Жаңалықтар | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

«Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде» баспасөз туры өтті

Бүгін ҚР ЭГТРМ «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің» даму бойынша» баспасөз турын өткізді.

Іс-шараға республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Олардың қатарында «Хабар, «Хабар24», «Жетісу ТВ» сынды телеарналар мен «Tenge Monitor» газеті де бар.

Баспасөз турында қызметкерлер парктің тыныс тіршілігі, келушілерге қолайлы әрі қауіпсіз ету мақсатында атқарылған жұмыстар жайлы баяндады.

«Жануарлар дүниесін қорғау және молайту» бөлімінің басшысы Арсен Нұрғалиев парк аумағында мекендейтін жануарлар жайлы, олардың қазіргі уақыттағы жағдайы, өсімі және жануарлар дүниесін қорғау мақсатында қолға алынған шаралар туралы айтты.

Сондай-ақ «Экологиялық ағарту және туризм» бөлімінің басшысы Қутлуқжан Юнусов ұлттық парктің туристік бағыттарымен, парк аумағында экологиялық туризмді дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

«Жасыл офис» Республикалық конкурсының жеңімпаздары анықталды

Бүгін «Жасыл офис» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Оған ел экономикасына тың серпін беретін қазақстандық 100 кәсіпорын қатысты. Жүзден жүйрік деп танылған 30 көшбасшы компания «жасыл кеңсе» мәртебесіне лайықты деп танылды.

Конкурсқа өнеркәсіптік кәсіпорындар, шағын және орта бизнес, білім беру, денсаулық сақтау және сервистік қызмет көрсететін мекемелері қатысты.

Қатысушы кәсіпорындар қызметкерлері үшін салауатты еңбек жағдайын жасау, ресурстарды үнемдеудің заманауи тәсілдерін қолдану, қалдықтарды сұрыптау және өңдеу критериалары бойынша бағаланды.

Салтанатты шараға қатысқан Экология министрлігінің экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің директоры Акзан Ширанов конкурстың маңыздылығын атап өтті.

«Бұл конкурс пен іс-шара біздің тұрақты серіктесіміз Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясының бастамасымен ұйымдастырылды. Коалиция Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын іске асырудағы қоғамдық провайдер ретінде танылған, сонымен қатар экология саласындағы озық реформаларды жүзеге асыру мақсатында еліміздің азаматтарын белсенді түрде жұмылдыруда»-, деді Акзан Ширанов.

Айта кетсек, іс-шара отандық компанияларға өзінің экологиялық саясаты мен энергия үнемдеу тәжірибесін қалыптастыруға көмектесуге бағытталған. Конкурс 2019 жылдан бастап Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен өткізіліп келеді.

Сенатта Каспий теңізін ластанудан қорғау туралы хаттама ратификацияланды

Парламент Сенаты «Каспийдің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау хаттамасын ратификациялау туралы» Заң жобасы қабылданды.

«Каспий теңізінде көмірсутек шикізатының ірі қорларының болуы су айдынының экологиясы мен биоресурстарын сақтау туралы мәселені өзектендіреді. Хаттаманың негізгі мақсаты – Каспий теңізінің экологиялық таза теңіз ортасына қол жеткізу және сол қалпында сақтау үшін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызметтерден теңіз ортасының ластануын болдырмау, бәсеңдету, бақылау және барынша мүмкін болатын апаттарды жою», – деді Экология министрі Серікқали Брекшев Сенат отырысында.

Хаттаманың негізгі бағыттары – ең озық қолжетімді технологияларды және табиғат қорғау практикасын пайдалану, оларға қол жеткізу және оларды теңіз акваториясында немесе оның жағалау аймағында тапсыру кезінде шаруашылық қызметті жүзеге асыру болмақ. Сонымен бірге, Каспий теңізінің теңіз ортасы мен жағалау маңындағы аудандарының физикалық, биологиялық және химиялық сипаттамалары туралы, оның ішінде теңіз акваториясына жерүсті көздерінен ластаушы заттардың түсу көлемдері туралы деректер базасын құру және жүргізу көзделеді. Одан бөлек, Каспийдің теңіз ортасы мен жағалау маңындағы аудандарының жай-күйіне, оның жағалау жиегі бойындағы теңіздің ластану деңгейіне тұрақты бағалау жүргізіледі.

Күршім өзенінің ластануының жаңа фактілері анықталды

Жақында әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім өзенінің ластануы туралы бейнеролик таратылды.

Осыған байланысты, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті жергілікті ІІБ және прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп оқиға орнына дереу барды.

Күршім өзенінің арнасын Маралды ауылына қарай тексеру барысында өзеннің Киінсу өзені ағатын жерде (Маралды ауылынан шамамен 12-15 км) ластану фактісі тіркелді, бұл ретте Күршім өзенінің суы Киінсу өзені ағатын жерден жоғарысы, таза. Осыған байланысты жедел топ Маралды ауылының маңында орналасқан “Маралихаголд” ЖШС бағалы металдарды барлау және өндіру орнын қарап шықты.

Жүргізілген тексеру 2-3 Тұндырғышта кенді байыту кезінде бұрын пайдаланылған су жоқ екенін көрсетті. “Маралихаголд” ЖШС жұмысшыларының айтуынша, 14.10.2021 жылы өндірісте пайдаланылған су “Васильевский” кілтіне түскен. Васильевский ключінің суы “Бугуль” кілтіне құяды, ол Киынсу өзеніне, ал ол өз кезегінде Күршім өзеніне құяды.

Аталған факті АІІБ ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген.

Жиналған материал Экология департаменті мен Ертіс бассейндік инспекциясына жіберілді.

Қабылданған шаралар туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.

«ЖАСЫЛ ОФИС» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінің баспасөз хабарламасы

2021 жылдың 22 қазанында сағат 11:00-де Нұр – Сұлтан қаласында III Республикалық «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Байқауды ұйымдастырушылар: «Жасыл экономиканы» қолдау мен G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ. Қолдау білдіргендер: ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы, ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар офисі.

Конкурс экологиялық өмір салтын, «жасыл» және төмен көміртекті технологияларды насихаттауға, қоғамдық пайдаланудағы ғимараттардың экологиялығын, жайлылығын және эргономикалығын арттыруға, озық тәжірибені, үздік технологиялық шешімдерді таратуға, экологиялық жауапты ұйымдарды брендтеуге бағытталған.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер осы жылдың 15 сәуірі мен 15 қыркүйегі аралығына дейін 10 номинация бойынша қабылданды: 1) білім беру саласында; 2) денсаулық сақтау саласында; 3) мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор арасында; 4) халықаралық ұйымдар мен өкілдіктер арасында; 5) ШОБ арасында; 6) өнеркәсіптік кәсіпорындар арасында; 7) бизнес орталықтар мен сауда орталықтары арасында; 8) қызмет көрсету саласында; 9) қаржы ұйымдары арасында; 10) ҮЕҰ арасында.

Конкурсқа қатысушылардан барлығы 100 –ден аса өтініш келіп түсті. Байқау комиссиясы жеңімпаз дипломдары мен «Green office» арнайы белгілерін алатын 30 үздікті таңдап алды.

Марапаттау рәсіміне ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрілігінің өкілі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,  «Nur Otan» партиясының экологиялық кеңесінің төрағасы  Е.Н.Абаканов,  ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар офисі басшысының орынбасары Диана Дигол, «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қаумдастығы» ЗТБ Басқарма Төрағасы А.С.Соловьева, G-Global халықаралық хатшылығы басшысы С.Н.Нөгербеков, «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясының атқарушы директоры А.М.Сүлейменов қатысады.

Марапаттау рәсімі оффлайн және онлайн форматта өтеді.

ZOOM желісіне онлайн қосылу сілтемесі: https://us02web.zoom.us/j/81600260345?pwd=TTI2SktEa0VCSC9aYkhtYkVsaktCUT09

Аккредитация үшін:

Тел.: 8 778 456 0999, e-mail: meruert_1968@mail.ru

Серікқали Брекешев «KaukoInternational Oy Ltd» Бас директоры Ниилес Айроламен кездесті

2021 жылғы 20 қазанда ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев «KaukoInternational Oy Ltd» фин компаниясының Бас директоры Ниилес Айроламен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар 2021 жылғы 13 мамырда ҚР ЭГТРМ, «KaukoInternational» компаниясы және қазақстандық-фин технологиялық орталығы арасында экология, орман және балық шаруашылығы, қалдықтар мен су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастық туралы қол қойылған Меморандумды іске асыру мәселелерін талқылады.

Серікқали Брекешев Финляндияның ормандарды кесу жөніндегі іс-шараларды жүргізудегі табысты тәжірибесін атап өтіп, «KaukoInternational Oy Ltd» компаниясын елімізде ағаш шикізатын алу үшін жоғары өнімді дақылды плантациялар құруға мүмкіндік беретін плантациялық орман өсіру және орман питомниктерін құру жөніндегі жобаларды іске асыруға шақырды.

«Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың мемлекеттік орман қоры жерлерінде 2 млрд. ағаш және елді мекендер аумағында 15 млн. ағаш отырғызу жөніндегі бастамасын іске асыру мақсатында біз ормандарды молықтыру мен орман өсірудің кешенді жоспарларын және елді мекендерді көгалдандырудың 2021-2025 жылдарға арналған өңірлік жоспарларын әзірледік. Орман саласын дамыту бойынша жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында сіздің компанияңызды плантациялық орман өсіру бойынша жобаларды іске асыруға шақырамыз»,- деді министр.

Министр  сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу және ауыз сумен қамтамасыз ету жобаларын іске асыру саласындағы ынтымақтастықты ұсынды.

Өз кезегінде Нийлес Айрола алдағы уақытта ынтымақтастықты егжей-тегжейлі талқылау үшін бейнеконференцбайланыс арқылы сараптамалық кездесулер өткізуге мүдделілігін атап өтті.

Кездесу соңында тараптар биылғы жылдың желтоқсан айында Хельсинки қаласында өткізілуі жоспарланған Қазақстан-Финляндия сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысы шеңберінде орман шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық және қалдықтарды басқару жөніндегі Жол картасын қол қоюға дайындау уағдаластығына қол жеткізді.

Айта кетейік, «KaukoInternational Oy Ltd» – фин компаниясы және халықаралық саудада 70 жылдық тәжірибесі бар заманауи сауда-жобалау орталығы. Қазіргі уақытта компания өз қызметін 22 елде жүзеге асыруда. Негізгі салалары целлюлоза-қағаз, энергетика, өңдеу және экологиялық өнеркәсіп.

Қалжыр өзенін ластағандар жауапқа тартылды

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті Күршім ауданындағы Қалжыр өзенінің ластану фактісі бойынша тексеру жүргізді.

Биылғы жылдың мамыр айында Ақбұлақ ауылдық округіне қарасты «Шандыбұлақ» учаскесінде жүргізілген рейдтік шаралар барысында Күршім аудандық полиция бөлімі жеке кәсіпкер Сергей Хванның рұқсат құжаттарынсыз алтынды өз еркімен өндіру фактісін анықтады.

6 қыркүйекте Қалжыр өзенінің ластануы туралы келіп түскен бейнесюжет негізінде Экология департаменті, табиғатты қорғау полициясы, бассейндік инспекция және басқа да мемлекеттік органдар қызметкерлері аталған жерге барды.

Белгілі болғандай, жақын арада «С.А. Хван» жеке кәсіпкер өкілдері сот қаулысын орындау үшін Қалжыр өзенінің арнасы мен және жайылмалы бөлігіндегі, сондай-ақ Шандыбұлақ бұлағындағы заңсыз салынған бөгеттер мен тоғандарды бұзған. Соның әсерінен Қалжыр өзенінің негізгі арнасына түскен ұсақ құмды топырақ оның едәуір аумағын ластаған. Лай тұнбалы лас су өзен ағысымен біршама қашықтыққа жайылып, 53,3 мг/м3 дейінгі қалқыма заттармен ластануға әкелді.

Қалжыр өзенінің одан әрі ластануына жол бермеу үшін экология департаментінің инспекторлары заңсыз құрылыстарды қалпына келтіру жұмыстарын тоқтатты. Аталған жұмыстарды қауіпсіз жүргізу үшін жобалық құжаттаманы әзірлеу ұсынылды.

Бүгінгі күні табиғи суларды сынау хаттамаларына сәйкес зиян шеккен су айдынындағы ластаушы заттардың құрамы шекті рұқсат етілген концентрациядан аспайды. Жер үсті суларының сапасы қалпына келтірілді.

Алтын кенін іздеу бойынша жұмыстарды заңсыз жүргізгені, рұқсат етілмеген құрылыстарды бұзу туралы сот шешімін орындамағаны, сондай-ақ экологиялық сараптама жүргізбей объектілерді өз бетінше салғаны үшін Күршім ауданының № 2 аудандық соты мен ШҚО Экология департаментінің шешімімен кәсіпкерлерге жалпы сомасы жарты миллион теңгеден астам айыппұл салынып, кен өндірушілекке берілген  лицензиялары кері қайтарылды.

Бұдан басқа, құқық бұзушылықтардың салдарын жою мақсатында «Хван» ЖК ремедиация бағдарламасын бекітті, оған сәйкес биылғы жылғы қарашаға дейін Қалжыр өзенінің гидрологиялық режимін және тау ландшафтын қалпына келтіру бойынша бірінші кезектегі іс-шараларды орындау қажет.

Қазіргі уақытта өңір әкімдігі табиғи компоненттерді қалпына келтіру бойынша жұмыстардың кеңейтілген сметалық есебін жасауды пысықтауда, оның сомасына байланысты полиция органдары ҚР ҚК 324, 328, 333 және 334-баптары бойынша кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарайтын болады.

Сонымен қатар, осындай заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік органдардың өкілдері жергілікті белсенділермен кездесу ұйымдастырды, оның нәтижесінде құқық бұзушыларды карьерлерді рекультивациялау жөніндегі жобаларды (оның ішінде түбін қауіпсіз тәсілмен тазартуды жүргізу) әзірлеуге міндеттеу, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың қызметіне қоғамдық бақылауды күшейту жөнінде шешім қабылданды.

«Визол» ГБК» ЖШС-і Экологиялық заңнаманы сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылды

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті уәкілетті органмен және ғылыми ұйымдармен бірлесіп, биылғы жылғы 28-30 қыркүйек аралығында Күршім ауданындағы Күршім және Қыстау-Күршім өзендерінің ластану фактісі бойынша «Визол» Геологиялық барлау компаниясы» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс экологиялық тексеру жүргізді.

Тексеру барысында кәсіпорынды жауапкершілікке тартуға негіз болатындай Қазақстан Республикасының қолданыстағы Экологиялық кодексінің нормаларына сәйкес келмейтін бірқатар олқылықтар анықталды.

Осылайша, технологиялық су жинақтағыштардың тоғанынан судың жер бедеріне асып кетуі және Қыстау-Күршім өзеніне құятын тұндырғыштан су ағызу фактілері анықталды. Нәтижесінде, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің (ары қарай – ӘҚБтК) 328-бабының 1-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Айыппұл мөлшері өз еркімен су ағызудың көлемі нақтыланғаннан кейін айқындалатын болады.

Бұдан басқа, тау-кен жұмыстарының жоспарына сәйкес кен орнын игергеннен кейін табиғи объектілерді техникалық және биологиялық рекультивация көмегімен негізгі күйіне келтіру керек. Яғни, табиғи ландшафтты, ағаш өсімдіктерін және жануарлар әлемінің тіршілік ортасын қалпына келтіру қажет.

«Визол» ГБК» ЖШС уақытылы зерттеулер жүргізбегені, биологиялық негіздеме әзірлемегені және шаруашылық қызмет нәтижесінде балық ресурстарына келетін зиян орын алмағаны белгілі болды. Сонымен қатар, тау-кен жұмыстары тұрғысынан қалдықтарды басқару жүйесі сақталмаған.

Осы бұзушылықтар үшін кәсіпорынға қатысты ӘҚБтК-нің 332-бабының 2-бөлігі және 344-бабының 3-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалды. Бұл баптар бойынша салынған айыппұл көлемі 200 мың теңгеден асады.

Сонымен қатар, анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында жоғарыда аталған тау-кен компаниясына қоршаған ортаға теріс әсердің алдын алу және азайту жөніндегі тиімді іс-шараларды іске асыру, табиғи орта компоненттеріне зерттеулер жүргізу, биологиялық негіздеме әзірлеу және балық қорларына келтірілген зиян үшін өтемақы жүргізу қажеттігі туралы нұсқама берілді.

Орындалған жұмыстардың нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.

Сырдария өзені бассейніндеге су шарушылығы жағдайы

Қызылорда облысындағы экологиялық жағдай Арал-Сырдария бассейнінің сулылығына тікелей байланысты.

Арал-Сырдария бассейнінде 2019 жылдан бастап су аздығы циклы жалғасуда.

Сырдария өзенінің сулылығы Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан аумағындағы су шаруашылығы жағдайына байланысты және көбінесе «Тоқтоғұл» су қоймасында (Қырғызстан) судың жиналуымен айқындалады. Биыл Тоқтоғұл су қоймасында судың жинақталу көлемі 2019 жылға қарағанда 5 млрд.м3 кем, вегетациялық кезеңнің басында Тоқтоғұл су қоймасында шамамен 15 млрд.м3 су жинақталған норма болып саналады. Ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша су қоймасында 8,7 млрд.м3 ғана болды, бұл 2020 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 2,9 млрд. – қа аз.

Нарын-Сырдария су қоймалары құламасы жұмысының энергетикалық режимге ауысуына байланысты Шардара су қоймасына ағын вегетациялық кезеңде азаяды және вегетация аралық кезеңде ұлғаяды.

Осыған байланысты Шардара су қоймасын су тастау және толтыру режимі Сырдария өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан су қоймаларының жұмыс режиміне және көрші елдердегі су шаруашылығы жағдайына байланысты.

Бүгінгі таңда Шардара су қоймасы толтыру режимінде жұмыс істейді. Су қоймасынан суды ағызу 50 м3/сек ағынмен жүзеге асырылады, келген судың көлемі 140 м3/сек құрайды.

Шардара су қоймасынан су ағызу ағындылықтың ұлғаюына қарай көбейетін болады.

Сонымен бірге Тәжікстан және Өзбекстан елдерінде вегетация кезеңі биыл қазанның соңына дейін жалғасады. Сондықтан Шардара су қоймасына судың түсуі және Сырдария өзенінің төменгі ағысына су жіберу көлемін ұлғайту мәселесі   биылғы жылғы қарашада   Мемлекетаралық   үйлестіру   су шаруашылығы комиссиясының кезекті 81-ші отырысында қаралатынын хабарлаймыз.

Жайық өзенінің экологиялық жағдайы

Соңғы жылдары Жайық (Орал) өзені суының​ азаюына байланысты оның экологиялық жағдайы ерекше алаңдаушылық тудырып отыр.​ Өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап Жайық өзеніндегі су ағынының көлемі біртіндеп азайып келеді. Мұның бірнеше себептері бар. Біріншіден, бұл Жайық өзенінің бассейнінде аз сулы кезең циклінің басталуына байланысты.​ Бұл өзендердегі су деңгейі төмендеуінің жиілеуі кезеңіне,​ бассейндегі ағынды реттеуге, жерді жыртуға және орманды кесуге байланысты өзеннің гидрографиялық желісінің​ нашарлауына әсер ететін климаттық факторлар.

Жайық өзені бассейніндегі су​ жағдайын жақсарту бойынша​ шаралар қабылдау үшін ресей тарапымен Жайық өзенінің гидрологиялық режиміне бірлескен зерттеулер жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.​ Осы мақсатта 2020 жылғы қазанда ірі өзендер бассейндерінде (Жайық, Ертіс және басқалары) зерттеулер жүргізу бойынша ынтымақтастықты жандандырудың Бірыңғай жол картасы және оның тармақтарының орындалу мерзімдері мен оларды ұйымдастыру нысандарын нақтылаумен іс-шараларды іске асырудың жұмыс кестесі бекітілді. Қазіргі уақытта қазақстандық және ресейлік сарапшылар бірыңғай Жол картасын жүзеге асыруға кірісті.​

Бірыңғай Жол картасының іс-шараларын іске асыру нәтижесінде Жайық өзенінің гидрологиялық режимін және экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған бірлескен шаралар қабылданатын болады.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика