Фариза Налекова | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

2017 жылғы қарашаның 24-нен 26-на дейінгі мерзім аралығында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарламасы

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылғы қарашаның 24-нен 26-на дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Шымкент қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «ҚазМұнайГаз» ЖШС, «Казфосфат» ЖШС, «Корпорация Береке А» ЖШС, «Стандарт Цемент» ЖШС,
ЖШС «Катко» ҚФ, және жеке тұлға.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастығы;
  • Өндірістік жобалардың мемлекеттік экологиялық сараптамасы;

·         Кешенді ведомстволық емес сараптаманың қорытындыларын алу тәртібінің өзгеруі; ·         Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензиялау;

  • Мемлекеттік экологиялық бақылау;
  • Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік;

Дәріс оқығандар:

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

Оңтүстік Корея ғалымдары Қазақстанға бататты жерсіндірді

Дереккөз: www.24.kz

5c80f40332ec8f54d29ea50bd486e27c_l

Елімізде батат өсіруге болады.

Оңтүстік Корея ғалымдары қазақстандық әріптестерімен бірнеше жыл бойы тәжірибе жүргізіп, тәтті картопты жерсіндірді. Бататты қазақ жерінде өсірудің себебі неде және бұл көкөністің қазақстандықтарға берер пайдасы қандай?

Кореяның биотехнология институты үш жыл бойы қазақстандық әріптестерімен бірге қызмет істеп келеді. Осы уақыттың ішінде Қазақстанның үш облысында батат көшеттері отырғызылды. Ал өнімі Оңтүстік Кореядағыдан екі есе көп жиналған. Тәтті картоп қазақстандық ауа райы жағдайына осы зертханада бейімделді. Көкөністің құрғақшылыққа төзімді түрін алу үшін тұқым суарылмайды. Сөйтіп талшықтардың кей түрі қурап қалғанмен, көктеп жерсінгендері де бар.

Квак Санг Су, корейлік биоғылым және биотехнологияны зерттеу институтының профессоры:

– Қазақстанда байтақ жер, ал Кореяда технологиялар бар. Біз бататты өсірудегі жиырма бесжылдық тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз. Бірінші кезеңде мұнда жерсінетін картоп түрлерін таңдау қажет. Батат қан қысымын және қандағы қанттың мөлшерін азайтады, салмақ тастауға да көмектеседі. Бұдан басқа тәтті картопты онкологиялық аурулардан айығу үшін пайдалануға болады.

Батат Оңтүстік Кореяда сұранысқа ие. Сондықтан тәтті картоп өсіру профессор Ин Дон Су үшін ермек қана емес, қосымша кіріс көзі де болып отыр. Оны ересектер де, балалар да ерекше жақсы көреді. Ал корейлік азық-түлік рейтингінде батат күріш, бұрыш, пияз, сарымсақ және картоптан кейін алтыншы орында тұр.

Батат – қалдықсыз көкөніс. Жапырақтарынан салат дайындалады, ал жемісін пісіріп асқа қолданады. Тіпті қабығын да жеуге болады.

Профессор Ин Дон Су бататты қоймаға әкелуге үлгермей жатыр. Өнім тез сатылады. Бірақ тәтті картоп алқабын кеңейтуге ғалымның мүмкіндігі жоқ.

Ин Донг Су, профессор, компания басшысы:

– Кореяда жер аз, сондықтан батат өсіруге шектеу қойылған. Оның үстіне жұмыс күшіне, жерді жалдауға қаражат көп кетеді. Тәтті картоптың өз аурулары бар. Сондықтан жаңа піскен жемісті импорттауға тыйым салынған. Қазір салқындаған, буланған немесе майға қуырылған батат Индонезия немесе Малайзиядан көп әкелінеді. Қазақстанда жер көп, сондықтан батат өсіру жобасының болашағы зор.

Қазақстанда тәтті картопқа әзірге сұраныс аз. Ал Корея өсіру тәжірибесімен бірге дайындау тәсілдерімен де бөлісуге дайын. Сөйтіп отқа қақталған немесе буға пісірілген бататтың тіл үйірген дәміне тек оңтүстіккореялықтардың өздері ғана тамсанумен келеді.  Авторлары: Владислав Цой, Ли Сан Хён

Жасыл экономика. Жасыл экономика жастар көзімен

Дереккөз: www.24.kz

Тиімді технологиялар жөнінде қазақстандық жеткіншектер не біледі? Ауыл шаруашылығы үшін қандай жасыл инновациялар бар? Топырақ орнына қандай шикізатты пайдалануға болады? Бағдарламаның бүгінгі шығарылымында толығырақ.

Қазақстанда иесіз қауіпті қалдықтарды жою бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуд

Дереккөз: www.energo.gov.kz

Өткен ғасырдың 90-шы жылдарында бірқатар тау-кен өндіруші және өңдеуші салалардағы, әскери мақсаттағы кәсіпорындар, колхоздар мен совхоздар, агрохимиялық препараттарды сақтау қоймалары жойылды. Ондағы жер учаскелерінің аумақтары адам өміріне қауіп төндіретін концентрацияларда радиоактивті, биологиялық және химиялық заттармен ластанды. Қазіргі таңда аталмыш нысандарды сот иесіз деп таныған, атап айтқанда жоғарыда аталғандардың қызметінің нәтижесінде пайда болған қалдықтар.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес  – «Иесіз қауіпті қалдықтар сот шешімімен республикалық меншікке түседі. Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. Осы қалдықтарды басқаруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы жүзеге асырады.».Ал Қазақстандағы мұндайұйымды «Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларын» (Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 229 бұйрығы, бұдан әрі – Қағидалар) бекіткен Энергетика министрлігі айқындады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның осы қалдықтарды басқаратын ведомстволық бағынысты ұйымы «Жасыл даму» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) болып табылады, ол ҚР Үкіметінің 26.07.2012 жылғы № 978 қаулысының негізінде «Қазақ экология және климатты ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта құру жолымен құрылған.

Қағидаларға сәйкес:

  • қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, әрі қарай пайдалану мен сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет;
  • бағалау – Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;
  • қалдықтар заңды және жеке тұлғаларға бағалау құнынан төмен емес бағада ашық конкурс өткізу арқылы сатылады.

Бүгінгі күні Ақтөбе (Алға қ. бұрынғы Киров атындағы химиялық зауыттың қалдықтары), Маңғыстау (бұрынғы «Күкірт қышқылы зауытының» қалдықтары, ҚошқарАта қалдыққоймасындағы радиоактивті қалдықтар,Жаңаөзен қ. мұнай қалдықтары), Павлодар (Ленинск кент. улы химикаттар), Қарағанды (Теміртау қ. «ТЭМК» АҚ аумағында сақтауда жатқан құрамында сынап бар қалдықтар, «Дарьял-У» нысанындағы құрамында ПХД бар қалдықтар), Қостанай (Тургеневка а. Тоғызақ кент. улы химикаттар, Рудный қ. орналасқан құрамында мұнай қалдықтары бар қалдықтар), Ақмола (Атбасар қ. фосфогипс, Державинск қ. мұнаймен, мазутпен ластанған топырақ) облыстары бойынша сот шешімдері бар.

          2014 жылдан бастап мынадай жұмыстар орындалды:

– Ақтөбе облысы бойынша – бұрынғы Киров атындағы Алға химиялық зауытының аумағында орналасқан қауіпті қалдықтар тексерілді және сұранысқа ие емес деп танылды, қазіргі уақытта қалдықтарды жоюға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірлену үстінде;

– Қарағанды облысы бойынша –Теміртау қ. «ТЭМК»  АҚ аумағында орналасқан сынап бар қалдықтар тексерілді және сатылды, олардан түскен қаражат республикалық бюджетке аударылды;

– Қостанай облысы бойынша – Тоғызақ кент. ауыл шаруашылық химиялары қоймаларының бұзылуы нәтижесінде пайда болған ластанулар жойылды. Аумақ қауіпті қалдықтардан тазартылды;

– Маңғыстау облысы бойынша Жаңаөзен қ. мұнай қалдықтары сатылды,олардан түскен қаражат республикалық бюджетке аударылды.

 2018 жылы Қарағанды, Қостанай және Маңғыстау облыстарындағы жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда.

Осылайша, Республикамызда аумақтарды қауіпті «тарихи» ластанулардан тазарту жұмыстары жүргізілуде.

ОҚО-да қуат өндіретін тағы бір жоба толыққанды жүзеге асты

Дереккөз: www.24.kz

f73636a84a3986dc4d4189ec23b1cca0_l

Үлкен Келес каналының бойында салынып, сынақтан өткен су электр стансасы электр энергиясын өндіреді.

Бұл – өңірде 2020 жылға дейін салынуы тиіс жаңғыртылған қуат өндіретін 14 кәсіпорынның бірі.

Шағын су электр стансасы Өзбекстаннан басталатын каналдың еңіс тұсында орналасқан. Сағатына 1000 киловатт қуат өндіретін кәсіпорын экологиялық та, экономикалық та тұрғыдан тиімді. Әдетте мұндай стансаға су жеткізетін құбырды ұзақтан тартады.

Ғани Шалқаров, су электр стансасының директоры:

– Су жиналып тұратын тоған станса салынған жерден 22 метр биікте тұр. Тік құлама болған соң, араға 480 метр болатын құбыр тасталды. Егер еңкіштігі бұлай болмаса, бір шақырымнан асатын жерден құбыр тартар едік.

Екі араға диаметрі 1000 және 1400 миллиметр болатын екі құбыр салынды. Сол құбырмен ағатын су стансадағы генератордың қалағына соғылып, оны қозғалысқа келтіреді. Бойындағы қуатын генераторға берген су ары қарай ағып, сол каналға қайта құйылады. Ешқандай шығын жоқ. Бұл жоба үш жыл бойы дайындалып, жабдықтары да дұрыс таңдалған.

Рахымберді Рақымжанов, су электр стансасының іс басқарушысы:

– Генераторлары Ереваннан әкелінген. Қалғандары өзіміздің Қазақстанда шығарылады. Құралдардың көбісі Кентауда жасалған. Трансформаторлары да осы қаладан.

Оңтүстік Қазақстан облысында жаңғыртылатын қуат өндіру бойынша 7 жылға арналған бағдарлама бар. Онда су мен күннен қуат алатын 14 станса салу жоспарланған. Осы жобалар жүзеге асқанда, 189 мегаватт энергия өңір тұтынатын көлемнің жартысы өндірілмек.

Роза Сариева облыстық энергетика және ТКШ басқармасының бөлім басшысы:

– Сонымен қатар облыста Қытай және Түрік инвесторларымен жалпы қуаты 467 мегаватт болатын күн және жел стансасын салу жоспарланған. Қазір инвесторлармен меморандум түзілді.

Бұл жобалар Оңтүстік Қазақстан облысын сырттан электр энергиясын алатын деңгейден, өзгелерге сата алатын дәрежеге көтереді.

Авторлары: Әбдез Рахманұлы, Нұрмахан Мұсатов

Каспийді қорғау шаралары күшейеді

Дереккөз: www.24.kz

044298cc61cf07d739b32f1c0958d031_l

Қазіргі уақытта Каспий теңізінің қазақстандық секторында (КТҚС) ҚР жалауын тіккен 300-ден астам кеме жүзеді

12 кеме халықаралық тасымалдауларды іске асырса, қалғандары мұнай-кен орындарын игеру операцияларына атсалысады. Бұдан бөлек, күнделікті қазақстандық порттарға Каспий жағалауындағы мемлекеттердің ондаған кемелері кіреді. КТҚС-ындағы кемелердің пайдалану қарқындылығы, тасымалданатын мұнай мен жанармайдың көлемдері суды ластау қаупін туғызады. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ҚР ИДМ Көлік комитеті теңізді қорғауға қатысты нормативтік-құқықтық базаны кеңейту жұмыстарын бастады.

Осылайша, 2001 жылдың Бункерлік жанармайдың ластауынан келетін зиян үшін азаматтық жауапкершілік жөніндегі Халықаралық конвенцияны және мұнаймен ластаудан келтірілген зиян үшін азаматтық жауапкершілік туралы халықаралық конвенцияны өзгерту жөніндегі 1992 жылғы хаттаманы ратификациялау жоспарланған.

Қазір заңнамада кеме иесінің жауапкершілігі тек қана жүк ретінде тасымалданатын мұнаймен ластау кезіндегі келтірілетін зиян үшін ғана қарастырылған. Бірақ бункерлік жанармай да сондай қатер төндіреді. Конвенцияны ратификациялау теңізді жанармаймен ластаған кезде кеме иесінің жауапкершілігін белгілеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ластау қатерінен міндетті сақтандыруға талаптары қарастырылып, бункерлік жанармайдың төгілуінен зиян шеккен тұлғаларға өтемақы механизмі белгіленетін болады. Қазіргі уақытта Конвенцияға 75 ел мүше.

Аталған Хаттаманы ратификациялау танкермен тасымалдау кезінде мұнаймен ластау кезінде келтірілген зиян үшін кеме иесінің жауапкершілігі бойынша тәртіп өзектілігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы тәрізді тәртіп 133 мемлекетте қолданылады.

Сонымен бірге ластау қатерінен міндетті сақтандыруға кеме иесінің жауапкершілігін 20 млн-нан 126 млн долларға дейін арттыру көзделген; мұнаймен ластаудан келтірілген зиян үшін төлемақы мөлшері кеменің су сыйымдылығына байланысты болады; азаматтық жауапкершілікті қолдану аумағы айрықша экономикалық зонаға дейін кеңейтіледі. Сонымен бірге осы атап өткен құжаттарды ратификациялаумен қатар, Комитетпен ұлттық заңнамаға көлікке қарасты сұрақтар бойынша өзгерістерді енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» ҚР заңында Кемелердің ластауын болдырмау ережелерін бекітуге қатысты ҚР ИДМ құзыреті қарастырылған.

Сонымен бірге 2017 жылы лаңкестік әрекеттен кемелер мен порт инфрақұрылымын қорғау бойынша шаралар күшейтілген. Порттарды қорғау бойынша тұрақты бағалау қажеттілігі жөнінде талаптар белгіленген. Одан басқа әрбір портта және әрбір кемеде шабуыл кезінде шұғыл әрекет жасау үшін арнайы жоспар болу қажет.

Маңғыстауда биыл күннен қуат алатын стансаның құрылысы басталады

Дереккөз: www.24.kz

f031f5b3f73cf55731d15bb54f544e79_l

Маңғыстау облысының Батыр ауылында биыл күннен қуат алатын станция құрылысы басталады.

Сағатына 2 млн киловатт энергия өндіретін кешен келер жылдың ақпан айында іске қосылуы тиіс. Жоба құны – 1 млрд 210 млн теңге. Баламалы қуат көзі жалпы саны 50 мың адам тұратын 3 елді мекенді электр энергиясымен қамтуға қауқарлы. Аумағы 10 гектар жерде 8 мыңнан астам күн панельдерін орнату жергілікті мамандарға жүктелмек. Отандық үлесі 90 пайызды құрайтын жоба қолданысқа берілген соң, осы ауылдың 10 азаматы жұмыспен қамтылады.

Нұрлан Тәжібаев, Мұнайлы ауданының әкімі:

– 2018 жылдың күз айларында 21 мың күн панельді құрылғылары осы Батыр ауылының екінші жақ бетінде орналастырылады. Бұл жоба сағатына 5 млн киловатт тоқ көзін өндіреді. Осындай ірі жобалар еліміздің дамуымен қатар Елбасының тапсырмасына сәйкес, баламалары тоқ көздері осы Маңғыстау облысының  Мұнайлы ауданында іске асырылып жатыр.

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылғы қарашаның 15-нен 17-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару» тақырыбына оқыту семинарын өткізді

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС,  «Алюминий Казахстана» АҚ,  «Солтүстік Қазақстан Орхус орталығы» ҚҚ, «Green Jaik» Орал-Орхусс орталығы,  Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті,  «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару;
  • Табиғат пайдаланушыға берілетін негізгі экологиялық талаптар;
  • Қалдықтарды басқару саласындағы заңнама;
  • Қалдықтарды орналастыру бөлігінде эмиссияларға рұқсат алу қажеттілігі;
  • Жобалық құжат құрамындағы ҚОӘБ жобаларын және қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу;
  • Қауіпті қалдықтар бойынша сақтандыру және т.б.

Дәріс оқығандар:

Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті  директорының орынбасары;

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Абилова Ляйа Толегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Каратаева Динара Ахметовна –  ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Асанова Жанар Талгаровна – «Жасыл даму» АҚ Қалдықтарды басқару департаментінің директоры;

Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;

Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД директоры;

Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры;

Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы.

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

2017 жылғы қарашаның 15-нен 17-не дейінгі мерзім аралығында «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарламасы

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылғы қарашаның 15-нен 17-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС,  «Алюминий Казахстана» АҚ,  «Солтүстік Қазақстан Орхус орталығы» ҚҚ, «Green Jaik» Орал-Орхусс орталығы,  Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті,  «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару;
  • Табиғат пайдаланушыға берілетін негізгі экологиялық талаптар;
  • Қалдықтарды басқару саласындағы заңнама;
  • Қалдықтарды орналастыру бөлігінде эмиссияларға рұқсат алу қажеттілігі;
  • Жобалық құжат құрамындағы ҚОӘБ жобаларын және қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу;
  • Қауіпті қалдықтар бойынша сақтандыру және т.б.

Дәріс оқығандар:

Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті  директорының орынбасары;

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Абилова Ляйа Толегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Каратаева Динара Ахметовна –  ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Асанова Жанар Талгаровна – «Жасыл даму» АҚ Қалдықтарды басқару департаментінің директоры;

Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;

Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД директоры;

Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры;

Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы.

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.

Алматыдағы «Шелек фермерлері» кооперативі жылына 400 тоннаға жуық көкөністі нарыққа шығарады

Дереккөз: www.24.kz

3caf345698c2b9f020c480e3a876aa4c_l

Агросекторды дамытуға арналған кешенді бағдарламаны іске асыруда еліміз бойынша Алматы облысы едәуір оң нәтижеге қол жеткізіп отыр.

Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданында құрылған «Шелек фермерлері» атты кооперативтік жоба өзінің өміршеңдігі мен тиімділігін дәлелдеп үлгерді. 22 ұсақ шаруа қожалығының басын біріктірген кооператив көкөніс және бау-бақша өнімдерін өсірумен айналысады. Бастапқыда ірі бизнестің қолдауымен жобаға 1 млн 200 мың доллар инвестиция тартылған болатын. Бұл қаржыға инфрақұрылымы қалыптасып, білікті мамандар дайындалды. Нәтижесінде өңірдегі ұсақ қожалықтар өз өнімін делдалсыз-ақ тікелей тұтынушыға сатуға мүмкіндік алды. Соңғы үш жылда «Шелек фермерлері» Алматыдағы ірі сауда орындарымен келісімшарт жасасқан. Қазір кооператив Алматыны көкөністің төрт түрімен тұрақты түрде қамтамасыз етіп отыр. Алдағы уақытта 15 жылыжай мен жеміс-жидек сақтайтын қоймалар салу да жоспарда бар. Жалпы бірлескен кооператив жылына 400 тоннаға жуық көкөністі нарыққа шығарады.

Бақытгүл Елшібаева, Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастықтар қорының атқарушы директоры:

– Біздің міндетіміз – ұсақ фермерлердің басын қосып, олардың бірге жұмыс істеуіне ықпал ету, солардың аяқтарына нық тұрып кетуіне ықпал жасау, соларды сатуға үйрету, логистикаға үйрету, құжаттарды дұрыс жасауға үйрету.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика