Жаңалықтар | "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК

ҚР ҚОСРМ 21 мамырда АЭФ-7 шеңберінде «Жасыл Академия» ҒБО бірлесіп, «Smart Green Business Forum» панельдік сессиясын өткізеді

Панельдік сессия алаңында алғаш рет «жасыл» бизнесті ілгерілету, «жасыл» экономикаға көшу кезінде бизнестің жауапкершілігі мен рөлін арттыру бойынша мемлекеттік органдардың, ғалымдар мен сарапшылардың ынтымақтастығы мәселелерін  талқылау ұсынылады.   Күн тәртібіне мынадай тақырыптар енгізілген:

  • «жасыл» экономиканы ілгерілетуде «Жасыл көпір» әріптестігі бағдарламасының рөлі;
  • климаттың өзгеруін бәсеңдетудің нарықтық тетіктері;
  • «жасыл» экономика үшін  білім трансферті;
  • «жасыл» бизнеске инвестициялар;
  • биоалуандықты сақтау контексіндегі бизнестің рөлі;
  • «жасыл» құрылыс.

«Smart Green Business Forum»  жұмысына 120-дан астам адам қатысады,  атап айтқанда  мемлекеттік органдар басшылары,  халықаралық ұйымдар өкілдері, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық өкілдіктер басшылары, жетекші шетелдік ғалымдар, сарапшылар мен бизнес-компаниялар, ҮЕҰ.

Панельдік сессия Тәуелсіздік Сарайының (Тәуелсiздiк, 52) Медиа Сити дебаттар залында  сағат 9.30-дан 11.30-ға дейін өтеді.

Үкімет Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен еліміздің су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Бұл құжат Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы жарлығын  іске асыру мақсатында әзірленді.

Жоспардың іс-шаралары Мемлекеттік бағдарламада көзделіп, су үнемдеуге, су ресурстарын қосымша ұлғайту және  су объектілерін басқару жүйесін жетілдіруге бағыттылған бес мақсатты индикатор бойынша топтастырылды.

Бірінші индикатор – ішкі жалпы өнім бірлігіне шаққандағы тұтынылатын су көлемін 33%-ға төмендету. Бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін магистралды және бөліп тарату каналдары мен гидромелиоративтік жүйелер қайта жаңарту және күрделі жөндеуден өткізіледі.

Екінші индикатор – жерүсті су ресурстары көлемін 0,6 км³-ге ұлғайту. Бұл міндеттерді орындау мақсатында су қоймаларын қайта жаңарту  көзделіп отыр. Ол үшін су қоймалары тереңдетіліп, бөгеттер күшейтілмек, су тораптарында күрделі жөндеу өтіп, жаңа  су қоймалары салынбақ.

Үшінші және төртінші индикаторлар елді мекендердердегі сумен қамту және суды бұру жүйелерімен байланысты болғандықтан, белгіленген көрсеткіштерге аймақтарды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында көзделген шараларды орындау  арқылы қол жеткізіледі.

Бесінші индикатор – табиғи нысандардың жыл сайынғы қажеттілігін суды 39 км³ көлем деңгейінде жеткізу арқылы қанағаттандыру. Бұл міндет табиғатты қорғау мақсатындағы су жiберуді қамтамасыз ету, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы көлдерді тазалау және санациялау, су ағыстарын тазалау, сондай-ақ, «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау»  жобасының екінші фазасын іске асыру арқылы орындалады.

Жоспардағы іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 2700 км-ден астам магистралды және бөліп тарату каналдары қайта жаңарту, жаңғырту және күрделі жөндеуден өткізіліп, 29 жаңа су қоймасы салынатын болады.

Үнемі суарылатын 400 мың. га және лимандық тәсілмен суарылатын 100 мың га алқаптардағы гидромелиорациялық жүйелер  жаңартылып, қайта жаңғыртылады.

Су шаруашылығы ұйымдарының машина-тракторлық паркі  (1150 бірліктен астам техника) толық жаңартылатын болады.

Белгіленген мақсатты индикаторлардың көрсеткіштеріне қол жеткізу арқылы Елбасының 2020 жылға дейінгі кезеңде халық пен ел экономикасы су ресурстарымен тұрақты қамтамасыз ету, су саласын басқарудың тиімді жүйесі қалыптастыру, сондай-ақ 2040 жылға дейін мемлекетіміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қойып отырған міндеттерді іске асыруға негіз құрады.

Жоспар сектораралық негізде, бес орталық мемлекеттік органмен (ҚОСРМ, АШМ, ӨДМ, БҒМ, ИЖТМ), облыс әкімдіктерімен, шаруашылық субъектілерімен  жүзеге  асырылады. Онда белгіленген іс-шараларды жүзеге асыруға республикалық және жергілікті бюджеттер қаржысымен қатар Халықаралық қайта құру және даму банкінің қаржысы да тартылмақ.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

Астана экономикалық форумына БАӘ делегациясы келеді

ҚазАқпарат – VII Астана экономикалық форумының жұмысына қатысуға Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасынан мемлекеттік органдар мен ірі жеке бизнес өкілдерінің тобы келеді.

Әбу-Дабидегі Қазақстан Елшілігінің хабарлауынша, соңғы бірнеше жылда Біріккен Араб Әмірлігі халықаралық елеулі оқиғаға айналған Астана экономикалық форумының жұмысына қатысып келеді.

Астана форумы Қазақстан мен Әмірлік арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуде қолайлы пікір алмасу алаңына айналды. БАӘ-де ҚР Елшісі Қайрат Лама Шәріппен өткен кездесуде әмірлік делегациясының басшысы, осы елдің қоршаған орта және су ресурстары министрі Рашид Ахмед бен Фахд қазақстандық тараппен қоршаған ортаны қорғау саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға дайын екендігін мәлімдеді.

БАӘ орталық банкі төрағасының орынбасары Саид әл-Хамид өз кезегінде ҚР Ұлттық банкінің басшылығымен ынтымақтасудың өзара қызығушылықтарына байланысты мәселелерді қарастырмақ.

Ал БАӘ энергетика министрінің орынбасары Фатима аш-Шамси мен «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ басқарма төрағасы А.Зейнуллиннің арасындағы келіссөздердің  басты тақырыптары – Президент Н.Назарбаевтың ауқымды энергоэкологиялық стратегиясы мен «жасыл көпір» бойынша бастамаларын бірлесіп жүзеге асыру, сонымен бірге БАӘ-нің жаңартылған энергия көздері саласында «Парасат» жобаларына қатысу перспективалары болады.

Әмірлік делегациясының құрамына сонымен бірге БАӘ СІМ энергетика және климаттың өзгеруі департаментінің директоры, доктор Тани Ахмед аз-Зиюти мен Астана саммитінің әлемдік энергетика жетекшілерінің спикерлерінің бірі болып табылатын атом энергетикасы корпорациясының президенті Мұхаммед әл-Хаммад кірді.

Форумда Әмірліктің «ІРІС» инвестициялық компаниясын оның бизнесті дамыту менеджерлері Мұхаммед әл-Камзи мен Абдалла ас-Суэйди таныстырады. Айта кету керек, «ІРІС» компаниясы «Фаллах» бірлескен инвестициялық қорының құрылтайшысы болып табылады. БАӘ инвесторларынан тартылған қаржы көлемі 500 млн. АҚШ долларын құрады.

Бүгінгі таңда қор еліміздегі көлемді екі келісімді инвестициялады. Олар – Қарағанды қаласындағы ЖЭС-3 әлеуетін кеңейту және Алматы облысындағы құс фабрикасын дамыту.

Қазіргі таңда ҚР агроөнеркәсіп кешенінің зор әлеуеті әмірліктің мемлекеттік және жекеменшік компанияларының қызығушылығын тудырды. 2015 жылы екіжақты сауда катализаторы ретінде Түркіменстан, Иран арқылы Әмірліктің ірі теңіз порттарына дейін жететін «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізі болмақ. АЭФ жұмысының аясында Әмірліктің еркін экономикалық аймағының бас менеджері Аджман Махмұд әл-Хашеми әлеуетті қазақстандық әріптестерімен логистика бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруда байланыс орнатуға ниетті.

«Бекіре-2014» акциясының барысы мен балық ресурстарын өсіру шаралары туралы

Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарында «Бекіре-2014» кең ауқымды балық қорғау акциясы жалғасуда.

2014 жылдың 28 сәуірінде Атырауда акцияның үйлестіру штабының кезекті отырысы өткізілді. Онда өткен аптада атқарылған жұмыс қортыландыланып, алдағы 7 күнгі істер жоспарланды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 451 табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталды, Олардың 113-і өрескел бұзушылыққа жатқызылды. 40 заң бұзушылық балықты заңсыз тасмалдаумен, 6 – балық ресурстарын заңсыз сату және сатып алумен, 2-і – кемемен жүзу режимін бұзумен байланысты.

Әкімшілік жауапкершілікке 311 адам тартылды.

Балық қорғау акциясы басынан 30 қылмыстық іс қозғалып, олардың 14 сот органдарына жолданды.

Табиғатты қорғау заңнамасын бұзған тұлғаларға 2,9 млн. тенге әкімшілік айыппұл салынды. Балық ресурстарына келтірілген залал шамамен 4 млн. теңгеге бағаланып отыр.

Құқық бұзушылардан 21 тоннада астам балық ( оның ішінде 573 кг бекіре тұқымдас балық түрлері және 5,9 кг уылдырық), сондай-ақ 105 дана жүзу және 479 аулау құралдары тәркіленді.

Биылғы уылдырық шашу маусымында өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда, браконьерлік деңгейінің төмендегені байқалады. Бұл нәтиже халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен және заңсыз балық аулаумен күресу шараларының күшеюімен байланыстырылып отыр.

Балық қорғау, прокуратура, ішкі істер, көліктік бақылау органдарының және шекара қызметінің бірлескен іс-қимылдары мен су айдындарын аулардан тазарту жұмыстарын жүргізу арқасында бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырық шашу орындарына сәтті өрістеп жатқандығын атап өтуге болады.

Сонымен қатар, балық ресурстарын өсіріп, су айдынға жіберу бойынша мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру аясында 92бекіре тұқымдас балық ауланды, (8 қортпа, 6 орыс бекіресі, 78 шоқыр). Олардың шабақтары алынып, өсірілгеннен кейін табиғи мекендеу ортасына жіберу мақсатында Атырау облысындағы бекіре балығын өсіру зауытына жеткізілді.

Бекіре уылдырығынан шабақтарды өсіріп, су айдындарына жіберу бойынша биылғы мемлекеттік тапсырыс көлемі 7 млн. дана балық құрайды. Қазіргі кезде Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытында қортпа балығынан алынған 2 млн. астам уылдырық ұрықтандырылып, инкубациялық аппараттарға салынды.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

Астанада орман шаруашылығын жаңғырту мәселелері бойынша семинар өткізілді

2014 жылдың 24–25 сәуірінде Астанада «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы мен Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің бірлесіп, орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері мен бағынысты ұйымдары басшылары мен қызметкерлерін оқыту бойынша биылғы жоспар-кестесіне сәйкес,  елімізде орман шаруашылығын жаңғырту мәселелерә жөніндегі семинар-тренинг өткізді.

Семинар мақсаты – орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мамандарының «жасыл» экономика және орман шаруашылығын тиімді басқару саласындағы әлеуетін арттыру. Тақырыптың өзектілігі Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі Тұжырымдамасы мен елдің орман секторындағы түбегейлі өзгерістерді көздейтін  міндеттерге негізделді.

Семинар жұмысына Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Үстеміров қатысып, орман шаруашылығы саласын жаңғыртуға байланысты міндеттерді іске асыру мақсатында ағымдағы жылы 2020 жылға дейін орман секторын дамыту бағдарламасы қабылданатындығы туралы мәлімдеді. Бағдарламада орман ресурстарын сақтау, ормансыздануды бақылау, орман шаруашылығын басқарудың қазіргі әдістерін енгізу, орман секторының инвестициялық  тартымдылығын  арттыруға бағытталған жобаларды әзірлеу мен іске асыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Орман шаруашылығын дамыту мен елдің биоалуантүрлілігін сақтау – ҚР ҚОСРМ-нің Еуропалық  Одақпен және бірқатар халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық нысаны екендігі туралы Еуропалық Одақтың  Қазақстандағы өкілдігінің техникалық жәрдемдесу бөлімінің басшысы  Жан-Луи Лаврофф мәлімдеді. Ол Еуроодақтың орманды көбейту мен орманды қалпына келтіру жобаларын іске асыруға қолдау көрсететіндігін атап өтті.

Семинар бағдарламасы аясында «Жасыл Академия» ҒБО директоры, э.ғ.д., профессор Бақыт Есекина қатысушыларды «жасыл» экономиканы дамытудың халықаралық тәжірибесі мен Қазақстанда оны іске асырудың алғы шарттарымен таныстырды.

Орман селекциясы, орманды қалпына келтіру және орманды көбейту үрдісін ғылыми қамтамасыз ету мәселесі, экотуризмді дамыту мен ЭКСПО-2017 көрмесіне  дайындық жайлы Орман шаруашылығы ҚазҒЗИ, ҚР ИЖТМ туризм индустриясы комитеті,  EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен өткізу жөніндегі дирекциясының өкілдері баяндады.

Семинардың практикалық бөлігінде қатысушылар Қазақстанда орманды қалпына келтіру мен ормансыздану саласында іске асырылып жатқан FLERMONECA жобасымен танысты. Қазіргі кезде осы жобаның орман селекциясы, ормансыздануға қарсы тұру, орман шаруашылығын тиімді басқару мен орманды қалпына келтіруді қамтитын компоненті бойынша Қазақстандағы іс-шаралар жоспары әзірленуде. FLERMONECA жобасы компоненттерінің Қазақстандағы өкілдері жобаның аясында халықаралық тәжірибеде жүзеге асырылған нақты іс-қимылдар арқылы оның мақсат-міндеттерімен таныстырды.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

Нұрсұлтан Назарбаев: EXPO-қалашық Астананың жаңа орталығына айналады

ҚазАқпарат– Астанада Назарбаев Университетіне қарама-қарсы EXPO-қалашық құрылысы басталды. Бүгін Мемлекет басшысы көрме кешенінің іргетасына капсула салды.«Біз бүгін EXPO-2017 нысандарының құрылысын бастап кеттік. Аса маңызды нысан. Осы жылдар ішінде мен Астанада көптеген нысандардың құрылысын бастаған болатынмын. Елорда тамаша қалаға айналды. 2017 жылы Астанаға жиырма жыл толады, бұл EXPO-2017 көрмесімен тұспа-тұс келеді. Мұндай нысанды біз әлі салған емеспіз. Түптеп келгенде, бұл Астананың жаңа орталығы болады. Мұнда бұрын-соңды тұрғызылмаған бірегей және айшықты, инновациялық, жаңа нысандар салынады», – деді ҚР Президенті капсуланы салу рәсімінде.

Оның айтуынша, нысандарды салу барысында бірегей сәулеттік шешімдер мен технологиялар қолданылады. Көптеген нысандар «жасыл» энергиямен қамтамасыз етіліп, ғалымдардың, жастардың зертханалары орын теппек.

«Жаңа технологиялар мен жаңалықтарды ашу үшін Назарбаев Университетінің студенттеріне қызмет ететін база болмақ», – деді ол.

Сонымен қатар, көрме өтетін аймақта 4 мың тұрғын үй, жаңа қонақ үйлер, конгресс-холл, жабық қала салынады. Басты павильон диаметрі 80 метрге дейін жететін шар тәріздес ғимаратта орналасады. Жалпы биіктігі 100 метрге жетеді. Сондай-ақ оның айналасында үлкен аллея көрік беріп тұрады.

«Мұнда сан мыңдаған құрылысылар жұмыс істейді. Біздің шағын және орта бизнес көптеген жаңа жұмыс орындарын ашадыжәне өз үлесімізді қосатын мүмкіндік болады. Біз мұнда негізінен отандық мердігерлердің құрылыс жүргізуіне жағдай жасауға тырыстық», – деп атап өтті Президент.

Ол үшін Елбасы қазақстандық кәсіпкерлер өздерінің деңгейлерін көтеріп, асқан ыждаһаттылық пен сапалы жұмыс көрсетулері шарт деп есептейді.

«Бүгін біз бұл жұмысты бастадық. Бұл міндетті әдеттегідей  сәтті атқарып, Астана мен Қазақстанды жаңа сапалық деңгейде барша әлемге көрсетеміз деп ойлаймын. Барлық нысандарда өте көп еркітілер болады. Көрмеден бөлек, біз ол жерде өзіміздің көпұлтты мәдениетімізді, тарихымызды, өнерімізді паш етуіміз керек. Бұның барлығы Үкіметтен, Астана әкімдігінен, барша министрліктерден үлкен жұмысты талап етеді. Міндет өте ерекше әрі ауқымды, бірақ біз оны орындаймыз», – деді Н.Назарбаев.

«Ұлттық орман отырғызу күні» атты республикалық экологиялық акциясы

2014 жылдың 19 сәуірінде Қазақстанда ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігі мен «Орнықты даму» Жер Қоры» қоғамдық ұйымы ұйымдастырған «Ұлттық орман отырғызу күні» атты республикалық экологиялық акциясы өтті.

Акцияға мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпорындардың жұмыскерлері, үкіметтік емес, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Оларға табиғатты қорғау ұйымдары мен мемлекеттік орман иеленуші кәсіпорындардың мамандары көмек көрсетті.

Астанадағы акция бүкіл қалалық сенбілікпен қатар жүргізілді. Оған Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров пен ведомствоның 200 жуық қызметкері қатысты.

«Бүгінгі акцияға 100 мыңнан астам қазақстандық қатысады. Республика бойынша 600 мыңнан астам ағаш отырғызылмақ. 2012 жылы «Рио+20» саммитінде әлемде 2017 жылға дейін 100 миллион ағаш отырғызу бастамасы қолдау тапқан болатын. Бүгінгі акцияны өткізіп, біз осы бастамаға іс жүзінде қосылып отырмыз»,- деп, Н. Қаппаров қазақстандықтарды осы экологиялық шараға белсенділікпен қатысуға шақырды.

Сонымен қатар министр Алматы тұрғындарының дауыл салдарынан зардап шеккен Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында Шренк шыршасының 10 мың көшетін отырғызғандығын мәлімдеді.

2011 жылғы дауыл ұлттық парктың 731 гектар алқабын қамтып, жалпы көлемі 246 мың кубометр құраған ағаштарды құлатқан болатын. Өткен 3 жылда ұлттық табиғи паркі аумағының 448 га алқабында 86,8 мың кубометр ағаш жиналды. Осы мерзім ішінде орманды қалпына келтіру жұмыстары ауданы 45,6 га алқапта жүргізілді.

2014 жылы дауыл құлатқан ағаштар 92 га алқапта жиналады. Нәтижесінде 15 мың кубометр ағаш жиналмақ.

Дауылдан зардап шеккен учаскелерде ағаш отырғызу 2014-2015 жылдардың көктемгі айларында жүргізіледі.

Анықтама:

Қазақстандағы орман қорының жалпы ауданы 28 млн. 786 мың га немесе ел аумағының 10,6% алып отыр. Ағаш өскен алқаптар 12 млн. 452 мың га немесе орман қоры жерлерінің ауданының 43,3% құрайды. Орман-тоғайлылық үлесі 4,6 пайызды құрап отыр.

123 орман мекемесіне тиесілі 22 млн. 800,6 мың га орман немесе жалпы орман қоры аумағының 79 пайызы облыс әкімшіліктерінің қарамағында.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

«Бекіре-2014» балық қорғау акциясын жүргізу барысы жөнінде

Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарында кең ауқымды «Бекіре-2014» балық қорғау акциясын өткізу жалғастырылуда.

«Бекіре-2014» акциясына тартылған мемлекеттік органдар өкілдерінің браконьерлікпен күресуге бағытталған бірлескен іс-қимылдарының, сондай-ақ су айдындарын құрылған аулардан тазарту бойынша күнделікті жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырық шашу орындарына сәтті өрістеуі бақыланып отыр.

Акция басталғаннан бергі уақытта еліміздің табиғатты қорғау заңнамасы 153 рет бұзылғаны анықталды, оның 35-і өрескел бұзушылыққа жатқызылады. 89 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 183 бабы бойынша 11 іс қозғалды.

Балық қорғау заңнамасын бұзушыларға жалпы сомасы 360 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Олардан жалпы салмағы 12 тонна 675 кг түрлі балық түрлері, 35 жүзу құралы және 155 аулау құралы тәркіленді.

Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде «Ақжайық» резерваты аумағында Еркінқала кентінің (Атырау қаласы) тұрғындары мінген қайық тексеріліп, нәтижесінде жалпы салмағы 317 кг балық және заң талаптарына сай келмейтін 3 ау табылып, тәркіленді. Аталған азаматтардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 287 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Сонымен қатар, Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарында бағалы балық түрлерін өсіру мақсатындағы мемлекеттік тапсырыс аясында балық аулау жүргізіліп отыр. Шабақтарын алып, кейіннен табиғи мекендеу ортасына жіберу үшін ауланған балықтар Жайық-Атырау бекіре балығын өсіру зауытына жеткізіліп отырады.

15 сәуір күні салмағы 230 кг қортпа балығы ауланды.

«Бекіре-2014» акциясының басынан жалпы салмағы 1112 кг құраған 33 бекіре тұқымдас балық (қортпа, шоқыр және бекіре) ауланды.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

Браконьерлікпен күрес шаралары жөнінде

2014 жылдың 9 сәуірінде «Бекіре-2014» балық қорғау акциясын жүргізу барысында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерват аумағында Атырау қаласының тұрғыны жүргізген «Ямаха-200» моторлы «Амур» қайығын тоқтатылды.

Тексеру нәтижесінде қайық ішінен жалпы салмағы 317 кг құрайтын қара балық (сазан, көксерке, қаракөз) және моножіп және моноталшықтан жасалған 3 дана ау құралдары тәркіленді.

Алынған балық «Надежда» ЖШС-не тапсырылды. Жиналған материал мен айғақты заттар құқық қорғау органдарына жіберілді.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

Заң жобасы мақұлданды

2014 жылдың 10 сәуірінде Қазақстан Республикасы Парламентінінің Сенатында өткен жалпы отырыс барысында Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров  ұсынған «1999 жылғы 3 желтоқсанда Пекинде қабылданған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль Хаттамасына Түзетуді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.

Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасы 1987 жылғы 16 қыркүйекте қабылданды. Қазақстан Республикасы Монреаль хаттамасына 1997 жылы қосылған.

Монреаль хаттамасына Пекин түзетулері 1999 жылғы 3 желтоқсанда қабылданды. Түзетулер  гидрохлорфторкөміртектерді Монреаль хаттамасының мүшесі болып табылмайтын кез-келген мемлекетке экспорттауға немесе сондай мемлекеттен импорттауға тыйым салуды көздейді.

Түзетулер, сондай-ақ, Монреаль хаттамасына мүше мемлекеттердегі гидрохлорфторкөміртектер өндірісін реттеудің қосымша шараларын енгізуді қарастырады.

Пекин түзетуін ратификациялау Қазақстанға Ғаламдық экологиялық қор тарапынан қаржылық және техникалық қолдау көрсетілуін қамтамасыз етеді.  2015-2017 жылдар аралығында Монреаль хаттамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету үшін Қазақстанға алты миллион долларға дейінгі сомадағы қаражат бөлінбек.

Сонымен қатар отырыс барысында Сенат депутаттары Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Қорғас өзенінде «Достық» бірлескен ортақ су торабын салудағы ынтымақтастық жөніндегі Келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады.

Келісімнің шарттарына сәйкес, тараптар Қорғас өзені бойында «Достық» бірлескен су торабын салуды жүзеге асырады. Бірлескен су торабы екі тараптың иелігінде болады. Оның құрылысын қаржыландыру екі жақтан 50% көлемде, яғни тең дәрежеде жүргізіледі.

Бірлескен су торабын басқару және пайдалану мәселелері тараптар арасында жасалатын жеке халықаралық шартпен реттелетін болады.

Отырыс барысында депутаттар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекске өзгерістер енгізу туралы заң жобасын  мақұлдады.

Заң жобасында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексінің 243-1 бабына парниктік газдар шығарындыларына квоталарды асырғаны үшін айыппұл мөлшерін 10 айлық есептік көрсеткіштен 5 айлық есептік көрсеткішке дейін төмендету қарастырылған.

Сонымен қатар түзетуде табиғатты пайдаланушылардың парниктік газдар шығарындыларына квоталарды асырғаны үшін жауапкершілігінің басталу мерзімін кейінге шегеру қарастырылған.

Заң жобасының мақсаты – парниктік газдар шығарындыларына белгіленген квота көлемін арттырғаны үшін жауапкершілік механизмін кезең-кезеңімен енгізу.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел д-лы, 11/1, 6 қабат

Тел.: +7(7172) 24-82-49

Яндекс.Метрика