Дереккөз: www.24.kz
Семейдің бұрынғы ядролық сынақ алаңы аумағында жануарлар көбейіп келеді.
Бұған дейін Дегелең тауында 60 жыл бұрын жоғалып кеткен арқарлардың пайда болғаны жөнінде хабарлағанбыз. Енді міне киіктер мен еліктер де еркін жайылып жүр. Бұл туралы Ұлттық ядролық орталық мамандары мәлімдеп отыр. Жануарларды полигон аумағына орнатылған «фототұзақ» түсіріп алған. Олардың нақты саны әзірге белгісіз.
Сергей Лукашенко, ҚР ҰЯО радиациялық қауіпсіздік және экология институтының жетекшісі:
– Біз бұрынғы полигон аумағында түлкі, борсық, бұғы сияқты аңдарды жиі көріп тұрамыз. Арқарлар негізінен тауда жайылса, қалғандары кең даланы кезіп жүре береді. Қалай болғанда да кешегі жойқын жарылыстар мекеніне жануарлар келіп жатқаны – жақсылықтың нышаны.
Дереккөз: www.24.kz
Атырау облысында тәулігіне 10 тонна құнарлы көк балауса өсіретін гидропоникалық кешен іске қосылды.
Арпа дәнінен мал азығын дайындайтын кешен испандық технологияның көмегімен күніне 720 бас ірі қараға азық дайындай алады.
Экологиялық тұрғыдан таза өнімнің арқасында шаруашылық сүттің шығымдылығын 28 пайызға дейін арттырады. Мұнайлы өңірдің сүт өнімдеріне деген сұранысын толық қанағаттандырып отырған тауарлы-сүт фермасы еуропалық технологияны шаруашылыққа енгізген болатын. Қазір игілігін көріп отыр. «Мал азығының 70 пайызын сырттан тасымалдайтын мұнайлы өңір үшін жаңа кешеннің пайдасы мол», – дейді мамандар.
Есболат Есқариев, шаруашылық жетекшісі:
– Шығыны өте аз. Мұның азықтық құнары жоғары, сосын аз кісі жұмыс жасайды. Біздің Атырау облысына өте керек зат. Егілу технологиясы бір күн суға саламыз. Екінші күні бөрткенін күтеміз де, үшінші күннен бастап егеміз. 6 күнде өсіп шығады. Бір тақтаның салмағы – 14 келі. Сол 14 келінің әр сауын сиырға бір-бірден беріп отырамыз.
ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылғы желтоқсанның 14-нен 15-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Қызылорда қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Хуа Ю Интернационал в Кызылорде» ЖШС, «AkDiEr» ЖШС, «СНПС – Ай Дан Мұнай» АҚ, «Компания-Даулет Азия» ЖШС, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті» РММ.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
Дәріс оқығандар:
Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары;
Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылғы желтоқсанның 13-нен 15-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «КОМ-МҰНАЙ» ЖШС, Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көктем» МКК«Степногорск тау-кен-химиялық комбинаты» ЖШС, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Almix» ЖШС, «Sinooil» ЖШС, «Рудненский водоканал» ЖШС, «Sinooil» ЖШС АФ, «Оркен» ЖШС, «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ, «Казэнергокабель» АҚ, «Бұрғышы-Сервис» ЖШС, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК, «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық, университеті» ЖЖКОМ «Көлдерді қорғау» ҚҚ, «GREENJAIK» жеке қоры, «Қазақстан су шаруашылық қауымдастығы» ЗТБ, «Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті» мекемесі,
«Баламалы білім беру орталығы «Жастар жетістіктері» ҚҚ, «Байтақ болашақ» экологиялық одақ» РҚБ, «Медет АТК» ҚҚ.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
· Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын әзірлеу;· Табиғи ортаны өте жоғары және жоғары ластану критерийлері.
Дәріс оқығандар:
Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары;
Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Абилова Ляйа Толегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Каратаева Динара Ахметовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Асанова Жанар Талгаровна – «Жасыл даму» АҚ Қалдықтарды басқару департаментінің директоры;
Тұрсынова Гүлжан Әлибекқызы – ҚР ЭМ Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция департаментінің бас сарапшысы;
Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД директоры;
Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры;
Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.
Қазақстан Республикасының аумағындағы нақты экологиялық жағдайды жақсарту туралы халықты жыл сайын ақпараттандыру мақсатында ҚР Энергетика министрлігімен қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық баяндамасын әзірлеуді ұйымдастырады.
Ұлттық баяндамада аймақтардағы экологиялық мәселелер туралы, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша; негізгі қоғамдық маңызды экологиялық проблемалармен қоса, қоршаған орта мен табиғи ресурстардың сандық және сапалық сипаттамалары, қоршаған ортаға антропогендік әсер туралы мәліметтер көрініс табады.
2016 жылға арналған Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық баяндама Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми сайтының «Экология» бөлімінде (http://energo.gov.kz/index.php?id=8340) жарияланды.
Ұлттық баяндамада қоршаған орта жайдайы мен әлеуметтік-экономикалық дамудың өзара байланысын сипаттайтын нақты көрсеткіштер ұсынылған. Көрсеткіштер топтар бойынша ұсынылды: атмосфералық ауа, климаттың өзгеруі су ресурстары, биоәртүрлілік, жер жесурстары, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік, қалдықтар. Ұлттық баяндамада сонымен қатар Қазақстанның барлық аймақтарындағы экологиялық жағдай ұсынылған.
Ұлттық баяндама Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК-мен бірлесіп дайындалды.
Дереккөз: www.24.kz
Атырау облысы Махамбет ауданы бірыңғай ауыл шаруашылығымен айналысады.
Ауданда тауарлы-сүт дайындау кешені, экспорттық бағыттағы ешкі фермасы жұмыс істейді. Үстіміздегі жылдан бастап ауыл тұрғындары 12 жерден мал бордақылау алаңын ашып, облысқа сапалы ет өнімдерін бере бастады.
«Таңдай» ауылының тұрғыны Қаршыға Дүйішевтің жұмыс күні өз қорасынан басталады. Мемлекет көмегі арқылы жеңілдетілген несие алысымен іске кіріскен шаруагер қазан айында 22 бас өгізшені жемдеп, етке өткізіпті. Қазір келесі бордақының қамында. Бұған дейін өнімін өзге жерге өткізіп келген шаруа үшін ауылдан салынған мал сою цехы шығынымды азайтады. «Бұл – ауылдықтар үшін баға жетпес көмек», – дейді ауыл тұрғыны.
Қаршыға Дүйішев, шаруа:
– Коопертив алға қарай жеңіл бағамен жем-шөп тауып беріп тұрса, онда үлкен пайдасы болады. Мына мал сою бекетін бітірді ғой, енді ет осы жерден қабылдайтын болса, онда тіпті нұр үстіне нұр болады.
Бағасы 15 миллион теңгелік мал сою кешені ауылдықтар үшін үлкен көмек болғалы тұр. Себебі цех құнының 50 пайызын мемлекет қайтарымсыз өтеп берген. Қалған қарыз 6 пайыздық несиемен 6 жылда қайтарылса болғаны. Алыс ауыл тұрғындары үшін мал сою бекетінің маңыздылығы сол – мал иелері осы жерден қолма-қол есеп айырысады.
Жолдас Бисекешұлы, коопертив мүшесі:
– Мұның қуаты бір ауысым деп аталады, 8 сағатта 10 бас мал сойылады. Сонда 1 күнде екі ауысым дегенде 20 бас мал сойылады. Бұл – 400 келі ет. Сонда айына 12 тонна ет өндіре аламыз.
Махамбет ауданында «Бақсай» және «Ынтымақ» ауыл шараушалығы коопертиві жұмыс істейді. Құрамында 95 мүше бар. Үстіміздегі жылы іске кіріскен коопертивтер 106 миллион несие алып, 373 бас ірі қараны бордақылап, етке өткізген. Шаруаға тиімді, ауыл тұрғындарына арзан да сапалы өнім.
Олжас Мырзабаев, Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекшісі:
– 373 бас ірі қара бордақыланып, 61 тонна ет өткізді. Сойылған мал басына тиесілі субсидия қабылданып, қазір субидия құжаттар жолданатын болады.1 мал басына 20 мың теңге.
Жалпы биыл Атырау облысы бойынша 21 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, жұмыстарын бастады. Олардың өнімдері облыс орталығында 4 сауда нүктесінде сатылап жатыр. Мемлекет қолдауына сүйенген ауылдықтар келешекте кешенді шаруашылық құрмақ. Атап айтқанда, шұжық, қалбырдағы ет секілді нарықта жоғары сұранысқа ие өнімдер осы Махамбет ауданында өндірілетін болады.
Авторлары: Арыстанбек Кенже Темірлан Сұлтанғазиев, Амантай Мәтенов
Дереккөз: www.24.kz
Атырау облысының Махамбет ауданында 12-жылыжай кешені іске қосылды.
Аумағы 240 шаршы метрлік шағын жылыжайда қияр, көк жуа, аскөк секілді көкөніс түрлері өсіріледі. Қазан айында отырғызылған көшеттер, Жаңа жыл қарсаңында тұтынушылар дастарқанына жетеді. Осылайша жыл он екі ай аудан тұрғындары сапалы көкөніспен қамтылмақ. Жыл басында жеңілдетілген пайызбен берілген 5 миллион теңгені шаруа жылыжай құрылысына жұмсаған. Желтоқсанда қожалық алғашқы 3 тонна өнімін тапсырады. Кәсібі өрге басса, келешекте шаруашылықты кеңейтпек.
Артур Қожантаев, жылыжай жетекшісі:
– Бұл жылыжайдың ерекшелігі сырты поликарбонатпен қапталған ол ауа райының қолайсыздықтарына қарамай, жылы болады,төзімді болады. Егінді, Алла қаласа, осы айдың аяғына қарай жинап бастап, Махамбет ауданының ауыл тұрғындарын қиярмен қатамасыз етіп, сол бағытта жұмыс жасап жатырмын
Дереккөз: www.24.kz
Алматы облысында тәтті картоп өсіріп, оны өңдейтін зауыт ашылады.
Бұл туралы отандық ғалымдар Оңтүстік Кореяда өткен семинарда хабарлады. Қазақстанда бұл көкөніс 2014 жылы өсіріле бастады. Түсім мол болғанымен, біздің шаруалар бататты көп еге қоймайды. Себебі халық оған қызықпайды. Алайда қазір бүкіл әлемде тәтті картопқа деген сұраныс жоғары. Өйткені батат – денсаулыққа ең пайдалы көкөністердің бірі. Ол күретамырлық қан қысымын қалыпқа келтіріп, қант диабеті мен қатерлі ісіктің алдын алады.
Қабыл Жамбакин, ҚР БҒМ биология мен биотехнология институтының бас директоры:
– Шетелдік кәсіпкерлер біздің егіс алаңдарын пайдаланғысы келеді. Себебі Кореяда бос жерлер аз. Олар көкөністің бұл түрін Қазақстанда өсіруге ниетті. Кейін тәтті картоптан крахмал мен кеспе жасауға болады. Алынған өнімдерді басқа мемлекеттерге экспортқа жібереміз.
Дереккөз: www.24.kz
Алматы облысының Көксу ауданында сүт өндірудің жаңа әдісі бойынша жұмыс істейтін тауарлы-сүт фермасы ашылды.
Заман талабына сай кешен бастан-аяқ автоматтандырылған. Фермадағы сиырларға роботтар күтім жасап, уақытылы сауып тұрады. «Сәйкесінше, өндірілген өнімнің сапасы да жоғары болады», – дейді мамандар.
Көксу ауданындағы бұл тауарлы-сүт фермасы мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі негізінде ашылған. Жобаны жүзеге асыру үшін жалпы құны 2 млрд теңгедей қаржы жұмсалды. Ферманың ішіндегі ауаның өзі жыл мезгіліне сәйкес жылытылып-салқындатылады. Желіні сыздаған сиырлар сауын аппаратына өз еркімен барады екен. Сауыншы – робот. Сондықтан бұрынғыдай қолдарына шелек ұстап, ары-бері сүт тасып жүретін адамдарды көрмейсің.
Жанат Максим, тауарлы-сүт фермасының операторы:
– Мойнына қарасаңыздар, нөмірі мен жібі бар. Сол нөмір арқылы чип оқылады да, чиппен сиыр кіреді. Егер сиыр бір рет кіріп, тағы да айналып кірсе, ол чип оқылады да, сиырды екінші мәрте саумайды.
Мұндағы Зеңгі баба төлінің барлығы Германиядан әкелінген. Голштина-Фриз тұқымды сауын сиырлардың әрбірі тәулігіне 40-45 литрдей сүт береді. Әзірге фермада 160 бас сиыр бар. Алдағы 1-2 айдың ішінде шетелден қосымша 200 құнажын жеткізіледі.
Рақым Кәрімов, тауарлы-сүт фермасының басшысы:
– Бұл – 400 басқа арналған жоба. Дегенмен болашақта фермадағы сауын сиырлардың санын 600 басқа жеткізуді көздеп отырмыз. Оған жем-шөбіміз емін-еркін жетеді. Шаруашылықты кеңейтуге толық мүмкіншілігіміз бар.
Нұрдәулет Кененбаев, Көксу ауданы әкімінің орынбасары:
– Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында биылғы жылы ауданымызда бір кооператив құрылды. Бұл кооператив жыл басынан бері бір мың тонна сүт жинап, сүт зауытына өткізді. Енді келешекте кооперативтерді ары қарай дамытсақ деген ойымыз бар.
Көксу ауданы бойынша сүтті бағыттағы асылтұқымды сиырлардың саны жылдан жылға көбейіп келеді. Ауданда жалпы саны 30 мыңдай Зеңгі баба төлі болса, соның 13 пайызы – асылтұқымды. Жақын арада тап осындай тағы бір тауарлы-сүт фермасы іске қосылады. Мұндай кешендер мал тұқымын асылдандыру жұмыстарына тың серпін береді. «Ұрғашы мал фермада қалса, бұқаларын жергілікті шаруашылықтардың сатып алуына жағдай жасаймыз», – дейді аудан басшылары.
Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Олжас Байбосынов
Дереккөз: www.24.kz
Соңғы 5 жылда Шығыс Қазақстан өңірінде заманауи технологияға негізделген бірнеше өндіріс орны құрылды.
Солардың бірі – «Қазмырыш» зауытының Малеев кеніші. 2014 жылдан бері кенді автоматтандырылған жүйемен қазып келеді. Жуырда Елбасының қатысуымен өткен телекөпірде кәсіпорын жобаны нақты іске қосты.
Облыс бойынша түсті металдарға ең бай кеніштердің бірі – Малеев. Қазір жер астындағы кеннің 19-20-қабаты қазылып жатыр. Бұл шамамен 1 шақырамдай тереңдікте. Кенді қазу, тиеу және оған жұмылдырылған техинканың бәрі автоматты басқарылады.
Максим Красиков, Малеев кенішінің басшысы:
– Автоматтандырылған жүйе, өндірісті басқарудың жаңа тәсілі. Кенді қазу мен тиеу кезінде қандай да бір техникалық ақау болса, жедел шешім қабылдауға қолайлы. Кеніш қабаттарында, неше техниканың жүргенін және жұмысқа қашан қосылып, қанша кен өндіргеніне дейін көріп, бақылап отырамыз.
Өскемен арматура зауыты да инновация иглігін игере бастады. Кәсіпорын қазір мұнай-химия және гидрология саласына қажет жапқыш шүмектер мен крандардың түр-түрін шығарады.
Николай Кривосеенко, зауыттың бас инженері:
– Қазір біздің зауыттағы станоктардың барлығы автоматтандырлыған. Тіпті жапқыш шүмектер мен крандарды да заманауи құралмен дәнекерлейміз. Нәтижесінде жұмыс уақыты екі есеге қысқарды.
Өңірде Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарлама басталғалы 71 жоба қолға алынған. Нәтижесінде 17 мың жаңа жұмыс орны ашылған.
Мақсат Мүсәпірбеков, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы:
– Ағымдағы жылдың 11 айында 1 триллион 400 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. 2017 жылы 6 инвестициялық жоба іске асырылған. Жалпы сомасы 380 миллиард теңгені құрайды.
2018 жылы да құны 226 миллиард теңгенің 10 жобасы іске асырылмақ. Оның үшеуін шетелдік инесторлар қаржы салып, жұмысты бастап қойды.
Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин