Фариза Налекова | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Ш.Колер: Қазақстан Президенті өте дұрыс бағыттарға басымдық жасаған

Дереккөз: www.24.kz

4059f35f9fe3d1f5b89f7ce02d9d95d7_l

Қазақстан Президенті Жолдауында баламалы энергетика көздеріне басымдық берген.

Тіпті оны 2030 жылға дейін 30 пайызға көтеру керек деп тапсырды. Energy Eurasia неміс энергетикалық компаниясының басшысы Штефан Колер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын қолдайтындығын жеткізді.

Штефан Колер, Energy Eurasia энергетикалық компаниясының директоры:

– Мен жолдауды мұқият оқып шықтым. Президент өте дұрыс бағыттарға басымдық жасаған. Оның ішінде энергияны үнемдеу, баламалы энергия және табиғи ресурстарды қолдану бар. Алға қойылған 10 тапсырманың кемінде төртеуі осы салаларға бағытталыпты. Дәл қазір Қазақстан экономикалық жағынан тұрақты дамып жатыр. Сол себепті өте дұрыс қадам болмақ. Германияда энергетикалық өзгерістер 2000 жылдары болған. Өз тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз. Бірігіп талай жобаны жүзеге асыра аламыз деп ойлаймын. Тағы бір маңызды тапсырма – ақылды қалаларды дамыту. Мұнда дигитализация маңызды рөл атқарады. Президент оны жүзеге асыру үшін нақты қадамдарды да айқындап қойғаны көрніп тұр.  

Санкт-Петербургте Энергетика министрі Қ. Бозымбаевтың «Газпром» ААҚ Басқарма төрағасы А. Миллермен кездесуі өтті

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылдың 26 ақпанында Санкт-Петербург қаласында ҚР Энергетика министрі Қ. Бозымбаев «Газпром» ААҚ Басқарма төрағасы         А. Миллермен кездесті.

Еске салып өтсек, 2016 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы  XIII өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында екі елдің Мемлекет басшылары 2016-2018 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойған болатын.

Жоспарға сәйкес Қазақстан территориясы арқылы газды жеткізу және тасымалдауды іске асыру мақсатында екі ел арасындағы газ тасымалдау потенциалын қолдану жөніндегі екіжақты келіссөздерді жүргізуді жалғастыру қажеттілігі тапсырылды.

Сонымен қатар кездесуде Астананы газдандыру жобасының іске асыруға қолайлы болатын бағыттары талқыланды.

Талқылау барысында бірлескен жұмыс тобын құру шешімі қабылданды, жұмыс тобына қысқа мерзімде Астананы және Орталық Қазақстанды газдандыру үшін Ресейден Қазақстанға тартылатын транзиттік магистральді газ құбырын салуға мүмкіндік беретін бағыттарды әзірлеу тапсырылды.

Осы орайда,  транзиттік магистральді газ құбырын салу жобасын сәтті іске асыру газ саласындағы екіжақты ынтымақтастықты бұдан әрі  дамытуға мүмкіндік беретіндігін атап өту маңызды.

Сондай-ақ тараптар Каспий теңізіндегі және шекаралас кен орындарындағы жер қойнауын пайдалану жобаларын іске асыру мәселелері бойынша ағымдағы жағдайды талқылады.

Жалпы айтқанда тараптар газ саласындағы екіжақты ынтымақтастық қанағаттанарлық екендігін атап өтті.

Ведомство басшысы Қ. Бозымбаев – қазақстандық тараптың бірлескен жобалардағы ұзақмерзімді әріптестік қатынастарды нығайту және кеңейтуді қолдайтындығын атап өтті, сондай-ақ газ саласындағы екі елдің ынтымақтастық потенциалын  бұдан әрі тиімдірек дамытуға ниеттілігін білдірді.

Б.Сағынтаев EXPO нысандарын көрмеден кейін пайдалану мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Дереккөз:www.24.kz

47d18f51297b2947d0df4fbd2ee78d06_l

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Астана Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің нысандарын көрмеден кейін пайдалану мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында көрме аумағында инновациялық экожүйе нысандарын, оның ішінде «Астана» Халықаралық қаржы орталығын, Astana Hub, Халықаралық АТ-Университетін, Халықаралық жасыл технологиялар орталығын орналастыру мәселелері қаралды.

Кеңесте «Астана Экспо-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Е.Шорманов, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары А.Мамин, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қ. Келімбетов, білім және ғылым министрі Е.Сағадиев, ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев, Астана қаласының әкімі Ә.Исекешев сөз сөйледі.

Ақпарат көзі: primeminister.kz

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы ақпанның 21-нен 23-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Экологиялық сараптама және табиғатты пайдалануды реттеу» тақырыбына оқыту семинарын өткізді

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «ЭКО-КС» ЖШС, «Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Мемлекеттік экологиялық бақылау;
  • ҚОӘБ жобаларын әзірлеу. Талаптар және бағалау критерийлері;
  • Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар және оларға қойылатын талаптар;
  • Мониторингтің автоматтандырылған жүйесі. Мемлекеттік экологиялық бақылау және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптар;
  • Жобалардың экологиялық сараптамасын, соның ішінде ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында жүргізу;
  • Экологиялық реттеу. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің стратегиялық жоспары және т.б.

Дәріс оқығандар:

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Каратаева Динара Ахметовна ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Маденова Айгуль Есеркегеновна – ЭРБК бас сарапшысы;

Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;

Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК ҚОҚҰБДжәнеЭАТ басқармасының басшысы;

Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры;

Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы.

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

2018 жылғы ақпанның 21-нен 23-не дейінгі мерзім аралығында «Экологиялық сараптама және табиғатты пайдалануды реттеу» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарлама

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы ақпанның 21-нен 23-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Экологиялық сараптама және табиғатты пайдалануды реттеу» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «ЭКО-КС» ЖШС, «Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Мемлекеттік экологиялық бақылау;
  • ҚОӘБ жобаларын әзірлеу. Талаптар және бағалау критерийлері;
  • Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар және оларға қойылатын талаптар;
  • Мониторингтің автоматтандырылған жүйесі. Мемлекеттік экологиялық бақылау және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптар;
  • Жобалардың экологиялық сараптамасын, соның ішінде ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында жүргізу;
  • Экологиялық реттеу. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің стратегиялық жоспары және т.б.

Дәріс оқығандар:

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Каратаева Динара Ахметовна ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Маденова Айгуль Есеркегеновна – ЭРБК бас сарапшысы;

Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;

Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК ҚОҚҰБДжәнеЭАТ басқармасының басшысы;

Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры;

Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы.

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

img_8829 img_8835 img_8834 img_8830

Астанада мұнай-газ компаниялары экологиялық жауапкершілігінің бірінші рейтингі қорытындылары шығарылды және жеңімпаздар марапатталды

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылдың 22 ақпанында Астана қ. ҚР Энергетика министрлігінің қолдауымен және Орталық Азияда қоршаған орта бойынша БҰҰ бағдарламасы (UNEP-CA), CREON Capital мен Ұлттық рейтинг агенттігімен әріптестікте Ресейдегі Дүниежүзілік жабайы табиғат қорымен (WWF) ұйымдастырылған Қазақстандағы мұнай-газ компанияларының (МГК) экологиялық жауапкершілігінің бірінші рейтингі қорытындылары шығарылды.
Аталған іс-шараның аясында Қазақстандағы мұнай-газ компанияларының экологиялық жауапкершілігінің бірінші рейтингі қорытындылары (әдістеме, есептер, нәтижелер) бойынша баяндамалар тыңдалды және Ресейдегі МГК экологиялық жауапкершілігінің 2017 жылғы рейтингі қорытындылары, сондай-ақ рейтинг жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Қазақстандағы мұнай-газ компанияларының экологиялық жауапкершілігінің бірінші рейтингі таныстырылымындағы баяндамасында: «Мұнай-газ секторында ақпараттың қолжетімділігін анықтау бойынша тұрақты негізде жүргізілетін жұмыс жер қойнауын пайдаланушылардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға оң әсерін тигізетінін көріп отырмыз. Біздің елімізде рейтинг алғаш рет жүргізілді және аталған жұмыс компаниялардың ашықтығын бағалаудың дәстүрлі әдісіне айналып, еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша мұнай-газ компаниялары қабылдайтын шаралардың әсерін күшейтуге мүмкіндік беретіндігіне үміттенеміз,» – деп атап өтті ҚР Энергетика вице-министрі Ғ. Сәдібеков.
Осы рейтинг Қазақстан аумағындағы компаниялардың қызметі туралы жиі кездесетін деректерге негізделген. Бұл қағидат әлеуметтік-жауапты бизнесті енгізу туралы тезистің логикалық жалғасы болып табылады. Рейтинг экологиялық жауапкершілікке байланысты мәселелерде отандық мұнай-газ компанияларының ақпараттық ашықтығының айтарлықтай жоғары деңгейде екенін көрсетті.
«КРЕОН» тобының бас директоры С. Тұргынов: «Төрт жыл бұрын «КРЕОН» тобы WWF-мен бірлесіп мүлде жаңа бастаманы ұсынды – мұнай –газ компанияларын пайда мөлшері немесе өндіру көлемі бойынша ғана емес, экологияға әсер ету деңгейі бойынша да бағалау. Біз осы тәжірибемен халықаралық деңгейде қуана бөлісеміз,» – деді.
16 компанияның экологиялық жауапкершілігінің деңгейі және олардың қызметінің қоршаған ортаға әсерінің ауқымы туралы объективті және салыстырмалы ақпарат Қазақстандағы мұнай-газ компанияларының экологиялық рейтингі пилоттық жобасының негізіне алынды.
Компаниялар деректерді ашу мәселесінде белсенді болып, жоба кәсіпорындардың ашықтығын арттырудағы шынайы ынталандыруға айналды.
Орталық Азия бойынша БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) офисінің басшысы Н. Алексеева: «Барлық тараптардың – мемлекет, жеке сектор, жұртшылықтың қатысуынсыз «Жасыл экономикаға» көшу мүмкін емес. Қазақстан үлгісінде 2015 жылы қабылданған тұрақты дамудың жаһандық мақсаттары тұрғысынан біз мұндай күшті біріктіруді және табиғат қорғау мақсаттарына жетудің маңыздылығын көрсете алғанымызға қуаныштымыз,» – деп айтты.
Бірінші рейтинг іріктеуіне мұнай және табиғи газ өндіру көлемдері бойынша көшбасшы 16 компания қатысты. Олар мынадай өлшемшарттар бойынша салыстырылды: экологиялық менеджмент, қоршаған ортаға әсер және ақпарат ашықтығы.
Есептеу қорытындысы бойынша 2017 жылдың рейтингін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бастады, екінші орында – «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.», үшінші орында – «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ («ПетроКазахстан Инк.» өндіруші құрылымдық бөлімшесі).
Ресейдегі Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) табиғат қорғау саясаты бойынша директоры Е. Шварц: «Осы экологиялық жауапкершілік тетіктері әлеуметтік-экологиялық инновацияларды, қызметтің ашықтығын ынталандырады және тұтынушылық артықшылықты қалыптастыру кезінде, қаржы институттарының тәуекелдерін бағалау кезінде бизнес үшін нарықтық бәсекелес басымдыққа айналады», – деп атап өтті.
Қазақстандағы мұнай-газ компанияларының экологиялық жауапкершілігінің рейтингін іске қосу өте маңызды әрі ол өндіру, тасымалдау және көмірсутек шикізатын қайта өңдеу кезінде экологиялық тәуекелдерді басқару сапасын арттыруға, сондай-ақ қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін төмендетуге мүмкіндік береді.
Рейтингті есептеу WWF әзірлеген және 2014-2017 жылдары Ресейде мақұлданған бірегей әдістеме негізінде жасалды.

Сенатта ауыл шаруашылығын дамыту жайы талқыланды

Дереккөз: www.24.kz

d597e359e0f6404b6607dde15ff737c6_l

Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары несиелік серіктестердің жағдайына тоқталды.

Арман Евнивтің айтуынша, салада қаржының жетпеуі қиындық тудыруы мүмкін. Жауапты министрлік қаржыландыру мен лизингтің төмендеуіне қатысты факторларға талдау жасап, нәтижесінде несиенің қымбаттығы мен шаруалардың кепілге қояр мүлкінің жеткіліксіз болуын анықтаған. Сондай-ақ бастаған бизнестің өзін-өзі ақтау мерзімі де ұзақ. «Түйткілдің түйінін тарқатудың жолы бар», – дейді Арман Евнив. Ол үшін қосымша қаржы бөлу қажеттігін айтты. Статистикаға сүйенсек, несиелеу 292 миллиардтан 222 миллиард АҚШ долларына дейін, яғни 24 пайызға төмендеген. Лизинг бойынша да несиелеу 62-ден 42 миллиард теңгеге немесе 30 пайызға азайған.

Арман Евниев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

– Біздің министрлік нақты нарықтық шараларды ұсынып отырмыз. Яғни негізгі қаржының несиесі бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидиясы мен ауыл шаруашылығы техникасына берілетін лизингті жүйелендіру керек. Бұл өз кезегінде несиелік жүктемені жеңілдетіп, несиелеуді арттырады. Оған қоса ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға мүмкіндік береді. Сонда ғана көп өнім алуға мүмкіндік бар. 

Жеңіс Нұрғалиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Еңбек өнімділігіне қатысты мәселе бар. Жаңа техникалармен жарақтандыру. Бүгінгі күні инвестициялық субсидиялар оған мүмкіндік беріп отыр. Ал жаңа технологияларға қол жеткізу арқылы Елбасы жолдауында көрсетілген мәселелерді шешудің бірден-бір жолы.

Атырау соты 4 браконьерге 252 млн теңге көлемінде айыппұл салды

Дереккөз: www.24.kz

3bb2a727d31ada670325d7ff00755273_l

Атыраулық заңсыз балық аулаушы топ мүшелері сазайын тартты.

Естеріңізде болса, былтыр қараша айында Каспий теңізінде ірі көлемде бекіре балығымен ұсталған браконьерлер туралы ақпарат берген болатынбыз. Теңіз жағалауына жақын Жанбай ауылының 4 тұрғыны 304 дана бекіремен қолға түскен еді. Аулауға мүлде тыйым салынған қызыл балықтардың жалпы салмағы 1 тонна 89 килограмды құрады. Табиғи байлықты түгесіп, жыл санап тұқымы сиреп бара жатқан су маржандарына осынша қаскөйлік жасаған төртеуге қатысты сот үкімі шықты. Дегенмен кінәсін толық мойындаған теңіз қарақшыларына сот түсіністікпен қараған секілді. Тәркіленген балықтар мен қайық, ау-құралдары мемлекет пайдасына шешілді. Енді төрт браконьердің әрқайсысы 63 млн теңгеден айыппұл төлеуі тиіс.

Мирас Ғабдолхаев, облыстық соттың баспасөз хатшысы:

– Сот үкімімен оларға ҚР ҚК 336-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылды. Сот сотталушылардың кінәларын мойындап жасаған әрекеттеріне өкінетіндіктерін, сондай-ақ өзге де жазаны жеңілдететін мән-жайларды ескеріп, оларға өмір бойы балық аулау құқығынан айырып, 2 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Және сот үкімімен олардан қоршаған ортаға келген 252 млн теңге көлеміндегі залалды өндіру туралы шешім қабылданды.

«Қазгидромет» қызметі болжамдардың жаңа жүйесіне көшті

Дереккөз: www.24.kz

f4c1bb2a7aa1668ff74d5008e85f4db3_l

primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2018 жылдың су тасқыны кезеңіне дайындық туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев баяндады.

Өз баяндамасында Қанат Бозымбаев жедел гидрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін «Қазгидромет» РМК 310 гидрологиялық бекетті, 339 метеорологиялық станциялар мен бекетті, сондай-ақ екі қар көшкіні станциясын қамтитын мемлекеттік бақылау желісінде бақылау жүргізетінін айтып өтті.

Су объектілерінде шұғыл өзгеріс туындаған жағдайда барлық гидрологиялық бекеттер әр төрт сағат сайынғы жиілетілген бақылауға ауысады.

Бұдан өзге, апатты гидрологиялық құбылыстар туындаған жағдайларда ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне, ҚР АШМ Су ресурстары комитетіне және жергілікті атқарушы органдарға ескертуді жеткізу схемасы жұмыс істейді.

Үлкен, болжамдардың есептерінде есепке алынбаған қар қоры бар жыралардағы ылғалдылық қорын анықтау үшін «Қазгидромет» филиалдары және аймақтық төтенше жағдайлар департаменті мамандарымен бірлесіп негізгі жазық өзендердің барлық алаптарында қар-батпақта жүргішпен экспедициялық маршруттық айналымдар жүргізіледі.

«Қазгидрометтің» су тасқыны кезеңіндегі негізгі гидрологиялық болжамдары мүдделі мемлекеттік органдар мен облыс әкімдіктеріне 2018 жылдың 1 наурызынан бастап апта сайын әр үш күн сайынғы нақтылаумен жеті күн алдын ала ұсынылатын болады», — деп хабарлады Қанат Бозымбаев.

Сондай-ақ Энергетика министрі «Су тасқыны қатерлерінің алдын алу және жою жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған шаралар кешені» жол картасы шеңберінде жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

2017 жылдағы және 2018 жылғы 1 ақпандағы жай-күй бойынша өзендер алаптарындағы ылғал қорының жиналуы туралы анықтамалық-консультациялар мүдделі мемлекеттік органдарға уақытылы жіберілді.

«Жалпы жиналған ылғал қорын талдау, топырақ тоңдануының тереңдігі және су қоймаларының 70-90%-ға толуы көрсеткендей, бірден көктем шыққан жағдайда Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы елді мекендерді, инфрақұрылым нысандарын су басу қаупі болуы мүмкін», — деп мәлімдеді Қанат Бозымбаев.

Энергетика министрі баяндамасын аяқтаған соң ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қанат Бозымбаевқа жергілікті органдардың су тасқыны қаупінің алдын алу бойынша бірқатар қажетті шараларды қабылдамауына себеп болуы мүмкін Қазгидромет болжамдарының уақыттылылығын қамтамасыз ету бойынша сұрақ қойды.

«Болжам жасау жүйесі өзгерді. Егер бұрын үш ай алға гидрологиялық болжам жасасақ, енді 1 наурыздан бастап жаңа жүйе – жеті күндік алдын ала болжамға көшеміз. Оның ықтималдығы – 90%-дан асады. Әр үш күн сайын түзету жасалады. Яғни барлық мемлекеттік органдар климаттық және басқа да өзгерістер туралы ақпаратты үлкен ықтималдылықпен алып отырады», — деп жауап берді Қанат Бозымбаев.

Сондай-ақ оның айтуынша, болжам жасау кезінде жаңа тәсілдер қолданылады: математикалық үлгілер, радарлардың көмегімен зерттеулер.

«Біздің қызметтер үшін айта алмаймын, бірақ “Қазгидромет” орындалу ықтималдығы 90%-дан асатын болжамдарды беретіні нақты», — деп түйіндеді Қанат Бозымбаев.

Ақпарат көзі: primeminister.kz

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика