мұнай-газ компанияларының экологиялық жауапкершілігінің рейтингін іске қосу өте маңызды әрі ол өндіру, тасымалдау және көмірсутек шикізатын қайта өңдеу кезінде экологиялық тәуекелдерді басқару сапасын арттыруға, сондай-ақ қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін төмендетуге мүмкіндік береді.
Рейтингті есептеу WWF әзірлеген және 2014-2017 жылдары Ресейде мақұлданған бірегей әдістеме негізінде жасалды.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика