Дереккөз: www.24.kz
Диқандар бірінші болып жасымық өсімдігін бастыруға кірісіп кетті.
Биыл аграрлы аймақта 4 млн 200 мың гектар жерге егін егілді. Шаруалар алқаптарға минералды тыңайтқыштар сеуіп, тиісті агротехникалық тәсілдерді қолданды. Бұл жердің құнарлылығын арттырып, астық шығымдылығына оң әсер етеді. Жалпы жиын-терім науқанына 8 мың комбайн шығады. Агроқұрылымдарға арзандатылған бағамен 75 мың тонна жанар-жағармай беріледі. Өңірде егін шаруашылығын әртараптандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Ал жерге немқұрайлы қарайтындарға бақылау күшейтілді.
Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:
– Майлы дақылдар 40 процентке көбейтілді және де дәнді бұршақ дақылдары 2 есеге көбейтілді. Бұл барлығы да экспортқа шағырылатын өнімдер. Сондықтан біз оны жақсылап көбейтіп жатырмыз. СКЛ 165934 Дұрыс жұмыс істемегендерге біз әрине заң талабы бойынша ескерту жасаймыз. Және де оны дұрыстамаса сот арқылы жерді Үкімет тарапына қайтарамыз.
Дереккөз: www.24.kz
Маңғыстау облысында жылыжай шаруашылығы қарқынды дами бастады.
Биылдың өзінде өңірде 35 шаруа жылыжай ашып, халықты жергілікті өніммен қамтуға кірісіп кеткен. Өз көкөнісі мен жемісін өсіру азық-түліктің 80 пайызын сырттан тасымалдайтын шөлейтті өлке үшін аса маңызды.
Топырағы сортаң, ылғалы аз шөлейтті өңір үшін көкөніс өсірудің ең тиімді жолы – жылыжай шаруашылығын дамыту. Осыны түсінген жергілікті шаруалар осы салаға бет бұра бастады. Жақында Түпқараған ауданындағы 10 мыңдай халқы бар Ақшұқыр ауылында үлкен жылыжай ашылды.
Мамандар мұнда тәулігіне 1 тоннадан астам қияр жинап алып жатыр. Жалпы жылыжай ашылғалы бір айдың ішінде 50 тоннаға жуық өнім алынған. Әсіресе Израиль, Испания және Голландия қиырларына сұраныс жоғары. Жиналған жиналғанынша сатылып кетіп жатыр.
Өсімдікке қажетті су жақын маңдағы ұңғымадан тартылып жатыр. Жерасты суы арнайы бассейнде сүзгіден өтіп, оған түрлі минерал қосылады да құбыр арқылы жылыжайға жеткізіледі. Суды үнемдеу үшін тамшылата суару әдісі қолданылып, көкөніс ерекше тәсілмен өсіріліп жатыр.
Темірбек Бекебаев, жылыжай директоры:
– Бұл топырақ емес. Бұл – субстрат. Олардың түрлері бар. Минералды мақтадан шығарады, қиыршық тасты да шығарады. Мына біздікі кокос перлиті. Ол – кокостың қабығына перлит қосылып жасалған нәрсе. Мұның бойында ештеңе де жоқ. Бұл жай ғана суды, ылғалдықты ұстап тұру үшін, сосын ішіне ауа барып тұру үшін дайындалған нәрсе.
Жақында 3 гектар аумаққа құлпынай, болгар бұрышы мен үш түрлі қызанақ егіледі. Әзірге мұнда 15 адам еңбек етеді. Жылыжай құрылысы толық аяқталған соң тағы 120 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылмақ. Ең бастысы, аймақ халқы сапасы жоғары, бағасы арзан жергілікті өнімге қол жеткізбек.
Авторлары: Гүлмира Әбішева, Саламат Бекбаев
Дереккөз: www.24.kz
Жамбыл облысында егін орағы аяқталуға жақын. Жергілікті диқандар қазір егіс алқаптарының 80 пайызға жуығын орып болды. Кейбір шаруалар әр гектардан 40 центнерден астам өнім жинап жатыр. Олар мұндай жетістікке отандық ғалымдар шығарған тұқым мен жаңа заманауи техниканың арқасында қол жеткізген.
Жамбылдық диқандар соңғы жылдары тұқым сапасына аса мән беріп келеді. Ғалымдармен тығыз жұмыс істеп, соның арқасында өнімділікті еселеп отыр. Мәселен, биыл «Стекловидная-24» күздік бидай тұқымын сепкен шаруалар гектарынан 55 центнерге дейін өнім алмақ. Сондай-ақ жаздық бидай мен арпаның өзге де түрлерін егіп, тәжірибе жасап жатыр.
Харадин Бадалов, агроном:
– Биыл 289 гектар супер элита тұқымды арпамызды сеуіп қойдық. Бәрінен 42 центнерден аламыз. Сынадан басқа бір сорт бар «сымбат» деген сорт. Алматыдан алғанбыз, одан 39 центнерден алдық өнім.
Аймақта, әсіресе Меркі ауданында егін бітік шыққан. Өткен жылы мұнда гектарынан 28 центнерден өнім алынса, биыл әр гектардан кемінде 40 центнер деп отыр. Жергілікті шаруалар техниканы жаңалап, науқанға тыңғылықты дайындалған. Қазір олар егінді дер кезінде қамбаға құю үшін күндіз-түні еңбектенуде.
Ернұр Демесінов, механизатор:
– Потерия жоқ. Бір күнде 40 гектар 45 гектарға шейін орамыз. Таңғы сағат 5-тен 5 жарымнан бастаймыз. Түнгі сағат 10-11-ге дейін жұмыс уақытысы. Компьютер бәрін көрсетіп тұрады. Қанша өнім түсіп жатқаны. Қанша гектар шапқанымыз кешіне қарай бәрін есептеп береді.
Қазір облыстағы егіс алқаптарында мыңға жуық комбайн тынымсыз жұмыс істеп жатыр. Жақында тағы осындай 9 жаңа машина сатып алынған. Жалпы жыл басынан бері 815 миллион теңгеге 140 ауылшаруашылық техникалары әкелінген.
Кәрім Көкірекбаев, облыс әкімі:
– Көбісі алып жатқаны Германиядан алып келетін. Джондир, Класс дегендер. 190 мың евроға алады. Мынаның сапасы одан кем емес. Бағасы да тиімді. Одан бөлек бізде Белорусияда бізде бауырластық арқылы жұмыс істейміз. Міне, сол зауыттан солар біздің Шу локомативное зауытта сол комбайндар жинап жатыр.
Жалпы өңірде 258 мың гектар жерге масақты дәнді дақыл себілген. Бүгінгі күні оның 200 мың гектарға жуығы орылды. Орташа өнімділік гектарынан 21,8 центнерді құрайды. Нақты түсім 422 369 тонна болып отыр. Ауыл шаруашылығы саласы мамандарының айтуынша енді 10 күнде егін орығы толық аяқтала
Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Бақытжан Бапаев, Руслан Ақатіллә
Дереккөз: www.24.kz
Ақтөбелік кәсіпкерлер жылыжай бизнесінің тиімділігін түсінді. 15 жылыжайдың өнімі жергілікті сұраныстың 85 пайызын қамтамасыз етуге жетеді. Яғни өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге өсті. Наурыз айында іске қосылған ең ірі жылыжай кешені өндіріс көлемін ұлғайтып, экспорттық әлеуетін арттыруды жоспарлап отыр. Инвестициялық жоба үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске асты.
Ақсәуле Байменшина, тілші:
– Заманауи жылыжайда күніне 20-30 тонна өнім жиналады. Жалпы жылдық өнімнің жартысы облыстың ішкі сұранысын қамтамасыз етеді, қалған жартысын Ресейдің көрші облыстарына жөнелтеді.
Алып кешен толықтай автоматтандырылған. Жарықты, ылғалды, температураны арнайы қондырғылар бақылап отырады. Жартылай жабық типтегі жылыжайдың елімізде әзірге баламасы жоқ. 9 гектардан астам алаңда қызанақ пен қиярдың голландиялық сұрып өсіріледі. Инновациялық технологияның қыр-сырын сол елдің мамандары үйреткен.
Арман Жетпісбаев, жылыжай кешені директорының орынбасары:
– Бұл жылыжайда бүкіл жүйенің бәрі автоматты. Жылыжайды басқару дистанционды деп айтады, голландиялық мамандар Голландияда отырып басқара алады. Зиянкестермен биологиялық жолмен күресеміз. Аса сапалы тыңайтқыштар пайдаланылады.
Жобаны іске асыруға мемлекет қолдау көрсеткен. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен инженерлік-коммуникациялық желілері жүргізілген. Кешенді электр қуатымен қамтамасыз ететін дербес станция салынған. Ал агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция салатын ірі қаржы институты 4,2 млрд теңге қаражат бөлген.
Айдар Пірашев, қаржы институтының өкілі:
– Бұл қаржы Ұлттық қордан бөлінді.Жобаның жалпы құны 5 млрд теңге болса, кәсіпкердің өз қаражаты 30 пайызды құрады. Ол ақша лизингке жабдықтар алуға жұмсалды. Бүгінгі таңда жылжайда 120 жергілікті тұрғын жұмыс жасап жүр. Голландия мамандары шаруашылықты дамытуға көмек көрсетіп отыр.
Әзірге жылыжай жылдық қуаты 6500 тонна өнім өндіруге жетеді. Алдағы бірнеше жылда кешенді екі есеге ұлғайтып, экспорт көлемін арттыру жоспарланған. Авторлары: Ақсауле Байменшина, Болат Молдағалиев
Дереккөз: www.24.kz
Ақмола облысында еліміздегі ең ірі құс фабрикасы салынып жатыр.
Бұланды ауданында бой көтеріп жатқан өндіріс ошағы жылына 50 мың тонна құс етін өндіре алады. Бұл – ұлт жоспарында айтылған маңызды міндеттердің бірі. Жобаның жалпы құны – 45 млрд теңге. Ал оның 5 млрд теңгесіне мемлекет инфрақұрылым тартып береді. «Нысанды салушы компания биыл 17 млрд теңге қаржыны игеріп, құрылыстың біраз бөлігін бітіреміз», – деп отыр. Фабрика келесі жылдың күзінде іске қосылады. Бұл ірі жоба Астана маңындағы азық-түлік белдеуіне қызмет етіп қана қоймай, еліміздің барлық өңіріне құс етін жеткізумен қатар, өз өнімдерін экспортқа да шығармақ. Ең бастысы, мұнда 800-ге жуық жаңа жұмыс орны пайда болады. Енді инвесторлар «тың жобаның тиімді жұмыс істеуіне Үкімет барынша жағдай жасаса», – дейді.
Серік Толықбаев, компанияның бас директоры:
– Даму банкі несие беріп отыр. Жоба іске асып жатыр. Ойдағыдай бәрі. Ақша жеткілікті. Бұл – үлкен жоба. Жоба іске асу үшін 20-30% көлемінде инвестициялық субсидия берілсе дұрыс болар еді.
Дереккөз: www.24.kz
Биыл жыл басынан бері еліміз бойынша 517 ауылшаруашылық кооперативі құрылды.
Бүгінгі таңда 150-ге жуығы нақты жұмыс істеп тұр. Басым бөлігі ет, сүт, жеміс-жидек пен көкөніс өндіреді. Ірі қара, құс, ара өсірушілер де баршылық. 2021 жылға дейін 1 мың 200-ден астам кооператив құру көзделіп отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.
Айта кетейік, Елбасы жолдауында бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді ауылшаруашылық кооперативтеріне тарту туралы тапсырма берілген болатын.
Нұрболат Мақашев, ҚР АШМ Ауыл шаруашылығы кооперациясы департаменті директорының орынбасары:
– Қабылданған шаралар шамамен 4 мың жеке кәсіпкер және 6 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Жыл басынан бері құрылған кооперативтер 25 мың тоннадан астам сүт, 8 мың тонна ет және 600 тонна көкөніс дайындады.
Дереккөз: www.24.kz
Жетісу өңірінде Балқаш ауданы балығымен, Жаркент жүгерісімен, Алматы апортымен мақтанса, Айдарлы мен Бозойдың атағы қауын-қарбызбен шыққан.
Биыл Айдарлыда қарбыз бұрын-соңды болмаған жеміс беріп, шаруалар әр гектардан 50 тоннаға дейін өнім теріп жатыр. Сонымен бірге жусанды дала саналатын аймақта мал саны да артып келеді. Өткен жылы жергілікті қожалық асылтұқымды қой шаруашылығын ашқан. Соның нәтижесінде сан мен сапа да жақсарып келеді.
Айдарлы ауылы Алматыдан 150 шақырым шалғайда, Қарағанды мен Алматыны жалғайтын республикалық тасжолының бойында орналасқан. Топырағы құнарлы, бірақ табиғаты қатаң аймақ. Сарыарқа мен Жетісудың түйіскен жерінде мал азықтық изен шөбі және жусанның 5 түрі өседі. Сондықтан өңірде малға өріс кең. Өткен жылы жергілікті шаруа қожалығы Қарағандыдан асылтұқымды «Сарыарқа» қойын сатып алған. Қазір қой саны 2 мың 800 басқа жетті. Мақсат біреу – ұсақ шаруа қожалықтардың басын бір кооперативке біріктіріп, малды асылдандыру.
Саламат Алданов, Айдарлы мал дәрігерлік бөлімінің меңгерушісі:
– Бұлардың еті мен жүні бірдей. Жүнінде қылшығы көп болады. Сол үшін біз 5 жыл болды, жақсы сапалы қозы, сапалы мал еті өнімін алып жатырмыз.
Жалпы Алматы облысында Айдарлы мен Бозой ауылдары ең алдымен қауын-қарбызбен танымал. Тамызда Айдарлы алқаптарында 55 градустық аптап ыстықта қарбыз ешқандай селитрасыз табиғи таза күйінде піседі. Дәмі тіл үйірер жеміс ыстық күні шөліңізді басып, асқазан мен бүйрегіңізді тазалайды. Жергілікті бағбан Бақтияр Ескелов биыл жеміс жылдағыдан мол шыққанына қуанышты.
Бақтияр Ескелов, Айдарлы ауылының тұрғыны:
– Гектарына орташа есеппен 30-40 тонна. Биыл 1,5 гектардан жақсы 60 тоннадай өнім берді.
Биыл шаруа 55 гектар жерді толық игеріп, картоп пен жүгері де еккен. Ал теңкиген теңбіл қарбыздар күн сайын допша үрленіп өсіп келеді. Жалпы мұнда қарбыздың 6, қауынның «Гүрбек», «Мырзашөл» атты 8 түрі өсіріледі.
50 гектарлық бұл алқап жылына шамамен 10 рет суарылуы тиіс. Алайда судың тапшылығынан ол биыл екі-ақ рет суарылған. Су мол болса, өнім де мол. Соған сәйкес қарбыздың көлемі де салмағы да ұлғаяды. Мысалы, былтыр шаруалар дәл осы алқаптан салмағы 40 келі болатын қарбыз алған.
Бақташы малдың, ал бағбан қауын мен қарбыздың үлкейгеніне қуанады. «Алайда судың аздығынан бау-бақша көлемін ұлғайту бекер. Әйтпесе қарбыз алқабын 200 гектарға жеткізуге болады», – дейді Бақтияр диқан. Алқапқа Күрті су каналы да алыс емес. Бірақ арықтар бітелген, тоғандар суға толмаған. Арық арналарын қалыпқа келтіру үшін қомақты қаржы керек. Ал ол – республикалық су ресурстары комитетінің құзырындағы мәселе. Дегенмен биыл өнім түсімі қуантады. Ішкі нарықтан тыс сырттан да сұраныс азайған емес. Жыл сайын Айдарлыны әйгілі әңгелегі мен қарбызы тонналып, Ресейге жөнелтіліп жатыр.
Авторлары: Алмас Садуақас, Кенже Амраев
Дереккөз: www.24.kz
Биыл Ақмола облысының шаруаларына өсімдік ауруларымен күресу үшін Үкіметтен 260 млн теңге қаржы бөлінді.
Бұл дәріленуі тиіс аймақтың 66%-ын құрайды. «Ал мұндай шаралардың маңызы осы жылы өте зор», – дейді мамандар. Себебі биылғыдай жаңбырлы жазда септориоз ауруы өрши түседі. Ал оның зардабынан алынатын өнімнің 40%-ға дейін кеміп кету қаупі бар. Осылайша ауруға шалдығуы мүмкін деген 900 мың гектар алқаптың 600 мыңға жуығына мемлекеттің көмегімен химиялық өңдеу жұмыстары тегін жүргізілді. Бұған 23 техника жұмылдырылған. Қалған алқаптарды шаруалар өз күштерімен дәрілейді. Жалпы биыл Ақмола облысының диқандары 4 млн гектардан астам жерге дән сепкен.
Аманжол Жанғожин, шаруа қожалығының бас агрономы:
– Үкімет бізге көмектеспесе, өзімізден шығын шығар еді. Біріншіден, дәрі-дәрмекке, жанармайға, техника – бәрін алғанда, өте көп ақшаға шығар еді. Үкіметке көптен-көп рақмет. Уақтылы істелді. Алла жазса, жақсы егін аламыз деп күтеміз.
Сұлтан Қасенов, ҚР АШМ АӨК Мемлекеттік инспекциясы комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының басшысы:
– Былтыр 6% бөлініп отырса, биыл 66% бөлініп отыр. Бұл – Үкіметтің тарапынан үлкен көмек. Зиянкестерге де ақша бөлініп отыр. Қарапайым шаруалар мұны көтере алмайды. Ауру, дерт дегенді уақтылы тоқтатса болады. Әйтпесе іс насырға шауып кетсе, оны тоқтата алмайсыз. Онда зияны көп болады. Жоспарланған бидайымызды, өнімімізді ала алмаймыз.
Дереккөз: www.24.kz
Алматы облысының диқандары астық орып жатыр.
Көктемгі егіс пен жинау жұмыстарын қаржыландыру Қазақстандағы агробизнесті қолдаудың маңызды құралы екені белгілі. Биыл «ҚазАгро» ұлттық холдингіне ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қолдауға 60 млрд теңге көлемінде бюджеттік несие бөлінген.
Бидайдың мына түрі наз деп аталады. Бұны өзіміздің қазақ ғалымдары ойлап тапқан. Жергілікті табиғатқа бейімделген жақсы тұқым. Фермер биыл әр гектардан орта есеппен 20-25 центнер өнім алуды жоспарлап отыр. Ендігі мақсат – осы дәнді шашпай дер кезінде жинап алу.
«Светлана» шаруа қожалығы астықты уағында оратындарына сенімді. Бірнеше жыл бұрын фермер «ҚазАгроҚаржыдан» лизингке 3 трактор мен екі комбайн алып, техникасын жаңартқан. Бірақ көктемде егін егу кезінде қосымша қаражат қажет болып тағы несие рәсімдеген.
Александр Назаренко, «Светлана» шаруа қожалығының басшысы:
– 9 млн теңге несие берді. Оған техника, жанар-жағармай, тұқымдық бидай алдым. Бау-бақша егу мен тыңайтқыш алуға жұмсадым.
Биылдан бастап қаржыландыру механизмі өзгерді. Енді «Аграрлық несие корпорациясы» банк кепілдігін берумен ауылшаруашылық тауар өндірушілерін тікелей қаржыландырады. Сондай-ақ ауылшаруашылық кооперативтері мен фермерлерді кейіннен қаржыландыру үшін банктерді, несие серіктестіктерін және шағын қаржы ұйымдарын қорландыруда. Қаржы институттары арқылы берілетін несиенің жылдық мөлшерлемесі 6%-дан аспайды.
Біржан Медеуов, «Аграрлық несие корпорациясының» өкілі:
– Мысалы, шалғайда орналасқан болмаса ауылда орналасқан шаруақожалық қалаға келіп әуре болмайды. Яғни уақытын жұмсамайды. Сол жерде орналасқан несие серіктестігі болмаса қаржылық ұйымдар арқылы төмен пайызбен несие ала алады.
Лизингтік бағдарламалар да фермерлерге көп көмек. Жыл басынан бері құны 17,7 млрд теңгеге 1230 қаржы лизингі шарттары жасалған. Ауылшаруашылық өнімдерін форвардтық сатып алу жүйесінің де пайдасы мол. Егер бұрын «Азық-түлік корпорациясы» арпа-бидай ғана сатып алған болса, биылдан бастап фермерлер майлы дақылдарын да өткізе алады.
Авторлары: Ұлан Нарынбек, Ерлан Әбжанов
ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылғы шілденің 26-нан 28-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Мұнай-газ өнеркәсібіндегі экологиялық қауіпсіздік» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Timal Consulting Group» ЖШС, «Азиялық Газқұбыры» ЖШС, «Экосфера» ҮЕҰ мекемесі, «Kazakhstan Innovations» ҚҚ.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары;
Тұрсынова Гүлжан Әлибекқызы – ҚР ЭМ Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция департаментінің бас сарапшысы;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Абилова Ляйа Толегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК ҚОҚҰБДжәнеЭАТ басқармасының басшысы;
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.