red_hot_chili_peppers_be_admin | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

Балық өнімінің экспорты

Ақпарат көзі – www.gov.kz

Қазақстанның балығы әлемнің 36 мемлекетінде сатылады. Экспорттаушы елдердің саны одан да көп болуы мүмкін. Еліміздің бұл салада әлеуеті айтарлықтай зор. Ол үшін балық аулайтын су айдындарында балық өсіруді қолға алу керек. Осыған орай, Экология министрлігі 1 қарашаға дейін әкімдіктермен бірлесіп, балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлейді. Бүгінде елімізде балық шаруашылығымен айналысатын 1000-нан астам кәсіпорын бар. Әзірге олар жыл сайын 30 мың тонна балық өнімін экспорттап отыр. Жаңа бағдарлама балық өндірісін 600 мың тоннаға жеткізіп, оның тең жартысын экспортқа жіберуді көздейді.

Алдағы бес жылдың ішінде Қазақстандағы орманды алқаптың көлемі ұлғайтылады.

Ақпарат көзі – www.facebook.com/EcologyofKazakhstan

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 2030 жылға қарай елдегі орманшылық үлесін ағымдағы 4,7%-дан пайыздан 5% дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Мемлекет басшысы Жолдауында атап өткендей, 5 жыл ішінде орман қорында 2,0 млрд. және елді мекендерде 15 млн. ағаш отырғызылады. Бұған қоса, елорданың айналасындағы жасыл белдеудің тәжірибесін бүкіл өңірлерге енгізу көзделіп отыр. Астана орманын 2023 жылға қарай бүгінгі 87,8 мың гектардан 100 гектарға жеткізіледі.

Хабарландыру

Ақпарат көзі – www.gov.kz

«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 126 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-порталында, сондай-ақ ашық нормативтік-құқықтық актілері сайтында жариаланады.

Бұйрық жобасымен танысу үшін сілтемелер бойынша өтуге болады:

https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/62969?lang=ru

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4767157

Кері байланыс Біз үшін маңызды.

Қазақстан Президенті Қасым-ЖомартТоқаев халыққа Жолдауында мемлекеттің саяси-әлеуметтік дамуы үшін өте маңызды мәселелер көтерілді.

Ақпарат көзі – www.gov.kz

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы, экономика, әлеуметтік, саяси салаларға қатысты алдағы басымдықтарды айқындап берді. Соның ішінде экология мен биоалуандылықты қорғау мәселесіне ерекше тоқталды. Үкімет пен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне бірқатар нақты тапсырма берді. Парламентке жыл соңына дейін жаңа Экологиялық кодексті қабылдау, Үкімет экологиялық жағдайды жақсарту бойынша шараларды жүзеге асыруға кірісіп, биологиялық алуандықты сақтау мен орнықты пайдаланудың ұзақ мерзімді жоспарларын бекітуі тиіс. Бұған қоса елімізде алдағы бес жылдың ішінде 2 млрд. түп ағаш отырғызылады. Халықтың экологиялық тәрбиесіне көңіл бөлу, ұлттық парктерді қорғау, табиғатқа залал келтіргендерге жазаны күшейту, эко туризмді белсенді дамыту, «Жануарларды қорғау туралы» заң жобасын әзірлеу, сондай-ақ министрлікке балық саласын дамыту мен су саласын реформалау міндеті жүктелді.

Алматыда 250 мың ағаш отырғызылады

Ақпарат көзі – www.inform.kz

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Қазан айында Алматыда 250 мың ағаш отырғызылады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» теларнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматылықтардың сұрақтарына жауап берген шаһар басшысы қыркүйек айының соңы мен қазан айының басында мегополисте 250 мың ағаш отырғызылатынын айтты.

«Жалпы қалада 2млн астам ағаш бар. Осының тек 179 мыңы ғана Алатау ауданында екен. Осыны ескере отырып Алатау ауданына жасыл желекті отырғызуды жоспарлап отырмыз. Яғни, 250 мың ағашттың 170 мыңы Алатау ауданының аумағына отырғызылады»,– деді Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар, ол Алатау ауданыныда жаңа демалыс орындары мен скверлер ашылатынын айтты.

Қазақстан Президенті биылғы Жолдауында экология мен биоалуандылықты қорғау туралы не айтты?

Ақпарат көзі – www.gov.kz

Қазақстан Президенті биылғы Жолдауында экология мен биоалуандылықты қорғау туралы не айтты?

  1. Парламент жаңа Экологиялық кодексті жыл соңына дейін қабылдауы керек.
  2. Экологиялық жағдайды жақсарту бойынша шараларды жүзеге асыруға кірісуі тиіс.
  3. Биологиялық әртүрлілікті сақтау мен орнықты пайдаланудың ұзақ мерзімді жоспарларын бекіту.
  4. Алдағы бес жылдың ішінде орманды алқапта 2 млрд. және елді-мекендерде 15 млн. түп ағаш отырғызылады.
  5. Ұлттық парктерді заңдық тұрғыда қорғау, бұл салада құқықбұзушылық жасаған азаматтарға әкімшілік қудалауды қатаңдату.
  6. Өскелең ұрпақтың экологиялық тәрбиесіне лайықты көңіл бөлу.
  7. «Birge – taza Qazaqstan» экологиялық акциясын жүйелі түрде өткізіп тұру.
  8. Экологиялық туризмді белсенді дамыту.
  9. «Жасыл өсім» бойынша ұсыныстар пакетін әзірлеу.
  10. «Жануарларды қорғау туралы» заң жобасын әзірлеу.
  11. Балық саласы ерекше көңіл бөлуді қажет етеді.
  12. Суару жүйесінің ескірген технологиялық жүйелері елеулі кедергі болып отыр. Су шығыны 40% жетеді.

ҚР ЭГТРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2020 жылдың 27-29 тамыз аралығында «экологиялық кодекс жобасында реттеудің жаңа тәсілдері» тақырыбында оқыту онлайн-семинарын өткізді.

Оқыту онлайн-семинарының барысында келесі мәселелер қарастырылды:

  1. «Экологиялық рұқсат және мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы» композиттік қызметін іске асыру.
  2. Экологиялық бағалау-қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізудің жаңа тәсілдері (ҚОӘБ)
  3. Экологиялық рұқсаттар. 1-қауіптілік санатындағы объектілер үшін кешенді экологиялық рұқсат және әсер етуге экологиялық рұқсат.
  4. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінде ақпараттық технологияларды қолдану.
  5. Автоматтандырылған мониторинг жүйесі.
  6. ҚР Экологиялық кодексінің жобасындағы қоғамдық экологиялық бақылау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар».
  7. Қоғамдық тыңдаулар қоғамдық экологиялық бақылауды жүзеге асырудың негізгі нысаны ретінде.
  8. Экологиялық таңбалаудың мәлімделген параметрлерге сәйкестігін қоғамдық тексеру.
  9. Өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрының кіші жүйесін сүйемелдеу.
  10. Қолданыстағы және жаңа экологиялық кодекстегі қалдықтар туралы жалпы ережені салыстырмалы талдау.
  11. ҚР СТ ISO14001-2016 экологиялық менеджмент жүйелері. Қолдану жөніндегі талаптар мен нұсқаулық.

Оқыту семинарына «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КЕАҚ, табиғат пайдаланушылардың өкілдері қатысты.
Семинар соңында тыңдаушыларға онлайн-семинарға қатысқандығын растайтын куәлік беріледі.
Тақырыптың өзектілігін және табиғат пайдаланушылар мен басқа да мемлекеттік органдардың үнемі өсіп келе жатқан қызығушылығын ескере отырып, ҚР ЭГТРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК оқыту  онлайн-семинарларын өткізуді жалғастыруды жоспарлауда.

Сонымен қатар, 2020 жылдың 10-12 қыркүйек және 24-26 қыркүйекте оқу онлайн-семинарларын өткізуді жоспарлап отырғандығын қосымша хабарлаймыз.

«Бартоғай» су қоймасы құрғақшылықтан қалай құтқарылды

Ақпарат көзі – www.gov.kz

2020 жылы қыстың соңында Алматы облысында қуаншылық болатыны белгілі болды.
«Қазсушар» мамандары бұл туралы өңірдің шаруаларына ескертті.
Судың әр тамшысы маңызды болғандықтан, шаруаларға егінді азайтып, суды аз тұтынатын көкөністі көптеп өсіру ұсынылды.
«Қазгидрометтің» болжамы расталды, өңірде қуаншылық болып, өзендердегі су көлемі азайды.
Аймақтың шаруалары үшін аса маңызды Бартоғай су қоймасындағы судың таусылып қалу қаупі туындады.
Құрғақшылықтан құтқару үшін «Қазсушар» РМК шаруа қожалықтарына берілетін суармалы су көлемін реттеп, нормаға сай кемітті.
Мамандар шаруаларға суды берерде егістік көлемін және қандай дақыл еккендерін есептеді.
Осы шаралардың арқасында су қорын 13 млн текше метрден 28 млн текше метрге дейін ұлғайтылды.
«Егер су айналымын реттемегенде, Бартоғайда су бітіп қалатын еді», – дейді Д.Қонаев атындағы ҮАК директоры Серікқали Мұқатаев.
«Будан» шаруа қожалығының жетекшісі Ермек Өскенбаев «Қазсушардың» үйлесімді жұмысын жоғары бағалады.
«Бізге мысалы 500 литр секундына десең, сонша көлемде су беріп отыр. Олар шаруалардың сұранысы мен ыңғайына қарап, жұмыс істеп жатыр».
«Сабир» қожалығының басшысы Исмаил Томазовтың айтуынша, оның алма ағаштары кестеге сай су берілгеннің арқасында қуаңшылықтан аман қалған.
«Егер канал болмағанда біз күздік жемістерді ғана өсіретін едік. Қазір барлық мүмкіншілігіне сай жұмысын істеп, бізге жағдай жасап отыр. Сусыз өмір болмайды ғой. Табысымыздың 50-60 пайызы осы арнаның жұмысына байланысты».

Түркістан облысында Абай атындағы саябақ ашылды

Ақпарат көзі – www.inform.kz

СОЗАҚ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылында Конституция күні қарсаңында екі бірдей саябақ ашылды. Демалыс орнының біріне қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, ғұлама ойшыл Абайдың есімі берілді. Саябақта ұлы ақынның мүсіні бейнеленген зәулім ескерткіші орнатылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Саябақтың жалпы аумағы – 2 гектар. Онда қазірдің өзінде 400 түп тал егіліп, айналасы абаттандырылған. Түрлі-түсті шамдар орнатылып, аяқ жолдар төселген. Алдағы уақытта жергілікті тұрғындардың жанға сая табатын сүйікті демалыс орны болмақ.

Жаңа демалыс орнының салтанатты ашылуына аудан әкімі Салыхан Полатов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов қатысып, жұртшылықты Конституция күнімен құттықтады.

«Биыл ұлы ақын Абайдың туғанына 175 жыл толып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді. Бұл ақынға көрсетілген үлкен құрмет. Бізде туған жер төсінен сәні мен салтанаты келіскен екі бірдей жаңа демалыс орнын ашып отырмыз. Бұл жер халықтың көңіл көтеріп, балалардың ойнайтын сүйікті орынға айналады. Баршаңызды келе жатқан Конституция күнімен құттықтаймын», – деді аудан әкімі.

Екінші ашылған саябақ «Теріскей» деп аталады. Ел игілігіне пайдалануға берілген демалыс орнының аумағында 1000 түп тал егілген. Жалпы аумағы – 4 гектар.

Саябақ ішіндегі бұлақ үстінде көпір салынып, жаяу жүргінші жолы төселген. Көпшілікке арнап соғылған төбесі жабық сәкілер де саябаққа көрік беріп тұр.

Алдағы уақытта мұнда көпжылдық гүлдер егіліп, балалар ойын алаңшасы мен аттракциондар ашылады деп жоспарланып отыр.

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика