Жаңалықтар | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Сенатта ауыл шаруашылығын дамыту жайы талқыланды

Дереккөз: www.24.kz

d597e359e0f6404b6607dde15ff737c6_l

Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары несиелік серіктестердің жағдайына тоқталды.

Арман Евнивтің айтуынша, салада қаржының жетпеуі қиындық тудыруы мүмкін. Жауапты министрлік қаржыландыру мен лизингтің төмендеуіне қатысты факторларға талдау жасап, нәтижесінде несиенің қымбаттығы мен шаруалардың кепілге қояр мүлкінің жеткіліксіз болуын анықтаған. Сондай-ақ бастаған бизнестің өзін-өзі ақтау мерзімі де ұзақ. «Түйткілдің түйінін тарқатудың жолы бар», – дейді Арман Евнив. Ол үшін қосымша қаржы бөлу қажеттігін айтты. Статистикаға сүйенсек, несиелеу 292 миллиардтан 222 миллиард АҚШ долларына дейін, яғни 24 пайызға төмендеген. Лизинг бойынша да несиелеу 62-ден 42 миллиард теңгеге немесе 30 пайызға азайған.

Арман Евниев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

– Біздің министрлік нақты нарықтық шараларды ұсынып отырмыз. Яғни негізгі қаржының несиесі бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидиясы мен ауыл шаруашылығы техникасына берілетін лизингті жүйелендіру керек. Бұл өз кезегінде несиелік жүктемені жеңілдетіп, несиелеуді арттырады. Оған қоса ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға мүмкіндік береді. Сонда ғана көп өнім алуға мүмкіндік бар. 

Жеңіс Нұрғалиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Еңбек өнімділігіне қатысты мәселе бар. Жаңа техникалармен жарақтандыру. Бүгінгі күні инвестициялық субсидиялар оған мүмкіндік беріп отыр. Ал жаңа технологияларға қол жеткізу арқылы Елбасы жолдауында көрсетілген мәселелерді шешудің бірден-бір жолы.

«Қазгидромет» қызметі болжамдардың жаңа жүйесіне көшті

Дереккөз: www.24.kz

f4c1bb2a7aa1668ff74d5008e85f4db3_l

primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2018 жылдың су тасқыны кезеңіне дайындық туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев баяндады.

Өз баяндамасында Қанат Бозымбаев жедел гидрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін «Қазгидромет» РМК 310 гидрологиялық бекетті, 339 метеорологиялық станциялар мен бекетті, сондай-ақ екі қар көшкіні станциясын қамтитын мемлекеттік бақылау желісінде бақылау жүргізетінін айтып өтті.

Су объектілерінде шұғыл өзгеріс туындаған жағдайда барлық гидрологиялық бекеттер әр төрт сағат сайынғы жиілетілген бақылауға ауысады.

Бұдан өзге, апатты гидрологиялық құбылыстар туындаған жағдайларда ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне, ҚР АШМ Су ресурстары комитетіне және жергілікті атқарушы органдарға ескертуді жеткізу схемасы жұмыс істейді.

Үлкен, болжамдардың есептерінде есепке алынбаған қар қоры бар жыралардағы ылғалдылық қорын анықтау үшін «Қазгидромет» филиалдары және аймақтық төтенше жағдайлар департаменті мамандарымен бірлесіп негізгі жазық өзендердің барлық алаптарында қар-батпақта жүргішпен экспедициялық маршруттық айналымдар жүргізіледі.

«Қазгидрометтің» су тасқыны кезеңіндегі негізгі гидрологиялық болжамдары мүдделі мемлекеттік органдар мен облыс әкімдіктеріне 2018 жылдың 1 наурызынан бастап апта сайын әр үш күн сайынғы нақтылаумен жеті күн алдын ала ұсынылатын болады», — деп хабарлады Қанат Бозымбаев.

Сондай-ақ Энергетика министрі «Су тасқыны қатерлерінің алдын алу және жою жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған шаралар кешені» жол картасы шеңберінде жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

2017 жылдағы және 2018 жылғы 1 ақпандағы жай-күй бойынша өзендер алаптарындағы ылғал қорының жиналуы туралы анықтамалық-консультациялар мүдделі мемлекеттік органдарға уақытылы жіберілді.

«Жалпы жиналған ылғал қорын талдау, топырақ тоңдануының тереңдігі және су қоймаларының 70-90%-ға толуы көрсеткендей, бірден көктем шыққан жағдайда Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы елді мекендерді, инфрақұрылым нысандарын су басу қаупі болуы мүмкін», — деп мәлімдеді Қанат Бозымбаев.

Энергетика министрі баяндамасын аяқтаған соң ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қанат Бозымбаевқа жергілікті органдардың су тасқыны қаупінің алдын алу бойынша бірқатар қажетті шараларды қабылдамауына себеп болуы мүмкін Қазгидромет болжамдарының уақыттылылығын қамтамасыз ету бойынша сұрақ қойды.

«Болжам жасау жүйесі өзгерді. Егер бұрын үш ай алға гидрологиялық болжам жасасақ, енді 1 наурыздан бастап жаңа жүйе – жеті күндік алдын ала болжамға көшеміз. Оның ықтималдығы – 90%-дан асады. Әр үш күн сайын түзету жасалады. Яғни барлық мемлекеттік органдар климаттық және басқа да өзгерістер туралы ақпаратты үлкен ықтималдылықпен алып отырады», — деп жауап берді Қанат Бозымбаев.

Сондай-ақ оның айтуынша, болжам жасау кезінде жаңа тәсілдер қолданылады: математикалық үлгілер, радарлардың көмегімен зерттеулер.

«Біздің қызметтер үшін айта алмаймын, бірақ “Қазгидромет” орындалу ықтималдығы 90%-дан асатын болжамдарды беретіні нақты», — деп түйіндеді Қанат Бозымбаев.

Ақпарат көзі: primeminister.kz

Қазақстандағы СЭБ және ҚОӘБ: заңнамаға талдау аяқталды және оны жетілдіру бойынша ұстанымдар әзірленді

Дереккөз: www.energo.gov.kz

Халықаралық және ұлттық сарапшылар тобы Эспо Конвенциясы және Орхус Конвенциясы тұрғысынан халықаралық стандарттардың сақталуына Қазақстандағы қолданысынтағы заңнамаларға талдау жасау бойынша жұмыстарды аяқтады. Аталған талдау нәтижелері, соның ішінде нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған сарапшылардың ұстанымдары 2018 жылдың 15-16 ақпанда тиісті министрліктер мен ведомстволар мамандарының талқылауына ұсынылды.
Атап айтқанда, қоршаған ортаға тигізетін әсерді бағалау (ҚОЭБ) механизмін жетілдіру және стратегиялық экологиялық бағалау (СЭБ) жүйесін ендіру бойынша нақты ұсыныстар әзірленді. ЕЭК БҰҰ әзірленген екі құралдар және Еуропада кең таңылған қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын тиімді қорғау, сонымен қатар көңіл бөлінбейтін экологиялық салдарлардың алдын алу үшін Қазақстанда енгізілуі мүмкін.
Бірінші түзетулер жобасын 2018 жылдың сәуір айында аяқтау жоспраланып отыр.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің бастамасымен 2016 жылдың соңында СЭБ және ҚОЭБ бойынша заң шығармашылық жобасы іске асырылуда. реформа жүргізуде БҰҰ ЕЭК Еуропалық Одақ қаржылай қолдауымен және ЕҚЫҰ бағдарламасының Астанадағы офисінің серіктестігімен техникалық көмек көрсетеді. Жобаны аяқтау 2018 жылға жоспарланып отыр.

Маңғыстау облысында түйелердің жаппай қырылуы туралы ақпарат жалған болып шықты

Дереккөз: www.24.kz

4a13b0abf5022a0c7ff32d3e7127b598_l

Маңғыстау облысындағы Жармыш ауылдық округінде түйелердің жаппай қырылуы туралы ақпарат жалған болып шықты.

Бұл туралы өңірлік ветеринария басқармасының басшысы Шамғали Хамиев осы аймақтағы тілшімізге телефон арқылы хабарлады. Оның айтуынша, жыл басынан бері Маңғыстау ауданында Ойсылқара түлігінің түрлі індетке шалдығуынан 10 дерек тіркелген. Олардың тек екеуінен ғана құтыру дертінің қоздырғыш белгілері анықталған. Қазір аталған ведомство мамандары Жармыш ауылында жүр. Түйелері құтыруға шалдыққан екі шаруа қожалығына шектеу шаралары енгізіліп, ірі қараны вакцинациялау басталған.

Шамғали Хамиев, өңірлік ветеринария басқармасының басшысы:

– Жармыш округі бойынша ғой, 40 түйе өлді деп отырған. Ол жерде ресми тіркелген ондай мәлімет жоқ. Жалғыз Жармыш емес, аудандағы бүкіл ауылдар бойынша екі айдың ішінде 10 түйенің ғана материалы тапсырылған. Содан екі түйеден құтырудың қоздырғышы анықталды деп бізге қорытынды берген. Құтыру ауруы қорытындысы берілген екі шаруашылыққа шектеу шаралары енгізілді. Құтыру карантин жарияланатын аурудың түріне кірмейді, тек шектеу шаралары енгізіледі.

Саңырауқұлақ өсірген ОҚО кәсіпкері табысқа кенелді

Дереккөз: www.24.kz

405e696a82626e4e21998802abeb467b_l

Ал оңтүстік қазақстандық кәсіпкер жыл он екі ай саңырауқұлақ өсіріп, табысқа кенеле бастады.

Былтыр 2 мың 780 шаршы метр аумаққа жылыжай салып, мол өнім жинады. Таңсық ас саналатын саңырауқұлаққа бүгінде сұраныс жоғары. Әзірге жиналғанын Алматы, Астана мен Қарағанды қаласына жіберіп жатыр. Жылына үш рет жиналатын саңырауқұлақ ылғалды әрі  жылы орынды қалайды. Тұқымы себілген кезде бөлмедегі температура 25 градус болуы тиіс. Сосын төмендетіп, 16 градусқа дейін түсіреді. Поляк технологиясымен өсіріліп жатқан саңырауқұлақ дәруменге бай ағзаға өте пайдалы. Оны ем үшін де қолданады. Кәсіпкердің ендігі мақсаты жылыжайын ұлғайту.

Ақжол Торқабаев, кәсіпкер:

– Тағы да үлкейткіміз бар. Ұрықты да өзіміз жасайтын, торф болады, бетіне төсейтін, оны Москвадан аламыз. Соларды да өзімізде жасасақ деген ниет бар.

Қостанайда суды тазалаудың жаңа технологиясы енгізіледі

Дереккөз: www.24.kz

c26b54adb3601247e6cb2bfb32eb3b01_l

Қостанайда ауыз суды тазартудың жаңа технологиясы енгізілмек. Осыған дейін суды зарарсыздандыру үшін газды хлор қолданылып келді. Бұл химиялық элемент зиянды бактерияларды жойғанымен, адам ағзасына  кері әсер ететіні анықталып отыр.

Сондықтан «Қостанай-су» кәсіпорыны биылдан бастап, хлордың орынына натрий гипо-хлоридін пайдаланбақ. Атап айтсақ, ауыз суды тазартуға  енді тек ас тұзы қолданылады. «Электрленген тұз ертіндісі арқылы өткізілген судың сапасы жоғары. Ең бастысы, химиялық зиянды заттардан таза», – дейді сала мамандары. Жаңа технологиялық желіні алдағы күз айларында толық іске қосу көзделіп отыр.

Еркебұлан Файзулаев, «Қостанай-су» МКК директоры:

– Ауыз суды зарарсыздандыру ісін автоманттандыру арқылы біз ондағы қоспалардың құрамын нақты бақылай аламыз.  Хлор мөлшерін лезде реттеп отыруға мүмкіндік туындайды. Бұл су сапасын жақсартуға оң септігін тигізері анық.

2018 жылғы ақпанның 7-нен 9-на дейінгі «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарламасы

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы ақпанның 7-нен 9-на дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

 

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: ШЖҚ Бөрлі ауданы әкімдігінің «Ақсайжылуқуат» МКК, «Шығысэнерго» ЖШС, «Астана-Теплотранзит» АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК, «Қазақстан Республикасындағы В.И. Вернадский атындағы үкіметтік емес экологиялық қор» ҚҚ, «М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Алматы көлік колледжі» ЖШС, ҚР БҒМ «Атырау мұнай және газ университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Қалдықтар саласындағы шаруашылық қызмет;
  • Экологиялық аудит;
  • Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар;
  • Тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс;
  • Мемлекеттік экологиялық бақылау.

Дәріс оқығандар:

Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті  директорының орынбасары;

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Абилова Ляйа Толегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Каратаева Динара Ахметовна –  ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Абдрахманова Жанара Беркутовна –  ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;

Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД директоры;

Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры;

Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы.

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

img_8801-09-02-18-02-14 img_8797-09-02-18-02-15 img_8794-09-02-18-02-15 img_8793-09-02-18-02-15

Атырау облысында теңізден балық аулауға шектеу қойылмақ

Дереккөз: www.24.kz

d2be799ac47ae0f470b64f4ceb4f6d05_l

Атырау облысында заңсыз балықшылардың кесірінен соңғы жылдары бағалы балықтар азайды.

Бұл өңір енді осы саланы дамытуға көшкен. Балық өнімдерін өңдеу, дайын тауарға айналдыру мәселесі де сын көтермейді. Аймақтағы атқарушы билік өкілдері, балық қорғаушы мемекелер, ғалымдар мен балықшылар бас қосқан жиында осы мәселе көтерілді. Тараптар ортақ мәмілеге келсе, теңізден балық аулау біраз жылға тоқтатылуы да мүмкін.

Соңғы бес жылдың өзінде Атырау облысы ойынша өндірістік бағыттағы балық аулау екі есеге кеміді. Бұрын 25-30 мың тонна болса, қазір 12 мың тоннаға дейін төмендеген. Балықшылардың айтуынша, бұл жоспардың өзін игеру қиын. Өңделген балық көлемі былтыр 9,8 мың тонна ғана шықты. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 3 мың тоннаға кем. Ихтиолог ғалымдар мұны балықтың азайуымен байланыстырады. Сондықтан теңіз жағасынан 50 шақырым аумақта балық аулауға тыйым салуды ұсынып отыр.

Мәншүк Темешова, aумақтық жануарлар дүниесі инспекциясының бөлім басшысы:

– Бұл аталған шаралар, әрине, кейбір табиғат пайдаланушыларына аса ауыр тиеді. Себебі Каспий теңізінің ашық бөлігінде кәсіпшілік балық аулауды ұйымдастыру үшін материалдық-техникалық базалардың дамығандығы керек. Менің ойымша, бұл біздің Атырау облысының табиғат пайдаланушыларының дамуына себепкер болады. Яғни су көліктерін жаңадан сатып алуға, ау құралдарын жаңартуға. Сонымен қатар балық қорының сақталуына бірден-бір себеп болады.

Бірақ мұндай талаппен келіспейтін тараптар да бар. Өйткені ашық теңізге шығу үшін балықшыларға үлкен кемелер қажет әрі ондай техниканы шағын өндірістік кооперативтер сатып ала алмайды. «Дегенмен балық шаруашылығының болашағы, табиғи қорды сақтап қалу мақсатында мұндай күрделі қадам жасау маңызды», – дейді мамандар.

Санат Тілепбергенов, өндірістік кооператив өкілі:

 Тәжірибе ретінде бастадық, қазіргі жұмыстарымыз жаман емес. Былтыр сол жарақтарымызбен 137 тонна балық ауладық. Теңіздің қиындықтары мол, оны білдік. Штормдарға қарсы тұру керек болды, біріші мезгілде ау құралдарымызды жаратып алдық. Бірақ кейін күзде құрғанымызда нәтижесін берді. Амандық болса, осы көктемде 20 құралдарды саламыз, жаңа құралдар.

Сонымен қатар берілген лимитті екі жыл қатарынан орындай алмаған өндірістік кооперативтерге берілетін рұқсат көлемін азайту мәселесі де қаралды. Бұл көлеңкелі бизнесті тоқтатуға күш салады. Сондай-ақ браконьерліктің тамырына балта шабу үшін өзендер мен теңіз жағалауына жақын қоныстанған елді мекендерде құқық қорғау органдарының бөлімшелерін ашу жоспарланып отыр.

Авторлары: Бекен Әлирахым, Темірлан Сұлтанғазиев

Сахара шөлінде тағы да қар жауды

Дереккөз: www.24.kz

ae938d7f9ecc16dda036fcbf60f893a7_l

Сахара шөлінде орналасқан Айн-Сефра қаласында қыс бойы екінші рет қар жауды.

Бұл туралы алжирлік басылым TSA хабарлады.

Осыған дейін бұл аймаққа қар 2018 жылдың қаңтар айында жауған.

Жалпы 2016 жылдан бері аталған аймақта төрт рет қар жауды. Ал оның алдында қар соңғы рет 37 жыл бұрын жауған еді.

Қар жауған қалаға тұрғындар мен қонақтар әдейі келіп, табиғатты суретке түсіруде.

Израильдегі мереке аясында Н.Назарбаев атындағы саябаққа көшет отырғызылды

Дереккөз:  www.24.kz

0333d18ab223899e2fc507344eb95607_l

Израиль халқы Ту би-Шват мерекесін тойлап жатыр. Жұртшылық мұны «ағаштардың жаңа жылы» ретінде атап өтеді.

Дәстүрлі мерекенің ең басты шарасы – жаппай көшет отырғызу. Жергілікті халық дәстүрі бойынша сол елдегі Қазақастан елшілігінің қызметкерлері де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы саябаққа көшет отырғызды. Мұндағы ағаштардың алғашқысы бұдан 18 жыл бұрын егілген. Содан бері елшілік мамандары оларды қамқорлығына алып, жасыл желекке айналдырды. Бүгінде Қазақстаннан Израильге барған делегацияның барлығы осы саябаққа арнайы келіп, бір сәт тыныс алуды игі дәстүрге айналдырған.

Игаль Ясинов, Еврей ұлттық қорының атқарушы директоры:

– Израильдің тұңғыш президенті Хаим Вайцман атындағы орманда тұрмыз. Мұнда өзге елдің президентінің атымен аталған жалғыз саябақ бар. Мұндай арнайы құрметке Н.Назарбаев ие. Бір кездері Қазақстан бізге дипломатиялық тұрғыда үлкен қолдау көрсетті. Сондықтан біз де құрметімізді көрсеттік.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика