Дереккөз: www.24.kz
Алдағы жылы Алматы облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 20 жоба жүзеге асады.
Олардың барлығы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қатысты. Атап айтқанда, көгілдір отын, су және кәріз жүйелерін тарту, жол жөндеу, көшелерді жарықтандыруға арналған маңызды жобалар бар. Облыс орталығы Талдықорғанда қуаты 300 мегаваттық жылу электр орталығы салынады. Жобаның жалпы құны – 180 млрд теңге. 2020 жылы пайдалануға берілетін бұл нысанда 500 жаңа жұмыс орны ашылады. Қапшағай қаласындағы кәріз тазалау қондырғыларын орнату жұмыстары да ірі жобалардың бірі. Оған 6 млрд теңгедей қаражат жұмсалады.
Дамир Дәулетханұлы, Алматы облыстық энергетика және ТКШ басқармасының бөлім жетекшісі:
– Бүгінгі таңда техника-экономикалық негіздемесі әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысы алынған. Және де ресейлік инвесторлармен тікелей келіссөздер жүргізілуде.
Әсем Тоқтасын, Талдықорған қаласының тұрғыны:
– Қазіргі таңда Талдықорған қаласы көркейіп, өсіп келеді. Көптеген ғимарат ашылды. Жастарға да жағдайлар жасалуда.
Дереккөз: www.24.kz
Қазақстандық іскер топ өкілдері Польшада өткен халықаралық ауыл шаруашылық көрмесіне алғаш рет қатысты.
Шараға әлемнің 20 елінен 400-ден астам компания келді.
Еліміздің Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Астана және Алматы қаласынан құралған делегациямыз өзінің өнімдерін паш етіп, осы саладағы инновация игілігімен танысып қайтты.
Варшавадағы ауыл шаруашылық көрмесі – Еуропадағы ең ауқымды шараның бірі. Аумағы 70 мың шаршы метрді қамтитын алаңға 340 стенд құрылып, алманың түрлі сұрыптарынан бастап жаңа техникаларға дейін койылды. Қазақстандық өнімдер көпшіліктің көңілінен шықты. Тіпті қонақтар мен келушілер дәмді бауырсақ, бал татыған қымыз бен ұлттық тағамнан дәм тату үшін ұзын-сонар кезекке тұрды.
Роберт, жергілікті тұрғын:
– Керемет. Манты тілдің дәмін үйіреді. Барлығына қазақтың асынан дәм татуға кеңес беремін. Поляк тағамынан мүлдем өзгеше, өте дәмді. Дала пейіл, дарқан мінезді қазақ халқының қонақжайлығын Польшада бәрі біледі.
Қазақстан делегациясы елдің ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуетін паш етіп, жергілікті әріптестермен екіжақты келіссөздер өткізді. Еуропалық кәсіпкерлер ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін білдірді.
Марғұлан Баймұхан, ҚР Польшадағы Төтенше және Өкілетті елшісі:
– Біздің елдің делегациясын Қостанай облысы әкімінің орынбасары бастап келді. Шара барысында еліміздің астық өнімдерін экспорттау мәселесі талқыланып, көптеген елдер зор қызығушылық танытты. Тек логистика жағын пысықтау керек.
Қазақстан павильонын Польшаның Ауыл шаруашылығы министрі Кшиштоф Юргель арнайы келіп көрді. Үкімет басшысы мүдделес екі елдің осы саладағы ынтымақтастығының маңыздылығына тоқталды. Өйткені Польшада ауыл шаруашылығы ел экономикасының негізгі қозғаушы күші деп саналады.
Кшиштоф Юргель, Польшаның Ауыл шаруашылығы министрі:
– Қазақстан мен Польша көптеген келісімшарттарға қол қойған. Біздің ел Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтып, тәжірибе алмасуға ниетті. Сондықтан ауыл шаруашылығының барлық саласында тығыз байланыс орнатып, барынша дамытуға дайын.
Үш күнге созылған көрмеге 100 мыңнан астам адам келді. Ұйымдастырушылар алдағы жылы шараны биылғыдан да кең ауқымда өткізуді жоспарлап отыр.
Авторлары: Шолпан Найманбаева, Милослав Лавриновский
Аймақтық кездесуде Орталық Азия (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан) елдерінің, Халықаралық ұйымдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты.
Кездесу барысында келесі мәселелер қарастырылды:
– Қоршаған ортаны қорғау бойынша Аймақтық іс-әрекет жоспарын іске асыру бойынша Орнықты даму бойынша мемлекетаралық комиссияның тәжірибесі, сондай-ақ дүниежүзінің әр түрлі аумағында Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-әрекет жоспарын іске асырудағы халықаралық тәжірибе;
– ОА ОДҚОҚАБ дайындаудағы ортақ тәсілдер.
Сонымен қатар, қатысушылар бар ұлттық басымдылықтар, халықаралық міндеттер мен әрбір елде төрт тақырыптық бағыттағы ағымдық үдерістер бойынша: орнықты даму мақсаттарын іске асыру, қоршаған ортаны қорғау, «жасыл» экономиканы насихаттау, сонымен қатар климаттың өзеруі саласындағы мемлекеттік саясат жөнінде ел баяндамаларын жасады.
Талқылау нәтижесінде ОА ОДҚОҚАБ әзірлеу және келісу бойынша жол картасы әзірленді.
Дереккөз: www.24.kz
Қазақстандық «АгромашХолдинг» Беларусь ауылшаруашылық техникасын өз елімізде шығарады.
Минскіде серіктестердің кезекті кездесуі өтіп, Беларусь-Қазақстан бизнес-форумы аясында әріптестер бірнеше маңызды келісімшартқа қол қойды. Осының нәтижесінде «Гомсельмаш» жүздеген комбайн құрастыру үшін Қазақстанға техникалық бөлшектер жеткізетін болды.
Беларусьтар қазақстандық шаруалар үшін жүздеген жаңа инновациялық ауылшаруашылық техникасын ұсынады. Минскіде екі елдің ірі компаниялары «АгромашХолдинг» пен «Гомсельмаш» бірегей құжатқа қол қойды. Жаңа келісім қазақстандықтарға заманауи ауылшаруашылық көліктерін қолдануға құқық береді. Яғни «АгромашХолдинг» тек бұл техникаларды өндіріп қана қоймай, Қазақстан аумағында сатылымға да шығара алады.
Алексей Сидоренко, «АгромашХолдинг» АҚ басқарма төрағасы:
– Біз «Гомсельмаштың» Қазақстан аумағындағы тұңғыш әрі жалғыз өкілі боламыз. Бұл қолға алынып отырған шара сатылатын техниканың санын арттырып, өндірілетін өнімді жергілікті аумаққа бейімдеп жасауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Беларусь-Қазақстан бизнес-форумында қос тарап бес жүз комбайн құрастырып шығаруға арналған техникалық жиынтықтарды жеткізу бойынша келісімге қол қойды. Сарапшылардың айтуынша, бұл «АгромашХолдингтің» жұмыс платформасын ұлғайтып қана қоймай, тағы да 100 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, «АгромашХолдинг» – Қазақстандағы алдыңғы қатарлы заманауи ауылшаруашылық техникасын өндіруші кәсіпорын. Онда 500 маман жұмыс істейді.
Дереккөз: www.24.kz
Ұйым еліміздегі экологиялық мәселелермен айналыспақ.
Қауымдастық президиумына қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорынының төрайымы Әлия Назарбаева жетекшілік етеді. Ал осы қауымдастықтың басқарма төрайымы Айгүл Соловьеваның айтуынша, жаңа ұйым экологиялық бастамаларды қолдап, халықаралық жобалар мен бағдарламаларға қатысуды көздеп отыр. Сондай-ақ экологиялық заңнаманы жетілдіру мәселелерімен айналыспақ.
Айгүл Соловьева, Қазақстан экологиялық ұйымдар қауымдастығының басқарма төрайымы:
– Еліміз қоршаған ортаны қорғау бағытында халықаралық бастамаларға әрдайым үн қосып келеді. Халықаралық келісімдер мен міндеттемелерді орындап қана қоймай, Қазақстан экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында біршама ұсыныстар білдірді. Экологиялық мәселелерге үкіметтік емес ұйымдармен бірге көптеген басқа да бірлестіктер атсалысып отыр. Қоршаған ортаны қорғау ұлт денсаулығының мәселесі екенін ескере отырып, қоғамның, барлық азаматтық ұйымдардың бірігетін кезі келді деген ойдамын.
ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылғы қарашаның 24-нен 26-на дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Шымкент қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «ҚазМұнайГаз» ЖШС, «Казфосфат» ЖШС, «Корпорация Береке А» ЖШС, «Стандарт Цемент» ЖШС,
ЖШС «Катко» ҚФ, және жеке тұлға.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
· Кешенді ведомстволық емес сараптаманың қорытындыларын алу тәртібінің өзгеруі; · Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензиялау;
Дәріс оқығандар:
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
Дереккөз: www.24.kz
Елімізде батат өсіруге болады.
Оңтүстік Корея ғалымдары қазақстандық әріптестерімен бірнеше жыл бойы тәжірибе жүргізіп, тәтті картопты жерсіндірді. Бататты қазақ жерінде өсірудің себебі неде және бұл көкөністің қазақстандықтарға берер пайдасы қандай?
Кореяның биотехнология институты үш жыл бойы қазақстандық әріптестерімен бірге қызмет істеп келеді. Осы уақыттың ішінде Қазақстанның үш облысында батат көшеттері отырғызылды. Ал өнімі Оңтүстік Кореядағыдан екі есе көп жиналған. Тәтті картоп қазақстандық ауа райы жағдайына осы зертханада бейімделді. Көкөністің құрғақшылыққа төзімді түрін алу үшін тұқым суарылмайды. Сөйтіп талшықтардың кей түрі қурап қалғанмен, көктеп жерсінгендері де бар.
Квак Санг Су, корейлік биоғылым және биотехнологияны зерттеу институтының профессоры:
– Қазақстанда байтақ жер, ал Кореяда технологиялар бар. Біз бататты өсірудегі жиырма бесжылдық тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз. Бірінші кезеңде мұнда жерсінетін картоп түрлерін таңдау қажет. Батат қан қысымын және қандағы қанттың мөлшерін азайтады, салмақ тастауға да көмектеседі. Бұдан басқа тәтті картопты онкологиялық аурулардан айығу үшін пайдалануға болады.
Батат Оңтүстік Кореяда сұранысқа ие. Сондықтан тәтті картоп өсіру профессор Ин Дон Су үшін ермек қана емес, қосымша кіріс көзі де болып отыр. Оны ересектер де, балалар да ерекше жақсы көреді. Ал корейлік азық-түлік рейтингінде батат күріш, бұрыш, пияз, сарымсақ және картоптан кейін алтыншы орында тұр.
Батат – қалдықсыз көкөніс. Жапырақтарынан салат дайындалады, ал жемісін пісіріп асқа қолданады. Тіпті қабығын да жеуге болады.
Профессор Ин Дон Су бататты қоймаға әкелуге үлгермей жатыр. Өнім тез сатылады. Бірақ тәтті картоп алқабын кеңейтуге ғалымның мүмкіндігі жоқ.
Ин Донг Су, профессор, компания басшысы:
– Кореяда жер аз, сондықтан батат өсіруге шектеу қойылған. Оның үстіне жұмыс күшіне, жерді жалдауға қаражат көп кетеді. Тәтті картоптың өз аурулары бар. Сондықтан жаңа піскен жемісті импорттауға тыйым салынған. Қазір салқындаған, буланған немесе майға қуырылған батат Индонезия немесе Малайзиядан көп әкелінеді. Қазақстанда жер көп, сондықтан батат өсіру жобасының болашағы зор.
Қазақстанда тәтті картопқа әзірге сұраныс аз. Ал Корея өсіру тәжірибесімен бірге дайындау тәсілдерімен де бөлісуге дайын. Сөйтіп отқа қақталған немесе буға пісірілген бататтың тіл үйірген дәміне тек оңтүстіккореялықтардың өздері ғана тамсанумен келеді. Авторлары: Владислав Цой, Ли Сан Хён
Дереккөз: www.energo.gov.kz
Өткен ғасырдың 90-шы жылдарында бірқатар тау-кен өндіруші және өңдеуші салалардағы, әскери мақсаттағы кәсіпорындар, колхоздар мен совхоздар, агрохимиялық препараттарды сақтау қоймалары жойылды. Ондағы жер учаскелерінің аумақтары адам өміріне қауіп төндіретін концентрацияларда радиоактивті, биологиялық және химиялық заттармен ластанды. Қазіргі таңда аталмыш нысандарды сот иесіз деп таныған, атап айтқанда жоғарыда аталғандардың қызметінің нәтижесінде пайда болған қалдықтар.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес – «Иесіз қауіпті қалдықтар сот шешімімен республикалық меншікке түседі. Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. Осы қалдықтарды басқаруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы жүзеге асырады.».Ал Қазақстандағы мұндайұйымды «Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару қағидаларын» (Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 229 бұйрығы, бұдан әрі – Қағидалар) бекіткен Энергетика министрлігі айқындады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның осы қалдықтарды басқаратын ведомстволық бағынысты ұйымы «Жасыл даму» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) болып табылады, ол ҚР Үкіметінің 26.07.2012 жылғы № 978 қаулысының негізінде «Қазақ экология және климатты ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта құру жолымен құрылған.
Қағидаларға сәйкес:
Бүгінгі күні Ақтөбе (Алға қ. бұрынғы Киров атындағы химиялық зауыттың қалдықтары), Маңғыстау (бұрынғы «Күкірт қышқылы зауытының» қалдықтары, ҚошқарАта қалдыққоймасындағы радиоактивті қалдықтар,Жаңаөзен қ. мұнай қалдықтары), Павлодар (Ленинск кент. улы химикаттар), Қарағанды (Теміртау қ. «ТЭМК» АҚ аумағында сақтауда жатқан құрамында сынап бар қалдықтар, «Дарьял-У» нысанындағы құрамында ПХД бар қалдықтар), Қостанай (Тургеневка а. Тоғызақ кент. улы химикаттар, Рудный қ. орналасқан құрамында мұнай қалдықтары бар қалдықтар), Ақмола (Атбасар қ. фосфогипс, Державинск қ. мұнаймен, мазутпен ластанған топырақ) облыстары бойынша сот шешімдері бар.
2014 жылдан бастап мынадай жұмыстар орындалды:
– Ақтөбе облысы бойынша – бұрынғы Киров атындағы Алға химиялық зауытының аумағында орналасқан қауіпті қалдықтар тексерілді және сұранысқа ие емес деп танылды, қазіргі уақытта қалдықтарды жоюға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірлену үстінде;
– Қарағанды облысы бойынша –Теміртау қ. «ТЭМК» АҚ аумағында орналасқан сынап бар қалдықтар тексерілді және сатылды, олардан түскен қаражат республикалық бюджетке аударылды;
– Қостанай облысы бойынша – Тоғызақ кент. ауыл шаруашылық химиялары қоймаларының бұзылуы нәтижесінде пайда болған ластанулар жойылды. Аумақ қауіпті қалдықтардан тазартылды;
– Маңғыстау облысы бойынша Жаңаөзен қ. мұнай қалдықтары сатылды,олардан түскен қаражат республикалық бюджетке аударылды.
2018 жылы Қарағанды, Қостанай және Маңғыстау облыстарындағы жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда.
Осылайша, Республикамызда аумақтарды қауіпті «тарихи» ластанулардан тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Дереккөз: www.24.kz
Үлкен Келес каналының бойында салынып, сынақтан өткен су электр стансасы электр энергиясын өндіреді.
Бұл – өңірде 2020 жылға дейін салынуы тиіс жаңғыртылған қуат өндіретін 14 кәсіпорынның бірі.
Шағын су электр стансасы Өзбекстаннан басталатын каналдың еңіс тұсында орналасқан. Сағатына 1000 киловатт қуат өндіретін кәсіпорын экологиялық та, экономикалық та тұрғыдан тиімді. Әдетте мұндай стансаға су жеткізетін құбырды ұзақтан тартады.
Ғани Шалқаров, су электр стансасының директоры:
– Су жиналып тұратын тоған станса салынған жерден 22 метр биікте тұр. Тік құлама болған соң, араға 480 метр болатын құбыр тасталды. Егер еңкіштігі бұлай болмаса, бір шақырымнан асатын жерден құбыр тартар едік.
Екі араға диаметрі 1000 және 1400 миллиметр болатын екі құбыр салынды. Сол құбырмен ағатын су стансадағы генератордың қалағына соғылып, оны қозғалысқа келтіреді. Бойындағы қуатын генераторға берген су ары қарай ағып, сол каналға қайта құйылады. Ешқандай шығын жоқ. Бұл жоба үш жыл бойы дайындалып, жабдықтары да дұрыс таңдалған.
Рахымберді Рақымжанов, су электр стансасының іс басқарушысы:
– Генераторлары Ереваннан әкелінген. Қалғандары өзіміздің Қазақстанда шығарылады. Құралдардың көбісі Кентауда жасалған. Трансформаторлары да осы қаладан.
Оңтүстік Қазақстан облысында жаңғыртылатын қуат өндіру бойынша 7 жылға арналған бағдарлама бар. Онда су мен күннен қуат алатын 14 станса салу жоспарланған. Осы жобалар жүзеге асқанда, 189 мегаватт энергия өңір тұтынатын көлемнің жартысы өндірілмек.
Роза Сариева облыстық энергетика және ТКШ басқармасының бөлім басшысы:
– Сонымен қатар облыста Қытай және Түрік инвесторларымен жалпы қуаты 467 мегаватт болатын күн және жел стансасын салу жоспарланған. Қазір инвесторлармен меморандум түзілді.
Бұл жобалар Оңтүстік Қазақстан облысын сырттан электр энергиясын алатын деңгейден, өзгелерге сата алатын дәрежеге көтереді.
Авторлары: Әбдез Рахманұлы, Нұрмахан Мұсатов
Дереккөз: www.24.kz
Қазіргі уақытта Каспий теңізінің қазақстандық секторында (КТҚС) ҚР жалауын тіккен 300-ден астам кеме жүзеді
12 кеме халықаралық тасымалдауларды іске асырса, қалғандары мұнай-кен орындарын игеру операцияларына атсалысады. Бұдан бөлек, күнделікті қазақстандық порттарға Каспий жағалауындағы мемлекеттердің ондаған кемелері кіреді. КТҚС-ындағы кемелердің пайдалану қарқындылығы, тасымалданатын мұнай мен жанармайдың көлемдері суды ластау қаупін туғызады. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ҚР ИДМ Көлік комитеті теңізді қорғауға қатысты нормативтік-құқықтық базаны кеңейту жұмыстарын бастады.
Осылайша, 2001 жылдың Бункерлік жанармайдың ластауынан келетін зиян үшін азаматтық жауапкершілік жөніндегі Халықаралық конвенцияны және мұнаймен ластаудан келтірілген зиян үшін азаматтық жауапкершілік туралы халықаралық конвенцияны өзгерту жөніндегі 1992 жылғы хаттаманы ратификациялау жоспарланған.
Қазір заңнамада кеме иесінің жауапкершілігі тек қана жүк ретінде тасымалданатын мұнаймен ластау кезіндегі келтірілетін зиян үшін ғана қарастырылған. Бірақ бункерлік жанармай да сондай қатер төндіреді. Конвенцияны ратификациялау теңізді жанармаймен ластаған кезде кеме иесінің жауапкершілігін белгілеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ластау қатерінен міндетті сақтандыруға талаптары қарастырылып, бункерлік жанармайдың төгілуінен зиян шеккен тұлғаларға өтемақы механизмі белгіленетін болады. Қазіргі уақытта Конвенцияға 75 ел мүше.
Аталған Хаттаманы ратификациялау танкермен тасымалдау кезінде мұнаймен ластау кезінде келтірілген зиян үшін кеме иесінің жауапкершілігі бойынша тәртіп өзектілігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы тәрізді тәртіп 133 мемлекетте қолданылады.
Сонымен бірге ластау қатерінен міндетті сақтандыруға кеме иесінің жауапкершілігін 20 млн-нан 126 млн долларға дейін арттыру көзделген; мұнаймен ластаудан келтірілген зиян үшін төлемақы мөлшері кеменің су сыйымдылығына байланысты болады; азаматтық жауапкершілікті қолдану аумағы айрықша экономикалық зонаға дейін кеңейтіледі. Сонымен бірге осы атап өткен құжаттарды ратификациялаумен қатар, Комитетпен ұлттық заңнамаға көлікке қарасты сұрақтар бойынша өзгерістерді енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» ҚР заңында Кемелердің ластауын болдырмау ережелерін бекітуге қатысты ҚР ИДМ құзыреті қарастырылған.
Сонымен бірге 2017 жылы лаңкестік әрекеттен кемелер мен порт инфрақұрылымын қорғау бойынша шаралар күшейтілген. Порттарды қорғау бойынша тұрақты бағалау қажеттілігі жөнінде талаптар белгіленген. Одан басқа әрбір портта және әрбір кемеде шабуыл кезінде шұғыл әрекет жасау үшін арнайы жоспар болу қажет.