Дереккөз: www. energo.gov.kz
Қазақстан халықаралық нормаларға сәйкес экономиканы көгалдандыру құралы ретінде стратегиялық экологиялық бағалау (СЭБ) механизімін ендіру бойынша жұмыстарды бастады. СЭБ мемлекеттік жоспарлау процессін оңтайландыруға және халық денсаулығы әлеуетіне ауыл шаруашылығы, энергетика, өнеркәсіп, жер пайдалану, көлік, өңірлерді дамыту, қалдықтарды басқару және су ресурстары сияқты экономика секторларында қателіктерге және қоршаған ортаға әсерін бағалау жүргізу арқылы алдын алуға мүмкіндік береді.
СЭБ механизімін әзірлеу маңыздылығы туралы экономикалық әлеуетті және еліміздің ұлттық құндылығын ескеретін және қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу (ең алдымен Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі) 2017 жылғы 15 қарашада Астана қаласындағы халықаралық сарапшылардың қатысумен өткен ведомствааралық дөңгелек үстел жөнінде сөз қозғалып отыр.
Екіншіден, Қазақстанда СЭБ жүйесінің тәжерибелік фазасын құру халықаралық стандарттарғасәйкес 2016-2017 жылдары өткізілген ұлттық заңнамалар үлгісіне және оны жүргізуге бойынша ұстанымдар әзірлеуге арналған жұмыстың логикалық жалғасы болып табылады. 2016 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экология және табиғатты пайдалану жөніндегі комитеті мүшелерінің және ҚР Энергетика министрлігі қызметкерлерінің қатысуымен реформаны өткізу маңыздылығы дөңгелек үстелде талқыланды.
Қазақстанға жобаның екінші кезеңін іске асыру кезінде техникалық көмек БҰҰ Еуразиялық экономикалық комиссия (БҰҰ ЕЭК) және Астана қаласындағы ЕҚЫҰ-ның бағдарлама кеңсесі Еуропалық Одақпен қаржыландырылатын «Қазақстанның жасыл экономика моделіне көшуге қолдау көрсету» жобасы шеңберінде көрсетеді.
Үкіметтің құрылымы және ұлттық және халықаралық сарапшылар қоғамдық топтарының пікірлері ескеріліп құралдары ретінде экономиканы көгалдандыру үшін СЭБ және ҚОӘБ ендіру үшін ұстанымдар әзірлеуде.
Сонымен бірге, Астана қаласында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және энергетика саласында экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізуге, Қазақстанда СЭБ одан әрі зерттеуге және тәжірбие жүзінде қолдануға бағытталған пилоттық жоба іске асырыла бастады. «Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейін отын-энергетика кешенінің тұжырымдамасы» процедурасын жүргізу үшін таңдалған бағдарламалық құжат болды.
2017 жылғы 8-9 қарашада өткен пилоттық жобаны іске асыру туралы бірінші жұмыс барысында мемлкеттік қызметкерлер мен ұлттық сарапшылар СЭБ әдіснамасы және үрдісімен егжей-тегжейлі танысып, экология, энергетика, денсаулық сақтау және биоалуантүрлілік саласындағы мамандардың қалыптасқан ұлттық командасы жағдайды бастапқы талдау үшін халықаралық сарапшылардың қолдауымен іске кірісті. Келесі кезеңде сарапшылар еліміздің отын-энергетикалық кешенін дамытудың түрлі сценарийлерін қарастырып, қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін анықтайды және теріс салдарын болдырмау жөніндегі шараларды ұсынады.
Жобаның жалпы аяқталуы, соның ішінде Қазақстанда ұлттық СЭБ жүйесін практикалық құру бойынша сараптамалық кеңестің келісілген таныстырылымы 2018 жылдың қазанына жоспарланған.
Дереккөз: www.24.kz
Егер сізге қыс мезгілінде қызынақ немесе қияр қажет болса, жылыжайда өсірілген өнімдер сіздің сұранысыңызды өтей алады. Қазақстанның климаты тиімді жылыжай шаруашылығын дамытуға өте қолайлы. Солай бола тұра, бұл шаруа еліміздің барлық аймағында көркейіп тұр деп айтуға келіңкіремейді. Біз бүгінгі бағдарламада еліміздегі жылыжай кешендерінің туралы айтпақпыз.
Дереккөз: www.24.kz
Атыраулық шаруалар түйеқұс өсіре бастады.
Биыл алғаш рет осы ерекше құстан балапан алды. Олар жергілікті климатқа әбден үйренген. Түйеқұс күтімді көп қажет етпейді. Ауа райы қолайсыз күндері жылы жерде тұрғанды ұнатады. Құс өсіруші Кенжебек Қалдыбаевтың айтуынша, қорадағы түйеқұстар жыл бойы емес, негізінен сәуір мен қазан аралығында жұмыртқалайды. Ол кезде аптасына салмағы 1-1,5 келі жұмыртқа береді. Қазір мұнда түйеқұстың 4 балапаны өсірілуде. Олар жоңышқаның тартылған түрін сүйсініп жейді екен. Бағымдағы балапандар ет алып, жетіліп келеді. Ересек түйеқұстың толысқан шақта бойының биіктігі 1 метр 70 сантиметрге жетеді.
Кенжебек Қалдыбаев, құс өсіруші:
– Ол жарылып шыққаннан кейін 1 тәулік бойы сол пештің ішінде болады. Балапан бір аптаға дейін нәр татпай өмір сүре алады. Бойы кеуіп, өзіне келген соң ары қарай жүреді.
Дереккөз: www.24.kz
Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданында асылтұқымды мал шаруашылығы күн санап дамып келеді.
Мысалы, бір ғана Амантай Шымбергеновтің шаруа қожалығында бүгінде төрт түліктің бәрі бар. Енді келесі жылдан бастап асылтұқымды бұқаларды бағады.
Қорасын төрт түлікке толтырған шаруа Амантай бұл жетістікке бір күнде жетпеген. Қазір өрісте екі мыңнан аса қойы жайылып жүр. Оның 1200 аналық бас. Шопан үшін мал тұқымын асылдандыру – бірінші кезектегі іс. Елде кездесе бермейтін қошқарларды да сол үшін ұстайды. Десе де шаруаны жайылым жайы ойландырмай қоймайды. Себебі өзіне тиесілі 200 гектар жер көп малға аздық етуде.
Амантай Шымбергенов, шаруа қожалығының жетекшісі:
– Жайылым жағы тарлау. Жем-шөп, азық-түлік жетіспей жатыр. Өзіміздің бар жерімізді орып жатырмыз. Бізге жайылым болса…
Шаруақожалық мал басын көбейту үшін 6%-бен жеңілдетілген несие алған. Елдегі «Сыбаға» бағдарламасын өркендетуге де өз үлесін қосып келеді. Ал Амантайдың ендігі мақсаты – бордақы алаңдарын ашу. Ол үшін қаржы кепілсіз берілсе дейді.
Амантай Шымбергенов, шаруа қожалығының жетекшісі:
– Несие кепілсіз берілсе. Біз дамытсақ. Халыққа қызмет жасасақ. Бордақы байлап, оны сойып, үкіметтің субсидиясын алсақ.
Бәйдібек ауданында бүгінгі таңда асылтұқымды ірі қара ұстайтын 3 шаруашылық бар. Биыл таулы өңірдің халқы мал басын арттырыпты. Жалпы, ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 104%-ды құраған. Бақытжан Керімжанов,
Бәйдібек аудандық ауыл шаруашылығы бөлім басшысының орынбасары:
– Бізде шарушалар сүттен гөрі ет бағытына көңіл бөліп отыр. Өйткені етке сұраныс көп. Бағасы тұрақты өсуде. Сүт бағыты мал азығын көп талап етеді. Сүт алу үшін. Оған көп қаражат кетеді.
Бұл серіктестікте қазір 15 адам еңбек етеді. Қожалық малдан бөлек диқаншылықпен де айналысады. Бидай, жоңышқа егіп, жаз бойы мал азығын дайындайды. Ең бастысы, шаруа үшін төккен тер ақталса игі.
Авторлары: Нұрбек Байбосын, Ерболат Әбіш, Нұрмахан Бекмұратов Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
Дереккөз: www.24.kz
Оңтүстік Қазақстан облысында алманың кеш пісетін сұрпы жиналып бітті.
Биыл өнім мол болып, 200 мың тоннадай жеміс-жидек пен жүзім алынған. Бұл былтырғыдан 20 пайызға көп. Мамандар мұны тек қолайлы ауа райы ғана емес, диқандардың озық технологияны қолданғанынан екенін айтады.
40 гектар аумаққа бау еккен мына шаруашылық соңғы өнімдерін жинап жатыр. Сұраныс алманың қандай сорттарын егуді үйретіпті. Ерте пісетін баудың алмасын жаздың алғашқы айында жинап, бірден базарға шығарады. Бағасы қымбат болған соң. Оны негізінен Ресей мен еліміздің солтүстік облыстарына жібереді екен. Ал күздік сорттарды жинап, қоймаға сақтап қояды.
Мұрат Әбдібаев, шаруашылық жетекшісі:
– Кешкі сорттарымыз шетелден келіп жатқан алмалардың орнын басады. Дәмі де, түрі де әдемі. Бірақ біздің алмалардың бағасы шетелдікіне қарағанда төмен.
Мұрат Әбдібаев шетелдік өнімді толық болмаса да өзіміздің алмамен алмастыруға болатынын айтады. Өнімділікті озық технологияны қолданып арттырыпты. Тамшылатып суарады. Сосын қарқынды бақтың аумағын көбейткен. Оған мемлекет тарапынан да көмек бар. Өңірде қарқынды бауға басымдық берілген.
Ергешбай Әбішев, Сарыағаш ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары:
– Басымдық беріп жатқанымыз өнімді мол береді ғой. Биыл егілсе, ендігі жылы өнім береді. Үшінші жылы жақсы, 5 жылда толық өнімге кіреді, бауымыз қарқынды. Ал бізде 1 931 гектар жүзім болса, 1 400 гектар өнім беріп жатыр.
Биыл ғана Оңтүстік Қазақстан облысында 800 гектар алқапқа қарқынды бау отырғызылып, жалпы аумағы 2 800 гектарға жетті. Сарыағаш ауданында жүзімнің әр гектарынан 100, ал алмадан 90 центнерден өнім жинады. Сөйтіп аудан ауыл шаруашылығы өнімдерін жинаудан облыста бірінші орынға шықты. Енді өңірде азайып кеткен жемістерді өсіру қолға алынып жатыр.
Сейітжан Әзбергенов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:
– Жаңғақ, бадам, олардың егіс көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Биыл 59 гектар жерге жаңғақ егілді. Ол нарықта жоғары сұранысқа ие болып тұр.
Диқандар өнімді қысқа сақтау мен оны терең өңдеуге назар аударып отыр. Биылдың өзінде үш жеміс сақтайтын тоңазытқыштың құрылысы басталды.
Авторлары: Әбдез Рахманұлы, Нұрмахан Мұсатов
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері:
«Алюминий Казахстана» АҚ, «Атырау жылу электр орталығы» АҚ, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша экология департаменті» РММ, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, ҚР БҒМ «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК, «Солтүстік Қазақстан Орхус орталығы» ҚҚ, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Асылбеков Сабыр Наурызбаевич – ҚР ЭМ Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменттің бас сарапшысы;
Абилова Ляйа Толегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры.
Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК ҚОҚҰБДжәнеЭАТ басқармасының басшысы;
Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылғы қарашаның 8-нен 10-на дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Парниктік газдарды түгендеу» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері:
«Алюминий Казахстана» АҚ, «Атырау жылу электр орталығы» АҚ, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша экология департаменті» РММ, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, ҚР БҒМ «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК, «Солтүстік Қазақстан Орхус орталығы» ҚҚ, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Асылбеков Сабыр Наурызбаевич – ҚР ЭМ Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменттің бас сарапшысы;
Абилова Ляйа Толегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры.
Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК ҚОҚҰБДжәнеЭАТ басқармасының басшысы;
Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
Дереккөз: energo.gov.kz
Дереккөз: www.kz.energo.gov.kz
Бүгін, 9 қарашада, Челябі қаласында Қазақстан және Ресей мемлекеттері басшыларының қатысуымен өтіп жатқан аймақаралық ынтымақтастықтың XIV форумы шеңберінде Н.Назарбаев пен В.Путин жер қойнауын пайдаланудың тәуелсіз құқығын іс жүзіне асыру мақсатындағы 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін шектеу туралы Келісім Хаттамасына қосымша Хаттамаға қол қойды.
Аталмыш Хаттама «Құрманғазы» жобасы бойынша келісімшарттық аумақтың ұлғаюын қарастырып, Операторға төрт жылға дейін ұзартуға мүмкіндік қарастыратын алты жылдық мерзімге дейін қосымша барлау мерзімі беріледі.
«Құрманғазы» жобасы бойынша өкілетті ұйым болып «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жүзпайыз еншілес компаниясы – «МНК «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС (50%) мен «Роснефть» ҰК АҚ (50%) табылады. Кен орны Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан.
Дереккөз: www.24.kz
Қызыл кітапқа енген ен даланың еркесі жезкиіктердің екі мыңнан астамы Ертіс өңірін мекендейді.
Қазіргі таңда жануарларды қорғау жұмысы күшейтілген. Нәтижесінде соңғы бірнеше жылдың ішінде Май және Баянауыл аудандарының жазығын жайлаған киіктердің қарасы едәуір көбейген.
Ал арқарлардың саны мыңға жуықтапты. Дегенмен ниеті бұзық браконьерлерден төнген қауіп сейілмей тұр.
Бұл – Баянауыл және Май аудандарының шекарасында орналасқан Қуыстам қыстағы. Облыс орталығынан 150 шақырымдық жер. Осы жерде киіктер мен мен арқарларды қорғау мақсатында арнайы бөлімше ашылды.
Мамандар күн, түн демей, айналадағы 50-60 шақырымдық жерде жүретін дала серкелерінің әр қадамын бағады.
Ақмарал Есімханова, тілші:
– Жылдың осы мезгілінде сайын даланы тұман басады. Ауа райының қолайсыздығынан киіктер адасып кетуі мүмкін. Осы сәтті тиімді пайдаланғысы келетін браконьерлер киіктерге аңшылыққа шығады екен.
Қазіргі таңда Павлодар аймағында екі жарым мыңнан астам киік пен мыңға жуық арқар бар. Десе де, браконьерлердің кереғар ісі тыйылар емес. Елімізде жыл басынан бері 46 дерек тіркелген. Мамандардың айтуынша, оларға аңдардың етінен гөрі мүйізі қымбат.
Серік Апсаликов, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының инспекторы:
– Көрінген адам аңшы болмайды. Аңшы болу үшін қазір «элитная охота» дейді. Оларда енді мықты-мықты қымбат внедорожник, джиптары бар. Жақсы мылтықтары бар с оптическим прицелом.
Бақылау жұмыстары қазіргі кезде, яғни киіктердің күйлеу кезеңінде күшейтіледі. Осы сәтте сезімтал жануарларға тыныштық қажет.
Манарбек Садықов, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК облыстық филиалының инспекторы:
– Қыста «ақбөкен» деп аталады бұл. Жазда «киік» дейді, «жезкиік» деп атап жатады. Соған дағдыланған жануар. Қар аз жерде жүреді. Соған қарай жақындай береді. Қар аз жаққа. Сол жақтарды біз аңдып жүреміз. Снегоходтарымыз бар қыста жүретін.
Бүгінде елімізде жезкиіктердің көші-қонын, олардың көбеюін спутниктік жүйе арқылы бақыланады. Еліміз бойынша 130-ға жуық ақбөкенге мойынжіп тағылған. Ертіс өңірінің киелі жануарларына да қарғыбау салынды. Арнайы рейд барысында екі ауданның шекарасындағы аумақ бақыланды. Жуырда өңірде киіктерді атып өлтірген үш браконьер ұсталған. Сондықтан осы аумаққа кірген әр көлік жіті тексеріледі.
Авторлары: Ақмарал Есімханова, Самат Оспанов және Алексей Омельницкий