Фариза Налекова | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Алматы облысындағы жаңа су электр станциясы Жетісуды жарықпен толық қамтамасыз етеді

Дереккөз: www.24.kz

ad04ab98c23fe3b7bd71d448c638487f_l

Алматы облысында 2025 жылға дейін 98 электр станциясы іске қосылады деп жоспарланып отыр. Ауқымды жоба кезең-кезеңімен жүзеге асуы тиіс. Таяуда Елбасының қатысуымен өткен телекөпірде Жетісу жерінде тағы бір су электр станциясы өз жұмысын бастады.

Текелідегі бұл СЭС қуаты жағынан облыстағы Мойнақ су-электр станциясынан кейінгі екінші орында. Жобаның жалпы қуаттылығы 28,5 мВт. Бұл нысанның құрылыс жұмыстарына 200-ден аса адам жұмылдырылса, қазір 30-ға жуық маман еңбек етеді.

Бақтияр Өнербаев, Текелі қаласының әкімі: – Су электр станциясының екі жыл құрылысы жүрді. Таудың ортасынан тунель қазып, тесіп өтіп, құбырын жоғары жақта платина салынды, сол платина арқылы су жиналып, осы су элетр станциясының трубинасына құбыр арқылы алып келеді. Содан электр қуатын өндіріп алады.

Текелі қаласындағы Шажа өзенінің бойынан тағы бір су электр станциясы салынады. Құрылыс жұмыстары  келер жылы көктемде басталады. Жалпы Жетісу өңірі 2025 жылға дейін 98 электр станциясын іске қосуды жоспарлауда. Олар су, жел, күн және  биоэнергияны қолданбақ ниетте.

Әлімжан Тохтасунов, Алматы облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы:

– 2025 жылға дейін бізде құжаттары бәрі дайын. Елбасының тапсырмасына сәйкес гидроэнергетика 3700 мВт электроэнергия береді.

Осылайша Жетісу өңірі энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізіп, өзге өңірлерді электр қуатымен қамтамасыз ететін аймаққа айналмақ.

Авторлары: Тілеуқабыл Мыңжасар, Олжас Байбосынов

ҚР Энергетика мин. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысының аясында «Экосфера» ҮЕҰ үш жыл ішінде (2015-2017 жж.) «Қазақстан Республикасы тұрғындарының арасында негізсіз «радиомазасыздықтың» деңгейін төмендету бойынша іс-шаралар жүргізу» жобасын жүзеге асырды

Дереккөз: www.kz.energo.gov.kz

Баспаcөз хабарламасы

 

ҚР Энергетика министрлігінің Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысының аясында «Экосфера» ҮЕҰ үш жыл ішінде (2015-2017 жж.) «Қазақстан Республикасы тұрғындарының арасында негізсіз «радиомазасыздықтың» деңгейін төмендету бойынша іс-шаралар жүргізу» жобасын жүзеге асырды.

Жоба үш негізгі міндеттерді шешуге бағытталған:

1. Жұртшылық пен халықты радиациялық қауіптің шынайы деңгейі туралы ақпараттандыру;

2. Салауатты өмір салтын насихаттау саласындағы мүдделі тараптардың әлеуетін арттыру;

3. Білім беру, медициналық мекемелер, мемлекеттік, үкіметтік емес, жастар ұйымдарының, журналистердің республикадағы негізсіз «радиомазасыздықтың»  деңгейін төмендету сұрақтарына назарын аудару.

Жоба әлеуетті радиоактивті ластану аумақтарында өмір сүретін халық арасында жоғары негізсіз «радиомазасыздықтың» орын алуы мүмкін өңірлерде іске асырылды:

  • Семей сынақ ядролық полигоны (ССЯП) аймағы (2015 ж.);
  • Капустин Яр және Азгир полигондары аймағы (2016 ж.);
  • «Қошқар-Ата» қалдыққоймасының ықпал ету аймағы (2017 ж.).

Жобаны орындау шеңберінде зерттеу аймағындағы халықтың денсаулығы үшін радиациялық тәуекел туралы ақпаратты (бұрын жүргізілген жұмыстар материалдары, соңғы 10 жыл ішіндегі БАҚ-тағы жарияланымдар) жинақталды.

Жүргізілген сауалнама (1300-ден астам адам қатысты) нәтижелері тұрғындардың радиация, оның деңгейін өлшеу әдістері, негізгі ықпал ету көріністері, ақпарат көздері туралы хабардар болуының төменгі деңгейін анықтауға мүмкіндік берді.

Жобада халықтың ақпараттандырылуын арттыру бойынша жұмысқа ерекше көңіл бөлінді. Әр өңірде жастар ұйымдарының, ЖОО студенттерінің, ҮЕҰ-ның, барлық мүдделі тұрғындардың қатысуымен семинарлар ұйымдастырылды.

Радиациялық қауіптілік туралы ақпараттық бейнероликтер (мемлекеттік және орыс тілдерінде) дайындалып, жергілікті телевидениеде жарияланды. Тұрғындарды радиацияның табиғатына, оның деңгейін өлшеу әдістеріне, негізгі ықпал ету көріністеріне, ақпарат көздеріне қатысты неғұрлым маңызды сұрақтарға жауап таба беретін ақпараттық буклеттер (1,5 мыңнан астам) әзірленіп, таратылды.

Жобаны жүзеге асыру халық арасында негізсіз «радиомазасыздықтың»  төмендету бойынша іс-шараларды тұрақты түрде өткізу қажеттігін көрсетті. Бұл мақсаттар үшін жергілікті басқару органдарымен ағартушылық жұмысты ұйымдастыру бойынша арнайы бағдарлама әзірленді.

Қазақстанда құлпынай жаңа инновациялық тәсілмен өсірілетін болады

Дереккөз:  www.24.kz

04c0b7a8fdda56d4a41355bf25014260_l

Варшавада ауқымды ауылшаруашылық өнімдерінің көрмесі аясында Қазақстан-Польша бизнес форумы өтті.

Оған 100-ге жуық компания қатысты. Ал қазақстандық делегацияның құрамында «Қазақ Инвест», «Қазақ Экспорт» және азық-түлік бірлестігінің өкілдері бар. Олар Польшаның кәсіпкерлеріне еліміздің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, маңызды келіссөздер жүргізді.

Польша – Еуроодақтағы ауыл шаруашылығы тауарларын экспорттайтын жетекші елдердің бірі. Жыл сайын бұл мемлекет 25 млрд еуроға сүт өнімдерін, ет және алманы шет елдерге тасsмалдайды. Қазақстан Польшаның тың тәжірибесі мен технологиясын қолданып көрмек ниетте. Бұл ретте инвестиция да маңызды. Шарада қазақстандық делегация еліміздің экспорттық әлеуетін таныстырып, шетелдік инвесторларға  қарастырылатын жеңілдіктер ұтымды ұсыныстар жайлы сөз қозғады. Сонымен қатар бірнеше маңызды келіссөздер өткізді.

Мейіржан Мырзалиев, Қостанай облысы әкімінің орынбасары:

– Қазір біз Елбасының тапсырмасымен егістік алқабын әртараптандыру бойынша белсенді саясатты ұстанып келеміз. Бидайдан май дақылдарын өсіруге бейімделіп келеміз. Бұл бағытта қажетті жұмыстар да жасалып жатыр. Бүгін ауыл шаруашылығы саласындағы үлкен бизнес-компаниялармен кездестік. Келіссөзге ет, сүт өнімдері және бидай өңдеуге қызығушылық танытып отырған кәсіпорындарды тарттық.

Анджей Арановски, Польша-Қазақстан ауылшаруашылық кластері басқармасының төрағасы:

– Польшаның көптеген кәспорындары Қазақстанға инвестиция салуға дайын. Ауыл шаруашылығы еліміздің негізгі драйвері екенін ескерсек, бізді кәсіпкерліктен бастап техника шығаруға дейінгі барлық сала қызықтырады. Сол себепті серіктестігімізден болашақта жемісті нәтиже  күтеміз.

Форум соңында «Агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық орталығы» мен Варшавадағы Польша-Қазақстан ауыл шаруашылығы кластері келісімге қол қойды. Тараптар 2018 жылға дейін 10 мың тонна зығыр дәні мен 2 мың тонна қыша дәнін тасымалдауға келісті.

Тағы бір маңызды келісім. Енді Қазақстанда құлпынай жаңа инновациялық тәсілмен өсірілетін болады. Қажетті құжатқа бизнес-форум аясында екі тарап та қол қойды. Пилоттық жоба Ақтөбе облысына заманауи технологияларды енгізумен жүзеге асады. Алдымен жидекті 1 гектар жерге отырғызу жоспарланған. Кейінірек аумағы ұлғайтылады. Мақсат – батыс өңірін құлпынаймен қамтып, шетелге экспорттау.

Азамат Жексенбиев, «Эко Ферма 2015» компаниясының басқарма төрағасы:

– Бұл инновациялық тәсілді Польшада бірнеше компания қолданады. Қазақстанда бірінші болып бұл технологияны енгізіп отырғанымызға  қуаныштымыз. Жалпы жаңа тәсіл арқылы құлпынай субстратсыз және жерсіз өсіріледі. Яғни тек аквопоника болады. Су үш қабат арқылы құйылады. Тиісінше аквопоника қолданылғанында жидекте зиянкестер болмайды және ауруға шалдықпайды. Аз тыңайтқыш қолдану арқылы жеңіл өсірілген пайдалы жемістерді алатын боламыз. 

Қазақстан – Польша үшін келешегі кемел жаңа нарық. Еуропалық серіктестерімізді еліміздің транзиттік әлеуеті қызықтырып отыр. Польша кәсіпкерлердің айтуынша, Қазақстан – Азияға апарар алтын қақпа. Ол арқылы Қытай және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге тауар тасымалдау ыңғайлы әрі тиімді болмақ.

Авторлары: Шолпан Найманбаева, Милослав Лавриновский

Талдықорғанда құны 180 млрд теңге болатын электр орталығы салынады

Дереккөз: www.24.kz

2570d3e3e64939050138107255e4e5d8_l

Алдағы жылы Алматы облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 20 жоба жүзеге асады.

Олардың барлығы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қатысты. Атап айтқанда, көгілдір отын, су және кәріз жүйелерін тарту, жол жөндеу, көшелерді жарықтандыруға арналған маңызды жобалар бар. Облыс орталығы Талдықорғанда қуаты 300 мегаваттық жылу электр орталығы салынады. Жобаның жалпы құны – 180 млрд теңге. 2020 жылы пайдалануға берілетін бұл нысанда 500 жаңа жұмыс орны ашылады. Қапшағай қаласындағы кәріз тазалау қондырғыларын орнату жұмыстары да ірі жобалардың бірі. Оған 6 млрд теңгедей қаражат жұмсалады.

Дамир Дәулетханұлы, Алматы облыстық энергетика және ТКШ басқармасының бөлім жетекшісі:

– Бүгінгі таңда техника-экономикалық негіздемесі әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысы алынған. Және де ресейлік инвесторлармен тікелей келіссөздер жүргізілуде.

Әсем Тоқтасын, Талдықорған қаласының тұрғыны:

– Қазіргі таңда Талдықорған қаласы көркейіп, өсіп келеді. Көптеген ғимарат ашылды. Жастарға да жағдайлар жасалуда.

Польшадағы халықаралық ауыл шаруашылық көрмесіне қазақстандық өнімдер де қойылды

Дереккөз: www.24.kz

536f12ee9deaf7f6efa55922d7147d07_l

Қазақстандық іскер топ өкілдері Польшада өткен халықаралық ауыл шаруашылық көрмесіне алғаш рет қатысты.

Шараға әлемнің 20 елінен 400-ден астам компания келді.

Еліміздің Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Астана және Алматы қаласынан құралған делегациямыз өзінің өнімдерін паш етіп, осы саладағы инновация игілігімен танысып қайтты.

Варшавадағы ауыл шаруашылық көрмесі – Еуропадағы ең ауқымды шараның бірі. Аумағы 70 мың шаршы метрді қамтитын алаңға 340 стенд құрылып, алманың түрлі сұрыптарынан бастап жаңа техникаларға дейін койылды. Қазақстандық өнімдер көпшіліктің көңілінен шықты. Тіпті қонақтар мен келушілер дәмді бауырсақ, бал татыған қымыз бен ұлттық тағамнан дәм тату үшін ұзын-сонар кезекке тұрды.

Роберт, жергілікті тұрғын:

– Керемет. Манты тілдің дәмін үйіреді. Барлығына қазақтың асынан дәм татуға кеңес беремін. Поляк тағамынан мүлдем өзгеше, өте дәмді. Дала пейіл, дарқан мінезді қазақ халқының қонақжайлығын Польшада бәрі біледі. 

Қазақстан делегациясы елдің ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуетін паш етіп, жергілікті әріптестермен екіжақты келіссөздер өткізді. Еуропалық кәсіпкерлер ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін білдірді.

Марғұлан Баймұхан, ҚР Польшадағы Төтенше және Өкілетті елшісі:

– Біздің елдің делегациясын Қостанай облысы әкімінің орынбасары бастап келді. Шара барысында еліміздің астық өнімдерін экспорттау мәселесі талқыланып, көптеген елдер зор қызығушылық танытты. Тек логистика жағын пысықтау керек.

Қазақстан павильонын Польшаның Ауыл шаруашылығы министрі Кшиштоф Юргель арнайы келіп көрді. Үкімет басшысы мүдделес екі елдің осы саладағы ынтымақтастығының маңыздылығына тоқталды. Өйткені Польшада ауыл шаруашылығы ел экономикасының негізгі қозғаушы күші деп саналады.

Кшиштоф Юргель, Польшаның Ауыл шаруашылығы министрі:

– Қазақстан мен Польша көптеген келісімшарттарға қол қойған. Біздің ел Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтып, тәжірибе алмасуға ниетті. Сондықтан ауыл шаруашылығының барлық саласында тығыз байланыс орнатып, барынша дамытуға дайын.

Үш күнге созылған көрмеге 100 мыңнан астам адам келді.  Ұйымдастырушылар алдағы жылы шараны биылғыдан да кең ауқымда өткізуді жоспарлап отыр.

Авторлары: Шолпан Найманбаева, Милослав Лавриновский

Жасыл экономика. Қоқыстан қандай пайдалы дүние шығаруға болады?

Дереккөз: www.24.kz

Үйіңізден шыққан қоқыс сізге жылу энергиясы ретінде қайтып келуі мүмкін. Астаналық қоқыс зауыты қалдықтарды өңдеп, энергия алатын цехты іске қосты. Тұрғындардың бар қалдығы келіп төгілетін зауытқа экскурсия жасауға болады. Мұнда қоқыстан қандай пайдалы дүние шығарады? Бағдарламамыздың бүгінгі санында.

2017 жылдың 20-21 қарашасында Алматы қаласында Орталық Азияда Орнықты даму үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Аймақтық бағдарламаны (ОА ОДҚОҚАБ) әзірлеу үдерісін талқылау бойынша Аймақтық жұмыс кездесуі өтті

Аймақтық кездесуде Орталық Азия (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан) елдерінің, Халықаралық ұйымдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты.

Кездесу барысында келесі мәселелер қарастырылды:

–       Қоршаған ортаны қорғау бойынша Аймақтық іс-әрекет жоспарын іске асыру бойынша Орнықты даму бойынша мемлекетаралық комиссияның тәжірибесі, сондай-ақ дүниежүзінің әр түрлі аумағында Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-әрекет жоспарын іске асырудағы халықаралық тәжірибе;

–       ОА ОДҚОҚАБ дайындаудағы ортақ тәсілдер.

Сонымен қатар, қатысушылар бар ұлттық басымдылықтар, халықаралық міндеттер мен әрбір елде төрт тақырыптық бағыттағы ағымдық үдерістер бойынша: орнықты даму мақсаттарын іске асыру, қоршаған ортаны қорғау, «жасыл» экономиканы насихаттау, сонымен қатар климаттың өзеруі саласындағы мемлекеттік саясат жөнінде ел баяндамаларын жасады.

Талқылау нәтижесінде ОА ОДҚОҚАБ әзірлеу және келісу бойынша жол картасы әзірленді.

15cjju213

Қазақстандық компания Беларусь ауылшаруашылық техникасын өз елімізде шығарады

Дереккөз: www.24.kz

05a0d91438df592514bbb375d523f742_l

Қазақстандық «АгромашХолдинг» Беларусь ауылшаруашылық техникасын өз елімізде шығарады.

Минскіде серіктестердің кезекті кездесуі өтіп, Беларусь-Қазақстан бизнес-форумы аясында әріптестер бірнеше маңызды келісімшартқа қол қойды. Осының нәтижесінде «Гомсельмаш» жүздеген комбайн құрастыру үшін Қазақстанға техникалық бөлшектер жеткізетін болды.

Беларусьтар қазақстандық шаруалар үшін жүздеген жаңа инновациялық ауылшаруашылық техникасын ұсынады. Минскіде екі елдің ірі компаниялары «АгромашХолдинг» пен «Гомсельмаш» бірегей құжатқа қол қойды. Жаңа келісім қазақстандықтарға заманауи ауылшаруашылық көліктерін қолдануға құқық береді. Яғни «АгромашХолдинг» тек бұл техникаларды өндіріп қана қоймай, Қазақстан аумағында сатылымға да шығара алады.

Алексей Сидоренко, «АгромашХолдинг» АҚ басқарма төрағасы:

– Біз «Гомсельмаштың» Қазақстан аумағындағы тұңғыш әрі жалғыз өкілі боламыз. Бұл қолға алынып отырған шара сатылатын техниканың санын арттырып, өндірілетін өнімді жергілікті аумаққа бейімдеп жасауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Беларусь-Қазақстан бизнес-форумында қос тарап бес жүз комбайн құрастырып шығаруға арналған техникалық жиынтықтарды жеткізу бойынша келісімге қол қойды. Сарапшылардың айтуынша, бұл «АгромашХолдингтің» жұмыс платформасын ұлғайтып қана қоймай, тағы да 100 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, «АгромашХолдинг» – Қазақстандағы алдыңғы қатарлы заманауи ауылшаруашылық техникасын өндіруші кәсіпорын. Онда 500 маман жұмыс істейді.

Қазақстанда экологиялық ұйымдар қауымдастығы құрылды

Дереккөз: www.24.kz

dccc716e05f2b6f85c1442c2b6091380_l

Ұйым еліміздегі экологиялық мәселелермен айналыспақ.

Қауымдастық президиумына қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорынының төрайымы Әлия Назарбаева жетекшілік етеді. Ал осы қауымдастықтың басқарма төрайымы Айгүл Соловьеваның айтуынша, жаңа ұйым экологиялық бастамаларды қолдап, халықаралық жобалар мен бағдарламаларға қатысуды көздеп отыр. Сондай-ақ экологиялық заңнаманы жетілдіру мәселелерімен айналыспақ.

Айгүл Соловьева, Қазақстан экологиялық ұйымдар қауымдастығының басқарма төрайымы: 

– Еліміз  қоршаған ортаны қорғау бағытында халықаралық бастамаларға әрдайым үн қосып келеді. Халықаралық келісімдер мен міндеттемелерді орындап қана қоймай, Қазақстан экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында біршама ұсыныстар білдірді. Экологиялық мәселелерге үкіметтік емес ұйымдармен бірге көптеген басқа да бірлестіктер атсалысып отыр. Қоршаған ортаны қорғау ұлт денсаулығының мәселесі екенін ескере отырып, қоғамның, барлық азаматтық ұйымдардың бірігетін кезі келді деген ойдамын.

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылғы қарашаның 24-нен 26-на дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Шымкент қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «ҚазМұнайГаз» ЖШС, «Казфосфат» ЖШС, «Корпорация Береке А» ЖШС, «Стандарт Цемент» ЖШС,
ЖШС «Катко» ҚФ, және жеке тұлға.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастығы;
  • Өндірістік жобалардың мемлекеттік экологиялық сараптамасы;

·         Кешенді ведомстволық емес сараптаманың қорытындыларын алу тәртібінің өзгеруі; ·         Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензиялау;

  • Мемлекеттік экологиялық бақылау;
  • Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік;

Дәріс оқығандар:

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика