Фариза Налекова | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

«Халықаралық тәжірибе және Ластауыштар шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдерін жүзеге асырудың ағымдағы қазақстандық тәжірибе»

2017 жылдың 2 қарашасында Павлодар қаласында «Халықаралық тәжірибе және Ластауыштар шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдерін жүзеге асырудың ағымдағы қазақстандық тәжірибе» тақырыбында семинар болып өтті. Ұйымдастырушысы болып «Орнықты дамуға жәрдемдесу» орталығы шықты.

Семинар «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК мен ЮНИТАР «Жойылуы қиын органикалық заттар (ЖҚОЗ) есептілігіне арналған құрал ретінде Ластауыштар шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін (ЛШТТ) жүзеге асыру бойынша жаһандық жоба» бірлескен жобасы шеңберінде жүзеге асырылды.

Семинардың жұмысына 45-тен астам адам қатысты. Сонымен қатар семинарға Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің, Экология департаментінің, Статистика департаментінің, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының және Павлодар облысы бойынша  басқа де мелекеттік органдардың, сонымен қатар тау-кен өндіру, энергетика, мұнай өңдеу, металлургия, химия саласы кәсіпорындарының, экологиялық жобалау ұйымдары мен зертханалардың, Павлодар Охус орталығының және басқа да үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Семинардың басты міндеті ЛШТТ мәселесі бойынша Павлодар облысының мамандарының әлеуетін арттыру және Қазақстандағы ЛШТТ енгізуді әдістемелік қамтамасыз етудің әзірлемесі үшін ұсыныстарды қалыптастыру болып табылады.

Семинарда ЛШТТ хаттамасының негізгі ережелері және оның жүзеге асырудағы халықаралық тәжірибе, Қазақстанда ЛШТТ енгізу бойынша шолу, ластауыштар шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдерінің  атмосфералық ауа, ағынды сулар, топырақ (өндіріс және тұтыну қалдықтарынан) бойынша ағымдағы жағдайын бағалауды қарастырылды.

Семинарға қатысушылар ауа, су және топырақ  эмиссиялары бойынша есептілік үшін ластауыш заттар тізбесін талқылауда белсенділік танытты.

Семинар ЛШТТ мәселелері бойынша мамандардың әлеуетін арттыруға, тәжірибе алмасуға және Қазақстанда ЛШТТ ендірудің әдістемелігін қамтамасыз етудің әзірлемесіне біршама тиімді ұсыныстарды қалыптастыруға мүмкіндік берді.

 

Алматы облысында ауыл шаруашылығы кооперативтері көбейіп келеді

Дереккөз: www.24.kz

Ал Алматы облысының шаруалары кооперативтер құру бағдарламасына белсенді қатысуда.

Жетісу жерінде биыл 111 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылуы керек болған. Алайда өткен 10 айда бұл көрсеткіш 138-ге жетіпті. Осылайша ұсақ шаруашылықтар бірігіп, іріленіп жатыр. Олар негізінен мал бордақылаумен ет, сүт, жүн өңдеумен және бау-бақша өсірумен айналысады. Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері аймақтарды аралап, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Кооперативтердің нормативтік-құқықтық базасын жетік білу арқылы ұжымдардың заңдық сауаты артады. Сол арқылы мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектерді де дер кезінде ала алатын болады», – дейді мамандар.

Ерлан Ілиясов, ҚР АШМ Ауыл шаруашылығы кооперациясы департаментінің басқарма басшысы:

– Көптеген субсидиялар бар. Субсидиялар кооперативтерге арнайы техника мен құрал-жабдықтарды сатып алуға бағытталған. Субсидияның 50 пайызы пайдаланылды. Және кооператив өндірген өнімдерге де субсидия бар. Олардың ішіне ет пен сүттен және жүннен жасалған өнімдер жатады.

Ақмола облысында астық кептіру кешендері көбейіп келеді

Дереккөз: www.24.kz

Ақмола облысында шамасы жеткен шаруалардың барлығы жаппай астық кептіру кешендерін салып жатыр.

Бұл ең алдымен диқандарды өзгеге тәуелді болудан арылтып, қаржысын үнемдеп, астығын дер кезінде қамбаға құйып алуына мүмкіндік береді. Мәселен, Сандықтау ауданының Каменка ауылындағы серіктестік жақында ғана осындай астық кептіру кешенін тұрғызды. Жыл сайын 20 мың гектар жерге дән себетін олар биыл мол өнім жинады. Енді бидайды сақтайтын 4 бірдей қойма да салмақ. Осылайша ұжым өздеріне ғана емес, көрші шағын шаруашылықтарға да қызмет көрсете алады. Ал ең бастысы, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, астықты жинап, оны қажетінше кептіріп ала береді. Жалпы Ақмола облысында қазір ірілі-ұсақты 229 астық кептіргіш бар.

Алексей Джейранов, серіктестік басшысы:

– Бұл кешен сағатына 60 тонна астықты кептіре алады. Мұндай өнімділігі жоғары қондырғыны қойған себебіміз, маңайдағы ұсақ шаруашылықтарға да жақын жерден жеңіл болсын дедік. Былтыр біз астықты кептіртіп алу үшін 97 млн теңгеге шығындалдық. Ал мына кешен 72 млн теңге тұрады. Бір жақсысы, жұртқа жалынбайсың.

ШҚО-дағы жеке қожалықтардың бірінде түйе өсіріле бастады

Дереккөз: www.24.kz

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданындағы шаруашылықтардың бірі түйе өсуруді қолға алды.

Бұған дейін қой мен ірі қара өсіріп келген жеке қожалық 3 жыл бұрын Алматы облысынан 25 түйе әкелген. Қазір ойсылқара тұқымының саны 40-қа жеткен. Шаруашылық жетекшісінің айтуынша, шығыстың табиғаты қанша қатал болса да, түйелер бірден жерсінген. Тек іңгендер боталаған кезде немесе жыл он екі ай жайылымда болады. Шаруашылық енді шұбат саууды бастаған. Мәселен, өткен жазда 4-5 тонна шұбат өндірген. Болашақта түйенің санын 300-ге дейін жеткізіп, шұбат пен түйе етін өндірістік деңгейге жеткізуді жоспарлап отыр. Ол үшін шаруашылық басшысы үлкен цех салуды бастап кеткен.

Ғалым Ахметжанов, шаруашылық жетекшісі: 

– Халыққа осының шұбатын бәрін өткізіп, дүкендер алады. Халық өзі сұраныспен келіп, алып жатыр. Қазір Жарма ауданының халқы үйреніп келеді. Сұраныс көбейіп келеді. Сол үшін басын көбейтсек деп, жұмыс істеп жатырмыз.

«ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АҚПАРАТТЫ ТАРАТУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ МАҚСАТЫНДА ОРХУС ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ» СЕМИНАРЫ

bezymyannyjj

2017 жылдың 31 қазанында Астана қаласында «Экологиялық ақпаратты тарату және пайдалану мақсатында орхус орталықтарының әлеуетін арттыру» атты семинар болып өтті.
Семинар Қазақтандағы Орхус қозғалысын дамытудың Стратегиялық жоспарын талқылау, сонымен қатар ЛШТТ бойынша ақпаратты таратуда Орхус орталықтарының әлеуетін арттыру мақсатында Астана қаласындағы ЕҚЫҰ кеңселік бағдарламасының қолдауымен, «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК мен «Орнықты дамуға жәрдемдесу» орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.
Семинарға ҚР Энергетика миинистрлігінің, Астана қаласындағы ЕҚЫҰ кеңселік бағдарламасының, аймақтық Орхус орталықтарының және ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Семинардың бірінші сессиясына Қазақстанның Орхус қозғалысының Даму бағдарламасы ұсынылды. Қатысушылар қоғамдық ақпараттық орталықтың құрылуы, онлайн-конференцияны өткізу, іс-шараларды орындау міндеттемелерін өзіне алуға даяр Бағдарлама қатысушыларының меморандум қорытындысы кіретін бағдарламаның жүзеге асырылу механизмдерін талқылады.
Орхус орталықтары мен ҮЕҰ өкілдері тәжірибелік сабақтар барысында Орхус орталықтарының қызметіне қаржыны тарту мүмкіндіктерін қарастырды.
Қатысушылар жеке сессия шеңберінде «жасыл экономика» жоспарларын жүзеге асыруда ЛШТТ-ның мәнін және Қазақстан Республикасында халықаралық міндеттемелердің орындалуын, ЛШТТ ақпаратына жұртшылықтың қол жетімділік Ұлттық стратегиясын, сонымен қатар ЛШТТ деректерін тарату мен пайдаланудағы Орхус орталықтарының рөлін талқылады.
«Азаматтарды қолдау орталығының» басшысы, халықаралық сарапшы, «Арника» (Чехия) ҮЕҰ жобасының үйлестірушісі – Мартин Скальский ЛШТТ ақпаратты тарату мен қолданудың халықаралық тәжірибесін ұсынды, Чехияда ЛШТТ дамытудағы «Арника» ҮЕҰ-ның үздік тәжірибесімен бөлісті, сонымен қатар ірі ластауыштар шығарындыларын азайтуда ЛШТТ-ның тигізетін көмегі туралы әңгімелеп берді.
Орхус орталықтарының және ҮЕҰ өкілдері талқылау барысында белсенділік танытты және Қазақстанда ЛШТТ-ның алға басуына ықпал етуге дайын екендіктерін көрсетті.
Қазақстанның Орхус қозғалысы дамыту бағдарламасының жобасымен мына жерден алуға болады. Бағдарлама жобасына ұсыныстар msvgeo@gmail.com мекенжайы бойынша 2017 жылдың 10 қарашасына дейін қабылданады.

 “Стратегический план развития Орхусского движения” (Могилюк) баяндамасын жүктеу)

“Значение РВПЗ в реализации планов «зеленой экономики» и выполнения международных обязательств Республики Казахстан”(Мустафина) баяндамасын жүктеу

“Национальная стратегия по обеспечению доступа общественности к экологической информации и РВПЗ” (Уразгалиева) баяндамасын жүктеу

“Вклад Орхусских центров и других НПО в ликвидацию стойких органических загрязнителей и других опасных химических веществ, включенных в Протокол о РВПЗ” (Уразгалиева) баяндамасын жүктеу

“Регистр загрязнения в Казахстане: инструмент для НПО” (Скальский) баяндамасын жүктеу

“Роль Орхусских центров в распространении и использовании данных РВПЗ для улучшения экологической обстановки” баяндамасын жүктеу

“Финансовая устойчивость Орхусских центров” (Изтелеуова) баяндамасын жүктеу

img_4663img_4664

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ЛАСТАУЫШТАР ШЫҒАРЫНДЫЛАРЫ МЕН ТАСЫМАЛДАРЫНЫҢ ТІРКЕЛІМДЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ АҒЫМДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕ»

bezymyannyjj

2017 жылдың 30 қазанында Астана қаласында «Халықаралық тәжірибе және Ластауыштар шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдерін жүзеге асырудың ағымдағы қазақстандық тәжірибе» тақырыбында семинар болып өтті.

Семинар ҚР Энергетика министрлігі «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК мен ЮНИТАР «Жойылуы қиын органикалық заттар (ЖҚОЗ) есептілігіне арналған құрал ретінде Ластауыштар шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін (ЛШТТ) жүзеге асыру бойынша жаһандық жоба» жобасы шеңберінде Астана қаласындағы ЕҚЫҰ кеңселік бағдарламасының және «Орнықты дамуға жәрдемдесу» орталығының қолдауымен өтті.

Семинардың басты мақсаты – ЛШТТ мәселесі бойынша мамандардың әлеуетін арттыру және Қазақстандағы ЛШТТ енгізуді әдістемелік қамтамасыз етудің әзірлемесі үшін ұсыныстарды қалыптастыру болып табылады.

Семинардың жұмысына «Азаматтарды қолдау орталығының» басшысы, халықаралық сарапшы, «Арника» (Чехия) ҮЕҰ жобасының үйлестірушісі – Мартин Скальский қатысты. Ол мемлекеттік органдардың, өнеркәсіптік  кәсіпорындардың  және ҮЕҰ ЛШТТ Хаттамасын жүзеге асырудағы халықаралық тәжірибе және үздік дағдылар туралы сұрақтарына жауап берді.

Семинар жұмысына 70-тен астам адам қатысты. Семинарға қатысушылар қатарында ҚР Энергетика министрлігінің, ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің, ҚР Ішкі істер министрлігінің, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің, Қарағанды облысы бойынша Экология департаментінің, «Қазгидромет» РМК-ның, «Жасыл даму» АҚ-ның  өкілдері болды. Семинарда келесі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары белсенділік танытты: «Самрұқ-Энерго» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, КПО б.в., АМӨЗ және басқа тау-кен өндіру, энергетика, мұнай өңдеу, металлургия, химия саласының кәсіпорындары. Үкіметтік емес секторға аймақтық Орхус орталықтары мен басқа да ҮЕҰ-мен ұсынылды.

Семинарға қатысушыларға ЛШТТ хаттамасының негізгі ережелері, Қазақстанда ЛШТТ енгізу бойынша шолу,   ЛШТТ бойынша Ұлттық ұсыныстар, сонымен қатар мемлекеттік ЛШТТ үшін ақпаратты ұсыну бойынша ҚР заңнамасының ағымдағы талаптары ұсынылады.

Тыңдаушылар ластауыштар шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдерінің  атмосфералық ауа, ағынды сулар, топырақ (өндіріс және тұтыну қалдықтарынан) бойынша ағымдағы жағдайын бағалауды қарастырды.

Семинар шеңберінде айтылған барлық ұсыныстар Қазақстанда ЛШТТ енгізуде пайдаланылатын болады.

 “Международный опыт и текущая казахстанская практика осуществления регистра выбросов и переноса загрязнителей” (Мустафина) баяндамасын жүктеу

“История создания и основные положения Протокола РВПЗ” (Анисимова) баяндамасын жүктеу

“Внедрение РВПЗ в Республике Казахстан Национальные предложения Республики Казахстан по РВПЗ” (Балабаева) баяндамасын жүктеу

“Программное обеспечение по предоставлению онлайн-отчетности в рамках РВПЗ” (Кондратенко) баяндамасын жүктеу

“Требования законодательства Республики Казахстан по предоставлению информации для государственного регистра выбросов и переноса загрязнителей” (Анисимова) баяндамасын жүктеу

 “Текущая ситуация по оценке выбросов и переноса загрязняющих веществ в атмосферный воздух в Казахстане” (Анисимова) баяндамасын жүктеу

img_4579 img_4585

Жасыл экономика. «Жасыл қаржы» көзі дегеніміз не?

Дереккөз: www.24.kz

Жасыл экономика саласындағы Қазақстанның межелеген мақсаттары 2050 жылға дейін белгіленіп қойған. Біз алдағы 33 жылдың ішінде баламалы қуат көздерінің  үлесін 50%-ға жеткізіп, энергия шығынын 50%-ға қысқартып, жасыл сектордағы жұмыс орындарының санын 500 мыңға жеткізуіміз керек. Бүгінде тиісті заңнамалық ретке келтірілсе, сол кәсіпті игеріп кететін белсенді тарап керек. Алайда көп жағдайда қаржының жетіспеушілігі қолбайлау болып жатады. Десе де қазіргі таңда «Жасыл қаржы» инструменттері дамытылып жатыр.

Семейлік ғалымдар бір түптен қызанақ пен картоп алды

Дереккөз: www.24.kz

Қызанақ пен картоп бір түптен.

Семейлік ғалымдар осындай жетістікке қол жеткізді. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің аға оқытушысы Бақтығали Сәрсембаев пен ІІІ курс студенті Жансая Мұхаметқали бір жыл бойы жүргізген тәжірибе нәтижесінде гибридтік өнім алған. Талайды таң қалдырған жобаға әуелде күдікпен қарағандар көп болыпты. Алайда ғалымдар тобы бірнеше сәтсіздіктерге қарамастан ғылыми жұмысты жалғастыра берген. Аграрлық факультеттің жылыжайында қыс бойы өсірілген өскіндер будандастырылып, көктемде далаға егіліпті. Болашақта орамжапырақ пен шалғамды будандастыру арқылы тағы бір гибридтік өнім алу жоспарда бар.

Бақтығали Сәрсембаев, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің аға оқытушысы: 

– Әрбір түптен 37 томат алдық, әрбіреуінің салмағы 120-140 грамм болды. Картоптың да мөлшері солай болды. Саяжайда, жылыжайда, шаруашылықтарда 2 түрлі өнім алуға болады деген ойдамыз.

Жамбыл облысында «Бір сәби – бір ағаш» акциясы басталды

Дереккөз: www.24.kz

Жамбыл облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ерекше акция басталды.

Жоба «Бір сәби – бір ағаш» деп аталады. Шара кезінде өңірдің биыл ғана нәрестелі болған жас отбасылары тал отырғызды. Басты идея ата-бабадан қалған өсиетті жастардың бойына сіңіріп, ұрпақ сабақтастығын қалыптастыру.

Басталған жоба аясында аймақ бойынша мыңнан астам ағаш бір уақытта отырғызылды. Шараға облыс орталығы мен 10 ауданның жас ата-аналары қатысты. Ағаш көшеттері негізінен жергілікті перзентханалардың маңайы мен арнайы белгіленген демалыс орындарына егілді.

Ал жуалылықтар ағаштарды Батыс Қытай-Батыс Еуропа автомагистралінің бойына отырғызды. Жолдың шетіне емес, жаңа  «Мәңгілік ел» саябағына екті.

Жәнібек Мырзалиев биыл сәбилі болмаса да, үшінші перзентінің өмірге келуін күтіп жүр. Ол осы шараға атсалысу үшін бала-шағасын ертіп келген.

Жәнібек Мырзалиев, Бауыржан Момышұлы ауылының тұрғыны:

– Барлық жас отбасылар келіп өз үлестерін қосуда. Әр отбасы бір-бір арша талын отырғызып, өз отбасылық тектерін белгілеп кетті. Біз де бүгін өзімнің ұлымды алып бір ағаш отырғызып, ауылымыздың көркеюіне үлес қосуға келіп отырмыз.

Эсмира Мәден, Қайрат ауылының тұрғыны:

– Саябағымызға тал егуге келіп тұрмыз. Бала-шағамызбен келіп тұрмыз. Біздің балаларымыз, болашақ ұрпақ осы саябаққа келіп демалады деген сенімдеміз.

Аумағы 25 гектарлық демалыс орнында үш мыңнан астам ағаш жайқалып өсіп келеді. Қазір «Рухани жаңғыру» аллеясының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұдан бөлек жасанды көл, ардагерлер және жастар демалатын орындар салынбақ.

Марат Нарымбеков, Жуалы ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы:

– «Атадан мал қалғанша тал қалсын» дейді. Ертең осы жерде әр отбасы өзінің талын егіп, ертең тал туралы өзінің баласы білетін болады. Әрі талды баптап, өсіріп, содан ол өзінің ұрпағына айтады. Ең басты мақсат – бұл ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру.

Бұл саябаққа аудан тұрғындары «Мәңгілік ел» деген атау берген. Кешенді демалыс орнын жергілікті жастар ұйымдасқан түрде асарлатып салып жатыр. Біз де Қазақстан Мәңгілік ел болсын деген ниетпен бір түп ағаш отырғызуды  жөн санадық.

Айта кету керек, биыл аймақта жыл басынан бері 19 мыңға жуық бала өмірге келген. «Бір сәби – бір ағаш» жобасына олардың мыңнан астамының ата-анасы тартылды. Игі бастама жалғасын табады.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Тимур Сейілхан, Руслан Ахатіллә

БҚО-да жыл басынан бері 42 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған

Дереккөз: www.24.kz

Елімізде құрылған ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтеріне мемлекет тарапынан нақты қолдаулар көрсетіліп келеді.

Мәселен, Батыс Қазақстан облысының аумағында осындай 180 бірлестік бар. Соның 42-сі биыл құрылған. Қазір министрлік мамандары кооперация төрағалары мен мүшелеріне арнап, арнайы оқыту семинарларын жүйелі түрде ұйымдастыруға кірісті. Шағын шаруа қожалықтарының басшылары ауылдастарымен бірлесіп, мал басын бордақылауға, сүт және сүт өнімдерін жинауға, дәнді-дақылдар мен көкөніс түрлерін өсіруге мүмкіндік алды. Сонымен қатар ет пен сүт өнімдерін қайта өңдейтін өндірістік желілерді іске қоспақшы. Теректі ауданына қарасты Покатилов елді мекенінде 7 шаруашылық пен 13 ауыл тұрғыны бірігіп, автоматтандырылған сүт қабылдау бекетін сатып алды. Енді сатылған сүттің әр литрі үшін оларға мемлекет тарапынан 10 теңге көлемінде субсидия төленеді. Жалпы биыл аймақтағы ауылдық кооперативтерді субсидия есебінен қолдау мақсатында 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан бағытталған 1 млрд теңге жаңадан құрылған бірлестіктерді қолдауға жұмсалады.

Медет Ғабдырахымов, Покатилов ауылының тұрғыны:

– Бұрын біз сүтімізді, майды Оралға тасып, басқа да өнімдерді жасап тапсыратын еді. Ол қиын, жолақысы бар. Қазіргі кезде осы пунктке тапсырамыз сүтімізді, ақшасы да жақсы, ауыл тұрғындарына бірталай көмек болды.

Нұрболат Мақашев, ҚР АШМ департамент директорының орынбасары: 

– Енді ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрудың себебі, ауылдық елді мекендерде көптеген адамдар жұмыссыз отыр. Осы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мақсатында. Екіншіден, қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктелуі өте төмен. Енді осы кәсіпорындардың жүктелуін арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы кооперативтерінің рөлі өте ерекше.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика